Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық қабілетінің табысты дамуына қажетті шарттар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

Кіріспе3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ5

Қазіргі психологиядағы творчество және творчестволық қабілет мәселесі5

1. Психологиядағы және басқа іргелес ғылымдардағы творчество мен творчестволық қабілет ұғымының психологиялық маңызы5

2. Творчестволық қабілеттің компоненттері6

3. Қазіргі психологиядағы творчестволық қабілеттің даму мәселесі10

Мектеп жасына дейінгі балалардағы творчестволық қабілетінің дамуы13

4. Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық қабілетінің табысты дамуына қажетті шарттар13

5. Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық ойлауының сапалы дамуы15

6. Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық қиялының дамуы17

Қорытынды23

Әдебиеттер тізімі25

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Жеке адамның творчестволық қабілетін психологияда зерттеу өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Творчестволық қабілеттілік баланың жеке басының қалыптасуында негізгі роль атқарады. Творчестволық қабілетті дамыту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке психологиялық дайындығын негіздеуге және танымдық процестерді қалыптастыруға негіз болады.

Творчестволық қабілет интеллектуалды дамудың бір көрсеткіші болып табылады. Осы мәселені балалар психологиясында зерттеу өз маңызын ешқашан жоймайды.

Зерттеудің мақсаты.

Мектеп жасына дейінгі балалардағы креативті творчестволық қабілеттің дамуын зерттеу.

Зерттеудің объектісі.

Бұл курстық жұмыстың объектісі психологиялық процесс болып табылады, яғни мектеп жасына дейінгі балалардағы творчестволық қабілеттің даму процесі.

Зерттеудің міндеті.

- психология ғылымындағы творчестволық қабілет мәселесінің негізгі аспектілерін қарастыру.

- мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық қабілетінің даму ерекшелігін теориялық талдау.

- баланың жеке басының творчестволық қабілетінің дамуына тигізетін қолайлы жағдайларды анықтау.

Зерттеудің теоретикалық мәні.

Творчестволық қабілет бойынша отандық және шетелдік психологияда жүргізілген зерттеулер қарастырылды.

Мысалы: Гилфорд, Торренс, Дж. Смит, В. Т. Кудрявцев, Л. С. Выготский, В. Синельникова, О. Дьяченко және т. б.

Зерттеудің практикалық мәні.

Зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі мекемелерде қарастыру.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі психологиядағы творчество және творчестволық қабілет мәселесі

1. Психологиядағы және басқа іргелес ғылымдардағы творчество мен творчестволық қабілет ұғымының психологиялық маңызы

Творчестволық қабілеттің дамуын талдау мәселелері көбінесе мына түсініктермен анықталады. Өте жиі кездесетін қарапайым, санада творчестволық қабілеттің әр түрлі көркемдік әрекеттерге деген қабілеттер көрінеді. Олар мысалы: әдемі сурет салуда, өлең шығаруда, музыка жазуда және тағы басқаларда көрінеді.

Біз қарастыратын түсінік "творчествомен", "творчестволық әрекетпен" тығыз байланысты. Творчестволық әрекет ұғымымен біз адамның мынадай әрекетін көреміз, яғни оның нәтижесінде жаңа бір зат туындайды. Бұл сыртқы әлемнің заты болса да, шындыққа деген жаңа білімге әкелетін ойлау құрылымы.

Егер адамның мінез-құлқын қарастырсақ, оның әр түрлі әрекетінен біз екі негізгі қылықты бөле аламыз. Адамның ондай әрекеттерін біз қайта жаңғырту және репродуктивті деп атаймыз. Мұндай әрекеттер біздің есімізбен тығыз байланысты, оның мәні бұрын жасалған немесе жасалмаған мінез-құлықтарды немесе әрекеттерді шығару.

Репродуктивті әрекеттерден басқа адамның мінез-құлықында творчестволық әрекет болады, оның нәтижесі болып бастапқы оның тәжірибесінде болған әсерлер мен қимыл-қозғалыстың қайта жаңғыруы емес, жаңа бейнелердің немесе қимыл-қозғалыстың құрылуы. Әрекеттің осы түрінің негізінде творчестволық қабілет жатыр.

Сонымен творчестволық қабілеттің жалпы анықтамасы ол: Творчестволық қабілет бұл адамның индивидуалды ерекше қасиеті, ол әр түрлі твочествалық әрекеттің табысты орындалуын анықтайды.

Адамның кез - келген әрекетінде творчествоның элементтері кездескендіктен, біз тек қана көркемдік творчестволық қабілет туралы ғана емес, сонымен қатар, техникалық - творчестволық қабілетті, математикалық - творчестволық қабілетті және т. б. творчестволық қабілеттер туралы қарастырамыз.

Бұл курстық жұмыста универсалды творчестволық қабілеттің дамуы қарастырылады, ол әр түрлі творчестволық әрекеттің табысты орындалуына қажет, оның ғылыми немесе техникалық ерекшелігіне қарамастан.

2. Творчестволық қабілеттің компоненттері

Творчестволық қабілет көптеген қасиеттердің бірігуінен тұрады. Адам творчествосының компонентінің потенциалы туралы сұрақ әлі де жауапсыз, бірақ қазіргі уақытта ол мәселеге қатысты бірнеше болжамдар бар. Көптеген психологтар творчесталық әрекетке деген қабілетті ең алдымен ойлаудың ерекшелігімен байланыстырады. Адам интеллектісі мәселесімен айналысатын белгілі американ психологы Гилфорд, творчестволық тұлғаларға дивергентті ойлау тән деп көрсетті. Ойлаудың бұл түрін қамтитын адамдар мәселені шешкенде, бар күшін бір ғана дұрыс шешімді қабылдауға шоғырландырмайды, әр бағыттарда әр түрлі шешім қабылдауға тырысады. Мұндай адамдар бөлшектерден жаңа комбинацияларды құруға бейім, оны көптеген адамдар біледі және тек белгілі бір түрде ғана қолданады, және бір- бірімен ешқандай ортақтығы жоқ екі бөлшектер арасындағы байланысты қарастырады. Дивергентті ойлаудың түрі творчестволық ойлаудың негізінде жатыр, олар келесі негізгі ерекшеліктерде көрінеді.

  1. Жылдамдық - яғни максималды сандық ой айту қабілеті (бұл жағдайда сапасы емес саны маңызды) .
  2. Икемділік - әр түрлі ой айту қабілеті.
  3. Оригиналдылық - қалыпты емес жаңа ойларды шығару қабілеті (бұл жалпы қабылдағанмен тура келмейтін жауаптарда, шешімдерде көрінуі мүмкін) .

Творчество мәселесін зерттеуші ғалым А. Н. Лук белгілі ғалымдардың өмірбаянына сүйене отырып келесі творчестволық қабілеттерді көрсетеді.

  1. Басқа адамдар көрмеген жерден мәселені шығару қабілеті.
  2. Ойлау операцияларын, яғни бірнеше түсініктерді біреуге ауыстыру және оның информациондық таңба қатынасын қолдану қабілеті.
  3. Бір сұрақты шешуде қалыптасқан ептілік, келесісін шешуде қолдану қабілеті.
  4. Шындықты бөлшектерге бөлмей толығымен қабылдау.
  5. Бөлінген түсініктерді тез ассоцациялау қабілеті.
  6. Керекті информацияны керекті минутта шығару.
  7. Ойлаудың икемділігі.
  8. Тексерместен бұрын мәселені шешудегі альтернативті шешім қабылдау.
  9. Білім жүйесінде қабылданған мәселелерді қайта қосу.
  10. Заттар қандай болса, солай көру және интерпритацияға кіретіннен бақыланатынды бөліп алу.
  11. Творчестволық қиял.
  12. Бастапқы ойды іске асыруда бөлшектерді өңдеу.

Психология ғылымының кандидаттары В. Т. Кудрявцев және В. Синельников тарихи - мәдени материяға негізделіп, адамның тарихи процесінде бірнеше креативті қабілеттерді көрсетті.

  1. Қиял реализімі - кейбір мәнді ортақ тенденцияны бейнелі ұғынуы, немесе адамға ол туралы анық түсініктер белгілі және оны нақты логикалық категориялар жүйесіне қосу мүмкіндігі және адамға ол туралы анық түсініктер белгілі болғанға дейінгі объектінің даму заңдылықтары.
  2. Бөлшектерден бұрын толық образды көру қабілеті.
  3. Ситуациялық - творчестволық шешімнің қайта құрушы түрі. Тек қана берілген альтернативті шешімдерді қабылдау ғана емес, сонымен қатар өз бетінше өзінің альтернативасын шығару.
  4. Тәжірибелеу - саналы және мақсатқа бағытталған түрде жағдай туғызу қабілеттілігі, мұнда заттың кәдімгі жағдайда көрінбейтін мәнін айқын байқауға болады, сонымен қатар заттың осы жағдайдағы мінез-құлық ерекшелігін байқау және талдау қабілеттілігі.

Ойлап табудың міндетін шешуші теория және ойлап табудың міндетін шешуші алгоритм базасында творчестволық тәрбиелеуге әдістеме және бағдарлама жасаумен айналысатын ғалымдар мен педагогтар айтуы бойынша, жеке адамның бір творчестволық потенциалының компонентін келесі қасиеттер құрайды:

  1. Тәуекел ету қабілеті.
  2. Дивергентті ойлау.
  3. Ойлаудағы және әрекеттегі икемділік.
  4. Ойлау жылдамдығы.
  5. Оригиналды ой айту және жаңасын ойлап табу.
  6. Өте бай қиял.
  7. Заттар мен көріністердің бірқалыпты еместігін қабылдау.
  8. Жоғарғы этникалық құндылық.
  9. Интуицияның дамуы.

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе, ұсынылған көзқарастарды творчестволық қабілетті құрайтын сұрақ бойынша қорытынды жасауға болады. Оларды анықтайтын түрлі тәсілдерге қарамастан зерттеушілер бірқалыпты творчестволық қиялдың және творчестволық ойлаудың сапасы міндетті түрде творчестволық қабілеттің компоненті ретінде шығады. Осыдан шыға балалар творчестволық қабілетінің дамуының негізгі бағытын анықтауға болады.

  1. Қиялдың дамуы.
  2. Креативтілікті құрайтын ойлау сапасының дамуы .

3. Қазіргі психологиядағы творчестволық қабілеттің даму мәселесі

Қабілеттің қалыптасуын айтқанда ең алдымен қашан, қай жастан бастап баланың творчестволық қабілетін дамыту керек деген сұрақтарға тоқталу керек. Психологтар әр түрлі уақытты айтады, яғни бір жарым жастан бес жасқа дейін және творчестволық қабілетті дамытуды ерте уақыттан бастау керек деген болжам бар. Бұл тұжырым физиология тұрғысынан қолдау алады.

Бала миы алғашқы жылдарда ерекше тез өсіп жетіледі. Бұл өсіп жетілу, яғни ол ми клеткаларының саны және олардың арасындағы аналитикалық байланыс дәл сол уақытта бар құрылымның көп түрлі және интенсивті жұмысымен байланысты. Өсіп жетілу кезінде ең жоғарғы сезімталдықпен сыртқы жағдайларға икемділігі. Бұл дамуға деген ең жоғары және кең мүмкіндіктері бар уақыт, бұл адамның қабілетінің көп түрлі болып дамуға ең қолайлы кезең. Бірақ балада сол кезде қабілеттің дамуына түрткі және жағдай болғанда ғана, тек сол қабілеттер дамиды. Егер өсіп жетілуі, дамуы бір уақытқа кез келсе, онда олар біркелкі жүреді. Қолайлы жағдайларда даму оңай және ең жоғарғы жылдамдықпен дамиды және дамудың ең жоғарғы шыңына жетуге болады, яғни бала қабілетті, талантты және гениалды болуы мүмкін.

Қабілеттің даму мүмкіндіктері максимумға жеткен кезде, өсіп жетілуі өзгеріссіз қалмайды. Егер бұл мүмкіндіктерді қолданбаса сәйкес келетін қабілеттерді дамытпаса, егер бала қажетті әрекет

түрімен айналыспаса онда бұл мүмкіндіктер жойыла бастайды. Бұл мүмкіндіктердің жоғалуы дамудағы қайтымсыз процесс. Б. П. Никитин көп жылдар бойы психологиядағы торчествалық қабілеттің дамуы туралы мәселелерді қарастырады. Ол мынадай көріністі атап көрсетті «қабілеттің эффективті даму мүмкіндігінің қайтымсыз жойылуы». Никитин бойынша қабілеттің эффективті даму мүмкіндігінің қайтымсыз жойылуы, бұл творчестволық қабілетке негативті әсер туғызады. Оның айтуынша мүмкіндіктердің қайтымсыз процесі жаңа ой тудырады, ол туа біткен творчестволық қабілеттілік, оны көбінесе ешкім байқамайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі кезеңде творчестволық қабілеттің эффективті дамуы жіберіліп алынған. Осы қоғамда жоғарғы творчестволық потенциалы бар адамдардың аздығы, ол бала кезінде, тек аз бөлігі ғана қолайлы, жағымды жағдайларда өсумен түсіндіріледі.

Психологиялық көқарас бойынша, мектепке дейінгі балалық шақта олардың творчестволық қабілетінің дамуына ең қолайлы кезең, өйткені олар сол уақытта таным сүйгіштік болады және оларда қоршаған әлемді танып білуге деген құштарлық үлкен болады. Ата - анасы олардың таным сүйгіштігін ескере отырып, балалардың жеке бастық тәжірибелерінің кеңеюіне көмектеседі. Тәжірибе жинау мен білім алу, бұл болашақта творчестволық әрекеттің дамуына өте қажет. Мектепке дейінгі баланың ойлауы үлкен балалардың ойлауына қарағанда кеңдеу және еркін болады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындай келе мектеп жасына дейінгі жаста творчестволық қабілеттің жоғары мүмкіндіктерді береді. Бұл мүмкіндіктердің қаншалықты пайдаланғанынан, ересек адамның творчствалық потенциялы тәуелді болады.

Творчестволық қызметтің асқан дарынды өкілдерінің барлық қуат - қабілеттерінің бірдей шарықтайтын кездері болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейілінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі, жазатын нәрсесі мұқият әрі тез дайындалумен қабат, іште жетіліп піседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардағы творчестволық қабілетінің дамуы

4. Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық қабілетінің табысты дамуына қажетті шарттар

Балада творчестволық қабілетінің дамуының маңызды факторының бірі, творчестволық қабілеттің қалыптасуына жағдай туғызу болып табылады. Бірнеше авторлар еңбектерінің талдауын қарастыра отырып, біз творчестволық қабілеттің табысты дамуының бірнеше негізгі шарттарын көреміз. Мына авторлардың қарастыруы бойынша, Дж. Смит, Б. Н. Никитина және Л. Л. Кэррола негізгі шарттар:

Бірінші шартқа - баланың физикалық дамуы жатады олар: ерте жузү, ерте еңбектеу, сонымен қатар ерте оқу, санау, әр түрлі құралдармен және материалдармен ерте танысу.

Творчестволық қабілеттің екінші даму шарты, баланың дамуына қолайлы жағдай жасау. Мүмкіндігінше балаларды қоршаған орта, оларға әр түрлі творчестволық әрекеттерге түрткі болатын орта болуы қажет, және сол уақытта қабілет эффективті болса, соны дамыту қажет. Мысалы: мектепке бармаған балаларға әр түрлі суреттер, әріптер салынған кубиктер беру қажет және бөлемесіндегі қабырғаға әріптер салынған суреттер іліп қою қажет. Бұл балалардың ерте оқып үйренуіне көмектеседі.

Үшінші бұл - ең маңызды творчестволық қабілеттің эффективті даму шарты, яғни творчестволық процесс түрінің өзінен алғанда, ол өзіне максималды күш жұмсауды талап етеді.

Төртінші шарт бұл - творчестволық қабілеттің табысты дамуы, баланың өзінің әрекеттерін өзі таңдауына мүмкіндіктерді көп беру керек. Сонда баланың мақсатының орындалуы, оған қызығушылық туғызып, эмоционалды көтеріңкі болып, оны қатты жалықтырмай, оған пайда әкеледі.

Бесінші шарт бұл - творчествоның дамуына конфортты психологиялық жағдай болуы қажет, бұл үшін жанұяда және балалар ортасында жағымды, достық қарым-қатынас болу қажет. Үлкендер баланың творчестволық дамуына үнемі түрткі беріп отыруы қажет. Олардың сәтсіздіктеріне және таңқаларлық, өмірде жоқ ойларына түсінікпен және төзімділікпен қарау қажет. Оларға ұрсып, ескертулер жасауға тырысу қажет.

Алтыншы шарт бұл - тек жағымды жағдай жасау ғана, баланың творчествосының потенциалы болуына жеткілікті емес. Бірақ батыстың кейбір психологтарының айтуы бойынша творчество бастапқыдан, яғни сәби кезінен бастап балаға тән, сондықтан оның кең дамуына кедергі жасалмау тиіс.

Жетінші шарт бұл - баланың творчестволық қабілетін тәрбиелеу тек мақсатқа бағытталған процесс болғанда ғана эффективті болады, сондықтан бағытталған мақсатқа жету үшін бірнеше педагогикалық шарттар шешіледі. Бұл курстық жұмыста творчестволық қабілет, творчестволық ойлау және мектеп жасына дейінгі қиялын анықтауда олардың негізгі бағыттарын және педагогикалық міндеттерін қарастырдық.

5. Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық ойлауының сапалы дамуы

Мектеп жасына дейінгі балалардағы творчестволық ойлаудың дамуының басты психологиялық міндеті, ол ассоциативтіліктің, диалектикалықтың және жүйелік ойлаудың қалыптасуы болып табылады.

Ассоциативтілік бұл - алғаш қарағанда салыстыруға болмайтын заттар мен көріністердің ұқсас қырлары мен байланыстарын көру қабілеті.

Ассоциативті ойлаудың дамуына орай ғана ол икемді және оригиналды болады.

Ассоциативті байланыстың көп мөлшері керек информацияны мидан тез шығарады. Ассоциативтілік бұл - мектеп жасына дейінгі балада рольдік ойындарда оңай қалыптасады, және бұл қасиетті дамытатын арнайы ойындар да бар.

Диалектикалық бұл - кез - келген жүйедегі олардың дамуына кедергі жасайтын қарама - қайшылықты көру және ол қарама - қайшылықтарды жою, мәселелерді шешу қабілеті.

Талантты ойлауға диалектикалылық ең қажетті қасиет болып табылады. Психологтар көптеген зерттеулер жүргізе келе диалектикалылық ойлау механизмі халықтың ғылыми творчествосында қалыптасуын анықтаған. Выготскидің кейбір еңбектерінде көрсетілгендей, ол үнемі өзінің зерттеулерінде де осы механизмді қолданған.

Мектеп жасына дейінгі балалардағы диалектикалық ойлаудың қалыптасуының бірнеше міндеттері бар;

1. Кез-келген заттағы және бейнелердегі қарама-қайшылықтардың байқауын дамыту.

2. Қарама- қайшылықтардың толық қалыптасуын анықтау.

3. Қарама- қайшылықтарды шеше білудің қалыптасуы.

Жүйелілік бұл затты немесе көріністі толық жүйе ретінде көру қабілеті, кез- келген затты, мәселені жан - жақты қабылдау, көріністер мен заңдылықтардың дамуын және қарым - қатынасын көру қабілеті.

Жүйелік ойлау ол заттың әр түрлі қасиеттерін көруге мүмкіндік береді. Жүйелік бөлшектер деңгейіндегі қатынастарды және басқа жүйелермен қатынастарын ұстайды. Жүйелік ойлау заттарды танып, жүйенің дамуында оның өткен шақтан осы шаққа және оны болашаққа деген қатынасында қолдану.

Жүйелік ойлау, жүйелі талдаумен және арнайы жаттығулармен дамиды. Мектеп жасына дейінгілердің жүйелік ойлау дамуының педагогикалық міндеттері:

  1. Кез - келген затты немесе көріністі уақыт бойынша дамушы жүйе ретінде қарастыру және оны қалыптастыра білу.
  2. Заттың көп қызметтілігіне қарамастан, дамудағы заттың қызметін анықтай білу.

6. Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық қиялының дамуы

Мектеп жасына дейінгі балалардағы творчестволық қабілеттің қалыптасуының екінші бағыты қиялдың дамуы болып табылады.

Творчестволық әрекеттердің негізі қиял болып табылады. Ол адамға ойлаудың инерциясынан арылуға көмектеседі. Бұл мағынада, бізді қоршаған адамдардың қолымен жасалған заттар, яғни табиғат әлемінен басқаларының барлығы творчестволық қиялдың өнімі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезең қиялдың дамуының сензетивті кезеңі болып табылады. Алғашында мектепке дейінгілердің қиялының дамуының керектілігі негізделгендей болып көрінеді. Көптеген психологтардың ойы бойынша, баланың қиялы үлкендердің қиялына қарағанда кеңірек, бай және оригиналды болады.

30 - жылдары белгілі орыс психологы Л. С. Выготский баланың қиялы біртіндеп оның белгілі бір тәжірибе жинауымен дамитынын дәлелдеді. Л. С. Выготский тұжырымдауы бойынша қиялдың барлық бейнелері, қанша таңқаларлық болса да, олар біз нақты өмірден алатын елестетулер мен әсерлерге негізделеді. Оның айтуы бойынша, қиялдың ақиқат пен байланысының бір формасы болып, қиялдың туындауы адамның алдыңғы тәжірибелерінде, әрекетерінде болатын элементтерден тұрады.

Творчестволық қиялдың әрекеті адамның алғашқы өмірлік тәжірибелерінің байлығы мен жан-жақтылығына тікелей байланысты. Жоғарыда айтылғандардан педагогикалық қорытынды жасасақ, егер біз баланың творчестволық әрекетінің қалыпты болғанын қаласақ, онда баланың тәжірибесін кеңейтуіміз қажет. Бала көбірек біліп, көріп, естіген сайын оның тәжірибесі кеңейе түседі. Ал барлық қиял тәжірибиенің көбеюінен басталады.

Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қызығушылықтары өте ерте кезден бастап байқалады. Алдымен бұл баланың 3-4 жастан ата-анасына қоятын сұрақтарынан басталады. Бірақ та баланың танымдық қызығушылықтарының дамуы немес жойылып кетуі қоршаған ортадағы үлкендер және ата-анасына тәуелді болады. Үлкендер баланың білімге, тануға деген қызығушылықтарын қанағаттандыруға тырысу қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықтары екі негізгі бағыттармен дамиды:

1. Бала тәжірибесінің ақырындап көбеюі, бұл әр түрлі саладағы әрекеттің жаңа білімдермен толығуы. Бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық белсендігін туғызады. Балаға қоршаған ортаның ақиқаттары ашылған сайын, тұрақты танымдық қызығушылықтарының пайда болуына және күшеюіне деген мүмкіндіктері кеңейеді.

2. Бір әрекет сферасының ішіндегі танымдық қызығушылықтардың біртіндеп кеңеюі және тереңдеуі. Танымдық қызығушылықтардың табысты дамуына алдымен ата-ана баланың немен қызығатынын білу қажет, тек сосын ол қызығушылқтардың қалыптасуына әсер ету керек. Тұрақты қызығушылықтың пайда болуына, баланың тек қана әрекет түрімен таныстыруы жеткілікті емес екенін ұмытпау қажет. Балада «жаңа затқа» деген эмоционалды қатынас пайда болуы тиіс. Бұл мектепке дейінгі балалар мен ересектердің бірігіп әрекет жасауынан көрінеді. Ересектер баладан бір нәрсеге көмектесуін немесе сүйікті пластинкасын бірге тыңдауын сұрайды. Мұндай жағдайларда балада пайда болатын сезім, оның әрекетінде жағымды мән туғызады және оның әрекетке деген қызығушылығының пайда болуына көмектеседі. Бұл жағдайда баланың өзінің творчестволық белсенділігін ояту қажет, тек сонда ғана жаңа білім шарты бойынша танымдық қызығушылығының дамуындағы қалаған нәтижелерді алуға болады. Балаға белсенді ойлауды тудыратын сұрақтар қою қажет.

Өнімді творчестволық қиял тек қана, бейненің оригиналдылығы мен ерекшеленбейді, сонымен қатар мұндай қиялдың маңызды қасиеті болып, елестетулерді керекті жеріне бағыттау және оларды белгілі бір мақсатқа бағындыру болып табылады. Өз ойларын басқара білмеуі және өз мақсаттарына бағындыра алмауы, ең жақсы ниеттерімен ойларының іске аспай жоғалуына әкеледі. Сондықтан мектепке дейінгі баладағы қиялдың дамуының ең маңызды жолы, ол қиялдың бағыттылылығының дамуы.

Мектепке дейінгі баланың қиялы заттан кейін пайда болады, ол не жасаса да бөлек - бөлек және аяқталмаған болады. Ересектер балаға тек қана бөлек - бөлек қиялдауды ғана үйренуге көмектеспеу керек, сонымен қатар өзінің ниеттерін, ойларын іске асыруды, кішкентай болса да өзінің аяқталған шығармаларын жасауды үйрету қажет. Бұл мақсатпен ата - аналар рольдік ойындарды ұйымдастыру және сол ойын барысында ойын әрекеттерінің барлық бөліктерінің орындалуына ықпал ету қажет. Баланың жақсы салған суреттері мен өздері шығарған ертегілерін салып қоятын арнайы папка болуы қажет. Мұндай творчестволық өнімдерді белгілеп отыруы, баланың қиялын аяқталған және оригиналды шығарма жасауға бағыттайды.

Тәжірибелік бөлім

Творчестволық қабілетті дамытуға арналған әдістемелер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды құрастыруға үйрету
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығы дамуының психологиялық жағдайлары
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қабілетін дамыту
Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары
Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Бейнелеу өнерін үйретуде карикатура әдісі арқылы ересек топтағы балалардың танымын дамыту
Конструкторлармен кұрастыру
Балабақшадағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Мектепке дейіңгі балалардың құрдастармен қарым-қатынасына ата - аналардың тәрбие стилінің әсерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz