Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Ақша-несие саясатының жалпы теориялық негіздері . . . 5

1. 1. Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі және мақсаты . . . 5

1. 2. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары . . . 7

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау . . . 12

2. 1. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының мақсаты мен бағыттары . . . 12

2. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының құралдары және оларды экономикалық даму кезеңдерінде қолдану ерекшеліктері . . . 16

2. 3. ҚР әлемдік дағдарыс жылдарындағы ақша-несие саясаты . . . 18

3. Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатын жетілдіру . . . 23

3. 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізудегі 2012 жылға арналған негізгі бағыттары . . . 23

3. 2. Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының 2012-2014

жылдарға арналған ақша-несие саясатының нұсқаулары . . . 28

Қорытынды . . . 32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34

Қосымша А

Кіріспе

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Ол - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.

Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына, нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық, институционалды, ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда. Ақша-несие жүйесінде мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.

Ақша-несие саясатының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді. Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді. Сонымен қатар қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.

Көптеген нарықтық экономикасы бар елдерде қазіргі кезде ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда - Ұлттық банк қолданады. Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.

Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министрлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» атты халыққа жолдауында: «Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Бұл жолда біз үшін ең бастысы - тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы», - деп айтып кеткендей, біз үшін ең бастысы - бұл еліміздің тұрақтылығын сақтау. Өз кезегінде, бұл ақша-несие саясатын жүргізу, оның мақсаты мен құралдарын дұрыс анықтай білу, оның жүзеге асырылуын қадағалау тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты - инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтерін жүзеге асыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- ақша-несие саясатының жалпы теориялық негіздерін қарастыру;

- ҚР ақша-несие саясатын талдау;

- Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатын жетілдіру жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылатын - ақша-несие саясаты, оның жүзеге асырылуы, дағдарыс жылдарындағы жағдайы, болжанып отырған іс-шаралары.

Курстық жұмыстың объектісі - ҚР Ұлттық банкі;

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

1. Ақша-несие саясатының жалпы теориялық негіздері

  1. Ақша-несие саясатының мәні, түсінігі, мақсаты

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. [1]

Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтерін жүзеге асыру. Ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар, ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.

Еліміздің ақша - несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік - экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша - несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Кез келген Ұлттық банктің міндеті - ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. [3] Осы міндеттерді атқару үшін Ұлттық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:

  • банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
  • ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
  • сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
  • банктердің банкісі болу;
  • үкімет банкісі болу.

Осы аталған қызметтер Ұлттық банктің балансында көрініс табады.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар. [4]

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарды шығаруға құқылы.
Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар. Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады. [5]

Ақша-несие саясаты өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің өзгеруі;

2) Ақша нарығыңдағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады.
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.

Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, онім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мүңдай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға өр уақытта дүрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мелшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҮӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі. Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мүндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді. Ақша-несие саясаты келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҮӨ көлеміне әсер етеді. [6]

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты. Егер де Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы артады. ) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады.

  1. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары

Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

  1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары арқылы жүзеге асырылады. [1]

Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi.

-ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

-мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

-банктерге және үкіметке несие беру;

-валюталық нарықтағы басқыншылық;

-кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекеленген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей саңдық шектеулер еңгізу;

-ресми есепке алу (дисконттық ) мөлшерлемесі. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асыратын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады. [6]

Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады. Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі. Ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады.

Міндетті резервтер - бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі. Коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе - несие көлемі өседі) .

в) ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады. Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді. Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді. Сонымен қатар қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. [2]

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквиваленттілігінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда - теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе - айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары - ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет - екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша айналысы заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар-ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Ақша айналысы заңы мына формуламен белгіленеді:

M · V = P · Q

Мұнда: M - айналыстағы ақшаның саны; V - ақшаның айналыс жылдамжығы; Р - бағаның орташа деңгейі; Q - барлық тауарлар мен қызметтердің саны.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

- металл ақшаның айналыс жүйесі - айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

- несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі. Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады.

Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді.

Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

  1. Мо-айналыстағы қолма-қол ақшалар.
  2. М1= Мо+ ағымдағы депозиттер.
  3. М2= М1+мерзімсіз депозиттер.
  4. М3= М2+ тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институтардағы шоттар.

Ақша ұсынысы - экономикадағы қазіргі уақыт мезетінде бар ақша көлемі. Ақша ұсынысын реттеудің үш құралы: ашық нарықтағы операциялар,

міндетті резервтер нормасы, есеп мөлшерлемесі.

Ақша ұсынысының көлемі: M = CU + D.

Ақша ұсынысының моделіне 3 экзогенді айнымалы кіреді:

1. Ақша базасы - MB=Cu + Re

2. Депозиттерді резервтеу нормасы - rr;

3. Ақшаның депонерлеу коэффиценті - cr.

Ақша сұранысы - процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

1 сурет. Орталық банктің ақшаға бақылау жасауы.

( M P ) D = L ( r , Y ) \left( \frac{M}{P} \right) ^{D} = L(r, Y)

2 сурет. LM қисығын шығару.

Бұл график табыс пен қойылым арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Ал табыс пен қойылым өз кезегінде ақша - несие саясат құралдарының көрсеткіші болып табылады. [1]

Сонымен, ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ол - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау

2. 1. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының

мақсаты мен бағыттары

2011 жылы әлемдік экономиканың даму динамикасы Еуроодақ елдерінің және АҚШ-тың, сондай-ақ экономикалық дағдарысқа көбірек ұшыраған басқа елдердің орталық банктері мен үкіметтері қабылдаған шаралардың оның салдарларын уақытша әлсіретуге ғана әкелгенін, бірақ дағдарысты еңсере алмағанын көрсетті. Бұдан басқа коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етуден тұратын қабылданған шаралар осы саясаттың қисынды қорытындыларына, көбіне инфляцияны ынталандыруға әкеледі.

2007-2008 жылдары АҚШ-тан бастау алған бастапқы дағдарыс күшімен салыстырғанда қазіргі сәтте еуроаймақ елдерін дағдарыс «толқуларының» кіндігі деп санауға болады. Аймақтар арасындағы терең өзара тәуелді қаржы-экономикалық қатынастардың салдарынан олардың біріндегі экономикалық ахуалдың теріс оқиғалары бірден басқа аймақтарда тізбектеліп орын алуына итермелейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz