Өндірістік капитал



КIРIСПЕ
I ӨНДІРІСТІК КАПИТАЛ ТЕОРИЯСЫ
Капитал туралы жалпы түсiнiк
Капиталдар нарығы және өндіріс капиталының
маңыздылығы
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІСТІК КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 Еліміздегі өндіріс капиталының қалыптасуы. Өндіріс саласының жалпы жағдайы және туындап отырған мәселелері мен оны шешу жолдары
2.2 Бәсекеге қабілетті өндірістік капиталды дамытудың ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін маңыздылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өндірістік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Жалпы “капитал” экономикалық тұрғыда бiрiншiден – капитал деген өндiрiстiк құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншi жағынан – капитал деген бастапқы ақша сомасы. Екi көзқараста да капитал шаруашыылқта пайда табу мақсатында қолданылатын бастапқы өндiрiстiк резервтердi көрсетедi.
1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Курс экономической теории / Под ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой. – Киров, 1994, гл.13.
3. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. — М., 1997.
4. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметоа, У.А. Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. –464 б.
5. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –280 б.
6. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
7. Ю. К. Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2005 г. — с. 38-44.
8. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. — №6, 2004 г. – с. 3-6.
9. “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” Стратегия. – Алматы, 2003 ж.
10. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
11. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2006 ж.
12. Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари , №1.2006 г.
13. Статистика Казахстана. Алматы, — 2006 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КIРIСПЕ

I ӨНДІРІСТІК КАПИТАЛ ТЕОРИЯСЫ

Капитал туралы жалпы түсiнiк
Капиталдар нарығы және өндіріс капиталының
маңыздылығы 

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІСТІК КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ  

2.1 Еліміздегі өндіріс капиталының қалыптасуы. Өндіріс саласының жалпы
жағдайы және туындап отырған мәселелері мен оны шешу жолдары 

2.2 Бәсекеге қабілетті өндірістік капиталды дамытудың ұлттық экономиканың
тиімді дамуы үшін маңыздылығы 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып,
әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз
мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей
аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси
жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.

Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында
басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өндірістік капиталдарының  басым бөлiгiнiң
моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады. Осының салдарынан
отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi
төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде.
Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң
негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет
болып табылады.

Жалпы “капитал” экономикалық тұрғыда  бiрiншiден – капитал деген өндiрiстiк
құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншi жағынан – капитал деген бастапқы ақша
сомасы. Екi көзқараста да капитал шаруашыылқта пайда табу мақсатында
қолданылатын бастапқы өндiрiстiк резервтердi көрсетедi.

Экономикалық қатынастарда капиталдардың қызмет етуi қапитал нарығының
болуымен сипатталады. Капиталдар нарығында капитал екi түрлi сипатта
болады: өндiрiстiк нарықтағы және қарыз қаражаттары нарықғындағы. Мұндағы
өндiрiстiк нарықтағы капитал нақты өндiрiске қатысатын  өндiрiстiк-
техникалық құрал-жабдықтармен байланысты болады. Ал қарыз қаражаттары
нарығындағы капитал ақша формасы негiзiнде көрiнiс табады. Ол өз кезегiнде
ипотекалық нарыққа және қаржы нарығына жiктеледi.

Қазақстан өзiнiң 14 жылдық экономикалық дамуында келесiдей капитал
нарығының сипатымен ерекшелендi: елде өндiрiстiк капитал нарығының дамуы
әлi күнге дейiн оң бағыт ала алмай отыр, оның басты себебi ел экономикасына
құйылып жатқан инвестициялардың басым бөлiгi өндiрiстiң шикiзаттық бағытына
тартылуда, ал капиталдың қарыз қаражат нарығының дамуы ТМД елдерi iшiнде ең
тиiмдi құрылған жүйе және рыноктық механизмде толық қанды дамып, қызмет
iстеп отырған капитал нарығы болып табылады. Оның бiрден-бiр мысалы,
елiмiзде ұзақ мерзiмдi несиелер, лизингтiк қатынастар, мемлекеттiк және
корпорациялық бағалы қағаздар нарығының бiрiншi және екiншi нарықтарының
дамуы, ұлттық биржа қор нарығының еркiн аймақ рентiнде қызмет етулерiн атап
өтсек болады.

Сондай-ақ қандай-да болмасын рыноктық экономикада кәсiпкерлiк қызмет түрiн
бастау үшiн ең бiрiншi капиталға қажеттiлiк туындайды. Қазiргi Қазақстан
экономикасында жекешелендiрудiң жаппай жүргiзiлiп, кәсiпкерлiк қызметтiң
дамуы капиталдарға деген сұраныста жылдан жылға артуда.  Ол негiзiнен
негiзгi өндiрiстiк капиталдарға деген қажеттiлiктен туындауда.

Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын Өндірістік капитал теориясы.
Қазақстан Республикасында өндірістік капиталдың қалыптасуы деп алдым. Бұл
тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып
табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi
ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал
мемлекеттiк деңгейде капитал нарығының екi сипаты да сапалы әрi толық қанды
дамыса онда ұлттық экономиканың әлемдiк экономикадағы орны мен жағдайы да
артады.

I ӨНДІРІСТІК КАПИТАЛ ТЕОРИЯСЫ

1.1  Капитал туралы жалпы түсiнiк

 Капитал (ағылшынша – бас мүлiк, бастапқы сома, латынша – ең басты) –
экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бiрi, нарықтық
шаруашылықтың қажеттi элементi. Тауар өндiрiсi пайда болып қалыптасқаннан
берi, капитал мынадай тарихи даму формаларына ие болған: сауда капиталы
(көпес капиталы түрiнде), — табиғи капиталдың ең көне еркiн формасы,
өсiмқорлық, осыдан кейiн — өнеркәсiпiк.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерiнде
зерттелген. Капиалдың формалары мен экономикалық мектептердiң қосарласып
дамуы бұл категорияны тұнғыш зерттеушiлердiң – меркантелистер және
физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебi болады.

Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеудi өзiнiң “Капитал”
(1867ж) деп аталған еңбегiнлде К.Маркс жүргiзген. Капиталдың қызмет етуiнiң
нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнiн, мазмұнын айқындап
көрсетедi. К.Маркс капиталды зат депп қоймай, ол оны белгiлi бiр
экономикалық қозғалыс деп тұжырымдады. “Капитал” экономикалық ғылымның
тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылыр арасындағы ерекше
белгiлiк тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсеттi. Осымен қатар капиталдың
заттық түрi болады: станоу, машина, шикiзаттық түрiнде болады.  2, 139 б

Экономикалық теорияның классиктерi капиталдың алғашқы қолданылуын,
капитализмнiң қалыпсауының бастапқы кезеңii деп тұжырымдады.

Капиталдың алғашқы қорлануы өзiндiк еңбекке негiзделген  индивидуалдық 
жеке меншiктi жою процесi, жұмысшыларды өз еңбегiнiң шартына меншiктен
шеттету процесi. Ол бiр жақтан, тiкелей өндiрушiлердiң тек қана жұмыскерге
– идеалдық жұмыскерге, екiншiден қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмiр сүруге
қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Бұл жағдай Еуропада XVI-XVIII ғғ. орын алды.  Ол кезде капиталдың алғашқы
қорлануы кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк-экономикалық базасының қалыптасу
шарттарын өмiрге әкелдi. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық
кәсiпкерлiк қабiлеттерiне жол ашты.

Капиталдың алашқы қорлануының экономикалық негiзiн шаруалар мен
қолөнершiлердiң жаппай экспропорционалдануы құрайды. Екiншiден, елдiң iшкi
жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және
шетелдерден территорияалды басып алынып, оларды отарға айналдыру кең өрiс
алды. Үшiншiден, капиталдың барлық нысандары – сауда, өсiмқорлық,
өнеркәсiптiк  — екпiндi дамыды. Осымен бiрге капиталдың қорлануы ақша және
құрал-жабдықтар түрiнде қорлану арқылы жүрiп отырды.  3, 164 б

Мемлекет тапшылығын жою үшiн мемлекет ақша капиталының иелерi арасында iрi
сомаға заем орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз берушi бейнесiн
алған буржуазияға, үкiметтiң мiндеттемелерiне сәйкес төленетiн, елеулi
көлемдегi проценттердi иеленуiне мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк несиенiң
дамуы бағалы қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандандырды. Осының
негiзiнде көп мөлшерде экономикада ақша капиталдары немесе қаржы
капиталдары қалыптасты.

Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесi
қызмет еттi. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын
талап еттi. Бұл басқа елдерден келетiн тауарларға шек қоюға және өнеркәсiп
тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшiн сыйлық төлеуге жол ашты. Осы
саясаттың негiзiнде ұлттық капиталдың көбеюi мемлекеттiк негiзде iске
асырылып, ол белгiлi бiр саясаттармен реттелiп отырылды.

Капиталдың алғашқы қорлануын қамтамасыз етiп оны дүниеге әкелген өндiргiш
күштердiң дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуi және шамамен кең дамыған
ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.

Бүгiнгi бiздiң елiмiз барысында өтпелi кезеңдi кейбiреулер капиталдың
алғашқы қорлану процесiмен теңестiредi. Бiрақ бұл процестер бiр-бiрiмен
толық үйлеспейдi.

Ел экономикасында капиталға деген сұраныстың өсуiне басты себеп кәсiпкерлiк
қызметтiң жылдан-жылға дамуы болып табылады. Осы сұранысты қамтамасыз
етудiң iшкi және сыртқы қайнар көздерi бар. Iшкi себептерге ең алдымен
жекешелендiру реформасы жатады. Ол мемлекеттiк меншiктiң келесi әдiстер
арқылы бөлiнуiне әсер етедi:

• өнеркәсiптiң ауыр және жеңiл салаларындағы қаражаттарды екiншiсiнiң
пайдасына сәйкес қайта бөлу;
• капиталды қызметтер мен сауда сферасындағы шоғырландыру;
• сыртқы сауданы ырықтандыру нәтижесiнде түскен пайданы шетелдермен
сауда сауда жасайтын фирмалардың алуы;
• коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.
Ал сыртқы қайнар көздерiне шетелдерден келiп жатқан несиелер жатады. Оның
басым бөлiгiн шетелдiк инвестициялар құрайды. Оны келесi кестеден көре
аламыз: 13

Кесте 1

Елiмiздегi 2003-2006 жылдардағы жалпы инвестициялар

Көрсеткiштер, млн. 2003 2004 2005 2006
Теңге
Барлық инвестициялық 512332 752645 1158148 1307249
активтер
Негiзгi капиталға 369084 595663 943398 1099986
инвестиция
Капиталды жөндеулерге 21893 43013 85657 146264
шығындар
Айналым активтерiне 140147 153526 207067 202912
инвестиция

 

 

1.2  Капиталдар нарығы және өндіріс капиталының

маңыздылығы

 

Экономиканың қызмет көрсету және өндiрiс саласы деген екi үлкен тармағы
бар. Осының iшiнде әсiресе өндiрiс саласында шектеулi ресурстар, оларды
тиiмдi пайдалану деген ұғымдарды кездестiремiз. Ресурстарды тиiмдi
пайдалану өндiрiстегi технологияларды дамыту, шығынды азайту, инновациялық
жаңалықтар енгiзу болып табылады.

Капиталистiк экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрi
қарай зерттеудi талап еттi: жаңа концепциялар мен ой-пiкiр, тұжырымдардың
пайда болуын тiледi.

Жақтаушылардың басым көпшiлiгi капиталға берiлетiн екi негiзгi анықтаманы
қолдайды: бiрiншi – капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншi –
капитал деген ақша сомасы. Екi көзқараста капитал шаруашыылқта пайда табу
мақсатында қолданылады дегенге келедi.

Осымен қатар капитал нарығы деген түсiнiк бар. Нарықтағы сатушыларды мен
сатып алушылардың арақатынастарының объектiсiне байланысты, осы түсiнiкке
анықтаманың екi варианты болуы ықтимал.

Бiрiншi вариант бойынша өндiрiс факторлары нарығында капитал деп олардың
құндық өлшемiндегi физикалық капитал түсiнiледi: станоктар, машиналар,
ғимараттар және т.б. материалдық-заттық объектiлер.  Бұл жағдайда
капиталдар нарығы өндiрiс факторлары нарығының бiр бөлшегi болып табылады.
Оны келесi суректтен көре аламыз:  6, 281 б

Сурет-1 – Капиталдың өндiрiстiк нарықтағы орны

Осы факторлар нарығындағы капиталға сұраныс – бұл өздерiнiң инвестициялық
жобаларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн фирмалардың физикалық капиталға
сұранысы. Көрiнiсi жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын
қаржы құралдары болып табылады.

Физикалық капиталдың фирма меншiгiне айналуына, немесе оның уақытша
пайдалануға берiлуiне байланысты, төлемдер екi түрге бөлiнедi: капитал
қызметтерiнiң толассыздығы (пайдалану бағасы) үшiн төлем және капиталистiк
активтер үшiн төлем болып бөлiнедi.

Капитал қызметерiн пайдалану құны капиталдың ренталық (жалға беру)
бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық сұрыптама түрiн, немесе фирманың
капиталдың бiр бөлiгiн жалға алғаны үшiн оның иесiне төлейтiн сома түрiн
бiлдiредi. Бұл iс жүзiнде бүгiнгi экономикалық қатынаста лизингтiк келiсiм-
шарт түрiнде көрiнуде, яғни кәсiпорын өз қызметiн iске асыруда лизингке
құрал-жабдықтарды алып, оны өндiрiсте пайдаланып, ал лизинг берушiге
алынған объектiнiң белгiлi бiр мөлшердегi құнын төлеп отырады.

Екiншi вариант  бойынша қаржы нарығында капитал деп ақша ақша капиталдары
түсiндiрiледi. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының құрамды
бөлiгi болып табылады.

Қаржы нарығындағы капиталдың орны

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектiсiнiң қызметiн атқаратын
және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың
жиынтығы болып табылады. 2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай қарыз
капиталдар нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлiнедi. Ақша
нарығы мерзiмi бiр жылға дейiнгi банк операцияларының қысқа мерзiмдегi
мiндеттерiне байланысты қалыптасады.

Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың
өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы
әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi
субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi.
Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгiсi.
Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және қаржының құндық
экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша қаржының
қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.

Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және
шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң
сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты
экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.

Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды
ерекше  белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы
қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған мақсатты
ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында, өндiрiстiк
емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.

Қаржы капиталы объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан
және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.  Қаржының басты арналымы
– табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық
жүргiзушi  субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн
қанағаттандырып отыру, бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау болып
табылады.

Өндiрiстегi технологиялық әдiс деп өндiрiстiк факторлардың, яғни шикiзаттар
мен ресурстарды, белгiлi бiр өңдеу процестерi арқылы дайын өнiмге
айналдыруды айтамыз. Өндiрiстiк процесте қолданылатын факторларды негiзгi
төрт түрге бөледi:

1. шикiзаттар мен материалдар;
2. басқа өнеркәсiптiң өндiрген өнiмдерi;
3. еңбек күшi;
4. капитал. 5, 51 б
Өндiрiстегi игiлiк дегенде тек қана материалдық игiлiктiң өндiрiсi емес,
оны бөлу, айырбастау және тұтыну үрдiсiн бiрге қарастыруымыз керек.

Өндiрiс теориясы ең алдымен өндiрiсте қолданылатын факторлардың және
өндiрiстiк өнiмнiң ара қатынасын анықтайды. Сұраныс теориясына қарағанда
ұсыныс (өндiрiс) теориясы белгiлi бiрлiктердiң объективтi табиғатын және
олардың өзгерiсiн анықтайды.

Өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде, әдетте, өндiрiстiк процесс тиiмдi болуын
қалайды, сондықтан өндiрiс функциясы, өндiрiстiк шығындар құрылымы тұрақты
деп ұйғарғандағы шығаратын өнiм көлемiнiң ең жоғары деңгейiн көрсетедi деп
айтады. Өндiрiс функциясы белгiлi технология үшiн жасалады. Бұларды
түсiндiру үшiн, өндiрiс шығындары тек қана L – еңбек және K – капиталдан
тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндiрiстiк функцияны келесi жағдайда
қарастыруға болады:

                                                 Q = F ( K, L
)                                     

Мұнда, Q — өндiрiлетiн өнiмнiң ең жоғары көлемi.

F – функциялық тәуелдiлiгi қолданылатын технология.

Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму
жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-
технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан
артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан
елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың
индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде
алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға
арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады. 9

Қазiргi әлемдiк экономикада шикiзат бағыттағы экономиканың дамуы тұрақсыз
болып келiп, ол әлемдiк рыноктағы шикiзат бағаларының өзгеруiне тәуелдi
болады. Бүгiнде шикiзат бағытындағы елдер даму жағынан артта қалған және
экономикасы тиiмсiз жағдайда болып отырған дамушы елдер айналысады. Өз
кезегiнде шикiзат бағытындағы экономиканың шығындары көп болып, ол қоршаған
ортаға, жалпы қоғамға өз зиянын тигiзедi.

Ал дамушы елдер iшiнде индустриялы-инновациялы, технологиялары дамыған және
өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытып, қалдықсыз өнеркәсiптi iске асырып
отырған әлемдегi жаңа индустриялы елдердi атап өтсек болады. Олардың iшiнде
экономиканы қысқа мерзiмде тиiмдi реформалап, дамудың жоғары дәрежесiне
жеткен Оңтүстiк-Шығыс Азияның елдерiн атауға болады. Бұл елдер 20-30 жыл
iшiнде әлемдiк шаруашылықта “Азия жолбарасы”, “Азия айдаһары” деген атпен
дүниежүзiне белгiлi болды.

Бұл аталған дамушы елдердiң барлығы экономиканың шикiзаттық бағытынан қол
үзiп, дамудың индустриялы, жоғары технологиялы жолына түсiп, бүгiнде
әлемдегi дамыған жетiлiк елдермен бәсекеге түсуде.

Олардың мұндай өсудiң жоғары деңгейiне және тиiмдi экономикалық жолға
түсуiне осы елдерде жүргiзiлген экономикалық реформалардың жемiсi деп
айтсақ болады. Бұл елдерде мемлекет тарапынан экономиканы тиiмдi реформалау
кезеңдер арқылы және даму стратегиялары арқылы iске асты.

Әрине Қазақстан Республикасы үшiн экономикалық өсудiң жоспарын жасауда осы
елдерден үлгi алу бiздiң ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып табылады.
Сондықтан осы елдердiң экономикалық дамуының ерекшiлiгiн талдап, оның
елiмiз экономикасы үшiн қолайлы жақтарын анықтау бүгiндегi тапсырмалардың
бiрi. Осылайша мен мысал ретiнде осы шетелдердiң экономикалық өсуiнiң
процесiне тоқталып өтудi жөн көрдiм.

Осы дамушы елдердiң бiрi, бүгiнде әлемдегi әйгiлi жетiлiкке бәсекелес болып
отырған Оңтүстiк Корея Республикасы. Бүгiнде бiрде-бiр ел өзiнiң жаңа
өнеркәсiп салаларының дамуы, экономикасы жағынан Жапония, АҚШ және Еуропа
елдерiмен бәсекелес бола алмаған едi. Ал қазiр Оңтүстiк Корея компаниялары
мен фирмалары электротехника, метал өнiмдерi, машина жасау, текстильдi және
т.б. тауарларды өндiруде жоғары табыстарға жетiп, жаңағы аталған дамыған
елдермен бәсекеге түсуде.

Оңтүстiк Кореяның әлемдiк саудадағы үлесi 80-шi жылдары 10%-ға өстi. Сол
уақытта Оңтүстiк корея Рспубликасы темiр бұйымдарын экспорттаудағы үлесi
57%, 52,4% — түссiз телевизорлар экспорты, 41,8% — ақпаратты талдау
құрылғылары, 40,9% — ер адамдар көйлегi мен синтетикалық маталар, 32,2% —
металдық контейнерлер экспорттады.

Кореяның өткен ғаысрдың соңғы ширегiндегi ЖҰӨ-нiң орта жылдық өсуi 8,5%
төңiрегiнде болып отырды. 1971 жылы өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi жалпы
өндiрiстiң 20%-ын құраса, ал 1980 жылдары бұл көрсеткiш 30%-ға жеттi.

Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары азайып,
халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып,
ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.

Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды 1962
жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп отырды.
Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға
бағытталды.

Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл өнеркәсiпке
салынды.  Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi жылдардағы
инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол инвестициялардың 46 млрд.
доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы қарыздар негiзiнде көрiнiс
тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар
негiзiнде берiлдi.

Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс объектiлерiнiң,
темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй секторы, коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына салынды. Жеке
кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң экономикалық
активтi қызмет етуiне себепшi болды.

Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк
инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар
негiзiнде қызмет еттi.

Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi кезеңiнде
жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы елдiң қажеттi
деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi.  Шетел инвестициялары
арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық негiзде жұмыс
iстедi.

Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар
келесi талаптарға жауап бере алса:

• Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр
жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
• Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын
60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
• Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен
араласапауы қажет.
Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық аймақтардың
болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам арнайы
өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен қызметкерлер
еңбек етедi.

Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады.
Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа
шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз
инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн
капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге
белгiлi.

Корея дамыған елдерден нақты экономикалық көрсеткiштердiң шамасымен оларға
жете алмауда. Мысалы, 1991 жылы ЖҰӨ АҚШ-та 4,5 млрд. доллар, Жапонияда 2,7
млрд. долларды құраса, ал бұл көрсеткiш Оңтүстiк Кореяда 119 мың доллар
болып отыр. Сондай-ақ iрi компанияларының табыстары әлемдегi дамыған елдер
iрi компанияларының табыстарынан көп артта болып табылады. Бүгiнде
“Самсунг” компаниясының табысы 20 млрд. доллар, ал “Ниссан” компаниясының
табысы 33 млрд. егер Кореяда 1962 жылы жан басына шаққанда ЖҰӨ-нiң көлемi
87$ болса, ал 80-шi жылдары бұл көрсеткiш 3000$-ға жеттi.

Оңтүстiк Кореяның шетелдiк энергетикалық ресурстардың қайнар көзiне
мұқтаждығы Жапония, Тайвань, Сингапур сияқты жоғары болып табылады. Елде
табиғи ресурстардың көзi өте аз. Сондай-ақ елде әскери шығындарда жоғары,
өйткенi жаңында Солтүстiк корея Республикасы орын тепкен. Елдегi әскери
шығындарға ЖҰӨ-нiң үлесi 5%, ал Жапонияда әскери шығындар ЖҰӨ-нiң 1%-ын
құрайды.

Корея елiнiң экономикалық өсiмiнiң басты факторларының бiрi елдегi жұмыс
күшiнiң арзан болуы. Оған себеп корей халқының ұлттық менталитетi, яғни
халықтың еңбек сүйгiштiгi, тыянақтылығы, жұмыс берушiлерге жауапкершiлiкпен
қарауы екендiгi белгiлi. Мысалы, 1985 жылдары Жапонияның жұмысшыларының
еңбекақысы жылына орта есеппен 14,1 мың АҚШ долларын құраса, ал Кореяда бұл
көрсеткiш 3,6 мың доллар болды. Сондай-ақ елдегi жұмысшы күшiнiң арзан
болуы шетел инвесторлары үшiн қолайлы ортаны қалыптастырды.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІСТІК КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ.

2.1 Еліміздегі өндіріс капиталының қалыптасуы.Өндіріс саласының жалпы
жағдайы және туындап отырған мәселелері мен оны шешу жолдары

Елiмiздiң өндiрiс саласының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капиталдың экономикалық табиғаты. негізгі капитал
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Өндіріс процесінде құралдар
Өндірістік жабдық құны
Капитал құрылымын оңтайландыру
КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫ
«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Компания капиталының құрылымы
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Пәндер