Оқытудың түрлері



Түсіндірмелі.иллюстрациялы
оқыту
Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту
Проблемалық оқыту
Қолданылған әдебиеттер
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі - дидактикалық жүйелердің біріз-ділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалып-тасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт
бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары
мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне
көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген
білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте
сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,1994.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.
Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.
Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқытудың түрлері

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі -
дидактикалық жүйелердің біріз-ділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі
жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалып-тасқан: түсіндірмелі-
иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді
осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта
ұзақ уақыт
бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған
түсіндіру жолдары
мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту
әдіс-тәсілдеріне
көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-
әрекеті: берілген
білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың
талабы: оқушылар есте
сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы
жақтары:
уақытты үнемдейді;
мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемші-ліктері:
оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі,
дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту
Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру,
тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы
оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту)
машиналалары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б. Скиннер,
Н. Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы
ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы
бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-
сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап
қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны
меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен
ретке келтіреді.
Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас.
Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты
бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде
оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып,
қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі
сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді.
Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық
бойынша орналасады.
Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз
бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады,
негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң
бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең
қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында
жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм - дұрыс жауапқа
жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен
біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен
орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдар-ламасын құрастырудан алдын-ала оқу
барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік
оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың
сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.
Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:
оқу материалының бөлшектенілуі,
оқушының белсенді өзіндік жұмысы,
тұрақты тексеру,
оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,
техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:
бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,
мектептегі компьютерлердің саны мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Бағдарламалық оқыту
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Модульдың оқытуда мүгалім оқытуды үйымдастырушы
Оқыту түрлері және құрылымы
Касиби окытудын казирги техникалык жиктемеси
Оқыту түрлерін анықтау
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Оқыту теориясы және түрлері
Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері
Пәндер