Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары



Педагогикалық жүйе
Басқару жүйесінің деңгейлері
Педагогикалық әрекеттілік
Әдебиеттер
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша педагогикалық жүйенің қызметі қатаң белгіленген уақыт шегінде (9-11 жыл)орындалуы тиіс қоғамның қажеттілігін орындауға бағытталады. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады.
Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиға-тын таныта отырып, педагогикалық жүйенің компонент-тері, оның оңтайлы қызмет етуіне қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Осы негізде мектеп жүйе құраушы фактор-лардың жиынтығы болып табылады. Жүйені құраушы фактор мақсат пен нәтиже факторларынан көрінеді. Қызмет ету шарттары - әлеуметтік-педагогикалық және уақытша шарттарды; Құрылымдық компоненттер - басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйені, педагогикалық әрекеттің мазмұны, құралы, формалары мен әдістерінен түзіледі; Қызметтік компоненттер - педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және түзетуді құрайды.
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
4.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
5.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

6.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
7.Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997.
8.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.
9.Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987. тарау.
10. Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980.
11. Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.
12. Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер. -А., Мектеп, 1968.
13. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.
14. Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.
15. Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.
16. Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.
17. Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. -А., 1985.
18. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.
19. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А., 1985.
20.Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 жыл.
21.Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). -А., 1991.
22.Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. -А., 1983.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы:Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және
уақыттық
шарттары

Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше
компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның
тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал
жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша педагогикалық жүйенің қызметі
қатаң белгіленген уақыт шегінде (9-11 жыл)орындалуы тиіс қоғамның
қажеттілігін орындауға бағытталады. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын
айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан.
Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен
сипатталады.
Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиға-тын таныта отырып,
педагогикалық жүйенің компонент-тері, оның оңтайлы қызмет етуіне қажетті
және жеткілікті болуы тиіс. Осы негізде мектеп жүйе құраушы фактор-лардың
жиынтығы болып табылады. Жүйені құраушы фактор мақсат пен нәтиже
факторларынан көрінеді. Қызмет ету шарттары - әлеуметтік-педагогикалық және
уақытша шарттарды; Құрылымдық компоненттер - басқарушы (педагогикалық ұжым)
және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйені, педагогикалық әрекеттің мазмұны,
құралы, формалары мен әдістерінен түзіледі; Қызметтік компоненттер -
педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау,
қадағалау және түзетуді құрайды.
Мектепті педагогикалық жүйені басқару нысаны ретінде қарастыру, білім
беруді басқару, қызмет басқаруды басшылар, мұғалімдер мен оқушылардың
бірдей дәрежеде мақсат қойып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын, педаго-
гикалық және оқушылар ұжымын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды, оқу-
тәрбие жұмыстарының түрлі құралдары мен әдістерін таңдап, пайдалануды
білдіреді. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенің мақсат-тылығын сақтауға және
оны құрайтын компоненттерді жақсартуға оң ықпал жасайды.

Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің
қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі
айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің
мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да
базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу тәрбие процесінің
жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың
ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі
басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір
уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.

Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық
шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті
басқарудың шарт-тары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы
шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды
жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар - оқушылардың әлеуметтік-демографиялық
құрамы; мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің
материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты
компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігінің, маңызды
көрсеткіші педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық
психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық
деңгейі болмақ.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты бала-лардың дербес-
психологиялық дамуы және жас ерекше-лігіне сәйкес өзара тығыз байланысты үш
кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім
беретін мектептің үш сатысын (бастауыш - І-ІУ; негізгі орта - V-IX; жоғары
- Х-ХІ сыныптар) құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді
шешуге бағытталғанмен, ол бала тұлғасын дамыту - деп аталатын ортақ
міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту
дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады. Жүйе құраушы
факторлар, әлеуметтік - педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық
бақылау мен фнукциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды.

Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субьектісі
шешуші рөл атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық
компонентері айқындалатын нағыз педагогикалық ұжым және оның басшысын
немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және
арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз
функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың
мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатын-дығын
көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды.
Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен
тұрады.
Бірінші деңгей - ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп подагогикасы
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Психологиялық ахуал түсінігі. Балалар ұжымындаы психологиялық ахуал
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Білім жүйесін басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты. Педагогикалық-психологиялық эксперимент құру
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны және оның қасиеттері
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Пәндер