Солтүстік Қазақстанның жануарлар әлемi


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМI

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң ғалымдарының мәлiметтерi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында кемiнде 378 омыртқалы жануарлар мекен етедi, оның iшiнде сүт қоректiлер 57 түрi, құстардың - 283 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 5 түрi, қос мекендiлер - 6 түрi, балықтың - 30 шақты түрi бар. Барлық түрлер бiрлесiп табиғи ортаның тұрақтылығын ұстауда мiндеттi-биоценотикалық рөл атқаратыны белгiлi.

Солтүстiк Қазақстан облысында омыртұасыз жануарлар арасында барынша жоғары әртүрлiлiгiмен жәндiктер ерекшеленедi.

СҚО өзендерi мен көлдерi зоопланктонында су экожүйесiнде жетекшi рөл атқаратын барынша әр түрлi үш топ ерекшеленедi - шаян тәрiздем ескек аяқтылар, коловраткалар, тармақ аяқтылар, сонымен қатар бентос өкiлдерi (сүлiк, моллюскалар, су кенелерi, қоңыздар, шыбын құрттары және басқа да жәндiктер, жылғалылар және шаян тәрiздiлер) .

Амфибия түрлерiнен сұр және жасыл құрбақа, сiбiр бақасы бар. Жорғалаушылардан сергек және тiрiдей туатын кесiртке, кәдiмгi сарыбас жылан, кәдiмгi және дала улы сұр жылан мекен етедi.

Құстар фаунасы облыстағы омыртқалы жануарлар арасында барынша әртүрлiлiгiмен ерекшелендi және 20 қатары бар. Олардың арасында санының ең көбi - 100 шақты түрi бар торғай тәрiздiлер (облыстағы барлық құстың 1/3) . Олардың арасында ең көп таралғандары үй торғайы, таған, сұр қарға, барылдақ торғай және басқалары. Тат тәрiздес қатары 40 шақты түрiмен ұсынылған. Маңызды шаруашылық және биоцени\отикалық сипатты қаз тәрiздiлердiң 26 ұя салатын және көктемгi-күзгi көшi-қон кезiнде ұшып өтетiн түрi бар. Оның iшiнде 5 қаз түрi, 18 ұя және жер үйректерi жәнек крохальдың 3 түрi бар. Ұя салатындар iшiнен сұр қаз, кряква, сұр үйрек, 2 шүрегей түрi, қызыл басты және шашақты қарала үйрек және тағы басқалары. Барлық көрсетiлген түрлер әуесқой аңшылықтың нысаны болып табылады. Биоәртүрлiлiктi сақтап қалу тұрғысынан қызығушылық туғызатын басқа құстар қатарынан 20 шақты түрлерi бар, оның iшiндегi 5 түрi Қазақстан Республикасының қызыл кiтабына енген жыртқыш құстар күнделiгiн атау керек.

Сүт қоректiлер фаунасы 6 қатармен көрсетiлген: жәндiкпен қоректенушiлер, қолқанаттылар, қоянтәрiздiлер, кемiргiштер, жыртқыштар және қос тұяқтылар. Таралу бойынша ең көп санды және әртүрлi қатары кемiргiштер - 12 түрi бар, оның iшiнде орман фаунасының өкiлдерiмен, мысалы кәдiмгi тиын және орман тышқаным, қатар дала фаунасы - суыр-байбақ, қызыл сары және қызыл беттi саршұнақ және тағы басқалары бар. Суды мекендейтiндер iшiнен ондатр және су сұртышқаны кездеседi. Синантропты түрлер - үй тышқаны мен сұр егеуқұйрықтар да бар.

Облыс аумағында қоян тәрiздiлер арасынан ақ қоян және ор қоян мекен етедi.

Жыртқыштар қатарында 12 жануар бар, оның iшiнде түрлерi түлкi, қарсақ, дала күзенi барынша көп таралған. Бұл қатардың барлық өкiлдерi, орман сусары, қүндыз, қара күзендi ескергенде, аңшылық нысаны болып табылады.

Басқа қатар құрамын келесiдегiдей: жәндiкпен қоректенушiлер - 7 түрi, жұптұяқтылар - 4 түрi, қоян тәрiздiлер - 2 түрi және қолқанаттылардың 1 түрi мекендейдi. Бұл қатардың ең аз зерттелген түрi қолқанаттылардың өкiлдерi болып табылады. Олармен кездесулер облысымызда үнемi тiркелуде, дегенмен СҚО-ына қай түрi тән екенiн айту мүмкiн емес. Осындай жағдай жәндiкпен қоректенушiлер қатысында да көрсетуге болады, олардың да кейбiр түрлерi туралы ақпарат жоқтың қасы.

Аңшылық жануарлар түрлерiнiң ресурстары. Биологиялық қорлардың ең маңызды түрi аңшылық фауна қоры болып табылады (түрлi-түстi қосымшаны қара) . Аңшылық фаунасы саны мен аулау динамикасы бойынша соңғы 5 жылдық мәлiметтер талдауы бұғы тәрзiдiлер (бұғы, марал, елiк) санының өсiмiн дәлелдейдi. (1 кесте) .

Кесте 1 -Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында аңшылық пайдаланылатын жер-сулардағы 2003-2007 жылдары
аңшылық жануарлардың негiзгi түрлерiнiң саны, мың. дарақ

Жануар түрi: Жануар түрi
2003 ж.: 2003 ж.
2004 ж.: 2004 ж.
2005 ж.: 2005 ж.
2006 ж.: 2006 ж.
2007 ж.: 2007 ж.
Жануар түрi: бұлан
2003 ж.: 35
2004 ж.: 73
2005 ж.: 53
2006 ж.: 61
2007 ж.: 60
Жануар түрi: марал
2003 ж.: 101
2004 ж.: 116
2005 ж.: 129
2006 ж.: 191
2007 ж.: 185
Жануар түрi: елiк
2003 ж.: 7201
2004 ж.: 6064
2005 ж.: 9213
2006 ж.: 8710
2007 ж.: 9685
Жануар түрi: қабан
2003 ж.: 120
2004 ж.: 153
2005 ж.: 229
2006 ж.: 285
2007 ж.: 321
Жануар түрi: қоян
2003 ж.: 28066
2004 ж.: 25935
2005 ж.: 36346
2006 ж.: 26211
2007 ж.: 28489
Жануар түрi: түлкi
2003 ж.: 9299
2004 ж.: 10006
2005 ж.: 12269
2006 ж.: 7812
2007 ж.: 8645
Жануар түрi: қарсақ
2003 ж.: 3942
2004 ж.: 2598
2005 ж.: 4058
2006 ж.: 3306
2007 ж.: 2245
Жануар түрi: жанатты ит
2003 ж.: 112
2004 ж.: 459
2005 ж.: 537
2006 ж.: 562
2007 ж.: 546
Жануар түрi: ондатр
2003 ж.: 24140
2004 ж.: 97400
2005 ж.: 35640
2006 ж.: 30737
2007 ж.: 39009
Жануар түрi: суыр
2003 ж.: 20598
2004 ж.: 26000
2005 ж.: 31849
2006 ж.: 25761
2007 ж.: 28498
Жануар түрi: құр
2003 ж.: 8334
2004 ж.: 13097
2005 ж.: 22696
2006 ж.: 13320
2007 ж.: 14803
Жануар түрi: құр
2003 ж.: 9641
2004 ж.: 14790
2005 ж.: 16763
2006 ж.: 15300
2007 ж.: 18664
Жануар түрi: қаз
2003 ж.: 53319
2004 ж.: 49415
2005 ж.: 63223
2006 ж.: 72524
2007 ж.: 75898
Жануар түрi: үйрек
2003 ж.: 521490
2004 ж.: 495025
2005 ж.: 592345
2006 ж.: 668916
2007 ж.: 696980
Жануар түрi: қасқалдақ
2003 ж.: 154099
2004 ж.: 164459
2005 ж.: 152942
2006 ж.: 148710
2007 ж.: 150022

Санының артуы сонымен қатар қабандар қатысында айтуға болады, жыл сайынғы орташа өсiм 10-20%. Бұл ең алдымен табиғат жағдайларына (жылы қыстар), жем-шөптiң жеткiлiктiлiгiне, олардың жеке түрлерiн пайдалануды қатаң қадағалауға (браконьерлiкке қарсы күрес, заңсыз аулауға айыппұл мөлшерлемесiнiң көбеюi) негiзделген.

Жыл сайын жанатты ит түрi артуда, бұл басқа аңшылық жануарлар түрiнiң санына терiс әсер етедi. Қояндар мен түлкiлер саны облыс аумағында жыл сайын бiр-бiрiне қатысты сәйкес өзгерiп отырады.

Соңғы үш жылда қарсақ санының кемуi байқалды, бұл құтыру ошақтарының пайда болуы сияқты факторларға, қысқы мерзiмдегi жайсыз климаттық жағдайларға байланысты болып келедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Ақсу-жабағылы қорығы
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Табиғат қорғаудың негіздері туралы
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Табиғат қорғаудың негіздері
Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz