Мемлекет функциялары, белгілері мен түрлері. Құқықтық мемлекет және оның белгілері



Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі».
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
• мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
• мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,аудан,...) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
• мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
• мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
• мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
• мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілершығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады; Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:
1. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
2. Индустриалдық мемлекет.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап – құлдар болды.
Құлиеленушілік құрылыс тұсында материалдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттің

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мемлекет функциялары, белгілері мен түрлері.
Құқықтық мемлекет және оның белгілері.

Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі
болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму
үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің
анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Ежелгі грек философы Демокрит: Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен
әділеттілік әкелуі керек,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: Жақсы
басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де
болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі.
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша,
мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін
бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт
болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
• мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады,
оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
• мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге
(облыс,аудан,...) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
• мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
• мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі,
егемендігі;
• мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет
істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
• мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілершығарады,
солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады;
Мемлекеттің типтері.
Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:
1. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық
болып екі сатыға жіктеледі.
2. Индустриалдық мемлекет.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар
қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы
билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі
билік жүгізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап –
құлдар болды.
Құлиеленушілік құрылыс тұсында материалдық игіліктерді өндіретін,
мемлекеттің қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл
тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағанын
айтады.
Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында
Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ,
Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы
Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.
Алғашқы индустриалдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап
буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVII ғасырдағы революциядан
кейінгі Англияны, XVIII ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына
түскен Францияны, Америка Құрама Штаттарын атауға болады.
Мемлекеттің функциялары. Мемлекет бірқатар маңызды фунциялар атқарады.
Бұдан II ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисті Адам Смиттің
тұжырымдауы бойынша, табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды
да нақты және түсінікті үш функцияны атқаруы керек.1, қоғамды күш
көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен қорғау; 2,
мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның
өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау; 3, жекеленгенадамдар мен шағын
топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау
міндеттілігі. Үкімет ерікті қоғамды сақтау және нығайту бағытында шаралар
жүргізуі керек.
Мемлекетті басқару формалары. Өркениет тарихын саралап қарасақ,
мемлекетті басқаруға жіберілетіндердің төмендегідей ықтималдылығы болуы
керек екендігін көреміз.

• Бірінші жағдайда – билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылады.
• Екінші жағдайда – билік тізгінін ұстайтын адам билікке ұмтылушылар
арасынан еркін сайлау жүргізу арқылы таңдалады.
• Үшінші жағдайда – қастандық, бүлік, төңкеріс немесе революциялық
жолдардың бірімен билікті әлдекімдер күшпен басып алуы мүмкін.
Жоғарыда аталған билікке қол жеткізудің мүмкін болатын үш жолының алғашқы
екеуі заңды, үшіншісі заңсыз болып табылады. Әдетте, билік басына заңсыз
келгендер өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындамайды, керісінше,
істегендерін заңды етіп көрсетуге тырысады. Сондықтан өздерінің билік
тұтқаларына заңсыз,
қастандықпен немесе революция арқылы қол жеткізген жағдайын халыққа
мейлінше жадағайлап түсіндіреді.Олар өз әрекеттерін халық атынан
көпшіліктің мүддесі үшін жасағандарын айтып,келешекте қой үстінде
бозторғай жұмыртқалайтын заман орнатуға уәде береді.Көпшілік жағдайда
билікке күш қолдану жолымен келгендер қысқа мерзім ішінде сайлау немесе
референдум өткізіп, өздерінің орындарын заңдастырып алуға
тырысады.Тарихта, қалыптасқан шым-шытырық ахуалдың салдарынан,биліктің
кездейсоқ адамдар тобының қолына өтіп кету сәттері де ұшырасқан.
Мемлекетті басқару формалары билікке келудің екі түрлі заңды жолына
сәйкес монархия (грек. monarchia - өзі билейді) және республика (res –іс,
publicus – қоғамдық, жалпыхалықтық) болып бөлінеді. Билік үшінші, заңсыз
жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде диктатура орнайды.
Монархия – обсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Обсолюттік монархия деп – мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай
заңдармен шектелусіз,өз қалауынша дара билік жүргізуін айтамыз.
Буржуазиялық революция жолымен билік басына келген үкіметтердің бәрі
бірдей тақта отырған монархты сыпыра қуаламағаны тарихтан белгілі. Жаңа
үкіметтер ел өміріне демократиялық ұстанымдарды белсенді енгізеді.
Монархтарды конститутциямен өзге заңдар шеңберінде, шектеулі әрекет етуге
мәжбүледі. Көптеген монархтар жаңа жағдайда тез көндігіп, елді өркениетті
жолмен басқаруды қабылдай бастады. Атадан балаға мұра болып қалған билік
иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып,
демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып, басқаруын конституциялық
монархия дейді.
Конституциялық монархия деп – аталатын басқару формасындағы елдердің
алдыңғы легінде қазір Англия, Жапония сияқты мемлекеттер тұр.
Республикалық басқару – парламенттік және президенттік болып екіге
бөлінеді.
Мемлекетті басқарудың парламенттік жүйесін қабылдап алған елдерде
парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе
партиялар коалициясы – премьер-министр басқарады. Парламенттік басқару
жүйесінде саяси партиялар үлкен рөл атқарады.
Парламентшілер бұл жерде партияның атынан емес, қоғамның, бүкіл ұлттың
атынан сөйлеп, әрекет етеді. Дегенмен олар өз партиялары бойынша
парламентте фракциялар құрайды, соның нәтижесінде парламентте оппозиция
пайда болады.
Үкімет өзі жасап, парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді,
парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет деп
есептегенде, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды
ұсынадыжәне оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына
заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады.
Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Германия елдері мысал бола
алады.
Мемлекетті басқарудың президенттік жүйесінде президентті және парламентті
халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы арақатынасы өзгереді, ел
президенті мемлекеттің де, үкіметтің басшылығын өз қолына алады.Қоғамның
саяси жіктелуі аңды органдардың қызметіне көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет түсігіні және мәні
Мемлекет белгілері
Биліктің бөлінуі қағидасы
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Мемлекеттің құрылым нысаны
Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
Экономикалық міндеттері мен мемлекеттің функциялары
Пәндер