Минералдық тыңайтқыштар, олардың топырақ құнарлылығын арттырудағы ролі



КІРІСПЕ

МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ РОЛІ
2.1 Азот тыңайтқыштары, олардың түрлері мен өсімдіктер үшін маңызы
2.2 Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшерін анықтау
2.3 Топырақтағы қарашірік заттарын экстракциялау
2.4 Минералдық тыңайтқыштардың қарашіріктің сапалық құрамына әсері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады. Үй жануарларын өсіру үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды.
Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы табиғи экожүйелердің өте үлкен масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз, жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты.
1. Звягинцев Д.Г. Успехи и современные проблемы почвенной микробиологии // Почвоведение. – 1987. - №10. Б. 44 – 52
2. Никитишен В.И., Дмитракова Л.К., Забарин А.В., Егорова Е.Ф. Эколого- агрохимические аспекты длительного применения минеральных удобрений в агроценозах на серой лесной почве подмосковья // Почвоведение. – 1996. - №11. Б. 1376 – 1384
3. Нирка Е. Единственый верный путь – биологическое земледелие. // Сельское хозяйство Молдавии. – 1990. - №9. Б. 9 –10.
4. Возняковская Ю.М. Микробиологические основы экологичес-кой системы земледелия // Агрохимия. – 1995. - №5. Б. 115 – 125.
5. Маринеску К.М. Управление биологической активностью черно-земов // Плодородие почв и эффективность удобрений // Сб. научн. трудов. – Кишинев, 1991. – Б. 119 – 129.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ РОЛІ
2.1 Азот тыңайтқыштары, олардың түрлері мен өсімдіктер үшін маңызы
2. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшерін анықтау
3. Топырақтағы қарашірік заттарын экстракциялау
4. Минералдық тыңайтқыштардың қарашіріктің сапалық құрамына әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден
бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады. Үй жануарларын өсіру
үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен
жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды.
Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер
мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып
табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы табиғи экожүйелердің өте үлкен
масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік
экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз,
жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің
қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты.
Бір кездердегі құнарлы топырақтар мен ландшафттар азғантай уақыт ішінде
шөл далаларға айналады. Ауыл шаруашылығы бұдан он мыңдаған жылдар бұрын
Палестина мен Сирияның солтүстік аудандарында пайда болды. Қазір бұл үлкен,
бір кездегі гүлденген территория құмды далаға айналған. Құнарлы
топырақтарды жүйесіз, қалай болса солай пайдалану, алдымен біртіндеп
ормандарды азайтты, одан кейін топырақтардың екінші қабатын, ең соңында
бүкіл топырақты жойды деуге болады.
Қазіргі заманғы қоғамдық өндірістің дамуы ғалымдардың пікірінше, XVІІІ
ғасырдан басталды. Осы кезден бастап негізгі Европалық мемлекеттердің
экономикалық структурасы ғылым мен техниканың жетістіктеріне байланысты
күрт өзгере бастады. Осы кезде ауыл шаруашылығы өндірісі де техникамен
жақсы жабдықтала бастады, өсімдіктердің жаңа дақылдары пайда болып, егін
және мал шаруашылықтарының тиімділігі артты.
Ауыл шаруашылығының техникамен жабдықталуы, адамның табиғатпен қарым
қатынастарында түбегейлі өзгерістердің пайда болуына себеп болды.
Адам іс-әрекеті арқылы пайдаланылатын биоценоздардың түрі азая түсті.
Табиғи биоценоздардан ауыл шаруашылық био-ценоздарының айырмашылығы олардың
біркелкілігінде. Бір ғана дақыл түрін үлкен масштабта өсіру нәтижесінде
топырақ құнар-лылығы кеміп, оның структурасы бұзылады, не тұзданады.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық техникасы көмегімен егіс алқаптарын
көбейту нәтижесінде табиғи ландшафттардың — дала, орман, батпақ т.б.
жойылуына себеп болады. Табиғи жайылымдар ауданының кемуі жабайы
жануарлардың азаюына, тіпті қырылып кетуіне әкеп соғады.
Әр түрлі биотоптарда өндіріс қалдықтарының жинақталуы заттар айналымын
бұзады.
Ғылыми техникалық прогресс ғасырында адамның шаруашылық іс-әрекеті
әсерінен биосфераның түрлі орталары айналымындағы табиғи элементтерге енді
біраз мөлшерде түрлі жасанды элементтер қосылды. Бұлардың ішіндегі ең
негізгілерінің бірі ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштар мен
пестицидтер пайдалану — қазіргі заманғы егін шаруашылығын химияландыру
болып табылады.
Қазіргі ғылыми техниканың өрлеу заманында аграрлық экожүйелерде
минералдық тыңайтқыштар қолданбай тиімді ауыл шаруашылық өнімін алу мүмкін
емес. Бұл аксиома. Бірақ минералдық тыңайтқыштарды ұзақ мерзімде және
оларды шамадан тыс көп мөлшерде қолдану агроценоздың табиғи көрінісін
өзгертіп, топырақ құнарлылығын күрт төмендетеді. Бұл жағдай қазіргі таңда,
экология саласының проблемалары шеңберінен шығып, табиғи ресурстарды және
табиғатты қорғаудың ауқымды мәселесіне айналып отыр.
Ауыл шаруашылық дақылдарына қажетті деңгейден көп мөлшерде топыраққа
түскен минералдық тыңайтқыштар топырақтың қышқылдануына әкеліп, нәтижесінде
қарашіріктің қарқынды ыдырауына және топырақтағы органикалық қосылыстардың
азотының минералдану процестерінің белсенділігі артуына жағдай жасайды 1-
3.
Минералдық тыңайтқыштарды кең көлемде қолданудың осындай негативті
әсері, көптеген елдердің (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, ФРГ) ғалымдарын
ойландырып, олар соңғы кезде жиі айтылып жүрген биологиялық егіншілік
жүйесіне көшудің жолдарын іздестіруде 4-10.

МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Қазіргі ғылыми техниканың өрлеу заманында аграрлық экожүйелерді
минералдық тыңайтқыштар қолданбай тиімді ауыл шаруашылық өнімін алу мүмкін
емес. Бірақ минералдық тыңайтқыштарды ұзақ мерзімде және оларды шамадан тыс
көп мөлшерде қолдану агроценоздың табиғи көрінісін өзгертіп, топырақ
құнарлылығын күрт төмендетті. Бұл жағдай қазіргі таңда, экология саласының
проблемалары шеңберінен шығып, табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың
ауқымды мәселесіне айналып отыр.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін әлемдік өндіріс жылына
125 млн. тонна минералдық тыңайтқыш түрлерін өндіреді. Минералдық
тыңайтқыштардағы негізгі қоректік элементтер — азот, фосфор, калий
элементтері.
Минералдық тыңайтқыштардың сіңірілу тиімділігі қоректік элементтердің
арақатынасымен және өсімдіктер сортының биологиялық ерекшеліктерімен
анықталады. Азот тыңайтқыш-тарының нитраттары өсімдіктерге тез әсер ететін
азот көзі болып табылады. Осыған байланысты нитраттар түріндегі азот
тыңайтқыштарын біркелкі пайдаланбаған жағдайда азық түлік құрамына
нитраттардың артық мөлшері жинақталып, оның сапасын нашарлатады.
Нитраттарды тиімді пайдалану үшін әрбір өсімдік түрінің азотқа
қажеттілігінің, оның топырақтағы қорын, климаттық факторларын ескере
отырып, ЭЕМ-да дәл есептеулер жасау арқылы жүргізу керек. Алюминий
тыңайтқыштарынан нитраттың топырақтарға және өсімдіктерге түсуі топырақтағы
микроорганизмдер белсенділігі мен ауа райы жағдайларына байланысты.
Азот тыңайтқыштарының суда ерігіштігіне жауын-шашын мөлшері және суару
нормасы біршама әсер етеді. Ылғалдылық жоғары болған жағдайда нитраттар
тамырдан тыс аймақтарға таратылып, өсімдіктегі мөлшері азаяды. Құрғақ
климат жағдайларында ылғалдылық аз болуынан топырақтың беткі қабаты кеуіп,
нитрат-тардың жоғарғы қабатына көтерілуіне және өсімдіктерде оның
концентрациясының көбеюіне мүмкіндік туады.
Топырақ пен өсімдіктерде нитраттардың жинақталуына топырақ, климаттық
жағдайлар және пайдаланылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшері әсер етеді.
Қүрғақшылық кезде қоректік өсімдіктердегі нитраттар мөлшері азот алмасу
процестерінің ферменттерінің активтілігі төмендейтіндіктен артады. Бұл
ферменттердің активтілігі сол сияқты топырақта K,Mо,S элементтері
жетіспеген жағдайда да төмендейді.
Жер бетілік және жер астылық сулардың нитраттармен ластануы
тазартылмаған тұрмыстық және өндірістік сулармен, табиғи органикалық
заттардың минералдануы, сол сияқты азот тыңайтқыштарын шамадан тыс
пайдаланған жағдайда байқалады. Отандас және шетелдік ғалымдар мен
практиктердің еңбектері нәтижесінде азот тыңайтқыштарын интенсивті
пайдалану ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қоршаған ортаға зиянды
әсерін тигізетіні дәлелденді.
Ауыл шаруашылық өсімдіктері сіңірген нитраттардың белгілі мөлшері өнім
түзілуге жұмсалатыны белгілі. Бірақ, кейбір экологиялық факторлар әсері
күшті жағдайларда (жарық жеткіліксіз, су режимі бұзылған, т.б.) өсімдіктер
топырақтан алған азоттың барлығын сіңірмей, оның артық мөлшері адам мен
жануарлар үшін зиянды әсерін тигізеді. Жануарлар жемі рационындағы
нитраттың артық мөлшері сүттің азаюына себеп болады. Жалпы алғанда,
нитраттар барлық тамақ өнімдері мен мал жемі үшін ең қажетті қосылыстар,
бірақ оның артық мөлшері адам мен жануарлар организмін улайды, организмдегі
зат алмасу процестерін бұзып, оның иммунологиялық қасиеттерін төмендетеді,
т.б. Адам организмі үшін әсіресе құрамында нитраттардың жоғарғы мөлшері
жинақталған көкөніс, бақша дақылдары қауіпті болып саналады.
Азот тыңайтқыштарының жоғарғы нормаларын пайдаланған жағдайда
көкөністерде нитраттардың жинақталуын қатаң бақылап, олардың мөлшерін
төмендету жолдарын іздестіру қажет. Нитраттардың өнім құрамында артық
мөлшері жинақталмайтындай жағдайда пайдалану бұл процеске әсер ететін
экологиялық факторларды есепке ала отырып жүргізілуі қажет. Өсімдіктер мен
ауыл шаруашылық дақылдарында нитраттардың жинақталуына әсер ететін негізгі
факторлар - азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдалану, жарық пен
ылғалдылық. Жарық көп болғанда нитраттар амин қышқылдарына айналады.
Сондықтан, қысты күні жылыжайларда өсірілген көкөністерде ашық топырақта
өскен өсімдіктерге қарағанда нитраттар көп жинақталады. Сол сияқты
топырақта ылғал жетіспеген жағдайда да өсімдіктердегі нитрат мөлшері
көбейеді. Сондықтан қазіргі кезде көкөніс өнімдеріндегі нитраттар мөлшерін
төмендету жолдары қарастырылуда.
Азот тыңайтқыштары табиғи суларды ластайды, әсіресе адам мен жануарлар
үшін ең зиянды - нитрат иондары. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының
ұсынуы бойынша ауыз судағы нитрат иондарының шектеулі концентрациясы 11,3
мгл.
Азот табиғи суларға негізінен, ауыл шаруашылық егістіктерінің ағызынды
суларымен бірге келіп түседі. Жауын-шашын мол болған жылдары азот
тыңайтқыштарын көп пайдаланған жағдайларда азот топырақтың 10 м-ге дейінгі
тереңдігіне өтіп, грунт суларына жетеді. Ал құрғақшылық болған жылдары
нитраттар грунт суларына жетпейді.
Су объектілерін нитраттармен ластанудан қорғаудың негізгі әдістері -
тыңайтқышты қолайлы кезеңдерде бірнеше рет және дақылдың қоректік
элементтерді сіңіру динамикасын ескере отырып беру. Егіске минералды
тыңайтқыштар беру кезінде жергілікті жердің климаттық жағдайлары,
агротехника түрлері, топырақтың қасиеті, суғару тәртібі, сорттар мен
гибридтердің биологиялық ерекшеліктері, тыңайтқыш беру тәсілдері, т.б.
факторлар ескерілуі қажет.
Өсімдіктерге фосфор тыңайтқыштары да өте қажет. Фосфордың азоттан
айырмашылығы қозғалғыш емес, топырақта түгелдей сақталады. Фосфор
тыңайтқыштарын жүйелі түрде қолдану нәтижесінде топырақта тыңайтқыш
құрамындағы фосфордың 22,4 % дейін мөлшері жиналады.
Су объектілеріндегі топырақтың миграциясы суармалы топырақтарда
өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде күшейеді. Топырақ эрозиясы және оның
нәтижесінде болатын шаңды дауылдардан соң топырақ фосфордың 10% дейін
жоғалтады. Ауыз суындағы фосфордың ең жоғарғы шектеулі нормасы 10 мгл-ден
аспауы керек.
Ауыл шаруашылық дақылдарына қажетті деңгейден көп мөлшерде топыраққа
түскен минералдық тыңайтқыштар топырақтың қышқылдануына әкеліп, нәтижесінде
қарашіріктің қарқынды ыдырауына және топырақтағы органикалық қосылыстардың
азотының минералдану процестерінің белсенділігі артуына жағдай жасады 1-
3.
Минералдық тыңайтқыштарды кең көлемде қолданудың осындай негативті
әсері, көптеген елдердің (АҚШ,Канада, Ұлыбритания, Ресей, ФРГ) ғалымдарын
ойландырып, олар соңғы кезде жиі айтылып жүрген биологиялық егіншілік
жүйесіне көшудің жолдарын іздестіруде 4-10.
Олар ұсынған биологиялық егін шаруашылығының негізгі жақтары:
минералдық тыңайтқыштардың оптимальды мөлшерін қатаң түрде қолдану немесе
оларды және өсімдік қорғаудың химиялық жолын пайдалануды мүлдем тоқтату,
топырақты минимальды механикалық өңдеу, топырақта жүретін микробиологиялық
процестерді ынталандыру болып табылады.
Әрине, осы аталған биологиялық егін шарушылығының теориялық негізін
жасағанда агрохимия, топырақтану және микробиология сияқты ғылымдардың
жетістіктерін пайдаланумен қатар экология ғылымын да қамти білу қажет.
Өйткені, агроценозға антропогендік қысым (минералдық тыңайтқыштардың жоғары
мөлшерін қолдану, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ ресурстары
Егіншілікте тыңайтқыштардың қолданылуы
Кәдімгі боз топырақтың химиялық құрамы
Қазақстанда таралған топырақтардың көптүрлілігі, құнарлылығы және оларды арттыру мәселелері
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Топырақтың физикалық құрамы
Ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
Қазiргi таңдағы қазақстанның топырақ жағдайы
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Жүгері будандарының өнімділігін арттыру
Пәндер