Инфляция жағдайы


Мазмұны
Кіріспе . . . … . . . … . . . 3
1. Инфляцияның жалпы теориялық негіздері . . . 5
1. 1. Инфляцияның пайда болу себептері, салдарлары . . . 5
1. 2. Инфляцияның түрлері және оның факторлары . . . 8
1. 3. Инфляцияның кәсіпорын қаржысына әсері . . . 13
2. Қазақстан Республикасындағы және нақты секторлардағы инфляция жағдайын бағалау . . . 16
2. 1. ҚР қаржылық тұрақтылығын басқару және инфляция жағдайын талдау . . . 16
2. 2. Қазақстан экономикасының нақты секторындағы бағалардың мониторингі . . . 19
2. 3. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-на инфляция әсерін
талдау . . . 22
3. Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттары . . . 26
3. 1. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды оңалту бағдарламасы . . . 26
3. 2. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған басым бағыттары . . . 29
Қорытынды . . . 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35
Қосымша А
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиясында айтып кеткендей: «ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру керек», ол үшін жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны қатал түрде бақылануы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты - инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіріп, кәсіпорынның қаржы шешімін қабылдаудағы инфляцияның әсерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Инфляцияның жалпы теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы және нақты секторлардағы инфляция жағдайын бағалау;
- Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттарын анықтау.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан - кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ - тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Инфляция құбылысын зерттеп, оның пайда болу себептері мен түрлерін, алдын алу шараларын ұсынған Ғ. С. Сейітқасымов, Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев, Н. Қ. Мамыров, М. Ә. Тілеужанова, Я. Ә. Әубәкіров, К. Н Нәрібаев, Р. О. Смағұлова, Қ. Ә. Мәдіханова, С. Б. Мақыш, Ә. Қ. Тұсаева,
Ж. Ш. Сатыбалдиева сияқты авторларды айта аламыз. Шетел авторларға келетін болсақ, олар: Г. В. Савицкая, В. В. Ковалев, Н. Г. Мэнкью және тағы басқаларын айта аламыз.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияға қарсы саясатты қолданғанда, белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранысқа ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі - инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі - кәсіпорынның қаржылық шешімдері.
Курстық жұмыстың субъектісі - инфляциялық процестің кәсіпорынның қаржылық шешіміне әсері.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.
1. Инфляцияның жалпы теориялық негіздері
1. 1. Инфляцияның пайда болу себептері, салдарлары
Инфляция - бұл айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі, сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендетілуі, ақшаның құнсыздануы. Инфляция деген сөз- латын тілінен аударғанда «көтерілу, қабыну» деген мағынаны білдіреді.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырса, басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар- олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқы мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсеке) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінщі болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда атаған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын азайтуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетін төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны күту нәтижесінде орын алады, Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою- инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті [3] .
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мумкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесінде, Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.
Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.
Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.
Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырады.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды.
Инфляция салдарлары нәтижесінде банкроттыққа әкеледі, бұл ел экономикасының төмендеуімен және өмір сүру деңгейінің нашарлауымен ұштасады.
1. 2. Инфляцияның түрлері және оның факторлары
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып - сату (спекуляция) түрі тез қамтиды [4] .
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс - шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Конъюнктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал ол рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясы -айналымдағы ақшаның жиыны көбейіп кеткенде шығады. Өйткені, айналымдағы артық ақша тауар мен көрсететін қызметтерге сұранысты көбейтеді, ал бұл өз кезегінде бағаның өсуіне алып барады.
Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың AS қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты (сурет 1) :
- экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады) ;
- аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады;
- экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраныс сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD 1 - AD 2 ) және, экономика жалпы ұсыныс қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р 1 - Р 2 ), яғни инфляция қалыптасады.
P AS
P 1
P 0 AD 1
AD 0
Y 0 Y 1 Y
Сурет 1. Сұраныс инфляциясы
Шығын инфляциясы. Шығын инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақыны көтеру талабынан және т. т. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін. (Сурет 2)
P AS 1 AS 0
P 1
P 0
AD
Y 1 Y 0 Y
Сурет 2. Ұсыныс инфляциясы
Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS 2 - AS 1 ), баға деңгейі өседі (Р 1 -Р 2 ) өндіріс көлемі қысқарады (Q 2 - Q 1 ), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды [2] .
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдік өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
Сұраныс инфляциясы
Шығын инфляциясы
3-сурет. Сұраныс пен шығын инфляциясының байланысы
Ескерту: Смағұлов «Қаржы, ақша айналымы және несие» кітабынан /68 б. /
Бағаның өсу қарқынына инфляцияның келесі түрлері бар:
Жылжымалы инфляция. Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-дан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субьекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 10-дан 200 пайызға жетеді. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Ұшқыр инфляция. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300% -ға дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субьектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадн құтылуға тырысп бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санынң көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz