Қазақ халқының ұлттық киімдері



І. Қолөнер туралы түсінік

Киімді әшекейлеу.

Киімді әшекейлеу.
Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.

Әйелдер киімі
Ерлер киімі
Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі . ою.өрнек.

ІІ. Ұлттық киімдер туралы түсінік

2.1. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет


ІІІ. Мектепте ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы

Камзолға өрнек таңдау.

Қазақ тақиясын тігу
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал. Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек. Халық арасында кең тараған «сұлуынан жылуы» деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген.
1. Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары. Тасмағамбетов И. Алматы, 1997ж.
2. Қазақтың ою-өрнектері. Шөптібай Байдолдаұлы.
3. Технология. К. Өстеміров, Н.Адамқұлов, С.Асанова, Д.Әлмағамбетова, Т.Әміреев, А.Копников.
4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. С.Кенжеахметов.
5. Жеті қазына. С.Кенжеахметов.
6. Қазақ киімі. Д.Жәнібеков. Алматы, 2005 ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
І. Қолөнер туралы түсінік

Киімді әшекейлеу.

Киімді әшекейлеу.
Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.

Әйелдер киімі
Ерлер киімі
Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек.

ІІ. Ұлттық киімдер туралы түсінік

2.1. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет

ІІІ. Мектепте ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы

Камзолға өрнек таңдау.

Қазақ тақиясын тігу

Кіріспе

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы
ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген
халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы,
үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі
сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған
ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал
айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.
Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру,
зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл
тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан
емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік
етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету
қажеттігінен туған болуы ықтимал. Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен
бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан
егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек.
Халық арасында кең тараған сұлуынан жылуы деген сөз де, сол көне заманнан
қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар
өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына
лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және
оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген.
Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі
ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша
киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен
көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр
қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір
суретші – модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішішінде
немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда
бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда біздер
ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып
алып жүрген ең дәстүрлі киідердің өзінен де аздап та болса байқалатын түр
өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім – көненің көзі, бізге жеткен
материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа
сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым салған
жөн. Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір
себебі – уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп – білудің қиынға
түсе беретіндігінде болып отыр. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі дәуір
талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық екшеле қоймаған
құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді. Ұлттық киімді зерттеп
білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен оларда қазақша
киімнің дәл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да қазақша киімді
егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ – оны киген және түсіне білетін
соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді далалық
экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін ұлттық киім нұсқауларын
жинай беруді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берген
жөн.

І. Қолөнер туралы түсінік

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен
бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін
шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер
бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен
қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне
және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із
қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім
сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу
технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен
әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен
безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері
қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының
дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте
тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес
долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес,
жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады.
Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн.
Жіп моншақпен түстес болу қажет.
Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі
шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен
күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да
көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне
заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы
кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар
зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді.
Ал гигиена тұрғысынан қарағанда – шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ
қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып
есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем – арнаулы
қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-
400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз
тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы
замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз
үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан.
Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен
төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан
халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек,
ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып
түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді,
оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық
пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы
мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың
бір белгісі деп білген.
Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда
болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен
тоқыған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған
кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем
тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың
шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі
халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен
тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға
жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын
оралығы – Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс
қамтиды. Сондықтан да бұл аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде
қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте
заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін
өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін
пайдаланған. Әрине, бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды
деген ұғым емес. Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының
кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болды. Кейбір түркімен кілемдерінде
мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем
тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу
өнері жайлы қысқаша тоқталып отырмыз. Өйткені бұл туралы бұрын-соңды
жарияланған еңбектер баршылық.
Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар
мыналар: масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем,
түрікмен кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл
кілем, алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т.б. түрлері көп-ақ.
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер
шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын
бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазіргі кілемдер өрнегінен космос, алып
құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасына бұрыннан көп
тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған
түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы
сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әдістерінен-ақ әрқайсысының бір-
бірінен өзгешелігін, тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау
қиын емес.
Алматыдағы кілем фабрикасы республикамыздағы сюжетті ою-өрнекті
кеңінен пайдалана отырып, кейде тіпті сирек кездесетін кілем түрлерін де
шығарып бірден бір үлкен мекемеге айналуда. Азғана уақыт ішінде қазақтың
өрмек тоқу өнері толығынан игерілді. Жұмыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге
жетті. Фабрика жиырмаға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды.
Оның көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе
ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады.
Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды. 1966 жылы
Витевск кілем комбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті
кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде
бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы республикалық көрменің
жүлдегері болған. Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы
жаңалықтарымен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерлерде кездесе
бермейді. Енді сол ауылдық жерде атазаманнан бері пайдаланылып, бірақ,
соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып,
ондай атауларға түсіндірмесін беруді мақұл көрдік.
Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің
ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады.
Кергі ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем
тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек қана ағаш
болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр
тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін.
Керілген төсек-желінің жалпы саны орта есеппен еркегі – 600 (үстіңгі) жіп,
ұрғашысы – 600 (астыңғы) жіптей болу керек. Үй иесінің тоқылатын кілем
мөлшеріне қарай желі мөлшерінің бұдан аз да, көп те болуы мүмкін.
Белағаш – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы
байланыстырып тұратын көлденең ағашты белағаш деп атайды.
Адарғы – керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне
шығарып, былайша айтқанда еркек жіп пен ұрғашы жіпті ерсілі-қарсылы,
жоғарылы-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ – белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш. Керілген желі –
төсек жіптің белағашының екі басына тіреліп қойылады.
Еркек жіп – кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған
үстіңгі жіптері.
Ұрғашы жіп – керілген желі, төсек жіптің төменгі күзусіз жіптері.
Күзу – керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен
белағашпен еркек жіпті жалғстырып тұратын жіп.
Тарту жіп – белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын
жіп.
Шатыс – керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің
күзу арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны
шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін
итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай
құбылысты шеберлер шатысу деп атайды.
Шалу – керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке
шалып орағанды шалу немесе түр шалу деп те атайды.
Арқау – еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін
бас жағындағы кергіге шатысты ұстап тұратын жіп.
Жіп шалу – кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы
деп атайды.
Жіп жалғау – керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып
байлау. Егер ол байланбаса кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.
Сирексіту – керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң
ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп сол желі
жіптерінің арасын ажырату.
Тоқпақ – керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау
жіп өткізілгеннен соң, жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалған
құрал. Мұны тарақ деп те айтады. Өйткені бір жағынан тараққа ұқсайтындығы
бар.
Қайшы – керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін
пайдаланылатын құрал. Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі.
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік
еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай
отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс
пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып
келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға,
сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ
басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау
үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып
бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да
шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу
үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ
пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда
үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп
қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы
басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне
керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып
алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши
дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер
жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту
сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі
ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады.
Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз
үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып
(екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты)
төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған
сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой
жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат
байлаған және бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі
қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып
отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай
болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ
байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше
қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден ғана қабаттап бекіту
шарт емес, оны үш шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши
тоқушылар шыбын қанат деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен
соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұл шидің
екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар
тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа
бекітілген бауды шибау деп атайды.
Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру,
түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық
өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши,
ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында
әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы,
қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ
сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін
қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши
киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай
әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған
шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде
жез ши деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау
болса керек).
Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір
түрі. Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір
саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің
табиғи шынайылығымен көз тартады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы
ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою
түрлерін композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей
ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық
ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының
ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын Шаршы ою деп
те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек,
үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің
бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын
күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларды ашық жерге
түсіргенде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым
ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі – кейбір геометриялық
мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан
құралған ба, деген ой келеді.
Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы
жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест
тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне
ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан
керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз
өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі
анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі
алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй
жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын
суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін
үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс
жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін
байқаймыз.
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши
бетіне салған түрлері жүзтеру деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты
шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады.
Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонағанда түр салынған жағы түтіліп, тез
тозып қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге
сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды – ши
ұстау деп атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті
шибау дейді. Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті
тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған
керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады.
Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанымен оны
көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір
халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан
жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті
жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп
өрнекті де әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен
тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, аршу деп тоқудың
алдында ши сабағының қабығын аршуды айтады. Шиді аршумен бірге оның ішінде
жүн орауға жарамдысы да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап,
бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді,
ал шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін
белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ
отпен де күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге
түрлі түсті жүннен орап үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған
шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс
орналастырудың да шеберлер тізу деп атаған.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін
арнаулы орын бұрыңғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша
қалып отырған.

1. Киімді әшекейлеу.

Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер
жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан
бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай
ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін
өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз.
Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім
үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын
өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты, қазіргі бізге келіп жеткен
Құстұмсық жүзік, Құдағи жүзік, алтынмен апталып, күміспен күптелген
алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбелі сырға, тоқым әбзелдері мен үй
мүліктерінің сирек кездесетін үлгілері кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы
мұра болып табылады. бірақ мұндағы өкінішті жай, сол халық шеберлерінің
көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Бұл әрине, ертеде өз жазу-сызуы
болмаған қай халықтың болса да басынан өткен жайлар. Дегенмен, сол халық
ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының
әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды.
Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда
Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі
зор. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың
тарихи-өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің
бәрінде де қазақ халқының тарихы, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде
бағалы дүниелері бар.
Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар
мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым-этнографтар, археологтар мен
суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен
бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де
күн тәртібінен түспей жүрген мәселенің бірі.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ басталған бірқатар жұмыстар
негізінде методологиялық жағынан зерттеудегі жіберілген кемшіліктер қазақ
қолөнерінің творчестволық даму мүмкіншілігін дұрыс бағаламады. Мәселен,
қазақ ою-өрнектерінің құрылысын, заңдылықтарын алаш рет байқауға ат
салысқан С.М.Дудин, күнделікті сауда орындарына, фабрикаларда жасалып
түсуіне байланысты қазақ өнері жақын уақыттың ішінде мүлде жойылады-мыс,
қажетсіз болады-мыс деді.
Кейбір зерттеушілер мен творчество қызметкерлері қазақтың қолөнерінің
идеялық маңызын көтеріп, қолөнердің ою-өрнек сияқты негізгі ұлттық қорын
жоққа шығарды. Мәселен, С.МДудин, Е.Р.Шнейдер: Қазақ ою-өрнегі иран
мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық өнеріне
жатпайды, - деп топшылады.
Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру
мәселелерінің жеткілікті элементтеріне қарамастан, күнделікті тұрмысқа
қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер
ретінде, социалистік қоғам кезінде де жалпы мәдени дәрежені де жоғары
көрсетуге тән дамып келе жатыр.
Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің
өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық
дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде
өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт
жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі
де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді
жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.
Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп,
тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген,
киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі
шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері
әшекейленген.
Геродот: Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың
металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім
мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы
өмілдіктер де мыстан соғылып, жүген-сулығы, ауыздығы, т.б. бөліктері
түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген, - деп жазады.
Сол дәуірдегі халық шеберлерінің қалыптасқан ою-өрнек үлгілері
скифтердің мал шаруашылық мәдениеті жайында болғандықтан Алтайдағы Келес
даласынан қазылып алынған заттар.
Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-
орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте
тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу
немесе зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан
айрақша күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола
бастауын, таптық қауымның өзгере бастауын көрсетеді. Алтыннан нәзік
өрнектермен істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам
бейнесі, жыртқыш аңдар мен мифтік жанды заттардың өрімделген, ою-
өрнектелген күрделі композициясының барлығы, сол кездің өзінде-ақ өнердегі
шындық негізді салыстырып қарағанда, техникалық және көркемдік жағынан
жоғары қолөнершілікке қолы әлдеқайда ерте жеткендігі байқалады.
Демек, ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын
халықтың дәстүр негізінде сақталды.
Егер бұрыңғы замандарда жүген, белдік, пышақ сабы және осы сияқты
заттардың кейбір бөлшектері хайуанаттардың дене бітімдерімен бейнеленетін
болса, ІХ-ХІІ ғасырлардан, ислам дінінің үстемдік құрған кезеңінен бастап,
тірі жәндікті бейнелеу тәсілі қолөнер кәсібі саласынан мүлде алысталып
тасталды. Бәлкім заттарды әшекейлеуде бірден бір белгілі тәсілмен салынған
ою-өрнектер ғана қалуы мүмкін.
Халық шеберлері ою-өрнек салу тәсілін белгілі бір ізбен қалыптастыруда
өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композициясына,
әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп
отырды. Қазақстанда моңғол шапқыншылығы (ХІІІ ғ.) салдарынан елдің
мәдениеті мен өндіргіш күштің дамуы тежеліп, тұтас бір ғасыр артқа
шегеріліп тасталды. Қолөнері тек дін басылары мен дәулетті адамдарға ғана
қызмет етіп, жекелеген дәулеттілердің байлығын көрсетуге, семья мүшелерінің
киім-кешегін әшекейлеуге бағытталды. Жоқшылықта өмір сүрген көпшілік халық
өзінің күнделікті үй тұрмымысындағы заттарын әшекейлей де алмады.
Тек қана ХІХ ғасыр ортасында қазақ халқының Россияға қосылуымен қазақ
мәдениетінің орыс мәдениетіне қоян-қолтық араласуы, қазақ қолөнерін қайта
өрлетіп, жаңа элементтермен байытты. Түрі жағынан қолөнерінің бейнелеу
амалы байыды. Кестелеуге алтын, күміс түсті жіптер мен өрнектеу тәсілі
еңгізілді. Күнделікті тұрмыста өндірістік бұйымдар пайда болды. Халық
творчествосын шабыттандырып, кестелеудің әр түрлі әшекейлі әдістеріне көңіл
аударыла бастады.
Жасампаз халқымыздың архитектуралық сәндік, күнделікті тұтынатын жасау
жиһаздары мен алуан түрлі әшекейлі бұйым нақыштарына қарай отырып, халық
шеберлерінің ою, өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне, асқан
зейінділік, сезімтал творчестволық тәсілмен тамаша пайдаланғанына көзіміз
жетеді.
Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ, тарихына бойласақ, ел іші он
саусағынан өнері тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болағанын көреміз. Олар
жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне,
қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып,
уақыт озса да өшпей, ізі жоғалмай бүгінгі күнге жетті.

Қазақта ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек деп киімді
айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі
жоғары болған. Ер адам киімінің негізгі әшекейі – белдік болып табылады.
Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына
байланысты, киім әшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай
күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдіктің қазақ арасында кісе,
деумент, күміс белдік, келер белдік деген т.б. түрлері кең тараған.
Белдбеу (бел+бау+бағ – көне түрікше байлау деген сөзден туындаған) деп
негізінен ұзын матадан жасалған белді таңып байлайтын киімнің құрамдас
бөлігін атайды. Кісе белдікке дәндәку, пышақ қылымен және керек-жарақтар
іліп тағып жүретін болған. Хан-сұлтандар жалпақ келген тас мүсіндердей
бейнеленген кескіндерінен қалған тас мүсіндерде бейнеленген кескіндерден
көре аламыз. Көне түркілерде әйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дәуірінен
бастап әйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-
қуаты меңзейтін символикалық мәнінің астарын байқауға болады. Ілкіде қару –
жарақтың адам мәртебесін айқындайтынына байланысты қарусыз адам топ-жиынға
қатыстырылмайтын болған болса, осы ретте қамшы да ер адамның жанынан
тастамайтын негізгі құралының бірі болған. Қамшы да ерекше сәнделетін-ді,
өйткені ол иесін пәле-жаладан сақтап, қорғайды. Ал қазақтың ұлттық киімінде
киім өңірін ұстап тұратын тікелей өз қызметінен гөрі күмістеліп, тас
қондырылып жасалған сәндік мақсаты көбірек, үлкенді-кішілі түйме де негізгі
атрибут болып келеді.
Белдік - әйелдердің барқыттан әшекейленген Қашар белбеуі. Қазақ
әйелдерінің өңір әшекейлері алуан түрлі. Батыс Қазақстанның ұзатылатын
қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше
салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын
әшекейлердің басты құрамдас бөлігі - өңіржиек. Өзара бір-біріне шашбау етіп
үзбелеп бекітілген әлденеше үленді-кішілі өрнекті шытыралармен
безендірілетін бұл бұйым кейде салсыз салпыншақтарымен күрделене түседі.
Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады.
Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ-
ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Басқа өңір
әшекейлері алқа, түйреуіштер, салпыншақтар, бойтұмарлары Батыс Қазақстанның
әшекейлерінің кешеніндей басқа бұйымдар сияқты, осы тәсілдермен жасалады,
оларда даралық мәнер сирек кездеседі. Қазақ әйелдерінің киім үлгілерінде
киімді сан алуан өрнекті шытыралармен бедерлеу арқылы көрінетін көптеген
мәдениеттерге тән ежелгі дәстүр басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни,
шытыралармен әшекейленіп камзолдар, бешпеттер және шапандар сияқты
киімдердің екі өңіріне қапсырма – бастырмалар немесе ілгектер тағылған. Аса
салтанатты жағдайда тағылатын әйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді
емес. Көп жағдайда олар бстырманы шытырамен бекітілетін кездеме мата
түрінде қолданады. Бұл салтанат білезіктермен, сақиналалармен және
сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан
аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес
мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты
күміс болды. Қазақтар күмстің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген.
Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің
түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс
Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан.
Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған.
Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне
алдын ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу
сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс
Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс болса
керек. Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат
әшекейлер дайындалған.
Ақық (сердолик) – қазақ зергерлерінің сүйікті тасы. Ақық сөзінің өзі
қазақтарда әрдайым сақтаушы түсінігін берген. Лағылдан кейінгі кең
қолданылатын тастар – маржан мен көгілдір ақық. Егер жалтыратылған ақақ
тасы құнды әшекейлердің дәл ортасына орнатылса, ол ұсақ моншақтар
көгілдір ақықтан және маржаннан әшекейленген көп жағдайда сәндік әшекейлер
киімнің негізгі композициялық түйіндерін ашып, қосалқы өң береді. Адамды
залалды әсерлерден қорғайтын сиқырлы күші бар материалдар ғана ардақталып
қойған жоқ. Пішіні мен өрнек әшекейлері жануарлар текті болып келетін
кейбір бұйымдар да киелі саналған. Көне наным-сенімнің сарқыншағы болып
табылатын бойтұмарлар мен басқа бұйымдар - салтанат киімдерінің біртұтас
кешенінің эстетикалық, тұрмыстық және қорғаушылық қызметіне ие құрамдас
бөлігі. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық
тәсілдерін жетік меңгерген. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-
шығысындағы киім үлгілері мен әшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер
кездеседі. Қыздардың бас киімдері тақия мен бөрік - әр түрлі сәнді жапсырма
маталармен інжу, маржанмен, күміс шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі
қауырсынымен әшекейлейтін болған. Оларды бұйымға қосып өрілетін маржан мен
шытыра шашбаулар тағылған күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі.
Оңтүстікте көршілерінің, әсеріне байланысты бұйымның ұшына таралған қара
жібектен металл араласқан шашақ тағу дәстүрі болған. Оңтүстік Қазақстан
сәукелесі, негізінен, Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан сәукелелеріне
ұқсас. Тек қана кейде оның етегіне маржан моншақтардан торша тігіледі.
Жетісу сәукелесінің екі жағына қатарластыра маржан тігілген желек бар. Бұл
сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай
бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі
десе болғандай. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі
әшекейлер өте мол. Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті
кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және
көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс
шытыралармен безендіріледі.

2. Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.

Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған
сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті
пайдаланып, сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік
бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған.
Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде
пайдаланылған. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа
салып қысу бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу,
термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу т.б. әдістер жетерлік. Оңтүстік,
Орталық Қазақстан, Сыр бойы, Жетісу аймақтарындағы обалар мен қорымдардан
табылған көне заман бұйымдары (Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіндегі
тайқазан, Семей музейіндегі Бөгембай батырдың айбалтасы, Алматы облысы Есік
қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі, т.б.) зергерлік өнердің қазақ
жерінде ертеден өркендегеніне айғақ. Зергерлік өнерді халық өнері деудің
мәнісіне келсек, жасалған сәнді бұйымды баяғыда бір ұста жасап,
безендірген, өз заманында оның аты-жөнін халық білген, бірақ көп ғасырдан
кейін оның аты ұмытылып, жасаған бұйымы халықтікі болып кеткен. Шебер түрлі
материалдарды өңдеу үшін құрал-саймандарды пайдаланып, өз қол күшімен көп
еңбек етіп, сәнді бұйымдар жасаған. Қолөнерімен айналысқан ұсталар, көшпелі
елмен бірге көшіп-қонып жүріп, шебер ісімен өз өнерлерін ілгері дамытып
отырған. Бұл ұсталардың құрал-саймандары көлемі шағын, сандары аз ғана
болғанымен, олардың жасаған сәнді бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып,
өшпестей із қалдырып, бүгінгі күнге жеткен.
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға,
білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары –
батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе,
қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ,
ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға,
тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра,
сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік
заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар
мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша),
ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер
кездеседі.
Зергерлік өнердің туындылары жауға-айбар, жақынға мақтаныш, аруға-
ажар, жігітке-жігер беретін болғандықтан батырлардың ерлігіне, ақындардың
тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан
түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы
– сәукеле. Сымбатты сәукеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезінде 1-2 мың сом
күміс ақша немесе жүз мың жылқының құнымен бағаланған.
Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе
жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын
түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның
үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.

Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған
орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер
де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс
сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі. Беті көлемді
құдағи жүзіктер де істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне,
не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен
жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын
жазған. Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға.
Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем
де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас
алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған. Қазақтың
бойжеткендері шолпы таққан. Шолпының ызған не кестелі бауға тағып, шашпен
бірге өріп қойған. Жас әйелдердің көп қолданылған әсем бұйымының бірі – шаш
қалта. Оны тана моншақпен безендіріп өрген шашты соған салып қояды.
Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі - алқа. Ол бір-бірімен
шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек
әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен
безендіріледі. Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бой тұмар. Оны ертеде
әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі
былғарыдан тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады.
Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны
қағазға тығып қояды. Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын
заттың бірі – түйме. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың
түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасайды.
Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер істелген. Түйменің сабағы, сағағы
жоғын тона деп атайды. Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер,
шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі
оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар
жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған.
Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. іш киімдер
тігуде қолданады. Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей
заты – түйреуіш. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және
оқшантайлы белбеу буынған. Шалдардың белбеуі – кісе деп аталған. Кісенің
жанында кездік, шақпақ салатын қалташығы болады. Қазақтың кісе туралы
айтылатын қара өлеңінде Көрінер кісем сұлу деген өлең жолынан кейін
кездесетін оқшантайымен, шығыршығымен, қыныменен, оюымен көксауырымен,
былғарымен, дән-дәнумен, іскегімен, пышағымен деген сөз тіркестері
кісесінің қаншалықты көркемдігін, неден істеліп, қалай әшекейленгенін,
нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді. Қазақ әйелдері
алтындаған, күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті
үзбелі белбеу тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай
әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді.
Оның қалай және неден істелгеніне байланысты шығыршықты белбеу,
мақпал белбеу, дүрия белбеу т.б. аттары бар. Қазақтың ерлері белбеуіне
әдемі қылмен, күміс сапты пышақ байлаған. Ал балалар кездік таққан.
Батырлар қанжар асынған. Еркектердің тағы бір асыл заты – насыбай шақша.
Шақша киіктің, ешкінің мүйізінен жасалатын болған. Оған күміс инелермен ою-
өрнек орнатып әшекейлеген. Әдемі жасалған насыбай шақшаны бесті ат берік
сатып алған. Қазақтың еркекетері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі
– ер тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрманы көркем де қымбат келеді. Оны
күмістеп, ою-өрнектеп, әшекейлеп, сырлап жасаған. Ердің алтындаған,
күмістеген, айшықталған жезбен өрнектелген түрлері болған. Ол көбінесе
қалыңдыққа баратын жігітке немесе ұзатылатын қызға арналып жасалады.
Осындай көркем ердің бағасы он ірі қараға жеткен.
Ұлдарға атқа мінер кезде арнайы ер-тұрман істеп, нағашы жұрты сыйға
тартатын болған. Оны ашамай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Ұлттық киімдер
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Қазақтың ұлттық киімдерін оқушыларға таныстыру
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің, оның ішінде ұлттық бас киімдердің пайдас мен әсемдегінін қазіргі ұрпаққа насихаттау жолдары
Қазақ костюм тарихы
Пәндер