Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру


Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру
Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады.
Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады.
Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.
Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi.
Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.
Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi.
1. Республика Премьер-Министрi:
1. Үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi;
2. Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады;
3. халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге қол қояды;
4. Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының әкiмi қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi;
5. Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
6. Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады;
7. Үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады;
8. Республиканың заңдарымен өзiне жүктелген басқа да өкiлеттiктердi атқарады.
Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.
Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.
Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкiмет мүшелерi:
1. тиiстi мемлекеттiк органдарға басшылықты жүзеге асырады;
2. өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербес болады;
3. Республика Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне бағынышты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн дербес жауап бередi;
4. тиiстi мемлекеттiк органдардың қарауындағы мемлекеттiк басқару саласындағы (аясындағы) iстiң жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн жауап бередi;
5. өздерi басқаратын мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымын және штат санын осы органдардың Республика Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде белгiлейдi.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президеттінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 40-бабының 3-тарапшасына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол-халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылмайтын Үкiмет мүшелерi өз қызметiн олар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Министрлiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
Министрлiктiң құрылымын тиiстi министр бекiтедi.
Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi ведомостволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.
Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын Қазақстан Республикасының агенттiгi Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады.
Агенттiктiң құрылымын оның басшысы - төраға бекiтедi және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Агенттiк төрағасының жанынан алқа құрылады, ол консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сан және адам құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң актiлерi болып табылады.
Республиканың орталық атқарушы органының комитетi ведомство болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi болуы мүмкiн.
Ведомствоны тиiстi орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкiметi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың iшкi саласын (аясын) салааралық үйлестiрудi не оған басшылықты жүзеге асырады.
Ведомство шығаратын актiнiң нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Ведомствоның құрылымын, құзыретiн және басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн Үкiмет белгiлейдi.
Республика Премьер-Министрi мен Yкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
Премьер-Министрдің Кеңсесін құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды қызметке тағайындау мен қызметтен босатудың тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді.
Республика Үкiметi жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар Үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңесіің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заң күші бар Жарлығында айтылған болатын. Бұл мемлекеттік органның негізгі мақсаты конституциялық зандылықты қорғау, ал сол үшін ол мынандай құзыреттерін орындайды: Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексереді, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттар Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды, Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді және кейбір сұрақтарды қарайды.
Конституциялық Кеңес нормативтік қаулыларды қабылдайды. Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83 бабы. Бұл орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі бірыңғай қолданылғын, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта зандарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарлопы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие әрi өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi. Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бередi не ол лауазымнан босатылуға тиiс.
Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкiметi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығарады.
Республиканың Премьер-Министрi Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар өкiмдер шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz