Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру жолдары

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
Қ.Бөлеев, Н. Есенов, Д.Тұрсынбай
Тараз мемелекеттік педагогикалық институты, №12 Керімбай атындағы мектеп-
ресурсы, Тараз қ.
Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі
мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5
шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-
мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы
оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңызы зор.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа
Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс [1]-
деген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасыр ескерткіші. Осы ескерткішті
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруде былай
жүргізуге болады.
1. Жеке
2. Топтық
3. Ұжымдық.
Енді осыны сынып сағатында пайдаланудың жолдарын қарастырайық. Сынып
сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының да маңызы ерекше. Онда оқушылардың
жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.
[2].
Ахмет Яссауи кесенесі жайлы сынып сағатын өткізерде, алдымен тәрбие
сағатының тақырып жоспары айтылады. Оқушыларға кесене жайлы материалдар,
суреттер дайындауға тапсырма беріледі. Бұл кезде мұғалім әр оқушының
ерекшелігі мен бейімін есепке алады. Материалдар жинау барысында мұғалім
оларға бағыт-бағдар сілтеп отырады. Бұл жерде тапсырма алған оқушылар өз
бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Мұндай істе оқушы мынадай жұмыстарды
атқарады:
1. Басылымдар мен кітаптардағы деректерді жүйелеп жинастырады.
2. Өздігінен жұмыс істеу қабілеті ұшталады, сенімі күшейеді.
3. Қызығушылығы оянады. Белсенділігі артады.
4. Жауапкершілігі күшейеді.
Тәрбие сағатын өткізуге дайындықтың өзінде де оқушыларды тәрбиелеу
жүреді. Бұл жеке тұлғаның қалыптасып, дамуында тәрбиенің үздіксіз
жүретіндігін көрсетеді. Тәрбие сағатына оқушылар күшімен Қожа Ахмет Яссауи
кесенесінің суреті Даналық кітабынан үзінділер дайындалады. Тәрбие
сағатының кіріспе бөлімінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ортағасырлық
сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші екендігі, 2000 ж. ЮНЕСКО көлемінде
қаланың 1500 жылдығы аталып өтілгендігі айтылады.
Тәрбие сағатының негізгі бөлімінде оқушылар топтық және ұжымдық дәрежеде
жұмыс жасайды. Мәселен, Бір оқушысы Әмір Темір, екінші оқушы Ахмет Яссауи,
үшіншісі Яссы (Түркістан) қаласы туралы кеңінен әгімелейді. Бұл жерде
тарихи хронологиялық кезең қатаң сақталынады. Тұлғалардың тарихтағы алар
орнына сипаттама беріледі. Ел басқару ісін он екі құрамға бөлген Әмір Темір
өз өсиетінде былай деп жазады:
Бірінші құрам – Пайғамбар әулетінің адамдары, ғұлама шайқылар,
білімдарлар қауымы. Оларды мен ең жақыным деп есептедім. Олар менің
сарайыма ылғи да келіп-кетіп, жиын-кеңесіме көмегімен қоса көрік беріп
отырды. Діни, адами мәселелерді ортаға салып, құнды пікірлерін білдірді.
Дін тағылымын, адалдық пен арамдықтың аужай төркінін мен солардан үйрендім
[3].
Яссауи Хикметте Құдай атынан Парасаттылықты үндейді. Ал, Парсаттылық-
Яссауи ұғымында адамның әуелгі жаратылысындағы Тәңірінің өзі сыйлаған, оның
бойына өзі дарытқан ең асыл қазына. Ғұлама атамыз әрбір адам ар-жаны
алдында есеп бере білу керектігін пайғамбарлықпен үндейді. Құдай
қолдамайтын шалыс қадамдарынан сақтандырады. [4].
Тәрбие сағатында сызба кесте арқылы Яссауи кесенесінің жоспары алға
тартылады. Ол сегіз бөлімнен тұрады:
1. Қазандық бөлмесі
2. Қабірхана
3. Мешіт
4. Кітапхана
5. Үлкен Ақсарай
6. Кіші Ақсарай
7. Асхана
8. Құдықхана
Кесененің әр бөлмесінде қызметіне сай экспозиция құрылған [5].
Оқушыларға кесененің әр бөлмесі кеңінен ашылып айтылады. Алып кесененің
Жамағатхана (Қазандық) бөлмесінде жеті түрлі бағалы металдан жасалған қола
Қазан тұр. Мешіт бөлмесінде дәстүрлі жұма намазы оқылған.
Қазандық бөлмесінің төріндегі есік Ахмет Яссауи мәйіті жатқан Көрханаға
кіргізеді. Бұл мейлінше киелі орын. Үлкен Ақсарай қазақ хандығы тұсында
ордаға айналды. Ал, кіші Ақсарай қонақтарды қабылдау бөлмесінің қызметін
атқарды. Асханада хәлім тағамы дайындалып, мүсәпір кедейлерге таратылған.
Құдықханадағы құдықтан тартылған су зиярат етушілерге қасиетті су
ретінде берілген. Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие
жұмысында пайдаланылғанда оқушылар мынадай мәселелерді біледі:
1. Кесененің қай кезеңде, қандай тарихи тұлғаға арналып тұрғызылғанын
біледі.
2. Кесененің салыну әдісіне көңіл бөлінеді.
3. Тарихи тұлғаның еңбегін зерделейді.
Осының барлығы оқушылардың тарихи танымын қалыптастырып, оларға ұлттық
тәрбие беруде маңызды орын алады.
Енді сол ескерткіштерді қастерлі, қасиетті мұра ретінде, оны дәріптеуге,
бағалауға оқушыларды тәрбиелеуге өріс ашу қажет. Мәселен, алдын ала
жасалған экскурсия маршруты бойынша тарихи ескерткіштің орнын, салыну
кезеңін, қай тұлғаға арнап тұрғызғанын зерттеп біледі. Бұл жерде уақыт пен
ұрпақтар сабақтастығына баса назар аударамыз.
Тарихи ескерткіштерді оқып-танудың қандай жолдары бар? Әрине, олар
туралы сынып сағаттарында, тарихи конференцияларда, танымдық ойындарда
кеңінен айтуға болады.
Ал айтылған нәрсенің, өтілген іс - шараның баланың санасынан өшірмей,
көкейінде күмбірлетіп тұру үшін не істеу керек?
"Тәрбие құралы - сөз" [6] - деп ақиық; ақын Олжас Сулейменов айтқандай
асыл қазынамыздың қасиетін ұрпағымызға ұғындырсақ, еліміздің ертеңі, қонар
тұғыры биік болатыны айқын. Оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде мына істін
де берері бар - деп ойлаймыз. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz