Құстар туралы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Құстар класының сипаттамасы
2. Құстар жүйесі
3. Жыртқыш құстардың сипаттамасы
4. Жыртқыш құстардың түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
1. Абдыкаримова Қ. Қанатты достар: [Құстар тіршілігі туралы] // Бастауыш мектеп.- 2001. - №5. - 50 - 52 б.
2. Беркінбай Омархан. Орнитология: оқулық. - Алматы: Жібек жолы, 2008. - 184 б.
3. Елшібек Жанат. Құстар, құстар, құстар... // Егемен Қазақстан. - 2007. - 25 сәуір. - 14 б.
4. Қазақстан құстары мен аңдарының биологиясы: оқулық / О. Беркінбай, Б. Есжанов, Б. Ташенов, Г. Құлманова; ҚР Білім және ғылым мин-гі. - Алматы: Жібек жолы, 2008. - 336 б.
5. Қайымов Қ. Аяулы хайуанаттар. - Алматы: Мектеп, 1979. - 141 б.
6. Махмұтов Смағұл. Бір құс бар көкек деген..: [Құстар әлемінде] // Атамекен. - 2010. - 28 қыркүйек. - 4 б.
7. Раушанов Есенғали. Құстар-біздің досымыз. - Алматы: Жазушы, 2009. - 256 б.
8. Тереходжаев Ж. М. Жыртқыш құстар. - Алматы: Қайнар, 1985. - 160 б.
9. Төреходжаев Ж. М. Құстар қайтып барады. - Алматы: Қайнар, 1979. - 104 б.
10. Хамзин Б. Х. Үй құстары: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған насихаттық (дидактиқалық) құрал. - Алматы, 2008.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Құстар класының сипаттамасы
2. Құстар жүйесі
3. Жыртқыш құстардың сипаттамасы
4. Жыртқыш құстардың түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше
маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге
жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын
белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан
олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б)
денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің
дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына
әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я
өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы
және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай
олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік
туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі
бар.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-
да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар
28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек кездесетін
құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның
және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Құс шаруашылығы - мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды
саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы
заманғы құс фабрикасы деп - орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен
жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы
үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше
қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық
механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық
сақталатын - инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар,
мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор
құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады.
Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі
құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі
арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте
ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып
келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене
мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын - қысқалылығы, қанаттары мен
құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше
нұсқаларда кездеседі. Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж
жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдармен
мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да
жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы
жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін.
Негізгі бөлім

Қазақстан құстарға өте бай. Елімізде 488 құс түрі тіркелген. Олар
еліміздің барлық бөлігіңде кездсседі. Әртүрлі алқаптарда мекендейді.
Құстардың маңызы өте зор. Олардың көпшілігі ауыл және орман
шаруашылығына әртүрлі өсімдіктер зиянкестерін жойып өте үлкен пайда
келтіреді.
Кейбір түрлері әуесқой және кәсіптік аңшылық нысаналары болып келеді.
Көптеген құстардың этикалық және эстетикалық маңызы үлкен.
Ал кейбір түрлері шектен тыс пайдаланғандықтан сандары күрт кемуде.
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар құстар Қазақстанның Қызыл
Кітабына енгізілген.
Құстардың Қазақстанның Қызыл Кітабындағы (1978, 1991, 1996) санаттары.
санат - жойылып бара жатқандар (жойылып кету қаупі бар түрлер мен түршелер,
соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі олар туралы бірнеше
жылдар - 50 жылдан астам уақыт бойында ешқандай деректер жоқ).
санат - саны азайып бара жатқандар (саны әлі де болса салыстырмалы түрде
жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада жойылып кетушілер санатына
қосылатын түрлер).
санат - сирек (қазіргі кезде жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте аз
кездесетін немесе аймақтары шектеліп табиғи және адам қызметінің әсерінен
тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нәтижесінде тез жойылып кететін түрлер).
санат - белгісіздер (тіршілігі толық зерттелінбеген, ал саны мен
қауымдастық жағдайы алаңдатушылық туғызатын, бірақ мәліметтердің
жетіспеушілігінен оларды жоғарыда айтылған санатқа жатқызуға болмайтын
түрлер).
санат - қалпына келгендер (қорғау жұмыстарын қолға алу нәтижесіңде енді
қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кәсіпшілік пайдалануға болмайтын және
қауымдастықтары тұрақты бағдарлауды қажет ететін түрлер).

1. Құстар класының сипаттамасы

Құстар класы - шыққан тегі бауырмен жорғалаушылардың көптеген
морфологиялық ерекшеліктерін сақтаған және сонымен бірге, бүкіл мүшелері
түгелімен дерлік майда морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, жалпы тіршілігі
күрт өзгерген омыртқалы жануарлардың оқшауланған тобы.
Құстар - денесі қауырсындармен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа
айналған, жылы қанды, жұмыртқалаушы, қағанақты, ұрпақтарына қамқорлық
жасайтын және сыртқы ортамен күрделі байланыстағы омыртқалы жануарлар.
Құстардың денесі сопақша келген жұмыртқа пішінді (4.1 сурет).

4.1 сурет. Құс денесінің және қауырсындарының бөлімдері:
1 - тамақ үсті; 2 - ауыз бұрышы (езу); 3 - тамақ асты, алқым; 4 маңдай;
5 - төбе; 6 - шүйде; 7 - мойын; 8 - иық; 9 - бел; 10 бірінші дәрежелі
желпуіш қауырсындар; 11 - жамбас; 12 - жоғарғы құйрық жабындысы; 13 құйрық,
бағдарлаушы қауырсындар; 14 - бірінші дәрежелі желпуіш қауырсындар; 15
құйрық асты, төменгі құйрық жамылғысы; 16 - артқы саусақ; 17 - сыртқы
саусақ; 18 - ортаңғы саусақ; 19 - ішкі саусақ; 20 жіліншік; 21 - сирақ; 22
құрсақ; 23 - қанатты жабушы қауырсындар; 4 - төс, кеуде; 25 - иық
қауырсындары; 26 - кеңірдек, тамақ.

Тұлғасы ықшам, жұмыртқа тәрізді. Көптеген кұстардың мойыны жіңішке,
икемді. Басында алға қарай тұмсығы шығып тұрады, ол үстіңгі тұмсықтан және
астынғы тұмсықтан тұрады. Олар мүйізбен қапталған. Тістері жоқ.
Алдыңғы аяғы қанатқа айналған. Құстың аяғы жерде жүру, ағаштарға
өремелеу, жемтігін ұстау, суда жүзгенде және сүңгігенде қозғалу үшін қажет.
Тілерсек сүйегі мен толарсағының төменгі қатарының сүйектері қосылып ерекше
сүйек - жіліншікті құрайды. Жіліншікке саусақтар жалғасады. Әдетте
құстардың аяғында төрт саусағы бар, оның үшеуі алдына, ал біреуі артына
қараған.
Бірақ, кейбір орман құстарының (мысалы, тоқылдақтардың) екі саусағы
алдына, екі саусағы артына қараған. Кейде саусағының бірі не алдына не
артына қарауы мүмкін (4.2. сурет).

4.2 сурет. Әртүрлі құстардың аяқтарының пішіні:
А - құзғынқарға; Б - бұлдырық; В - қасқалдақ; Г - сұқсыр үйрек; Д -
шағала; Е - суқұзғыны; Ж - шұбар тоқылдақ; 3 - ұзынқанат; И - айналма
саусақ.

Сол сияқты, көптеген сұр қарлығаштардың барлық саусақтары да алдына
қараған. Кейбірінің артқы саусағы болмайды немесе жойылған.
Құстардың құйрығы серпімді желпуіш қауырсындардан құралған құйрықтың
пішінікөбінесе маңызды жүйелік белгі болып саналады (4.3. сурет).

4.3 сурет. Құс құйрықтарының әртүрлі пішіні:
А - түзу; Б - томпақ; В - лиратәрізді; Г- сынатәрізді; Д - сатылы; Е -
ойықты; Ж - айырлы.
Құстар денесінің температурасы тұрақты: ол әртүрлі кұстарда 39°С-тан
44°С-қа дейін жетеді. Құстардың денесі қауырсындармен жабылған. Ол
қауырсындар дененің ішкі жылуын сақтауда жәнс ұшуда маңызды рол атқарады.
Қауырсын қаламшадан, сояудан және пәріден тұрады.
Құстарда әртүрлі қауырсын типтері болады (4.4. сурет):
желпуіш қауырсындар - қанаттың негізгі қалқу бетін құрайтын ірі серпімді
қауырсындар; олар бірінші дәрежелі (қанаттың шашағында орналасқан) және
екінші дәрежелі сәл жұмсақтау (қанаттың білегіне жалғанған) болып бөлінеді;
бағыттауыш қауырсындар - құйрықты құрайтын ірі серпімді қауырсындар;
қанаттың жоғарғы жағын жабушы қауырсындар - желпуіш қауырсындардың негізгі
бөлігін жоғарғы жағынан жабатын онша үлкен емес, бірақ серпімді
қауырсындар;
4 қанаттың төменгі жағын жабушы қауырсындар - желпуіш қауырсындардың
негізгі бөлігін төменгі жағынан жабатын қауырсындар;
құйрықтың жоғары жағын жабушы қауырсындар - белдің артқы бөлігінде
орналасқан және құйрық қауырсындарының негізгі бөлігін жабушы қауырсындар;
құйрықтың төменгі жағын жабушы қауырсындар - құйрық қауырсындарын төменгі
жағынан жабушы қауырсындар;
қанат шашағын жабушы қауырсындар - қанат шашағын жабатын пәрлер;
нұсқалық қауырсындар - құстардың барлық денесін жабатын қауырсындар;
мамық қауырсындар - нұсқалық қауырсындардың астында орналасқан майда
қауырсындар.

4.4 сурет. Құс қанаты мен құйрығының қауырсындарының атаулары:
1 бірінші дәрежелі желпуіш қауырсындар; 2 екінші дәрежелі желпуіш
қауырсындар; 3 қанатша қауырсындары; 4 қанаттың жоғарғы жағын жабушы
қауырсындар; 5 иық қауырсындары; 6 қүйрық, бағыттауыш қауырсындар; 7
жоғарғы қуйрық жамылғысы; 8 төменгі құйрық жамылғысы, құйрық асты.
Құстардың қаңқасы көптеген іші қуыс, ауаға толы сүйектерден
тұратындықтан жеңіл әрі берік.
Бұлшық еттерден, әсіресе қанатты қозғайтын, кеуде еттері жақсы дамыған;
көптеген құстарда олар кеуде сүйегінің қыртөсіне жалғасқан.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, өңештен, безді және етті қарыннан,
ащы және тоқ ішектен және айналшықтан тұрады. Айналшыққа зат шығару және
жыныс мүшелерінің түтіктері ашылады. Бауыры және ұйқы безі бар.
Құстардың өкпесі денесінің әртүрлі бөлігінде орналасқан әуе қапшықтары
жүйесімен жалғасқан. Олар тыныс алуға, дене жылуын реттеуте және құс
қаңқасының жеңілденуіне қатысады.
Екі қан айналу шеңбері бар. Жүрегі төрт қуысты, екі құлақшадан жәнс екі
қарыншадан тұрады. Құстарда сол жақ қарыншадан басталатын оң жақ қолқа
доғасы сақталады.
Бүйрегі жамбасында орналасқан қуығы жоқ.
Құстар - дара жынысты: кейде еркегі мен ұрғашысы сыртқы түрі бойынша өте
жақсы ерекшеленеді. Құс мекиенінің аналық безі және тұқым жолы біреу ғана,
ол денесінің сол жағында орналасқан. Еркегінің жыныс мүшелері (аталық безі,
тұқым жолы ) екеу. Аталық безі дене қуысында орналасқан.
Құстар жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын әртүрлі құрылысты
ұяларға салады. Құстар жұмыртқаларынан шығатын алапандардың
ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді: ширақ балпан шығаратын
құстар; қызылшақа балапан шығаратын құстар.
Қызылшақа балапандар әлсіз, көзі соқыр, қауырсындары жетілмеген болады.
Мұндай балапан шығаратын құстарға кептерлер, торғайлар, тоқылдақтар және
т.б. жатады.
Ширақ балапандар атына сейкес үлпілдек қауырсынды, әрі ширақ, көздері
ашық, жұмыртқадан шыға сала тіршілік әрекетіне кіріседі. Ондай құстарға
тауық тәрізділер, қаз тәрізділер, тырна тәрізділер және т.б. құстар жатса,
жыртқыш құстар аралық орынға ис.
Құстар жануартектес те және өсімдік тектес те азықтармен қоректенеді.
Құстар елімізде болу мәртебесі бойынша бірнеше топқа бөлінеді:
отырықшы, жергілікті құстар - өзінің бүкіл өмірін бір жерде өткізетін
құстар;
көшпенді құстар - көбею кезеңінен басқа кезде сол аумақта көшіп жүретін
құстар;
жыл құстары - көктемде біздің елімізге ұя салуға ұшып келетін, күзде
қысқа қарай жылы елдерге ұшып кететін құстар;
ұшып өтетін құстар - біздін еліміздің аумағынан көктемде солтүстік
жаққа, ал күзде жылы жаққа ұшып өтетін құстар;
ұялауға ұшып келетін, кейде қыстайтын құстар - көктемде ұялауға ұшып
келетін, кейбірі біздің оңтүстік аудандарымызда қыстайтын құстар;
кездейсоқ кұстар - біздің елімізге кездейсоқ ұшып келетін құстар.
2. Құстар жүйесі

Құстар екі класс тармағынан тұрады:
Көне немесе кесіртке құйрықты құстар (Аrсhаеоrnіthеs);
Қазіргі немесе айырқұйрықты құстар (Neornіthes).
Қазіргі құстарды үш топқа бөледі:
Жалпақтөстілер немесе жүрдектер (Rаtіtае);
Пингвиндер немесе жүзгіштер (Imреnnеs);
Қырлы төстілер немесе ұшқыштар (Саrіnаtае).
Жалпақтөсті құстар мына отрядтардан тұрады:
Түйеқұстәрізділер (Struthioniformes);
Нандутәрізділер (Rheiformes);
Қазуартәрізділер (Casuariiformes);
Кивитәрізділер (Aprerygiformes).
Бұл құстар Қазақстанды мекендемейді. Дегенмен, кейінгі кезде елімізде
түйеқұсты және эмуді қолда өсіруді қолға алуда.
Пингвиндер тек бір отрядтан тұрады: Пингвин тәрізділер
(Sphenisciformes).
Бұл құстарда Қазақстанда мекендемейді.
Қырлы төсті құстардың Қазақстанда жиырма бір отрядының өкілдері
кездеседі (Гаврилов, 1999):
Маймаққазтәрізділер (Gaviiformes);
Сұқсыр үйректәрізділер (Podicipediformes);
Түтікмұрындылар (Рrосеllаrіfоrmеs);
Ескекаяқтылар (Реlесаnіfоrmеs);
Лейлектер, немесе дегелектер (Сісоnііfоrmеs);
Қоқиқазтәрізділер (Рhоеnісорtеrіfоrmes);
Қазтәрізділер (Аnseriformes);
Күндізгі жыртқыштар не сұңқартәрізділер (Ғаlсоnіfоrmеs);
Тауықтәрізділер (Саllіfоrmes);
Тырнатәрізділер (Gruiformes);
Татреңтәрізділер (Сhаrаdriiformes);
Булдырықтәрізділер (Рtеrосlіdіformes);
Кептертәрізділер (Соlumbifоrmеs);
Көкектәрізділер (Сuсuliformes);
Жапалақтәрізділер (Sіrіgіfоrmes);
Тентекқұстәрізділер (Саріmulgiformes);
Ұзынқанаттәрізділер (Ароdіfоrmes);
Көгілдір құстар (Соrасііformes);
Бәбісектәрізділер (Uрuріformes);
Тоқылдақтәрізділер (Рісіformes);
Торғайтәрізділер (Раssеrіformes).
МАЙМАҚҚАЗТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ
ОТРЯД ГАГАРООБРАЗНЫЕ
GAVIIFORMES
Үлкен суда жүзетін құстар. Бұлар солтүстік жартышардың тундралық және
тайгалық аймақтарында кең тараған. Бір түрі оңтүстікте Балқашта және Ыстық
көлде ұялайды. Бұл отрядқа жататын құстар ірі болып келеді: ең
кішкентайының салмағы (қызылжемсаулы маймаққаз) 2 кг, ал ақтұмсықты
маймаққаздың салмағы 4,5 кг асады.
Дене тұрқы ұзынша, аяқтары денелерінің артына қарай орналасқан. Ал
саусақтары толықтай жарғақпен біріккен. Сол себепті олардың жерде жүруі
қиын. Қанаттары жіңішке және үшкір, салыстырмалы түрде қысқа. Қауырсындануы
тығыз, денесіне тығыздалып орналасқан қатты қауырсындардан тұрады.
Құйрықтары қысқа, бірақ қатты қауырсындардан құралған. Тұмсығы ұзын, тік,
үшкір және езуіне қарай тегіс.
Күндізгі кұстар. Олардың тіршілігі сулы ортаға байланысты. Теңіздерде
және көлдерде мекендейді. Ұяларын су жағасына жақын орналастырады. Керемет
жүзеді және сүңгиді. Сүңгіген кезде көбінесе қанатын денесіне қысып
ұстайды, кейде жүзуге көмектеседі. Судың астында екі минуттан аса бола
алады. Тез бір түзу бойынша ұшады. Судан зорға жүгіріп барып көтеріледі.
Жағаға сирек шығады, жерден көтеріліп ұша алмайды. Құстар ұяларынан суға
түседі немесе сүңгиді, содан кейін ғана көтеріледі.
Тек балықтармен ғана қоректенеді. Егер балықсыз немесе балықтары аз су
қоймаларына қоныстанса, онда олар басқа көрші су қоймаларына ұшып барып
қоректенеді. Балықтардан басқа олар моллюскалармен, шаян тәрізділермен,
жәндіктермен жәнс басқа су омыртқасыздарымен қоректенеді. Бұл азықтар тек
қосымша болып саналады және олармен балапандары ғана қоректенеді.
Моногамдар. Тұрақты жұп құрмайтын сияқты. Жұмыртқа басуға және
балапандарды өргізуге екеуіде бірге қатысады. Әдетте, екі жұмыртқа салады.
Жұмыртқалары қоңырлау, қара, сүр, алабажақ. Жұмыртқаларын 25-30 күн басады.
Ширақ балапанды құстар. Балапандары жұмыртқадан шыққанда мамық жамылғысы
бар және аз уақыт ішінде жүзе алады. Балапандарының арқа жағы біртегіс
қоңырлау. Балапандарда түрлі екі мамық қауырсыны бар. Екінші мамық
қауырсындары қыста түлейді де, ересектерге ұқсайды. Қысқы жамылғыда құстар
үш ай болады желтоқсаннан науырыздың аяғына дейін. Толық түлеген кезінде
желпуіш қауырсындары да ауысады, мұндай кезде құстар қабілетінен айырылады.
Қораздарымен мекендерінің реңдері бірдей, бірақ қораздары ірілеу.
Маймаққаздардың онша көп маңызы жоқ. Балықтармен қоректеніп балық
шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін, бірақ олардың саны аз болғандықтан іс
жүзінде зияны байқалмайды. Әуесқой аңшылық нысандары. Олар өте сақ және
жаралануға төзімді. Олардың терісі Құс терісі ретінде бас киім, жаға
тігуге, көйлектерді әсемдеуге пайдаланылады.
Маймаққазтәрізділерге тек бір ғана тұқымдас жәнс бір туыс жатады.
СҰҚСЫР ҮЙРЕКТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ
ОТРЯД ПОГАНКООБРАШЫЕ
РОDІСІРЕDFОRМЕS
Орташа жәнс майда су құстары. Ең ірілері - үлкен сұқсырдың салмағы 900-
1200 г, ең майдасы - кішкене сұқсырдың салмағы 200 г жуық.
Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда және аралдарда тараған.
Олардың сыртқы пішіні ерекше, басқа отряд өкілдеріне ұқсамайды.
Дене тұрқы ұршық тәрізді соғыңқы. Қанаттары қысқа. Жүзгенде және
сүңгігенде қанаттарыниденесіне қысады.
Аяқтары денесінің артына қарай орналасқан, қысқа, екі жағынан қатты
қысылған. Аяқтарының әр саусағы жеке жалпақ терілі өскіндермен қапталған,
олары тек саусақтың түбінде ғана бірігеді. Тырнақтары жалпақ.
Қауырсындануы тығыз, төменгі жағы жібектей жұмсақ. Бағыттауыш
қауырсындары жұмсақ, құйрықтың жамылғы қауырсындарына ұқсайды, сондықтан
құйрықтары байқалмайды.
Тұмсықтары тік, үшкір, конус тәрізді. Жақтың жиектері тегіс.
Сұқсыр үйректәрізділердің бүкіл тіршілігі сумен байланысты. Суда
қоректенеді және ұялайды. Жағаға шықпайды. Су беті өсімдіктері бай тұщы
және сәл тұздылау су қоймаларын маңайлайды.
Күндізгі құстар.
Жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Ірілері су астында үш минутқа дейін бола
алады. Су астында аяғымен қозғалады. Субетімен сабалыпұзак ұзын бұрыш
сызықпен әуеге көтеріледі. Қанаттарын жиі қағып тік сызықпен ұшады.
Азықты суда сүңіп табады. Жемтікті тұмсығымен ұстайды. Майда кұстар, су
жәндіктері және олардың дернәсілдерімен, шаян тәрізділермен,
моллюскалармен, майда балықтармен қоректенеді. Кейбір үлкен құстар тек
балықтармен қоректенеді. Сұқсыр үйректердің қарындарында құстардың
қауырсындары әрдайым табылады. Олар өздерінің қауырсындарын жұлып жейтін
сияқты.
Моногамдар. Жұбымен өмір сүреді. Еркегі де ұрғашысы да жұмыртқа басуға
және балапан өргізуге бірдей қатысады. Ұяларын жүзінді су өсімдіктерінен
(көбінесе шіріген) жасалған аралдарға салады. Жеке жұптармен және
шоғырланып жүздеген жұптармен бірге ұялайды.
Құс ойнақтары күрделі.
Ұяға үштен сегізге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалары сопақша, реңі
біркелкі көкшіл. Ұяда жұмыртқалар өте ылғалды ортада жатады, көбінесе суда.
Сондықтан жұмыртқалар өсімдіктермен былғанып сарғайып немесе сұрланып
кетеді. Сұқсыр үйректердің жұмыртқа басу алаңы жіңішке. Сондықтан олар
барлық жұмыртқаларын жаба алмайды. Жұмыртқа басу бірінші жұмыртқа туудан
басталып, жиырма-жиырма бес күнге созылады.
Балапандары жұмыртқадан шыққанда мамық жамылғысы бар және тез арада суға
жүзе алады. Бір ұядағы балапандар толық жетілгенше бөлінбейді.
Қазақстандағы сұқсыр үйректердің мамық қауырсынды балапандарының рендері
жолақты.
Балапандар мамықтарын жастық қауырсындарға ауыстырады. Бұл реңдері
ересектерден өзгеше. Жастық рең күзде қысқы реңге ауысады. Ыстық жердегі
сұқсыр үйректер жылына бір рет түлейді, ал ТМД елдеріндегі сұқсыр үйректер
- екі рет түлейді: көктемде майда қауырсындары, ал күзде бүкіл
қауырсындары. Желпуіш қауырсыңдары түгелімен түлейді жәнс ол кезде құстар
ұша алмай қалады.
Қазақстан сұқсыр үйректерінің қыстық реңінен өзгешс ерекше күйлік реңі
бар.
Еркектерімен ұрғашыларының реңдері бірдей, бірақ еркектері ірілеу.
Сұқсыр үйректердің маңызы шамалы. Көпшілік жағдайда ірі сұқсыр
үйректердің балықтармен қоректену зияны білінбейді. Сұқсыр үйректердің
еттері онша дәмді емес, көпшілігін жеуге болмайды.
Сұқсыр үйрсктердің кәсіпшілік маңызы терілерінің Құс терісі ретінде
пайдаланылуы. Өңдеуге кеудесі мен саны жарайды. Өңделген соң ол әдемі
жібектей терігс ұлпанға айналады. Ол әйелдердің қалпағын әшекейлеуге
пайдаланылады.
Қазақстанда сұқсыр үйрек тәрізділердің тек бір түқымдасы - Роdiсереdidае
және бір ғана туысы - Роdісерs кездеседі.

ТҮТІКМҰРЫНДЫЛАР ОТРЯДЫ
ОТРЯД ТРУБКОНОСЫЕ
РRОСЕLLАRІҒОRМES
Мөлшерлері әртүрлі (қараторғайдан аққуға дейін) теңіз құстары. Сыртқы
пішіндері шағалаға ұқсас. Теңіз жағалауларында көбінесе топтасып, ашық
жерлерде немесе шыңдардың жарықтарында, кейде індерде ұялайды.
Арктикада да, Андрактикада да, дегенмен көпшілік түрі қоңыржай аймақта
кездеседі.
Қауырсындануы қалың, тығыз. Қанаттары ұзын, жіңішке, үшкір.
Тұмсығында төменге қараған ілмегі бар. Бұл құстың ең бір ерекше белгісі
-тұмсығының жоғары бетіндегі танауынан шығып тұратын түтікшелер.
Алдыңғы үш саусағы жақсы дамыған және жарғақпен жалғанған.
Бұл отрядтың барлық өкілдері теңіздің ашық кеңістіктерінің құстары.
Құрлықпен байланысы тек көбею кезінде ғана. Көбеюден тыс кезінде, құстар
үлкен қашықтықта мұхиттарды кезіп жүреді.
Әдемі ұшады, жүзе алады, кейбірі сүңғи алады. Жерде жіліншегіне таянып
әрең жүреді. Көпшілік уақытын әуеде және суда өткізеді. Құстар кез келген
ауа райында да ұша алады.
Моногамдар. Бір ғана жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандардың
мамық жамылғылары бар, бірақ көздері ашылмаған. Өсуі жай-екі айдан төрт
айға дейін. Ата-аналарымен қоректендірілген балапандар тез семіреді. Ұяда
олар ата-аналарының мөлшеріне жетеді. Ұяда, соңғы күңдері ата-аналары
оларға тамақ бермей қояды, ашыққан жас балапаңдар ұяны тастауға мәжбүр
болады және теңізге шығады. Алғашқы күндері олар тек жүзеді және сүңгиді,
кейіннен ұшып үтіренеді. Түтікмұрындылар төрт тұқымдасқа біріккен 23
туыстан 81 түрден тұрады. Қазақстанда соның бір тұқымдасы - дауылпаздар
(Буревестниковые - Рrосеllаrіdас, бір туысы-дауылпаз - Рuffinus Вrіssоn.
1760 және бір түрі кездеседі.

ЛӘЙЛЕКТЕР НЕМЕСЕ ДЕГЕЛЕКТЕР ОТРЯДЫ
ОТРЯД АИС ГООБРАЗНЫЕ ИЛИ ГОЛЕНАСТЫЕ
СІСОNІҒОRМЕS
Сыртқы пішіндері, құрылыстары жәнс өмір сүру жағдайы әртүрлі құстардың
тобы. Бұл отрядқа жататын құстардың ұзын тұмсығы (басынан да ұзын), ұзын
мойыны жәнс ұзын аяғы бар. Мұның бәрі батпақта немесе тайыз суда жемтігін
табу үшін бейімделген мүшелер.
Аяқтарында төрт ұзын саусақтары бар. Ортаңғы және сыртқы саусақтардың
түбі жарғақпен жалғанған, кейде жарғақ алдыңғы үш саусақтың түбін жалғайды.
Жіліншігі жалаң, көпшілік өкілдерінде сирақтың төменгі жағы
қауырсынданбаған.
Тұмсық құрылыстары әртүрлі: ләйлектерде және құтандарда ол үшкір және
тік (кейбір ләйлектерде сәл жоғары иілген), көпшілігінде төменге иілген;
жалбағайларда - жалпайған, ұшына қарай кеңейген; китбастыларда - өте үлкен
қайық тәрізді.
Қанаттары ұзын, жалпақ және доғал. Құйрықтары қысқа, тік немесе сәл
дөңгеленген.
Реңдері әртүрлі, еркетктері мен ұрғашыларының реңдері бірдей,
жастарыныкі ересектерінікінен ерекшеленіп тұрады. Көпшілік өкілдерінің
жазғы реңдерінде әртүрлі көркемдеуші қауырсындары бар: түйінделген, таспа
тәрізді, томпиған және тағы басқа.
Бұлардың ішінде күндізгі, ымыртты және түнгі құстар бар.
Көпшілігі су қоймаларының маңында немесе ылғалды көгалдарда, енді бірі
ашық құрғақ кеңістікте мекендейді.
Әртүрлі жануар тектес азықтармен қоректенеді, кейбірі қорек түріне
маманданған: тек балықтармен қоректенеді; ал енді бірі өлекселермен
қоректенеді.
Әр топ өкілдерінің қорек табу жолдары да әртүрлі: ләйлектер көгалдардың
немесе су қоймаларының жағаларымен жүріп іздейді; құтандар суда аңдып тұрып
аулайды; тырнақұтандар оларды тұмсығымен тайыз лайлардан тауып алады.
Моногамдар. Еркектері мен ұрғашылары ұя салуға, жұмыртқа басуға және
балапандарды қоректендіруге бірдей қатысады. Ұядан балапандары ұшып кетсе
де, екеуі бірге өмір сүреді, ал кейбірі (көлбұқалар) - әушлдек, оқпан жеке
өмір сүреді.
Топтасып ұялайды, ал кейбір өкілдері жеке жұбымен өмір сүреді. Ұяларын
қамысқа, бұталар арасында, ағашқа, шыңға, ал кейбір өкілдері адамның
жайларына (ақ ләйлек) ұя салады.
Көпшілігінің ұялары қарапайым.
Африкада жәнс Мадагаскарда өмір сүретін балғабастылар бұталарға,
ағаштарға немесе шыңдарға шар тәрізді ұя жасайды. Олардың ұяларының
диаметрі екі метрге жетеді, үш бөліктен тұрады және бір жанында кіретін
тесігі бар.
Китбастылар екі, жалбағайлар үш-төрт, ләйлектер төрт-бес, құтандар екі-
тоғыз жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың реңдері ақ немесс көкшілдеу. Бірінші
жұмыртқа туылысымен оны басу басталады және жұмыртқа басу майда өкілдерінде
17-20 күнге, ірілерінде 30 күнге созылады. Көпшілігінде балапандар
жұмыртқадан көздері ашылмаған және көмексіз күйінде шығады, ал ләйлектердің
балапандарының көздері ашық.
Ләйлектердің балапандарының екі түрлі жамылғысы болады, басқаларында -
бір ғана.
Кейбір өкілдерінде түлсу жылына екі рет жүреді: жартылай - көбею алдында
жәнс толық - көбеюден кейін, ұялау кезеңі біткен соң. Кейбір өкілдерінде
тек бір ғана түлеу болатын сияқты.
Аңшылар ләйлектәрізділерді арнайы ауламайды. Үйрек ату кезінде қол
астына түскенін атады. Көпшілігінің еттерінің сапасы нашар. Тек қарабай мен
көлбұқаның (оқпан, әупілдек) еттері жақсы.
Ақ құтандардың қауырсындары әшекей ретінде жиналады. Қауырсындар
әйелдердің қалпағын көркемдеуге пайдаланылады. Қазіргі кезде оларды аулауға
тиым салынған.
Кейбір өкілдері балықпен қоректеніп балық шаруашылығына зиян келтіреді.
Олардың пайдасы - кеміргіштерді және зиянды жәндіктерді жоюы.
Пайдасы зиянынан әлдеқайда көп.
Қазіргі өмір сүретін ләйлектер жеті тұқымдасқа бөлінген. Олар 118 түрге
біріккен 49 туыстан тұрады.
Қазақстанда бұл отрядтан үш тұқымдасы кездеседі.

ҚОҚИҚАЗ ТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ
ОТРЯД ФЛАМИНГООБРАЗНЫЕ
РНОЕNIСОРТЕRІҒОRМЕS
Өте ұзын мойынды және ұзын аяқты ірі құстар.
Алдыңғы саусақтары жақсы дамыған және жарғақпен біріккен.
Тұмсығы үлкен, орта шенінен төменге қарай иілген; жақтарының шетінде
мүйізді тақтайшалар және тісшелер орналасқан, қаз тәрізділер сияқты, мұндай
сүзгі қурылғы судан әртүрлі майда омыртқасыздарды аулауға мүмкіндік береді.
Мысалы, шаяндар қоқиқаздардың негізгі азығы болып саналады.
Қанаттары қысқалау жәнс доғал, сондыктан қоқиқаздар дегелектер сияқты
қалықтап ұша алмайды. Құйрықтары да қысқа, ортаңғы бағыттауыш жұбы
басқаларынан ұзындау.
Қоқиқаздардың көпшілігі Американың, Африканың жәнс Еуразияның тропикалық
және субтропикалық елдерінде тұрақты мекендейді. Тек бір түрі ғана Азияның
солтүстігіне қарай 50°30°-қа тараған. Одан әрі өтетіндері ұя салуға барып
қайтатындары.
Қоқиқаздар тайыз тұзды көлдерде және теңіздің тайыз жерлеріне
қоныстайды.
Күндізгі құстар. Жерде жәнс тайыз суда әдетте жай қозғалады, бірақ
қажетті жағдайда тез жүгіруі мүмкін. Суда, көбінесе бір аяғымен тұрады.
Жақсы және жеңіл жүзеді. Жерден, тайыз судан, судан жеңіл көтеріледі. Ұшқан
кезде мойынын және аяғын бір түзу бойымен ұстайды.
Моногамдар. Ұяларын тайыз тұзды көлдерде немесе теңіз жағалауларына
тұрғызады. Ұлары кесілген конус тәрізді. Тобырымен ұялайды.
Бір немесе екі, кейде үш жұмыртқа салады. Жұмыртқа басуға және
балапандарды өргізуге ата-аналары бірдей қатысады. Ширақ балапанды құстар.
Балапандары кебісімен ұяларынан шыға алады. Жұмыртқадан шыққан
балапандардың тұмсығы тік келеді. Екінші аптадан бастап олардың тұмсықтары
иіле бастайды. Содан кейін олар ересектерше қоректене алады.
Алғашқы айында балапандардың жамылғысы ақ түсті болып келеді. Содан
кейін сүр реңге ауысады. Қыс айларында олар түлей бастайды. Түлеу жазда
аяқталады. Кәрі құстар жылына бір рет, ұялау кезеңі біткен соң түлейді.
Жамылғы қауырсындары біртіндеп ауысады, ал желпуіш қауырсындары бір
мезгілде түседі. Бұл кезде құстар ұша алмай қалады. Ол кез жаздың соңы.
Қоқиқаздардың оншалықты маңызы жоқ. Өте әдемі және ерекше құстар
болғандықтан оларды қорғауға алу керек.
Қоқиқазтәрізділердің тек бір ғана тұқымдасы бар.

ҚАЗТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫ
ОТРЯД ГУСЕОБРАЗНЫЕ
АNSЕRIҒОRМЕS
Өте ірі (аққу) немесе орташа (шүрегей) мөлшерлі су құстары.
Мойындары ұзын. Аяқтары қысқа, жүзетін жарғақтары бар. Тұмсықтары орташа
ұзындықты, тік; көпшілігінде жалпайған; кейбірінде ұшына қарай жіңішкереді
немесе кеңейеді. Үстіңгі және астыңғы жақтарының шетінде мүйізді
тақтайшалар немесе тісшелер орналасқан. Жоғарғы жақтың ұшында қатты
тырнақ бар.
Қауырысындануы қалың, тығыз. Мамықтары қалың бүкілденесін жабады.
Қанаттары орташа мөлшерлі, ұшталған. Әдетте құйрықтары қысқа, тек
кейбірінде орташа ұзындықта.
Түстері әртүрлі: кейбірі ақ; енді бірі сурша-қоңыр; көпшілігінде ашық
көкшіл түсті бөліктері бар; жеке түрлері күңгірт-қара түсті.
Кейбір түрлерінің басында ұзарған қауырсындардан құралған айдарлары бар;
көбінесе иық және ішкі желпуіш қауырсындары ұзарған.
Біздің үйректердің еркектері мен ұрғашыларының түстері әртүрлі.
Керісінше тропикалық үйректердің ата-аналықтарының түстерінде айырмашылық
болмайды. Біздің қаздар мен аққулардың жұптарының түстері бірдей.
Барлығының еркектері ұрғашыларынан ірі. Қораздарының шағылысу мүшесі бар.
Бұлардың өмірі суға тығыз байланысты. Құймышақ безі жақсы дамыған. Жақсы
жүзеді. Көпшілігі жақсы сүңгиді; кейбірі су астында үш минутқа дейін бола
алады жәнс үлкен терендікке батады. Су астында аяғымен жылжиды, кейбірі
қанаттарымен еседі. Көпшілігі мойынын созып, денесінің алдыңғы бөлігін суға
батырып азықтарын табады.
Олар жерде әртүрлі қозғалады. Қаздар мен қарашақаздар орташа жүреді, тез
жүгіреді; басқаларының жүрістері ауыр, шайқалып жүреді.
Үздіксіз қанат қағу арқылы көпшілігінің ұшуы тез. Ұшқан кезде әр құстың
қанаттары өздігінше ерекше дыбыс шығарады. Тек бірен - сарандары ғана жақсы
ұша алмайды, ал бір түрі - Патагониялық кемеүйрек - мүлдем ұша алмайды,
себебі олардың қанаттары қысқарған.
Азықтары әртүрлі. Жақсы сүңгитіндері майда балықтармен немесе су
астындағы моллюскалармен, көпшілігі аралас азықпен (тайыз сулардан алып)
қоректенеді. Қаздар негізінен су жағаларындағы немесе жер бетіндегі
өсімдіктермен қоректенеді.
Қоңыр қаздар мен аққулар тұрақты жұп құрайды. Көпшілігі тек көбею
кезінде ғана жұптасады. Жұмыртқа салып біткен соң еркектері ұрғашыларын
тастап кетеді. Олар жұмыртқа басуға және балапан өргізуге қатыспайды.
Ысылдақ шүрегейлерде нағыз полигамдық байқалады. Бірақ біздің
үйрсктердің сркектері баска жүптардың үрғашыларымен. кейдс тіптен басқа
турдің үрғашыларымен шағылысады. Барылдауық үйрек псн ысылдақ шүрсгейдің,
барылдауық үйрек пен бізкүйрық үйрсктің, бізкүйрық үйрек пен ысылдақ
шүрегейдің, ысылдақ шүрегей мен са-рыайдар үйректің, ысылдақ шүрегсй мен
қоңыр үйректің. барылдауық үйрек пен қызылтумсық сүңгуірдің, көк сүңгуір
мен алакөз сүңгуірдің будандары белгілі.
Көбінесе жеке жұптарымен ұялайды, кейде - шоғырланып ұялау да белгіле.
Ұяларын жер бетіне, тайыз суға, қамысқа, жүзінді көпаққа, ағаштағы кеуекке.
құздағы індерге, шыңдарға тұрғызады. Бірақ, әр кезде суға жақын жерде
орналастырады.
Көпшілігі алты-он, кейбірі он бес және аздаған түрлері бестен кем
жұмыртқа салады. Жұмыртқалары бір түсті ақ немесе сәл жасылдау және
қоңырлау-ақшыл.
Жұмыртқа басу жиырма күннен қырық күнге дейін созылады, көпшілігіңде
жиырма бес күн. Балапандар жұмыртқадан шыға салысымен, кепкен соң, жүгіруге
және жүзуге мүмкіндігі бар. Әдетте олар ұяны екінші күні тастайды.
Балапандар азықты өздері табады, бірақ аналығы немесе аталығы оларға
қамқорлық көрсетеді; қатерлі жағдайда оларды қорғайды. Бір ұяның
балапандары қанаттарына көтерілгенше бірге болады.
Орташа қустардың балапандары екі-екі жарым айда, ірілерінікі, жарым-төрт
айда жетіледі; көпшілігі екінші және үшінші жылы жетіледі; ал кейбір
түрлері тек төртінші жылы жетіледі.
Түлсу әр түрінде әртүрлі жағдайда өтеді. Көпшілігінде желпуіш
қауырсындары бірге түседі, ал олардың орнына жаңа қауырсындар үш аптадан
кейін шығады. Бұл кезде олар ұшу қабілеттілігінен айырылады.
Ұрғашылары балапан шығару кезінде түлейді, ал балапан шығаруға
қатыспаған еркектері өз алдына түлейді. Ол үшін олар ұялау аймағынан түлеу
аймағына үлкен тобыр болып ұшып кетеді. Түлейтін еркектердің жиналатын жері
Батыс Сібірдің оңтүстігіңдегі және Қазақстанның солтүстінден орманды дала
және далалардағы су қоймалары (Ырғыз және Торғай өзендерінің төменгі
жағындағы көлдср, Қорғалжын, Павлодардың солтүстігіндегі көлдер және
Еділдің атыраулары).
Қаздар және үйректер қамыстарда, ал сүңгуірлер, сусылдақтар, тұрпандар
және италақаздар, керісінше, ашық тұзды көлдерде түшейді.
Біздің қаздар, қарашақаздар, аққулар, сарыалақаздар және отүйректер
жылына бір рет, ал көпшілік үйректер, керісінше, жылына екі рет түлейді.
Бұл кезде ұрғашыларының түсі барлық мезгілде бірдей, ал еркектерінің түсі
екі кезеңде де өзгереді.
Қазтәрізділердің аңшылық нысаны ретінде маңызы зор. Бұлардың еті жеуге
жарамды, көпшілігінің сапасы жақсы және өте жақсы.
Қазтәрізділерді аулау негізінен мылтықпен жүргізіледі; аулаудың басқа да
түрлері болуы мүмкін.
Барлығының қауырсындарының және мамығының сапалары жоғары: жеңіл, жылы,
серпімді және бір-біріне жабыспайды. Біздің құстардың ішінде әсіресе
сарыалақаздың және отүйректің мамықтары өте жақсы. Аққулардың мамық жүнді
терісі өте жоғары бағаланады. Оның жеңілдігі және жұмсақтығы тігін
материалдары ретінде кең қолданылады.
Қазақстанда кейінгі кезде қазтәрізділердің саны онша өспеуде. Оның
негізгі себебі түлеу кезінде оларды жаппай аулау, ересек және есейген
балапандарды тұзақпен аулау, былайша айтқанда шексіз қасақылық. Оны
болдырмау үшін аңшылық шаруашылықтарында олардың қорын қорғау, қасақылармен
күресу және тиімді аулау мерзімін табу керек.
Аңшылық нысандылығынан басқа олардың үй құстарының шыққан тегі ретінде
маңызы бар. Барылдауық үйректен үй үйректері, қоңыр қаздан - қаздардың
көптеген тұқымдары, қытай қазынан үй қаздарының кейбір тұқымдары шыққан.
Пайдалары мен қоса зияны да бар. Қаздар, кейбір үйрек түрлері егіс
алқаптарында жайылып үлкен зиян келтіреді.
Қазтәрізділер отряды екі отряд тармағына бөлінеді: паламедеялар
(паламедеевые -Аnhimaе) және қаздар, немесе тақтатұмсықтылар (гусиные, или
пластинчатоклювые - Аnseres).
Қаздар бір ғана тұқымдастан тұрады.

3. Жыртқыш құстардың сипаттамасы

Дене тұрқы ірілі-кішілі болып келетін құстар. Қазақстанда кездесетін ең
кішкентай жыртқыш құс қырғидың үлкендігі кептерлердей ғана болса, сақалтай
сияқты ете ірі жыртқыштардың дене тұрқы бір метрден асып, қанаттарын
жайғанда ұзындығы 3 метр, салмағы 6-7 килограмға жетеді. Жыртқыш құстардың
дене құрылыстары ұстаған жәндіктерді боршалап жұлып, шұқып, тесіп жеуге
жақсы бейімделген. Тұмсықтарының мүйізді қырлары ет кесетіндей өткір,
ұштары шұқып жеуге және тесуге оңтайлы имектеле үшкірленіп, көбінің
тырнақтары өткір де қарымталы, саусақтары қуатты болып біткен. Көздерінің
айналасы, сирақ, саусақтары тықыр, ал енді кейбіреулерінің сирақтарының
қауырсындары біте өскен. Өлекселермен қоректенетін жыртқыш құстардың мойны
және басы тақыр немесе мамық қауырсындармен қапталған, екі жақ шекесін
сирек қылдар басып тұрады.
Қанат және құйрық қауырсындары өте қатты, көбісінің бағыттаушы құйрық
қауырсындарының саны 12, тек кейбір тазқаралардың қауырсындары ғана 14.
Жалпы қауырсындарының түсі реңсіз, күрең, сұр, қоңыр, қара және ақ түстеніп
әр түрлі болып келеді. Ересек жыртқыштардың қауырсындары көлденең жол-жол
өрнекті, ал жастарының дене сызықтары мен өрнектері бойлай тартылған.
Сирақтары торлы калқаншалармен немесе көлденең біткен ұсақ қалқаншалармен
қапталған. Саусақтарының үшеуі алдына, біреуі артына қараған, тек
күшігеннің төртінші саусағы артқа бұрыла алатындай орналасқан. Барлық
жыртқыш құстардың алақаны жұмсақ та саусақ еттері бұлшықты болып келеді.
Жыртқыш құстардың бас және аяқтарының қауырсынсыз тықыр бөліктері
көгілдір немесе сары түсті. Орманда тіршілік ететін түрлерінің қанаттары
қысқа, мұқыл болып дөңгеленіп келеді, ал жемдерін жасырынып барып,
жақындағанда тұтқиылдан ұстап алатын жыртқыштардың сирағы - жіңішке және
ұзын.
Көздері үлкен, алдарындағы кеңістіктегі, жан-жақтағы заттарды бірден
шалатындай орналасқан, әрі қырағы да сұсты, өткір болып келеді. Мысалы,
дала қыраны саршұнақтарды бірнеше жүз метр биіктіктен, ал лашын кептерлерді
бір километрден аса қашықтықтан көре алады. Кептеген жыртқыш құстардың
көздерінің үлкендігі дене салмағымен салыстырғанда едәуір ірілеу болып
келеді. Сарыш дейтін жыртқыш кұстың көзі, мәселен, адамның көзімен шамалас.
Бүркіттің салмағы адамның салмағына қарағанда 30-40 рет жеңіл болса да көзі
едәуір үлкен.
Жыртқыш құстардың есту мүшелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың жіктелуі
Құстардың шығу тегі
Құстардың ұрпағын өрбітуі
Биология сабағында құстар класын оқыту
Құстар жарысы
Құс топтары
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ
Құстарды бонитировкалау
Жыртқыш құстардың сипаттамасы
Үй құстарын бағып күту
Пәндер