Матриархат



Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше комплексі матрилокальдылық патрилокальдылықпен ауысқанда, әдетте біраз уақыт әлі де, туыстықты ана жағынан есептеумен байланысты болды. Бұл кезде әйел ерінің, семьясы мен руына келіп ірге тепкенде, оның балалары сол руға жатпайтын және белгілі жас мөлшеріне жеткенде шешесінің семьясы мен руына қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. «Жиені нағашы ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді, оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Семья, немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен олардың жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай-ақ оның осы қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды. Кейбір совет этнографтары балаларды өз семьясында емес бөгде семьяда тәрбиелеуді бұйыратын кавказдық келттердің, славяндардың және басқа халықтардың белгілі аталықтың салтын авункулаттың түрі өзгерген реликті, деп санайды.
Өз шаруашылығын жүргізетін жеке семьялардың пайда болуы рулық меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған семьялық меншіктің пайда болуымен қосарланды. Бұл меншіктікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ руды аналық жақтан санау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды, ал авункулат жағдайларында дамыған ымырашылдық салт — нағашы ағалардан жиендердің мұралануы — авункулаттың бүкіл жүйесі сияқты жеке семьяның тұтас болуына жол ашпады. Қарама-қайшылық туыстықты ана жағынан санап, мұраланудан әке жағына, ана бағытынан әке бағытына кешумен аяқталатын ескі тәртіптерді түбірінен өзгерту жолымен ғана шешіле алатын. Патрилокальдыққа қарай көшу сияқты бұл да өзгеше формалар тудырған ұзақ процесс болды. Туыстық пен мұраланудың осындай қосарлық есебі, немесе билинейлық адамның аналық руға да, аталық руға да тиісті болып есептелуі, әрі осыған сәйкес екі руда да мұрагерлікке үміткерлік туғызды. Көптеген тайпаларда (меланезийліктер, Оңтүстік

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Матриархат

Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше комплексі матрилокальдылық
патрилокальдылықпен ауысқанда, әдетте біраз уақыт әлі де, туыстықты ана
жағынан есептеумен байланысты болды. Бұл кезде әйел ерінің, семьясы мен
руына келіп ірге тепкенде, оның балалары сол руға жатпайтын және белгілі
жас мөлшеріне жеткенде шешесінің семьясы мен руына қайтып оралатын. Мұнда
олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай
тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. Жиені нағашы ағасының
үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді, оның өсиет ұстаздығына
құлақ асады. Семья, немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама
туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен олардың
жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай-ақ оның осы қалпында
ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы
ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие
болды. Кейбір совет этнографтары балаларды өз семьясында емес бөгде семьяда
тәрбиелеуді бұйыратын кавказдық келттердің, славяндардың және басқа
халықтардың белгілі аталықтың салтын авункулаттың түрі өзгерген реликті,
деп санайды.
Өз шаруашылығын жүргізетін жеке семьялардың пайда болуы рулық
меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған семьялық меншіктің пайда болуымен
қосарланды. Бұл меншіктікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ
руды аналық жақтан санау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды, ал
авункулат жағдайларында дамыған ымырашылдық салт — нағашы ағалардан
жиендердің мұралануы — авункулаттың бүкіл жүйесі сияқты жеке семьяның тұтас
болуына жол ашпады. Қарама-қайшылық туыстықты ана жағынан санап,
мұраланудан әке жағына, ана бағытынан әке бағытына кешумен аяқталатын ескі
тәртіптерді түбірінен өзгерту жолымен ғана шешіле алатын.
Патрилокальдыққа қарай көшу сияқты бұл да өзгеше формалар тудырған ұзақ
процесс болды. Туыстық пен мұраланудың осындай қосарлық есебі, немесе
билинейлық адамның аналық руға да, аталық руға да тиісті болып есептелуі,
әрі осыған сәйкес екі руда да мұрагерлікке үміткерлік туғызды. Көптеген
тайпаларда (меланезийліктер, Оңтүстік Африканың гереро, Сахараның
туареттері және басқаларда) туысқандардан " мураланған меншік, ана жағы
бойынша ауыстырылып берілетін болған, өз басының еңбегімен табылғандар
әкеден балаға ауыстырылып берілетін салттар кеңінен тараған. Дегенмен
мұраларды бөлісу өлген адамның балалары мен жиендері арасындағы
соқтығыстармен қосарланып отырды, әрі, әдетте, мүлікті өз балаларына
көбірек беріп кетуге әкесі өзінің тірі кезінде-ақ түрлі тәсілдерді
қолданып, тырысып бақты. Ескі тәртіп жаңаға қатты қарсылық көрсетті, бірақ
қоғамның экономикалық ұясы ретінде жеке семьяның нығая түсуіне қарай
туыстық пен мұралануды ана жағынан санауды әке жағынан санау бірте-бірте
ығыстырды.
Матриархаттың патриархатқа айналуы, Энгельстің сөзімен
айтқанда, адамзат басынан өткерген ең радикалды революциялардың
бірі болды. Табиғи түрде мінез-құлқы мен санасында дәстүр күші ерекше
көрініп отырған алғашқы тұрмыстың адамға, бұл айналу онша оңайға түсе
қойған жоқ.
Ата-бабалардың өсиеттерінен таюды ақтау үшін ол дәстүр шеңберінде,
оны өзінің бұзуына көмектескен мың сан алуан амал-айлалар мен қулық-
сұмдықтарға бой ұруға тиіс болды. Мүмкін, бүкіл өзінің дүдәмал
қисынсыздығын жаңа негіздердің салтанат құруын жеңілдете алатын кейбір
салттар, өзінің төркінін нақ осыдан алатын шығар. Ескі және Жаңа Дүние
халықтарының тарихи өткен шағындағы кувада—бала туу актын ер адамның
симуляциялауының кеңінен таралу салты осыдан. Амазония үндістеріндегі
куваданың айқын сипаттамасын XIX ғасырдың бірінші жартысындағы саяхатшы
д'Орбиньи қалдырды: Іле-Шала туу аяқталғаннан кейін ана мен баланы суға
шомылдырады және келесі күні-ақ үндіс әйелі жұмысқа аттанады... Егер
туғаннан кейін әйелдің денсаулығы жақсы болып шықса, оның күйеуі ауыру
іспеттенеді. Салт оның өз гамагында жатуын, ыңқылдауын, біздің европалық
аналардай қалжалануын әбден сақтауын талап етеді. Оның төңірегінде
айналсоқтап, көршілері оны аман-есен босануымен құттықтап, оның тезірек
аяғын басуын көруге тілек білдіріп келіп кетеді. Ол мұны тиісінше
қабылдайды және шынында да толғақтың бүкіл азабын тартқандай бәрін құлақ
қойып тыңдайды. Бахофен заманынан бері зерттеушілердің көпшілігі, куваданы
топтық некеден қосақтық некеге көшуге саятын екінші түсініктеме
(В.К.Никольский) ұсынылғанына қарамастан, кувада салтын ер адамдардың
өзінің әкелік праволарын мойындап туыстық әкелік есебін орнату жолындағы
күресі ретінде түсіндіреді. Кейбір этнографтар, бірқатар үндіс және сибирь
тайпаларында болып келген және мәні ер адам өз жынысынан бас тартып, әйел
киім-кешегін киюінде және әйел міндеттерін орындап, кейде зайыптық күйге
дейін түсуінде болған Жыныс алмастыру салтын да матриархаттан
патриархатқа өтудің көрініс беруі (травестизм) деп санайды.
Бірақ патриархаттың болуы тек дәстүр шеңберінде ғана жүре алмады:
ерте ме, кеш пе, бұл неғұрлым тура да қатал форманы қабылдауға тиіс
болды. Жоғарыда айтылғандай, ертедегі рулық қауымның өзінде-ақ
жыныстардың белгілі бір оқшаулануы, соның ішінде олардың тұрақтардағы өз
ара оқшаулануы туады. Дамыған рулық қауымдардың отырықшы поселкелерінде
тамақ ішетін, ұйықтайтын, инициация дәмін тататын, рудың үйленбеген жастары
жұмыс істейтін, ер адамдардың арнаулы үйлері болған. Бұдан да гөрі
кейініректе матриархатқа қарсы күрестің барысында ер адамдардың үйлері
осылардың негізінде ер адамдардың немесе құпиялық одағы дейтін ұйымдық
орталықтарына айналды.
Ер адамдар одақтары Меланезия мен Батыс Африка тайпаларында жақсы
сақталған, Микронезия мен Америка тайпаларында белгілі, Азия мен Европаның
бірқатар көне және осы заманғы халықтардың сарқыншақтарынан қадағалауға
болады. Бұл олардан матриархаттан патриархатқа өту дәуірінің жан-жақтың
дерлік таралған қоғамдық институтын көруге мүмкіндік береді. Одақтың өз
басшысы, өзінің жиыны мен той-томалағы, жыр жырланып, би биленіп
қосарланатын өздерінің рух — билеп-төстеушілері мен діни рәсімдері,
кейде тіпті өзінің ерекше тілі де болды. Мұның бәрі әйелдерден және
бейхабарлардан құпия ұсталды, бірақ құпия, әрине, салыстырмалы түрде ғана
болатын, өйткені одақ қадам басқан сайын өзін көрсетіп, тіпті аналық-рулық
құрылыстың тірегін бүлдіруге бағытталған өзінің қызметін баса көрсеткен.
Осы дәуірде, әдетте жас жігіттің инициациясының салтымен дөп келіп отырған
одаққа кірудің таралған салты аналық ру мүшесінің өлуі мен әкелік ру
мүшесі тірілуінің символикалық маңызы болды. Ер адамдар одақтарының
әдіспен Меланезияда Дук-дук пен Ингиет одақтарының мүшелері, оларға аруақ
бет пердесін киіп шабуыл жасап, зорлық-зомбылық көрсетіп, тіпті өлтіріп
жіберіп, әйелдер мен бейхабарларды ығы-жығы етті. Сонымен, ер адамдар одағы
олардан өз меншігін қорғап, күзетті, олардың ықпалды жағдайын қамтамасыз
етті. Шынына келгенде, бұл аналық рудың праволарының берекесін кетірген
және оның бүлінуіне жол салған рудан тыс ұйымдар болды.
Кей жерлерде ер адамдар одақтарына қарама-қарсы оларға азды-көпті
ұқсас келетін әйелдер одақтары құрылды. Алайда, олар дәуірдің экономикалық
тенденциясына қарсы тұра алмады да, әдетте қандай да болсын елейтіндей
қоғамдық ықпалға ие бола алмады.
Матриархаттың орнына келген патриархат күрделі де қарама-қайшы
қоғамдық форма болды. Сырттай, ол көп жағынан рулық құрылысты еске түсірді,
іс жүзіне келгенде оның ыдырау формасы болды. Бұл, ең алдымен,
патриархалдың руға әуел бастан-ақ өзінің өмір сүру фактісінің жалғыз өзімен
рулық қоғамның негізін бүлдірген, экономикалық жағынан дербес семьялар
қарсы тұрғандығынан көрінді. Мұндай семьяның алғашқы формасы, сондай-ақ
үлкен семья, семьялық, үлкен семьялық немесе үй-жайлық қауым деп аталған
патриархалдық семья болды. Бұл әке тарапынан ең жақын туыстардың бірнеше,
әдетте үш-төрт ұрпақтарынан—олардың балаларын, немерелері мен
шөберелерін және семьяның барлық ересек ер адамдар мен әйелдерді қоса
алғанда бір немесе бірнеше бауырлардан тұратын. Сондай-ақ семья
құрамына құлдар да кіретін. Патриархалдық семьяға 200, тіпті 300-ден
адам кірген жағдайлар мәлім. Семья мүшелері жерді, мал мен басқа да
өндіріс құрал-жабдықтарын ынтымақтасып биледі, шаруашылықты бірігіп
жүргізді және жалпы қордан тамақтанып, киім киіп, ендіргендерін ынтымақтаса
отырып тұтынды. Семьяны ақсақал, ал әйел белігін бәйбіше, әдетте
ақсақалдың әйелі басқарды. Көбіне олар шынында да жас жағынан үлкен
болды, бірақ олардың қаусауы немесе жарамсыздығы жағдайларында семья
басқа біреуін сайлай алатын еді. “Ақсаңал” мен бәйбіше семьяның жеке
мүшелері арасында шаруашылық жұмыстарын бөлді және бұлардың орындалуына
басшылық етті, қорлардың жұмсалуына әмір етті, тәртіп пен
адамгершілік жағын бақылап қадағалады, семьялық жеке бір кісіге табынуды
басқарып мадақтады. Семьяның аса маңызды істері, мәселен, мүліктерді
аулақтату немесе сатып алу, әйел алу немесе күйеуге беру барлық ересек
ер адамдар мен әйелдерден тұратын жалпы советте шешілді. Сонымен бұл
рудан оқшауланғанымен, одан өзінің құрамы мен сапалық айырмашылығы бар,
бірақ өз ішінде әлі де алғашқы түрмыстық қауымдық коллективизмді сақтаған
ұя болды. Бұл дәуірдің экономикалық жағдайларымен: басталған, бірақ
өздерінің экономикалық мүмкіндіктерінде әлі тежеулі еңбек
парцеллизациясымен анықталатын. Осы сияқты патриархалдық семьялар
этнографиялық та, тарихи материалда да жақсы мәлім. Мәселен, Полинезияда
таяудағы уақытқа дейін 30—50 адамнан тұратын, көршілес орналасқан бір
немесе бірнеше үйлерден құралған үлкен семьялар (фале, пайто және
басқалар) болып келді. Фаленің өз жер учаскесі, қайықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерліктің тәртібі
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері
Мифологиялық ертегілер
Адамгершіліктік қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыру мен бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы
Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Қазақ халық ертегілері
Океания халықтары
Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі
Пәндер