Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы (1030-1090)



Махмудтың өмірбаяны
М. Қашқари еңбектері
Әдебиеттер
Махмудтың өмірбаянына қатысты мәліметтер өте жарытымсыз. Оның өмірі жайындағы мәлімет өз кітабында айтқан азын-аулақ хабардан әрі аса қоймайды. Махмудтың толық аты-жөні Махмуд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңын-дағы - парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірі-нің көп кезеңін Баласағұн қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Балалық және жастық шағының көп мезгілін Ыстық көл маңындағы қышлақтарда өткізеді. өз айтуынша, оның әкесі Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірі Насыр ибн Әлидің нәсіліне жатады. Махмуд алғашқы білімді Қашқар қаласында алады да кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Сапарының негізгі мақсаты - өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болады. Ол сол заманғы араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында да біраз уақыт тұрғанға ұқсайды.
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
4.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы (1030-1090)
Махмудтың өмірбаянына қатысты мәліметтер өте жарытымсыз. Оның өмірі
жайындағы мәлімет өз кітабында айтқан азын-аулақ хабардан әрі аса қоймайды.
Махмудтың толық аты-жөні Махмуд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі
Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің
салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңын-дағы -
парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық
дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен,
өмірі-нің көп кезеңін Баласағұн қаласында кешкен. Атақты ғалым осы
Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Балалық
және жастық шағының көп мезгілін Ыстық көл маңындағы қышлақтарда өткізеді.
өз айтуынша, оның әкесі Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірі Насыр ибн
Әлидің нәсіліне жатады. Махмуд алғашқы білімді Қашқар қаласында алады да
кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді.
Сапарының негізгі мақсаты - өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болады. Ол
сол заманғы араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат
қаласында да біраз уақыт тұрғанға ұқсайды.
Махмуд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті
ғалымы болған. Араб филология-сын жетік білген және өз білімін туған
халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында
зерттеулер жүргізуге жұмсаған. Махмуд Қаш-қаридың дәл қай жылы туып, қанша
жыл өмір сүргендігі әзірше белгісіз. Бұл жөніндегі жалғыз дерек кітабының
аяғында ол ''бұл кітап мені өлімге бір табан жақындатты'' деп жазады. Бұл
бір жағынан, автор өзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұзақ жылдар бойы еңбек
еткенін дәлел-десе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де
көрсетеді. Олай болса Махмудтың туған кезі ХІ ғасырдың басы болса керек.
өйткені ''Диуани лұғат-ат-түрк'' хиджра есебімен 464-жылдың бесінші айының
алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла
бастаған, 466 жылдың алтыншы айының 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында)
аяқталған. Осыдан екі ғасыр өткен соң 1266 жылдың тамыз айында 'Диуани
лұғат-ат-түрк'' түп нұсқасынан бір сириялық кісі көшіріп алады. Көшіруші
былай деп жазады: ''Әуелі Сава, кейін Шам (Дамаск) қаласының тұрғыны
Мұхаммед бин Әбібәкір ибн Әбілфатих (оны тәңірі жарылқасын) осы кітапты түп
нұсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні
бітірді''. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' автордың соңғы еңбегі болса керек. өзі-
нің айтуынша ол бұл кітаптан бұрын да түркі тілдері-нің синтаксистік жүйесі
жайында (''Джавахир ан-нахви фллафи түрк'') ''Түрік тілінің синтаксистік
жүйесінің негіздері'' деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бұл еңбегі
сақталмаған болу керек, сондық-тан осыдан басқа еш мәлімет жоқ.
Махмуд Қашқаридың түркі халықтарының ішінде нақ қай халық өкілі екені
туралы да ешбір мәлімет жоқ. Рас, оны түркі халықтарының біріне телуге
тарихи деректер мүмкіндік бермейді. өйткені қараханидтер тұсындағы түркі
халықтарының кейін араласып, бір-біріне ете жақын болып кеткені соншалық,
пәлен тайпа - тек қана пәлен халықтың этногенезін құрады деп айтуға
келмейді. Бір тайпаның өзі кейінгі дәуірде бірнеше халықтардың құрамына
кіріп, сіңісіп кетіп отырған. Ал Махмудтың сол кездегі түркі тайпаларының
қайсысынан шыққандығы жайында өзінің бір ескертпесі жөнінде айта кеткен
жөн. Оның айтуынша, оның ата-бабасы сөз басындағы а дыбысына х дыбысын
қосып айтатын болған. Бұған қарағанда, оның туған тайпасы Орта Азия жеріне
бір жақтан келген емес, осы аймақтың тұрақты ескі тұрғыны. Дегенмен, бұл
ескертпенің өзі де Махмудтың нақ қай тайпадан шыққандығын анықтауға
мүмкіншілік бермейді.
Бірсыпыра зерттеушілер Махмудтың қашқарлық екеніне қарап, оны ұйғыр
деп танып, оның ұлы мұрасын да ескі ұйғыр тілінің ескерткіші дейтін пікірге
ойысатын сияқты. Бірақ олай деп тұжырымдауға пәлендей айқын дәлел жоқ.
Қашқар қаласының ол кездегі этникалық құрамын айырып алудың өзі қиын. Оның
бер жағында ''диуани лұғат-ат-түрікті'' - тек ескі ұйғыр тілінің ескерткі-
ші деуге тағы да дәлел табу қажет. Онда сол кездегі түркі тайпаларының
бәрінің де әдеби, тілдік мұралары бар. Онан соң, сол кезде Қашқаридың ата-
бабасы шыққан рудың немесе тайпаның қай халықтың құрамына енгені де айту
оңайға түсе қоймайды. Кейбір шетел зерттеушілері, де әсіресе, Түркия
зерттеушілері Махмуд Қашқари Анатолия түріктерінен шыққан ғалым деп
даурығып жүр. Анығында Махмуд Қашқари жоғарыда келтірілген ескертпе арқылы
өз ата бабаларының қалай да ортаазиялық тұрғын екенін дәлелдеп отыр. Олай
болса, бұл жерде оның тұрағы мен шыққан халқын Түркия жеріне көшіре
қоярлықтай қисын жоқ. Оның үстіне дәуір ескерткіштерін Түркия ғалым-дарының
панисламистік, пантүркистік мақсатпен жарама-са кетуі тегін емес. Ғылым
тарихы олардың осы тәрізді талай ''кәсібін'' біледі. Олар тіпті Орхон-
Енисей жазбаларын да иемдембекші болғаны да мәлім.
Махмуд Қашқаридың атын бізге, біздің заманы-мызға жеткізген оның ұлы
мұрасы ''Диуани лұғат-ат-түрк''. Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи
ерлігі жайындағы мәселені - сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сөз
болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы
екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бұдан тоғыз жүз жылдай
бұрын өмір сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз.
М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік
құрылыстарын жүйе-жүйемен баян-дауға арналған. Бірақ кітаптың берер
мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана
тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы,
этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп, жүргені
кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыс-тысы
М. Хартман ''Диуани лұғат-ат-түрк'' - халықтық әдебиеттің үлгісі, соның
негізінде құрылған'' дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған ''Құдатқу
білігті'' (''Бақыттылық жайлы ілім'') - сарай әдебиетінің нұсқасы деп
табады. Бұл ''Диуани лұғат-ат-түрк'' түркі халық-тарының ескі әдебиетінің
тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның
пікірі.
Махмуд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетіл-гендей, сол заманғы түркі
тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде
сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тәртібі, қай тайпаның қайдан
келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері
және т. б. болып келеді. Осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің
кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақұл. М. Қашқари ХІ ғасырда
өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі
М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы әміршілерінің біріне туыстық
жақындығы барын айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған
Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан
қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты
мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халық-тары
арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы
әуелі Баласағұнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар
қаласына ауысады. Қарақанидтер мемлекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ
ғасырлар болса керек.
Бұл кездерде қараханидтер мемлекетінің шекарасы Жетісудан бастап
Қашқар, Бұқар, Самарқанд қала-ларына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұд Қашқари өмір жолы
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари)
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
Қазақстан жеріндгі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы
Әбу Насыр Әл-Фараби тобы
Ортағасырлық Түркі ойшылдары
Диуани лұғат ат-түрік
Махмұд Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтер
Орта ғасырлық ғылымның дамуы
Пәндер