Инфляция жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Инфляцияның жалпы теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері мен айқындалу
белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдарлары ... ... ... ... ...12
2 . Инфляция салдарлары және Қазақстан Республикасындағы инфляциялық
көрсеткіштеріне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Әлемдік тәжирибедегі инфляция салдарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Қазақстандағы 2008.2011жылдардағы инфляция көрсеткіштерінің
динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3 . Мемлекетіміздегі инфляцияға қарсы күресу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.1. Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.2. 2011.2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің сценарийі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Қосымша.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиясында айтып кеткендей: «ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру керек», ол үшін жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны қатал түрде бақылануы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

1. Жаналинов Б.Н., «Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат»: Оқу құралы, –Алматы: Экономика, 2007.
2. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш.
«Қаржы, ақша айналымы және несие»: Оқу құралы. –Алматы:
Экономика, 2008.
3. Сейтқасымов Ғ.С., . «Ақша, несие, банк». –Алматы: Экономика, 2001.
4. К.Маркс.Капитал.-М., 1967ж., 1-т.,
5. Мамыров Н.Қ., М.Ә. Тілеужанова. «Макроэкономика», –Алматы:
Экономика, 2003.
6. Әбішев Ә.Ә., Хубиев К.А., «Макроэкономика», -Алматы: Экономика,
2008.
7. «Қазақстан Республикасының тұтыну нарығындағы бағасы»,
Редакциясын басқарған Ә.Смайылов. Статистикалық жинақ/2011.
8. «Қазақстан Республикасының тұтыну нарығындағы бағасы»,
Редакциясын басқарған Ә.Смайылов. Статистикалық жинақ/2010.
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж.
дейінгі) даму стратегиясы. –Алматы, 1997.
10. «Айқын» басылымынан, 12-қараша, 2010.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Инфляцияның жалпы теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері мен айқындалу
белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
1.2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
... ... ... ... ...12
2 . Инфляция салдарлары және Қазақстан Республикасындағы инфляциялық
көрсеткіштеріне
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15
2.1. Әлемдік тәжирибедегі инфляция
салдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ...15
2.2. Қазақстандағы 2008-2011жылдардағы инфляция көрсеткіштерінің
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22
3 . Мемлекетіміздегі инфляцияға қарсы күресу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.1. Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ...30
3.2. 2011-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
сценарийі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...42
Қосымша-
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 3
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан
Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан -2030 стратегиясында
айтып кеткендей: ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның
топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде
қалыптастыру керек, ол үшін жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны қатал
түрде бақылануы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін
толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа
жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция
термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына
қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы
жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты
болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық
әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың
құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса,
бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан
артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық
сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың
көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына
байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын
уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып
инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері:
ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға
болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі –
сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар
реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны
төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты
арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге
бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау
жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ
ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада
стагфляция деп аталады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән
үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен
салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы
инфляция қарқыны.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы,
статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар,
сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.
1. Инфляцияның жалпы теориялық негіздері
1.1. Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері мен айқындалу белгілері
Инфляция- ақшаның құнсыздануына тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы
деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық
әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі.
Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады.
Inflatio (инфляция)- ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы
латынша іnflatio – іштің қампиюы, ісініп өсуі деген түсінік береді.
Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған
– американ экономисі А.Делмар. Ол 1864 ж. Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың
Федералдық үкіметінің Азамат соғызы жылдары (1861-1865жж.) айналымға
алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар (гринбаксы- green
backs: зеленые спинки) шығарғанын сыфнап жазған. Ақшаның осындай шектен
тыс көбеюін А.Делмар іnflatio (вздутие бумажного пузыря) деп атады.
Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің
(Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында
қолданылып, ХХ ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала
бастады.
Инфляцияның шығу тегі (мәні мен мағынасы). Медальдің екі жағы сияқты,
ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан ұғымдар. Инфляцияны кредиттік
ақшаның сырқаты деп айтуға болады. Ерте заманда (алтын монетамен сауда-
саттық кезінде) инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған (тосын
жағдайларда, мысалға, соғыс кезінде немесе жоғарыда айтылғандай құндылыңы
төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын
сақтаған.
И.Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның феноменін бірінші рет
түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған
тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл
шарт автоматты түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымда текқана сауда-
саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері болды.
Тауар азайған уақытта артық ақша (алтын монеталар) қазына (байлық)
ретінде жинақталып, алтын сандықтарда сақталды. Қажетті тауар көбейіп,
ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп,
тауар бағасының тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық айырбасталатын қағаз
ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырды.
Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүлдем басқа
жағдайлар орын алды. Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар
шығарылды. Бұл алтын монета айналымы кезіндегі И.Фишердің теңдеуі бойынша
инфляцияға қарсы автоматты механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді.
Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың
ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда
сақталып қала бнрді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік
бұзылды. Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына
әкеліп соқты.1,6б.
К.Маркстің классикалық анықтамасы бойынша ... ақша – тауардың
айырбастық құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше
жеке тауар деп айтқаны инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы болса да
жарық түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алаиын болсық, онда
ақша (қағаз ақша) тауардың құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік
құнынан айырылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық
дәуірдегі ақша айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп,
кеңею қасиеттерінен автоматты түрде айырылған. Сұраныстан жоғары
мөлшердегі қағақ ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегінде тауарлар мен
қызметтердің бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның
алғашқы айқын көрінісі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноменнің
мән мағынасын осылай түсіндіруге болады.4,79б.,
Пайда болу себептері. Инфляция күрделі әлеуметтік- экономикалық феномен,
оның пайда болу себептері көбінесе бір жақты айтылмайды.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан
көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы
қаржыландырса, басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда
айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген
жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы
милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық
табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар- олар қоғамдық
байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша
төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша
массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік қарыздың
ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден,баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқы
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал
олигополист (жетілмеген бәсеке) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінщі болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың келмеуі
көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда атаған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын
азайтуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын
да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетін
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны
күту нәтижесінде орын алады, Батыс елдерінің көптеген экономистері және
біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің
инфляцияны күту себептерін жою- инфляцияға қарсы саясаттың ең басты
міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай?
Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның
одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап
етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да
өсуі мүмкін ғой.Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді,
сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды.
Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар 1992 жылы) инфляцияның жоғары
қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру
мумкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты.
Нәтижесінде, Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар
бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен
деңгейден де асып түсті.
Инфляция түрлері. Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның
альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар
инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі
себептерін атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясы –айналымдағы ақшаның жиыны
көбейіп кеткенде шығады. Өйткені, айналымдағы артық ақша тауар мен
көрсететін қызметтерге сұранысты көбейтеді, ал бұл өз кезегінде бағаның
өсуіне алып барады.
Сұраныс пен ұсыныстық арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді.
Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстарының ұлғаюы (әскери,
әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-
жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі,
кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің
жоғарылауы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар
көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте
жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар
ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем
қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның
жалпы деңгейі өседі.
Шығын инфляциясы. Шығын инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс
шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің
олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық
саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақыны көтеру
талабынан және т.т. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен
айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының
өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де
көрінуі мүмкін.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде
дерлік ұазқ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның
тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы
кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар
үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі ХІХ-ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы циклдік өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын
алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен
стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
Сұраныс пен шығын инфляциясы тығыз байланысты. Ол байланысты
1- суреттен көруге болады.
Сұраныс инфляциясы
Шығын инфляциясы
Ескерту: Смағұлов Қаржы, ақша айналымы және несие кітабынан 68 б.
Бағаның өсу қарқынына инфляцияның келесі түрлері бар:
Жылжымалы инфляция. Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде
бағаның өсуі 10%-дан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер,
мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті
тиімді экономикалық саясат жүргізуші субьекті деп есептейді. Мұндай
инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп
отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 пайызға
жетеді. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын
есепке алады.
Ұшқыр инфляция. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы
ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін
білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық
өсуі 3300% -ға дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті
қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді.
Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны
айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай
құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық
субьектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы
құнсызданған ақшадн құтылуға тырысп бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша
айтарлықтай өсіп, ол оның санынң көбеюіне тең болады. Салдарында баға
қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық
күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция
кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60- жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен
жүрді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндіретін қалыпты
жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық
процестің ең қызған шағы 70- жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда
бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1,7%, 1966-1974
жылдары -5,1%, 1975-1980 жылдары – 9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1;
6,0 және 17,9 %, Францияда 5,0; 5,9 және 10,9%, 80-жылдардың соңына қарай
бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%- ке тең болды, 1987 жылы – 3,7%
-ға төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген
себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға
әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу
шаралары.
Инфляция балансталған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі
баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда
бағаның жылдық өсуіне сәйкес мөлшерлеме пайызы (ставка проценті) көбейеді,
бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Инфляцияның қарқыны статистикалық көрсеткіш тұтыну бағаларының индексі
көмегімен анықталады. Тұтыну бағаларының индексі- тауарлар мен қызметтердің
түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну қоржыны – адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттілігін
қанағаттандыру үшін кезекті азық-түлік өнеркәсіп тауарларынң жиынтығы және
тұрғын үй коммуналдық, тұрмыстық, дәрігерлік айықтыру және басқа да
қызметтердің құндық мөлшері.
Мысалы:1) баға индексі=100% болса, онда бағаның өзгерімін білдіреді,
яғни инфляция жоқ;
2) егер бағасы индексі 100% жоғары, мысалы, =150% болса, онда баға 1,5
есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
3) егер баға индексі 100% төмен болса, (70% тең), онда баға 30%
төмендеді, яғни дефляцияны дәлелдейді.2, 67б.,
Инфляцияның айқындалу формалары. Бүгінгі жағдайда инфляция негізінен көп
факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық
емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық
процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі
шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға біреуі немесе бірнешеуі
алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формалары
бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан:
ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген (импортталған),
күтілетін (ожидаемая), баға біркелкі өсетін (сбалансированная) және
біркелкі өспейтін (несбалансированная), стагфляциялық. Инфляцияның аталған
айқындалу формаларын қарастырайық.
Ашық инфляция жинақталған ұсыныс пен жинақталған сұраныс арасындағы
теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгейінің өсуімен айқындалатын
инфляция. Бағаның өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу (жылжымалы),
қарқынды немесе ұшқыр инфляцияға айналуы мүмкін.
Тұқыртылған (байланған) инфляция баяу немесе қарқынды инфляция
формаларымен айқындалады. Нарық экономикасы жағдайында үкімет инфляцияны
теңгеру үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақыны және басқа
төлемдерді уақытынан кешіктіру, бюджеттік ұйымдарды қаржыландыруды шектеу
сияқты шаралар жүргізеді. Бұл жағдайда айтып отырған инфляция үлкен
төлемдік борыштармен, шаруашылық жүргізу барысында бартердің кең
дамуымен, өндірістің құлдырауымен сипатталады. Орталықтандырылған
экономикада тұқыртылған инфляция тауар тапшылығымен, қажетті тауарларға
бағаның өсуімен, алып-сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осының
бәрі ақшаның құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.
Сырттан әкелінген (импортпен келетін) инфляция елдегі шектен тыс
тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құюылуына
байланысты. Жергілікті тауарлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар
өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарлатады да, импортталған тауарлармен
нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық
тауарларды шоп-туристер де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың
бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп
құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның
өсуіне алып келеді. Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын
шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілген қызметтер бағасының сомасын
арттырады. Ал оның ақшалай (теңгемен) баламасы ішкі нарықта сұраныс
инфляциясын күшейтеді.
Күтілетін инфляция. Халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп
артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс
көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік
бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан
шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді.
Егер бағаның тұтқиылдан өсуі инфляцияны күту басталмаған экономикада орын
алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт
өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар
рынокқа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек
сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны
төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік
жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін
көрсеттік.
Стагфляция. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса, оны-
стагфляция деп атайды.Стагфляцияда тауарлар мен қызмет бағаларының жалпы
деңгейінің жоғарылауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген
қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама-қарсы бағытта өзгереді.
Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты
мынадай пікірлер бар:
1. Экономиканың құрылымдық жағынан жетілмеуі. Экономикада нарық механизмін
жақсы жолғп қою үшін нарықтық тепе-теңдік сақталуы қажет деп
есептеледі. Бәсекелестік (құрылымдық даму) қажетті деңгейде
болмағандықтан жоғарылаған тауарлар бағасы белгіленеді, осының
нәтижесінде өндіріс көлемі төмендейді.
2. Фирмалардың монополизмі және олардың нарықтың үстінен қарауы. Нарықта
сатылатын тауарлар мен қызметтердің көлемі олардың бағасы төмендегенде
көбейетіндігі белгілі. Бірақ көбінесе монополистер пайда табу үшін
тауарларды аз шығарып, қымбат сатуды қалайды. Бұл өндіріс көлемі
төмендеп, тауарлардың бағасының жоғарылауына әкеледі.
3. Тауар өндірушілердің болашақта инфляцияның әсерінен табыс
азаятындығынан бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетуі. Бұл саясат
стагфляцияға алып келеді.
Баға біркелкі өсетін (балансталған) және біркелкі өспейтін
(баланстанбаған) инфляция. Біркелкі өсетін инфляцияда тауарлар мен
қызметтерге жалпы бағалар бір уақытта бір деңгейге өседі (пропорционалды
түрде). Бірақ бұл тек теориялық түрде ғана болуы мүмкін. Іс жүзінде ақша
массасының өсуіне байланысты тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі әр түрлі
деңгейде болады. Кейбір бағалар тұрақты күйінде қалса, кейбіреулері көп
өзгеріске ұшырайды. Кейде тіпті алдын ала болжанбаған өзгерістерге ұшырап
отыруы мүмкін. Бағаның осындай өсуі әсіресе өтпелі кезеңде, экономика
тұрақтанбаған жағдайда байқалады. Мұндай инфляцияны бағалары біркелкі
өспейтін немесе баланстанбаған инфляция деп атайды.
1, 17б.,
1.2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен
мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес. Инфляция әр түрлі
әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай
жағдайларға әкеп соқтырады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен,
экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және
болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция
факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы,
инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық
ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені
инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша
қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып
шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып
шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған
шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған
ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың
өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы
инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты
табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы
топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға
ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені
осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық
болып отырады.
Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция
нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын
азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске
жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді
аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.
Салық салудың прогрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар
алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған
қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның
кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.
Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының
төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы
мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі
құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы
өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен
қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс
өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді.
бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер ойсырады.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.
Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі.
осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді,
нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол
береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін
қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты
табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы
саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік
борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет
ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы
төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді.
Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі
және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және
өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік
бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың,
екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды. 2,73б.,

көрсеткіштеріне талдау
2.1. Әлемдік тәжирибедегі инфляция салдарлары.
Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен
салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге
қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де
байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.
Инфляция тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы болып
есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс табады. Егер өткен
жылдардағы бағалар индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдық және
базалық кезеңдер бағалары индекстері айырмасының базалық кезең индексіне
қатынасы ретінде анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:
(1)
мұнда π – инфляция қарқыны;
Р – ағымдық кезең бағаларының көрсеткіші;
Р0 – базалық кезең бағаларының көрсеткіші.
Инфляция қарқынының кіші мәндері үшін 70 санының ережесін қолдануға
болады. Инфляцияның кішігірім қарқыны кезінде (жылына 5%-дан аз), егер 70-
ті бағалардың жыл сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда бұл – инфляция қарқыны
екі еселенетін шамамен алынған жыл саны:
, (2)
мұнда – шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция
қарқыны екі есеге ұлғаяды;
π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.
70 санының ережесі көбіне-көп нақты жалпы ішкі өнімнің немесе жеке қор
жинақтарының екі еселену уақытын анықтау үшін қолданылады.
Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі түрлерге бөлінеді: біркелкі
– шамамен жылына 5–10%-ға дейін, шоқырақтаушы – 20-50%-ға дейін және
гиперинфляциялық – жылдық көрсеткіші 100%-дан астам.
Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға ұласуының көптеген
мысалдары бар.
Инфляция деңгейін өлшеу үшін статистер ЖІӨ (жалпы ішкі өнім)
дефляторының көрсеткішін қолдануды ұсынады. Осы жағдайда таразы ретінде
ағымдағы ЖІӨ-нің көлемі алға шығады. Бұл – Пааше бағалар индексі:
(3)
мұнда – Пааше бағалар индексі;
– ағымдағы кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;
– базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.
Инфляцияны өлшеудің басқа әдісі Ласпейрес бағалар индексі болып
табылады. Ол бағаларды өлшеу үшін таразы ретінде ЖІӨ-нің базалық көлемін
қолданады.
Берілген әдіс тұтыну және көтерме бағаларын және т.б.өсімін өлшеу үшін
кеңінен пайдаланылады. Ласпейрес көрсеткішінің формуласы:
(4)
мұнда – Ласпейрестің бағалар индексі;
– ЖІӨ-нің ағымдағы кезең бағаларымен есептелген базалық көлемі;
– базистік кезең бағаларымен есептелген ЖІӨ-нің базалық көлемі.
Тәжірибе көрсеткендей, Ласпейрес бойынша өлшенген бағалар көрсеткіші
бағалардың өсуі жағдайында тым жоғарылатылған мәнді береді. Ал ол Пааше
бойынша өлшенсе, онда инфляция деңгейін төмендетіп жібереді.
Біздің ойымызша, осындай жағдайда орташа мәндерді пайдаланған жөн.
Олардың бірі орташа геометриялық көрсеткіш ретінде есептелетін Фишер
индексі болып саналады:
, (5)
мұнда – Фишер индексі.
Ақшаның сандық теориясы айналым үшін қажетті ақша саны баға деңгейіне
және нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер көлеміне тікелей
пропорционалды тәуелділікте және ақша бірлігінің айналым жылдамдығына кері
тәуелділікте екенін көрсетеді:
, (6)
мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;
P – бағалардың орташа деңгейі;
V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;
Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер массасы. 11, 38б.
Инфляция бағалардың өсуінен көрініс табатындықтан және осы өсім пайыз
түрінде болып келетіндіктен, бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі
факторларды көрсетеді.
Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде
өндірісті азаматтық салалардан бөліп әкету орын алады, демек, инфляция –
соғыстар мен төңкерістердің тұрақты серігі.
Нарықтық қатынастарға енудің Ресейлік және Қазақстандық жолы басынан
бастап тауарлардың да, мемлекеттік бюджеттің де тапшылығының жоғары
деңгейімен, яғни мемлекеттік шығындардың мемлекеттік табыстардан асып
кетуімен айқындалды. Сондықтан да инфляцияның орын алуы таңқаларлық жағдай
емес еді. Төменде келтірілген 1-кестеде оның көлемі көрсетілген.
1-кесте – Ресей мен Қазақстандағы инфляция
Жылдар
2007 2008 2009 2010 2011
Ресей 11,9 13,3 8,8 8,8 6,5
Қазақстан 18,8 9,5 6,5 7,8 6,5
Ескерту – ҚР Статистика агенттігі материалдары бойынша автормен
құрастырылған.
Инфляция ақша белгілерінің айырбастаудың үздіксіз үдерісін және қоғамдық
капиталдың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге қажетті мөлшермен салыстырғанда
басы артық санының шығарылуымен байланысты құнсыздануы болып саналады
десек, онда Филлипс қисығы бұл үдерісте жұмыссыздық деңгейі мен инфляция
қарқыны арасындағы тәуелділікті сипаттайды.
Филлипс еңбек өнімділігі өсуінің шамамен 2%-дық қарқыны кезінде
Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы ара
қатынас графигін жасап шықты (2-сурет).
2-сурет – 1960 ж. Ұлыбритания үшін Филлипс қисығы
2-суреттен көрінгендей, Ұлыбританияда баға деңгейінің тұрақтылығы
жұмыссыздық деңгейі жылына 2%-дан төмен түспеген жағдайда ғана сақталуы
мүмкін, егер жұмыссыздық 2%-ға дейін қысқарса, онда баға 1%-ға көтеріледі,
ал 1,5%-ға дейін қысқарса, онда бағаның өсуі 2,5%-ды құрайды.
АҚШ-қа арналған Филлипс қисығы Ұлыбританияға арналған Филлипс қисығынан
шығатын нәтижелерден анағұрлым өзгеше нәтижелер көрсетеді. Бағалар
тұрақтылығына жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға тең болғанда қол жеткізіледі.
Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 2,5% болған кезде ғана баға тұрақтылығы
сақталса, АҚШ-та 5,5%-да ғана инфляция көрініс табады. Басқа сөзбен
айтқанда, Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы балама
(альтернатива) деп болжанады десек, онда мемлекеттік экономикалық саясаттың
дилеммасы, яғни 1) жоғары инфляция кезінде жұмыссыздықтың төмен деңгейін
қолдау немесе 2) инфляцияның төмен деңгейінде жұмыссыздықтың жоғары
деңгейін қолдау мәселесі алдан шығады. Инфляцияның салыстырмалы түрдегі
жоғары қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық сұранысты сығымдау бойынша
іс-шаралар кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін азайту және мемлекеттік
шығындарды қысқарту көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу икемді бағалар
жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру арқылы шығарылымды арттыруға
бағытталған саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын көрсетті.
Инфляциямен күресу үшін Үкімет табыс саясатын, яғни жалақы мен бағаларды
тікелей бақылауды іске асырады. Егер табыс саясаты бюджет тапшылығын
қысқарту және ақша массасын бақылау бойынша шаралар енетін экономикалық
саясат іс-шараларының тұтас кешенінің құрамдас бөлігі болып табылса, онда
ол тиімді.
Бағалар мен еңбекақының тұрақталуы инфляцияның төмендеуіне, яғни бағалар
өсімінің орташа қарқынының қысқаруына алып келеді, бірақ бұл жағдайда
бағалар ресурстарды тиімді таратуда белсенді рөл ойнаудан тысқары қалады.
Қысқа мерзімде шығындар шамалы ғана болуы мүмкін, алайда егер еңбекақы мен
бағалар ұзақ уақытқа белгіленсе, онда еңбек ресурстары мен жекелеген
тауарлар тапшылығы пайда болады.
Курстық жұмыста экономикалық өсімнің тұрақты қарқынына ұзақ мерзімді
факторларды тарту жолымен қол жеткізілетіні атап өтіледі, ол факторлар
бағалар төмендеуінің, нақты еңбекақы деңгейін арттыру және халықтың өмірін
жақсартудың алғы шарты болып табылатын еңбек өнімділігінің ұдайы өсірілуін
қамтамасыз етеді. Төмен еңбек өнімділігі – аз деңгейлі еңбекақының басты
себебі. Бүгінгі таңда уақыт бірлігі ішінде Ресейдегі жұмыскер Германия мен
Жапониядағы өз әріптесіне қарағанда 5-6 есе аз өнім шығарады.
Субсидия беру жүйесі кәсіпорындардың белгілі бір топтарын нарықтық
механизм қысымынан қорғауға бағытталған. Субсидиялар кәсіпорындардың кей
шығындарға назар аудармауына және нарықтық жағдайдың өзгерістеріне көңіл
бөлмеуіне мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік саясат
мемлекеттік корпорацияларды немесе тіпті тұтас салаларды да ресми
қаржыландыруды көздейді, олар стратегиялық немесе саяси тұрғыдан қажет деп
танылады. Осы салалардың (металлургия, энергетика, әуе және кеме жасау)
көпшілігінде көлемнен үнемдеу бар болғандықтан, үкімет фирмаларды
ірілендіруге қол жеткізеді. Өнеркәсіп саясаты субсидия, мемлекеттік
тапсырыстар, сауда саясаты сияқты түрлер қабылдауы мүмкін.
Сауда саясаты импорттық квоталар мен тарифтерді, сатып алу саясатын,
экспорттық несиелерді анықтайды. Ресей мен Қазақстанның алдағы ДСҰ-на
кіруіне байланысты отандық кәсіпорындарға өз өнімдерін осы халықаралық
ұйымның талаптарына сәйкестендіруіне көмек көрсету қажет.
Курстық жұмыс нәтижелері көрсеткендей, қаржылық тұрақтылыққа және соған
сәйкес елдегі инфляциялық үдерістердің дамуына сыртқы факторлар елеулі
әсерін тигізеді.
Дамушы нарықтарға үздіксіз келу үстіндегі капитал ағыны үшін негізгі
тәуекелдер мыналар болып есептеледі: АҚШ-тағы пайыз мөлшерлемесінің
күтілген деңгейден асып кету мүмкіндігі, валюталардың айырбас бағамының
деструктивті тербелістері, тәуекелді инвестицияларға кедергі келтіруі
мүмкін жаһандық қаржылық дисбаланстарға қатысты алаңдаушылық, геосаяси
тәуекелдер, сол сияқты әлемдік нарықтағы мұнай ұсыныстарында орын алуы
мүмкін секірістер. Бұл қалыптасу үстіндегі нарықтардағы активтер бағасы әлі
де болса сыртқы әсерлерге тәуелді екендігін дәлелдейді. Сондықтан әрбір
жекелеген елде инфляцияны реттеу негіздері оның тарихи даму
ерекшеліктерінен, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және саяси
жағдайының өзгешелігінен туындауы тиіс. Алайда бар айырмашылықтарды
ескергеннің өзінде де инфляцияны реттеу көп елдерде ортақ сипатқа ие. Ол
радикалдығы, мерзімі және өткізілу бір ізділігі бойынша ғана ажыратылады.
Жалпы мемлекеттің үдеу үстіндегі инфляцияға жауабы екі түрлі болуы мүмкін:
– халық оған неғұрлым зиянсыз бейімделетіндей жағдай қалыптастыру;
– оған қарсы тұруға қабілетті шаралар жүйесін жасау.
Инфляция тауар мен қаржы нарықтарында жиынтық сұраныстың жиынтық
ұсыныстан тұрақты түрде артуына алып келетін деформациялармен байланысты
болу себепті антиинфляциялық реттеу шарасы міндетті түрде үш блоктан, яғни
жиынтық сұранысты реттеу, жиынтық ұсынысты реттеу және валюталық реттеуден
тұрады.
Макроэкономикалық аспект ақша-несие, бюджет-салық және валюталық
саясаттың тауар, ақша және валюта нарықтарына әсер ету мәселелерін қамтиды.
Антиинфляциялық саясаттың қандай да бір құралын қабылдау нақты экономикалық
жағдайдың ерекшеліктерін сипаттайтын шарттардың неғұрлым үлкен көлемін
бағалау нәтижесі болып табылады. Антиинфляциялық саясат әлемдік тәжірибеде
әр түрлі бюджет-салық, ақша-несие іс-шараларын, тұрақтандыру бағдарламалары
мен ресурстарды реттеу және бөлу бойынша іс-қимылдардың бай ассортиментіне
ие деп саналады. Сұраныс инфляциясы туындағанда, оны бақылау үшін шектеуші
немесе тойтарушы бюджет-салық саясаты қажет. Бұл жағдайда үкімет
мемлекеттік шығындарды азайта және салықтарды көтере алады.
Валюталық реттеу – валюталық саясатты іске асыру құралдарының бірі.
Валюталық саясаттың келесідей негізгі нысандары қолданылады: дисконттық,
девиз саясаты және оның бір түрі – валюталық интервенция, валюталық
қорларды әртараптандыру, валюталық шектеулер, валютаның айырбасталу
дәрежесін реттеу, айырбас бағамының режимі, девальвация, ревальвация.
Валюталық саясат нысандарының бірі ретінде валюталық шектеулер оқтын-
оқтын пайдаланылады. Олар валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып
табылады, оған мемлекеттің көрсетілген операцияларды қадағалау, тіркеу,
статистикалық есепке алу бойынша шаралары кіреді.
Антиинфляциялық, әрі тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруда
инфляцияны реттеудің ортодоксалды және гетеродоксалды әдістеріне баса назар
аударылады.
Ортодоксалды әдісте мемлекеттік бюджет тапшылығын мемлекеттік шығындарды
(басқару, қорғаныс салалары, әлеуметтік мақсаттар, мемлекеттік секторды
қолдау, мемлекеттік субсидиялар мен күрделі қаржы, т.б.) азайту ғана емес,
сондай-ақ салықтық ауыртпалықты күшейту есебінен қысқартуға ерекше көңіл
бөлінеді. Қатаң бюджет-салық саясаты ақша-несие саясатын күшейту жолымен
қабаттаса жүреді, бұл қымбат ақшалар саясатында, яғни ақша эмиссиясын
шектеу, ОБ несиелерін қысқарту, пайыздың есептік мөлшерлемесін арттыру,
резервтік талаптар нормасын ұлғайту, мемлекеттік бағалы қағаздарды қор
нарығында сату, т.б. іске асады.
Ортодоксалды әдістің экономикалық тұрақтандырушыны (зәкір деп
аталынатын стабилизаторды) таңдауымен байланысты екі негізгі түрі бар.
Бірінші жағдайда ақша зәкірі таңдалады, яғни негізіне қалқымалы айырбас
бағамына ие қатаң бюджет-салық және ақша-несие саясатына негізделген
монетарлық әдістер қаланады, бұндайда антиинфляциялық шаралар ретінде
жиынтық сұраныстың қысқаруы мен ақша массасының шектелуі алға шығады.
Екінші жағдайда валюталық зәкір таңдап алынады, онда басты назар
басқарылатын девальвация, валюталық дәліз орнату, белгіленген бағам жолымен
айырбас бағамын тұрақтандыруға аударылады; көрсетілген шара инфляциялық
күтілімді төмендетуге, экономикалық субъектілер іс-әрекетін алдын ала
болжау дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді, ішкі бағаларды жария етілген
бағамға байлап тастайды, сөйтіп антиинфляциялық салдар иеленеді.
Гетеродоксалды әдісте бағалар мен табыстарға қатысты қолданылатын
тұрақтылық саясатына баса назар аударылады, дегенмен бұл кезде ортодоксалды
әдістің екі зәкірін де, басқаша айтқанда, монетарлық саясат пен айырбас
бағамын тұрақтандыруды өз ішіне тартуы мүмкін. Әңгіме бағалар мен
табыстардың шын мәнісіндегі (көбінесе, уақытша) тұрақталуы жайында қозғалып
отыр, бұл қаржылық тұрақтылықтың үшінші зәкірінің пайда болуын білдіреді.
Инфляцияның өсуі өндіріс көлемін қысқартады. Жоғары инфляцияның
экономикаға ұзақ мерзімді әсері жағымсыз болмақ. Елдердің көп бөлігін қамту
жолымен жүргізілген зерттеулер жоғары инфляцияның он жылдық кезеңге,
әсіресе жылына 10–20%-дан асатын түріне есептелуі экономикалық өсімнің
үдеуімен емес, қайта тежелуімен байланысты. Бұрын орталықтандырылған
жоспарлы экономика иеленген елдердің көбінде инфляцияны салыстырмалы
түрдегі төмен деңгейде тұрақтандырғаннан кейін ғана жағымды экономикалық
өсімді қайтадан қамтамаыз ету мүмкін болды.
Талдау керсеткендей, инфляция деңгейін төмендетуге көмектесетін
механизмдерді (тетіктерді) таңдау әр елде қатаң, әрі жеке-жеке іске
асырылды. Инфляцияның әр елдегі өз себептері де, сол сияқты өсу қарқыны да
әр түрлі. Олар уақыт жөнінен де бір-бірінен алшақ. Егер Латын Америкасы
елдерінде инфляцияның өсу қарқыны 70–80 жылдарда 300%-ға жетсе, Жапонияда
олар нөлге тең дерлік болды. Сонда да инфляция қарқыны көрінуінің ең шеткі
көрсеткіштеріне көңіл бөлсек, онда соғыстан кейінгі кезеңге тоқтаусыз да
біркелкі инфляция тән болған.
Егер антиинфляциялық саясат тәжірибесіне тікелей назар аударсақ, онда әр
түрлі дамыған да, дамушы да батыс елдеріндегі жоғары инфляциямен күрестің
басым көпшілік мысалдары олардың бұл жолда аралас бағдарламаларды
пайдаланғандығын көрсетеді. Бұнда ортодоксалды да, гетеродоксалды да
бағдарлама шаралары үйлесім тапқан.
Ресейлік реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының ортодоксалды типімен
байланыстырады. Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа ие шаралар да
қолданылған. Олардың кейбірі ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір жол
транспорты, коммуналдық қызмет, т.б. бағаларын біртіндеп жіберу; 1994 жылға
дейін еңбекақыны арттыруға салынатын салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая
жұмыскерлерінің жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді енгізу); басқалары
көбіне-көп әлеуметтік тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру
нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының құнсыздануы, жалақының жаппай
төленбеуі) иелене отырып, жанама түрде іске асырылды.
Инфляцияны ауыздықтаудың қажеттігі бюджет-салық және ақша-несие саясатын
қатайтуды талап етті. Осымен сәйкес 1995 жылдың ортасынан бастап валюталық
дәліз орнату жолымен рубльді долларға бір жақты байлап қою режимі
енгізілді, бұл сол кезде елдегі инфляциялық күтілімді шектеуге мүмкіндік
берді.
Бұндай бағам саясаты 1997 жылғы қарашадағы қаржы дағдарысына дейін
жүргізілді, бұл кезде резидент еместердің мемлекеттік бағалы қағаздар құнын
елеулі түрде түсіруі, ал кейіннен банк жүйесіндегі еркін ақша құралдарының
шапшаң көтерілген деңгейі шетелдік валютаға сұраныстың тұрақты да
айтарлықтай ұлғаюына алып келді. Сол кезде Ресей Банкі ішкі валюталық
нарыққа интервенция жасау көмегімен айырбас бағамы деңгейін қолдауға мәжбүр
болды.
1998 ж. тамыз айынан бастап Ресейде бірінші орынға өте қиын міндет, яғни
дефолттың дефолт-юреге айналуына жол бермеу мәселесі шықты. Бұл жағдайда
Ресей Банкі үкіметпен келісе отырып, қалқымалы айырбас бағамы саясатын
қабылдады.
Ресейдегі 1998 ж. 17 тамыз оқиғасы қаржы дағдарысы мен қаржы нарығының
жекелеген сегменттерінің тепе-теңдігінің бұзылуы кезінде мемлекеттің тек
жекелеген нарықтық құралдар көмегі арқылы ақша-несие саласында жүріп жатқан
үдерістерді басқару бойынша мүмкіндіктері жағдайды түбірімен өзгерту үшін
жеткіліксіз болғандығын көрсетті.
Сыртқы қарыз түріндегі капитал ағынының деңгейін зерттеу кезінде елдің
резервтік активтерінің көрсеткіштерін бақылау қажет. ХВҚ-ның төлем балансы
бойынша нұсқауына сәйкес резервтік активтер – сыртқы міндеттемелерді
тікелей жедел төлеуге, елдің валюталық бағамын реттеуге және т.б.
мақсаттарға дайын елдің сыртқы активтері. Сыртқы активтерге резервтік
активтердің қатынасы, оның ішінде активтердің қысқа мерзімді қарызға
қатынасы капиталдың халықаралық нарықтағы өзгерістері кезінде елдің
тәуекелдік деңгейінің пайдалы көрсеткіші болып табылады. Қысқа мерзімді
қарыздың көлемі, әдетте, бір жыл ішінде төлеу қажет қарызды көрсетеді,
сондықтан қарыз алудың сыртқы көздері болмаған жағдайда елдің төлем
қабілетінің пайдалы көрсеткіші болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz