ҚР сот билігінің конституциялық дәрежесі


... жалғасыҚР сот билігінің конституциялық дәрежесі
Сот билігі - бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл - азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган болып табылады.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар:
1) оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді;
2) оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады;
3) сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде қабылдануға тиіс;
4) сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті;
5) сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.
Биліктің ерекше тармағы ретінде сот билігінде белгілі бір өзіндік ерекше белгілері бар:
1. Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның айрықшалығы болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының - заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті де өкілеттіктерін иеленбейді. Тек сотар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияның 75-бабында “Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады” деп жазылған.
2. Сот билігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттіктерін асырудың ерекше рәсімі болып табылады, біршама егеменді бөліктерден тұратын федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік бірліктер шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері болуы мүмкін.
3. Сот билігінің елеулі бір нышаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет режимі болып табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң мамандығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жыл жұмыс стажы және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады.
4. Сот билігінің өзіндік бір нышаны оның қызметін іштен бақылаудың ерекше жүйесі болып табылады. Әділ сотты жүзеге асыра отырып, соттар Конституция мен заңға ғана бағынатын болғандықтан, заң шығарушы, сондай-ақ атқарушы биліктің де олардың шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Соттардың қызметін бақылау соттық қадағалау арқылы және прокурорлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде төмен тұрған соттар қарастырған істерді қарастырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында судьялар заңды қолдану кезінде басшылыққа алуға тиіс әділ сот принциптері белгіленген (77-бап) .
1. Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмыс кінәлі емес деп есептеледі. Бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам сот шешімі заңды күшіне енгенше қылмыскер болып есептелмейді деген сөз.
2. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқп тартуға болмайды. Бұл принцип барлық құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты қолданылады.
3. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды.
4. Сотта әркім де өз сөзінің тыңдалуына құқығы бар. Бұл демократиялық әділ соттың жалпыға танымал принципі болып табылады. Сот жазалаушы орган емес, ақиқатты анықтауға, сондай-ақ мәселені әділ шешуге арналған орган.
5. Конституция белгілі бір жағдайларда заңдардың кері күші жоқ деп белгілейді. Төмендегідей заңдардың кері күші жоқ: а) жауапкершілік белгілейтін немесе күштейтін; б) азаматтардың ахуалын нашарлататын заңдар.
6. Айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Бұл принцип кінәсіздік презумпциясынан туындайды. Егер адам заңдық жауапкершілікке тартылса, оның кінәлі екендігін тиісті орган дәлелдеуі тиіс.
7. Адам өз-өзіне қарсы көрсетуге міндетті емес екені туралы принцип өте гуманды болып табылады. Адам өзінің кінәсін ерікті түрде мойындай алады, бірақ өз-өзіне қарсы көрсетуге міндетті емес. Бұл принциптің кепілі жазалау үшін жалғыз мойындаудың жеткілісіздігі туралы конституциялық қағида болып табылады.
8. Кез келген күмәндерді сотталушының пайдасына түсіндіру әділ соттың маңызды принципі болып табылады. Бұл принцип айыпталушылардың кінәлігі туралы дәлелдері жеткілісіз бола тұрып, сонда да күдіктілерді сотқа тапсырып сотталуына ұмтылатын тергеу акцияларына қарсы бағытталған.
9. Заңсыз тәсілмен алынған дәлелге заңдық күш бермеу конституциялық принцип болып табылады. Адамның қәдір-қасиетін кемсіту арқылы алынған дәлелдер заңсыз болып табылады. Ешкім де азапқа, зорлыққа, басқаша қаталдыққа ұшырамауға тиіс.
10. Конституция қылмыстық заңды ұқсастық бойынша қолдануға жол бермейді. Бұл егер адам жасаған іс заңда қылмыс деп есептелмесе, сырттай ұқсас іс үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін заңды осы іске қолдануға болмайды деген сөз. Қысқаша айтсақ, егер заң көздемеген болса қылмыс жоқ.
ҚР-ның Сот жүйесі, ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның Президентінің “Сот және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына негізделген.
ҚР-ның Соты болып: ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттары табылады. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, ҚР-ның әскери соты) аудандық, қалалық соттар жатады. Ешқандай да лауазымды тұлға, орган сот қызметін, функциясын жүзеге асыра алмайды, оны тек қана сот жүзеге асырады.
ҚР-да соттардың қызметі келесі негізгі қағидаларға сүйене отырып құрылған: заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, барлық адам заң мен сот алдында теңдігі, тараптардың сот процессінде теңдігі, істерді жария түрде қарау.
1. Аудандық (қалалық) Соттың судьясы болып, ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 2 жыл жұмыс стажы бар, біліктілік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz