ҚР-ның Конституциялық Кеңесі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚР-ның Конституциялық Кеңесі

ҚР-ның Конституциялық Кеңесі - конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда азаматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.

Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар «ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конститутцияда белгіленген өкілеттілігінен Конституциялық Кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.

Көрсетілген мән-жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің конституциялық заңдылықтарын тексерумен ғана шектелмейді. Конституциялық Кеңес қызметінің негізі Қазақстан республикасының Конституциясы және Президенттің «Конституциялық Кеңес туралы» Жарлығы болып табылады. Осы екі акт Конституциялық Кеңестің өкілеттілігін, құрамын, қалыптасу тәртібін, мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін, конституциялық іс жүргізуді айқындайды. Өз қызметінің аталған актілермен реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды.

Конституциялық Кеңес, оның ішінде Төраға бар, жеті адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Президент, екі мүшесін - Сенаттың Төрағасы, екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі - 6 жыл. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:

олар Қазақстан республикасының азаматтары болуы тиіс;

жасы отыздан төмен болмауы керек;

Қазақстан аумағында тұруы тиіс;

жоғары заң білімі болуы керек;

заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Парламент Палаталарының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында ант береді.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің «Конституциялық Кеңес туралы» Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Заң Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтата тұру жағдайы мен тоқтату жағдайын ажыратады.

Өкілеттілікті тоқтата тұру негізінен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа мынадай:

Конституциялық Кеңестің отырыстарына кем дегенде үш рет қатарынан дәлелсіз себепсіз қатыспау;

Денсаулығына байланысты өз міндетін атқаруға ұзақ уақыт бойы қабілетсіз болу;

Соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша хабарсыз жоқ болып кетуі танылған жағдайлары жатады. Мұндай жағдайларда Конституциялық Кеңестің өзі осы мүшені тағайындаған субъектіге (Президентке, Мәжіліс Төрағасына немесе Сенаттың Төрағасына) ұсыныспен шығады.

Өкілеттігі тоқтатыла тұратын екінші топқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша:

тұтқындауға;

әкімшілік жауаптылыққа тартуға;

қылмыстық жауаптылыққа тартуға;

сотта медициналық сипатта күштеу шараларын қолдану туралы өтініш түсіруге;

сотта Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерінің қабілетсіз немесе қабілетінің шектеулі екендігін тану туралы өтініш түсіруге келісім берілген жағдайлар жатады.

Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім өкілеттікті тоқтата тұру үшін негіз белгілі болған кезден әрі кеткенде бір айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың өкілеттігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатыла тұрады. Егер аталған негіздер дәлелденсе, ол олардың өкілеттігінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады.

Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігі мынадай, егер:

орнынан түсу туралы өтініш қабылданса;

Жоғарғы Соттың ол туралы айыптау үкімі заңды күшіне енсе;

ол қайтыс болған жағдайда;

атқаруға тыйым салынған қызметті атқаруын тоқтатпаса;

антын бұзса, Конституцияның, Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығы талаптарын орындамаған, оның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын өрескел теріс қылық жасаған; заң талабын бұза отырып тағайындалған;

оның қайтыс болғандығы туралы сот шешімі заңдық күшіне енген;

қызметінің Конституция бойынша белгіленген мерзімі біткен;

алпыс жасқа, ерекше жағдайларда - алпыс бес жасқа толған (мұның экс-Президентке қатысы жоқ) ; саяси мақсаттарды көздейтін саяси партияларға немесе өзге де қоғамлдық бірлестіктерге кірген жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.

Конституциялық Кеңестің қарауына жатқызылған мәселелердің сипатына орай, осы органның құзіреті өкілеттіктердің төрт тобынан тұрады.

Даулы мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіліктер бірінші топқа жатады. Конституциялық Кеңес: 1) Республика Президенті сайлауын; 2) Парламент депутаттары сайлауын; 3) республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы даулы мәселелерді шешеді. Конституциялық Кеңес аталған шараларды өткізу кезінде Конституцияның, сайлау жөніндегі және өзге де заңдардың бұзылған, бұзылмағандығы туралы мәселені қарайды. Егер жиналған материалдар заңның бұзылғандығына көз жеткізсе, онда Конституциялық Кеңес сайлауды және референдумды заңсыз деп таниды.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің екінші тобына: 1) Президент қол қойғанға дейінгі заңдарды және 2) оның Конституцияға сәйкестігін Парламент бекіткенге дейінгі халықаралық шарттарды қарауға қатысты өкілеттіктер жатады.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің үшінші тобына: 1) Конституция нормаларын ресми түсіндіруге; 2) Республика

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық Кеңестің актілері
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі
Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының ерекшеліктері оларды қабылдау тәртібі және мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылымы, мақсаты мен міндеттері
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына жан-жақты талдау жасау
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшелiктерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz