Сыбайлас жемқорлықпен күресу



Кіріспе

Негізгі бөлім
2.1 Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi ... ... ... ... .7
2.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар ... ... 9
2.4 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.5 Сыбайлас.жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың
қауіпсіздігіне кепілдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
1. Ғаламтор
2. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңды, 1998ж.
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж. 48б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
2.1 Сыбайлас жемқорлықпен күресу
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi
... ... ... ... .7
2.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы
органдар ... ... 9
2.4 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылықпен және ол үшiн
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ..13
2.5 Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың
қауіпсіздігіне
кепілдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны
“параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып,
анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік
болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау,
жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-
әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып
алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде
сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-
жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді
орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе
делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты
мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу
үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты
оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі
мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму
тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да
қатты алаңдататыны анық. Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде
ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты
дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің
қатарына 1998 жылғы “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңды,
Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі
бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында “Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы” заң қабылданды. Бұл заңнамалық актілердің
мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас
жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа
байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және
ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы
мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және
басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi
қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты
құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын
белгiлеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және
iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.

Сыбайла жемқорлықпен күресу қағидалары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын
қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу,
анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және
кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк
мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға
теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас
жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың
пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi

1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн
мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген
адамдар жауапты болады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың
депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына
сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының
Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың
депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi
өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелерi;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша
жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет
қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң
үлесi кемiнде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық
капиталындағы мемлекеттiң үлесi (кемiнде отыз бес процент) ұлттық басқарушы
холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық
компанияларға берiлген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында
басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестiрiледi.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және
мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға
теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға
қайшы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар
да жатады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi,
мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық
бақылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды
тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу
рәсiмдерiн жетiлдiру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-
ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару
жүйелерiн қорғаудың басымдығы;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес
лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген
басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;
6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды
мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды
зардаптарын жою және олардың алдын алу;
7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем
жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды
көтермелеу;
8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен
соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң
қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн
қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;
9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға
кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау,
сондай-ақ оған бақылау жасау;
10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын
кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де
қызметтердi жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен заңға қайшы
тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында
арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;
11) кәсiпкерлiк қызметтi атқару заңмен белгiленген қызметтiк
мiндеттерiмен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2
және 3-тармақтарында аталған адамдар үшiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға,
соның iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару органдарында ақы
төленетiн қызметтер атқаруға тыйым салуды белгiлеу;
12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық
көрiнiстерiне төзбеушiлiк жағдайын қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар
1. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi
шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк
органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан
Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары,
ұйымдардың, оның iшiнде мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде талаптарын
орындауды және бұл үшiн кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да
қызметтердi тарта отырып, онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды,
сондай-ақ өздерiне белгiлi болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын
тiркеудi және олар туралы аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етедi.
2. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын
кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды
өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық,
кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары
жүзеге асырады.
3. өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты
мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар
анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және
ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндеттi.
Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық
сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтерi бар материалдарды
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiнде заңда көзделген шараларды
қолдануға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн
айқындауға хақылы.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен
және ол үшiн жауаптылық
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың
немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:
1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз
араласу;
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының
материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде
өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттiк ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң
үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарға, сондай-ақ жарғылық
капиталындағы мемлекеттiң үлесi (кемiнде отыз бес процент) ұлттық басқарушы
холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық
компанияларға берiлген ұйымдарға, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарына
мемлекеттiк қызметке кiретiн және қызметiн жоғарылататын кезде заңда
көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға
заңсыз артықшылық көрсету;
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де
қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол
ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға
беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат
беру;
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген
ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген
кандидаттардың сайлау қорына беру;
10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз
құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн
әлденеше рет бұзу;
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкiлеттiктерiн
пайдалана отырып мүлiктiк пайда, игiлiктер не артықшылықтар алу үшiн
аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды
мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау
жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды
тұлғаларға беру;
13-1) мемлекеттiк бақылау мен қадағалау мiндеттерiн мемлекеттiк орган
мәртебесi жоқ ұйымдарға беру;
14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не
өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де
мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас
жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың
немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағында аталған
қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық
жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен
босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не
заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңы
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күресу шаралары
Сингапурдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі тәжірибесі жөнінде
Пәндер