Мәтінді оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың кибернетикамен байланысы



Оқушының компьютермен жұмыс жасай отырып қазақша мәтінді талдау барысында рецепторлардың қызметі дәстүрлі сабақтағыдан гөрі белсенді қызмет атқарады. «Рецептор – арнаулы қызметі бар клетка, ол қызмет сыртқы не ішкі тітіркендіргіштерді қабылдауға бейімделіп, оның энергиясын физикалық не химиялық формадан жүйкелік қозу энергиясына өзгертіп өңдеуден тұрады». Рецепторлардың көру, есту, иіс сезу, дәм сезу рецепторлары деген түрлері, терморецепторлар, проприо және вестибулорецепторлар ( дене мен оның мүшелерінің кеңістіктегі жай-күйін білдіріп тұратын рецепторлар ) деген түрлері болады. Осындай түрлерінің өзі іштей әрі қарай сыртқы, яғни экстерорецепторлар мен ішкі, яғни интерорецепторлар деп бөлінеді.
Экстерорецепторлар: есту, көру, иіс сезу, дәм және тері сезімдері.
Интерорецепторлар: вестибулорецепторлар мен проприорецепторлар және ішкі органдардың жай-күйі туралы сигнал беріп тұратын интерорецепторлар. Рецепторлар сыртқы ортамен байланыс жасау қызметіне орай, дистанттық және контакттық болып бөлінеді. Оқушылар компьютермен жұмыс жасау барысында рецепторлардың есту, көру, тері сезімдері рецепторлары актив әрекет етіп тұрады.
Компьютерді қолдану арқылы тек қазақ тілін ғана емес, тірек-қимыл дағдылары да қалыптастырылады. Бұл әрекеттің өзі П.Я. Гальпериннің кезеңдік қалыптасу теориясына сәйкес дамытылады. Компьютердің клавиштерімен жұмыс жасау барысында оқушы тапсырманы орындаудың және клавиштерді басудың жылдамдығымен байланысын бір тізгінге алып, өзінің ойлауы мен тірек-қимыл механизімдерін саналы әрі шапшаң жүзеге асыра алатын дағдыға ие болады. Сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштердің табиғатына қарай рецепторлары былай бөлінеді:
1 фоторецепторлар;
2 механорецепторлар ( есту, вестибулярлық, терінің тактильдік сезу рецепторлары, тірек-қимыл рецепторлары, жүрек-қан айналу жүйесінің барорецепторлары);
3 хеморецепторлар ( дәм, иіс сезу рецепторлары);
4 терморецепторлар (тері және ішкі ағзалар мен орталық термосезімталдық нейрондар);
5 ноцицептивті рецепторлар (ауырғанды сезіп, сигнал жеткізетін);
Оқушының қазақша мәтіндерді оқу, танысу, сұрақтарына жауап беру, жоспар құру, суретін салу, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою т.б. толып жатқан жұмыстарды орындау процесі танымдық қызметінің

Мәтінді оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың кибернетикамен байланысы.

Оқушының компьютермен жұмыс жасай отырып қазақша мәтінді талдау
барысында рецепторлардың қызметі дәстүрлі сабақтағыдан гөрі белсенді қызмет
атқарады. Рецептор – арнаулы қызметі бар клетка, ол қызмет сыртқы не ішкі
тітіркендіргіштерді қабылдауға бейімделіп, оның энергиясын физикалық не
химиялық формадан жүйкелік қозу энергиясына өзгертіп өңдеуден тұрады.
Рецепторлардың көру, есту, иіс сезу, дәм сезу рецепторлары деген түрлері,
терморецепторлар, проприо және вестибулорецепторлар ( дене мен оның
мүшелерінің кеңістіктегі жай-күйін білдіріп тұратын рецепторлар ) деген
түрлері болады. Осындай түрлерінің өзі іштей әрі қарай сыртқы, яғни
экстерорецепторлар мен ішкі, яғни интерорецепторлар деп бөлінеді.
Экстерорецепторлар: есту, көру, иіс сезу, дәм және тері сезімдері.
Интерорецепторлар: вестибулорецепторлар мен проприорецепторлар және
ішкі органдардың жай-күйі туралы сигнал беріп тұратын интерорецепторлар.
Рецепторлар сыртқы ортамен байланыс жасау қызметіне орай, дистанттық және
контакттық болып бөлінеді. Оқушылар компьютермен жұмыс жасау барысында
рецепторлардың есту, көру, тері сезімдері рецепторлары актив әрекет етіп
тұрады.
Компьютерді қолдану арқылы тек қазақ тілін ғана емес, тірек-қимыл
дағдылары да қалыптастырылады. Бұл әрекеттің өзі П.Я. Гальпериннің кезеңдік
қалыптасу теориясына сәйкес дамытылады. Компьютердің клавиштерімен жұмыс
жасау барысында оқушы тапсырманы орындаудың және клавиштерді басудың
жылдамдығымен байланысын бір тізгінге алып, өзінің ойлауы мен тірек-қимыл
механизімдерін саналы әрі шапшаң жүзеге асыра алатын дағдыға ие болады.
Сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштердің табиғатына қарай рецепторлары
былай бөлінеді:
1 фоторецепторлар;
2 механорецепторлар ( есту, вестибулярлық, терінің тактильдік сезу
рецепторлары, тірек-қимыл рецепторлары, жүрек-қан айналу жүйесінің
барорецепторлары);
3 хеморецепторлар ( дәм, иіс сезу рецепторлары);
4 терморецепторлар (тері және ішкі ағзалар мен орталық термосезімталдық
нейрондар);
5 ноцицептивті рецепторлар (ауырғанды сезіп, сигнал жеткізетін);
Оқушының қазақша мәтіндерді оқу, танысу, сұрақтарына жауап беру, жоспар
құру, суретін салу, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою т.б. толып
жатқан жұмыстарды орындау процесі танымдық қызметінің ақпараттық жағынан
белсенді өтілетінін көрсетеді. Тексті шапшаң оқу, текспен түрлі рационалдық
жұмыстар жасау, шығармашылық тапсырмаларды орындау – оқушының психикасының
мүмкіншіліктерінің активтендірілуін жүзеге асырады. Оның нәтижесі болса,
тек қазақ тілін үйренуіне ғана емес, барлық басқа пәндерді сапалы
меңгеруіне де жақсы ықпалын тигізеді. Компьютерден оқушыға жеткен
сигналдарды оқушылардың қабылдауы мен қайта өңдеуі, өзгертуі оның жоғарғы
сенсорлық орталықтарына тез тани және талдай алатын маңызды ақпараттың
жетуін қамтамасыз етеді. Маңызды ақпарат әбден қалыптасқан ақпараттан
өзгеше болып түседі. Енді осы түскен сигналдарды өңдеу мен өзгерту
жүргізіле бастайды. Эволюциялық жолмен қалыптасқан жеткізу мен өңдеу,
өзгертулер уақытпен және кеңістікпен байланысты болады. Кеңістікпен
байланысты өзгерту - өңдеулер сигналдың бөлшектерінің көлемі өзгеруі мен
сигнал бөлшектерінің сәйкестіктері өзгеруі ерекшеленеді. Ал ақпаратты
барлық сенсорлық жүйелерде уақытпен байланысты өзгерту - өңдеулерге,
уақытша компрессиялану (нығыздалып жинақталу ) тән болады. Мысалы,
компьютерден оқушыға сигнал нейрондардың төменгі жүйелердегі тоникалық
(ұзақтау) импульстары арқылы өте отырып, нейрондардың қысқа (фазические)
разрядты жоғары жүйелеріне дейін жол жүреді.
Ақпараттың асыра тым көп берілмеуін де қарастыру керек. Мысалы,
фоторецепторлар арқылы жеткен көру ақпараты мидың ақпараттық резервін тез
толтыра алады. Барлық басқа сенсорлық жүйелерден миға жеткен ақпараттар да
миды толтырып жібере алады. Сондықтан да, компьютердің экрандық, дыбыстық,
релақсациялық күй жасайтын музыкалық, интерактивті әдісті қолдануға
мүмкіндік беретін ойын, тест сияқты мүмкіншіліктері алмастырыла
қолданылады. Қабылданған сигнал енді белгілі бір тәртіппен шартты формаға –
кодқа айналады. Тітіркендіргіш пен оның параметрлері жайлы ақпарат
жекелеген импульстар арқылы да, топталған импульстар арқылы да жеткізіледі.
Жеткізілген ақпарат мида белгілі бір формаға түсіріліп, кодталады. Одан соң
сигналдарды детектендіру жүзеге асырылады. Детектендіру дегеніміз – мінез-
құлыққа байланысты маңызы бар ьолвп саналған, келіп түскен
тітіркендіргіштердің қандай да бір ерекше белгісін сенсорлық нейронның
ерекше бнлгімен таңбалауы. Мысалы, компьютерде мәтінді құраушы сөздер
ерекше курсив не бояумен берілсе, көру рецепторлары бұл белгіні
детектендіріп түсіреді.
Компьютердің клавиятурасы мен негізгі көрсеткішін ұстауға оқушы алғашқы
кезде қолының шаршағанын тез сезетін долса, үйренісе келе, оны мүлдем
ескермейтін де болады. Барлық сенсорлық жүйелерден келіп түскен сигналдар
мида өзара ынтымақтаса бірігіп келіп, тұтас бір бейне, образ жасауға қызмет
етеді. Компьютердегі берілетін оқу мәтіндері, жазылым тапсырмаларын орындау
мәтіндері, тест, ойын, жаттығулар – барлығы қорытынды тапсырманы орындау
барысында жинақталып, белгілі бір ұғым жасауға қызмет етуінде осы сенсорлық
сигналдар жүйесінің өзара бірлескен қызметінің нәтижесі танылады.
Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауында барлық органдар маңызды қызмет
атқаратыны белгілі. Ал ерекше қызметті көз органына байланысты дер едік.
Өйткені дисплеймен тікелей байланыс жасай отырып қана оқушы компьютермен
диалог құра алады. Компьютерден көру арқылы қабылданған ақпарат көру
сетчаткасынан көру нервтерінің жіпшелері арқылы миға қарай жол алады. Екі
көзден келіп түскен ақпарат мидың алдыңғы бөлшегінде кездесіп, көру
қиылысын түзейді. Одан кейін көру жүйкелері оптикалық тракттар деп аталып,
миға енеді.
Оқушының компьютер жарығын, түрлі бояулар мен түстерді көп қарауы оның
көзіне зиян да келтіруі мүмкін. Бұл – мұғалімнің физиологиялық саулық
туралы саладан білімдар болып, оқушыларына үйрету керектігін ескертеді.
Компьютердің мультимедиялық, аудиовизуалдық т.б. мол мүмкіншіліктері ондаға
дыбыстық қолданыстардың да қазақ тілін үйрету процесіне белсенді
қолданылуын қажет етеді. Компьютерге жазылатын түрлі дыбыстық тапсырмалар,
сөзді дұрыс айтуға жаттықтыратын жаттығулар мен ойындар т.б. – оқушының
дұрыс есту, мәдениетті тыңдау және ең бастысы – дұрыс сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталады. Акустикалық сигналдар есту тецепторларын
қоздырып, алғашқы есту нейрондарында белсенділік туға бастайды. Есту
сенсорлық ақпараттары одан соң есту жүйесінің бірқатар бөлшектерінен өте
келе, ми қабығының естуге байланысты аймағына қарай жөнелтіледі. Компьютер
арқылы қазақ тілін оқыту – жалпы білім берудің, баланы бір нәрсеге
үйретудің бір бөлшегі ғана. Үйрету, білім беру дегенді психофизиологиялық
тұрғыдан ақпаратты табу, сақтау және қайта өңдеуге байланысты өтілетін
күрделі процестердің бірізділігі деп тану бар. Жалпы адам баласы бір
нәрсені үйренуі, білім алуы барысында өзін-өзі ұстауы, мінез-құлығы түрлі
өзгерістерге, модификацияларға ұшырайды. Осы модификацияларды сақтау
дегенімізлің өзі – есті және оның қызметін білдіреді. Оқушылар компьютермен
жұмыс жасай отырып, түрліше эмоцияналдық күйге ұшырайды, бастарынан
кешіреді.
Эмоцияның психофизиологиялық ерекшеліктерін білу мұғалім үшін маңызды.
Себебі, оқушының компьютермен жұмыс жасауға кірісердегі батылсыздығы,
қорқуы, жауапты таба алмаған кездегі ашуы, өзіне сенбеуі, торығуы немесе
қуанышы, жеңіске деген ұмтылысы, ынталандыруды қажет етуі сияқты эмоциялық
күйі – қазақ тілін оқыту процесі үшін жай құбылыстар болып қала алмайды.
Компьютерге енгізетін мәтіндер жиынтығы мен оның мазмұны, жалпы безендіру
мен сұрақ-жауап барысындағы бағалау ерекшеліктері – барлығы оқушының
эмоцияналдық күйінің биі болуын және қазақ тілін өз бетімен үйренуге деген
құлшынысын дамытуын көздеп жасалады. Оқушылардың жеке басының физиологиялық
және психикалық даму еркшеліктері түрліше болғанмен, оларды жастарына
лайық, сол жастағы ақушыда долатын жалпы заңдылықтар болады. Сондықтан да
әр кластың оқушыларына топқа арнап оқулық жазылып, тапсырмалар жасалады.
Бірақ, индивидуалдық даму ерекшеліктерін оқыту процесінде баса назар сала
ескеру проблемасы қазіргі күн тәртібіне ерекше қойылып отыр. Оған, мысалы,
оқытудың әр деңгейлік жүйесін атауға болады. Осындай жаңа технологиялық
процестер білім берудің де жаңа заңдылықтарын психофизиологиялық тұрғыдан
қарастырудың маңыздылығын таныта түседі. Сөйтіп, қазақ мәтіндерін компьютер
арқылы оқыта отырып, оқушының оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым
әрекеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Информатиканы оқыту әдістемесі
Пәндер