Сыртқы экономикалық қызмет жайлы
Кіріспе
3 бет
І тарау
Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
1.1.
Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәселелері: импорттық операциялар маңызы. 5 бет
1.2
Импорттық операциялардың құжатталуы 17 бет
1.3.
Импорттық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі 19 бет
ІІ тарау Субъектілердің импорттық қызмет бойынша операцияларын аудиторлық бақылау
2.1.
Импорттық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы 26 бет
2.2.
Импорттық операцияларды аудиторлық бақылау жасау сатылары 29 бет
2.3.
Субъектінің импорттық операцияларына жүргізілген аудитке аудиторлық қорытынды 31 бет
Қорытынды
33 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі
34 бет
Қосымшалар
35 бет

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің түрлері тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) экспорттау – сатып алушының еліне жөнелту арқылы сату, импорттау – сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Импорт (ағылшын тілінен import-әкелу) –елге шетелден шетелдік тауарлардың, капиталдардың, көрсетілген қызметтердің, технологиялардың, жұмыс күшінің т.б. әкелімі.
Объектілердік импортына ерекше кеден тәртіптемесі, салық төлемдері, пұрсаттылықтар, лицензиялар т.б. белгіленеді.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
-кедендік баж салығы;
-кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
-тауарда сақтауға алынатын кедендік алымдар;
-шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
-ҚР кеден органына лицензия бергені үшін алынатын алым;
-кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын берегні үшін алым;

1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңы. Алматы, 2007жыл.
2. Ұлттық қаржылық есеп беру стандарттары №2. 2007жыл .
3. «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік» НАЖ Алматы 2004
4. ҚР кеден кодексі 2006ж
5. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2002-109б
6. Кеулімжаев Қ.К. және т.б Бухгалтерлік есеп принциптері, Оқу құралы- Алматы: ЭкономикС, 2003
7. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2003
8. Н.Әжібаева, Қ.Кеулімжаев «Қаржылық есеп» Алматы 2001ж

Жоспар:
Кіріспе 3 бет
І тарау Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік
есебін ұйымдастыру
1.1. Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәселелері: 5 бет
импорттық операциялар маңызы.
1.2 Импорттық операциялардың құжатталуы 17 бет
1.3. Импорттық операциялардың бухгалтерлік есеп 19 бет
шоттарында көрсетілуі
ІІ тарау Субъектілердің импорттық қызмет бойынша операцияларын аудиторлық
бақылау
2.1. Импорттық операцияларды аудиторлық тексеру 26 бет
бағдарламасы
2.2. Импорттық операцияларды аудиторлық бақылау жасау 29 бет
сатылары
2.3. Субъектінің импорттық операцияларына жүргізілген 31 бет
аудитке аудиторлық қорытынды
Қорытынды 33 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34 бет
Қосымшалар 35 бет
Кіріспе
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің түрлері тауарларды
(қызметтерді, жұмыстарды) экспорттау – сатып алушының еліне жөнелту арқылы
сату, импорттау – сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Импорт (ағылшын тілінен import-әкелу) –елге шетелден шетелдік
тауарлардың, капиталдардың, көрсетілген қызметтердің, технологиялардың,
жұмыс күшінің т.б. әкелімі.
Объектілердік импортына ерекше кеден тәртіптемесі, салық төлемдері,
пұрсаттылықтар, лицензиялар т.б. белгіленеді.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан
шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді.
Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да
салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
-кедендік баж салығы;
-кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
-тауарда сақтауға алынатын кедендік алымдар;
-шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
-ҚР кеден органына лицензия бергені үшін алынатын алым;
-кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын берегні
үшін алым;
-алдын ала қабылданатын шешімдер үшін төлем.
Орындалатын курстық жұмыстың мақсаты – сыртқы экономикалық қызметтегі
импорттық операциялардың маңызын ашып беру болып табылады.
Жұмысты орындауда ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы
заңы, ҚР ҚМ тарапынан ұсынылған әдістемеліктер, Бухгалтерлік есептің типтік
шот жоспары, №2 ҚЕҰС материалдары қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспе, 2 тараудан: 1-шісі импорттық операцияларды
бухгалтерлік есепке алу, 2-шісі импорттық операцияларды аудиторлық бақылау
бойынша тапсырма орындалды.
І тарау Сыртқы экономикалық ықзмет бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік
есебін ұйымдастыру
1.1. Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәселелері: импорттық операциялар
маңызы
Шетелдерден материалдарды, құрал-жабдықтарды, тауарларды, материалдық
емес активтерді және басқа мүліктерді сатып алумен байланысты импорттау
операциялары жасалады.
Олармен есеп айырсу есебі 3310 Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек шотында жүреді, ал ол келесі аналитикалық
тұрғыда топтастырылады:
-шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу – есеп айрысу алдында
инкассалық тәртіпте есептелінеді, содан соң акцепттеу, аккредитив, шотты
ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша жүреді.
-коммерциялық несие бойынша шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырсу.
Есеп айырысу операциялары бойынша жүреді, онда олардың аударме
векселінің (тратта) акцепттелген немесе акцепттелмеген жағдайында импорттық
тааурлдар жеткізіледі.
-шетелдік валютада берілген вексельдер(траттар). Есеп айырысу, шетел
жабдықтаушыларына берілген коммерциялық несие бойынша есептелінеді және
олар бойынша есептелген пайызға вексель немесе шетел жабдықтаушыларымен
акцептеліп жазылған аударма векселін (траттарын) береді.
Келіп түскен импорт тауарларын есепте көрсету кезінде олардың сатып
алынған құнын дұрыс көрсетудің маңызы зор, өйткені онда контракт бойынша
сатып алу бағасымен қоса, әкелінген тауарға баж салығы, комиссиондық
марапаттау, жабдықтау, делдал, транспорттық-дайындау-шығыстары және басқа
ад шығыстар кіреді.
Сондықтан әрбір тауар түрінің сатып алу құнын есептеуге тура келеді.
Бірақ олардың құнын тек жабдықтаушыының бағасынан ғана анықтауға болады, ал
ол мына формула бойынша есептелінеді:
Се=ЦП*(1+К)
мұнда
Се – тауар бірлігінің құны;
ЦП – жабдықтаушының бағасы;
К –жалпы шығынынның жабдықтаушының шотында көрсетілген жалпы шығын сомасына
қатынастық коэффициенті.
Өз кезегінде
К=ОЗСП
мұнда:
ОЗ – жалпы шығын;
СП – жабдықтаушының шотында көрсетілген жалпы сомасы.
Бұл жерде жабдықтаушылармен есеп айрысу тек ғана шетелдік валютада
жүреді, сондықтан есеп жазбаларын қалыптастырған кезде мынаны ескерген жөн.
Ал олар бухгалтерлік есепте тек теңгемен есептеледі, яғни ҚР Ұлттық
банкі белгілеген бағам бойынша операцияның болған күніне сәйкес шетелдік
валютадан теңгеге ауыстырылады. Шетелден әкелінген тауарға тиісті кеден
төлемі мен салығын төлеген соң, олар Қазақстан Республикасының аймағына
еркін айналысқа түседі.
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарымен сәйкес кедендік
төлемдер мен алымдардан басқа тауарларды импорттау кезінде қосылған құн
салығын және акцизделетін тауарлар бойынша акцизін төлейді.
Импортталатын акцизделген тауарлар бойынша кеден заңдарымен сәйкес
анықталатын құн немесе натуралдық төлем салық салынатын обьект болып
табылады.
Әкелінген тауарлар бойынша ҚҚС мына формула бойынша анықталады:
Тст-кедендік құны;
Итп-импорттық кеден баж салығы;
Тсб-кедендік алымдар;
А-Акциздер.
ҚҚС = (Тст + Итп+ Тсб + А) * Н100
Н- ҚҚС мөлшерлемесі.
Қосылған құн салығын және акцизді имопрттаушы, не кедендік төлемін
қосып төлеген басқа тұлғалар төлейді және оған зачетка немесе төлемі
кейінге (3 айға дейін) қалдырылған қосылған құн салығы қосылмайды.
Кедендік процесін рәсімдеу кезінде төленген қосылған құн салығы зачетка
жатқызылады.
Мысалы, Республикамыз аймағына 2008 жылы 15 қаңтарда тауар импортталды.
Ол тауар өңдеу өнеркәсібіне арналған. Осы тауарға салынатын ҚҚС салық
төлеушінің өтініші бойынша үш айға кейінге қалдырылған. Оның кейінге
қалдырылған сомасы 82 мың теңге құраған.
Бірақ салық төлеушінің бұған дейін және үш ай барысында ҚҚС бойынша
артық төлемдері болса, онда кейінге қалдырылған ҚҚС зачетка жатқызылады.
Ал егер үш ай барысында ҚҚС бойынша төлеген сомасы кем болса, яғни бар
болғаны 60 мың теңге төлесе, онда кәсіпорын 11 сәуірден бастап 22 мың теңге
айыппұл төлей бастайды.
Өз өндірісінің қажеттілігі үшін әкелінген запас бөлшектер, құрал-
жабдықтар үшін қосылған құн салығын төлеген кезде зачеттық әдісін пайдалана
алмайды. Бірақ құрал жабдықтардың, запас бөлшектердің тізімін ҚР Үкіметі
анықтайды. ҚҚС зачет әдісімен төлеген кезде салық төлеуші кеден органдарына
ҚҚС бойынша есепке тұрғандығы туралы куәлігінің көшірмесін және
импортталған тауарларға қатысты ҚҚС декларациясын ұсынуы тиіс. Осы
құжаттардың негізінде ҚҚС төленбеген, бірақ еркін айналысқа жәберілген
тауарлар бойынша міндеттемесін анықтайды.
Кедендік төлемдердің және салықтардың есеп айырысу базасы бойынша
кедендік құн саналады, ал жабдықтаушылармен есеп айырысуды көрсету үшін
фактуралық құн пайдаланылады.
Бұл екі құнның айырмасы мынадай: фактуралық құн жабдықтаушының бағасын
білдіреді, ал кедендік құнның деңгейі есептеу жолымен шығарылады.
Кедендік құнды анықтаудың негізгі әдісі сырттан әкелінген тауарларға
жасалған мәміленің бағасы бойынша анықтау әдісі болып табылады. Негізгі
әдісті пайдаланудың мүмкіндігі болмаған жағдайда төменде аталған әдістердің
әдістердің әрқайсысы рет- ретімен пайдаланды. Мұндайда кедендік құн алдыңғы
әдісті қолдану жолымен анықтала алмайтын болса, әрбір келесі әдіс
қолданылады. Құнды шегеру және қосу әдістері кез келген ретте қолданылады.
1. Кедендік құнды сырттан әкелінетін тауарларға жасалған мәміленің
бағасы бойынша анықтау әдісі. Бұл әдіс нақты төленген немесе ҚР ның
кедендік шекарасынан өткен кезде төленуге тиісті баға ҚР- ның аумағына
әкелінетін тауардың кедендік құны болып табылады.
Кедендік құнды анықтағанда мәміле бағасы бұдан бұрын қосылмаған болса,
онда оған мынадай шығындар қосылады:
- тауарды әуе және су немесе басқа да жолдар арқылы ҚР кедендік
аймағына дейін жеткізуге жұмсалатын шығындар;тасымалдау құны;тауарларды
тиеуге; түсіруге, қайтадан тиеуге және төгуге жұмсалатын шығындар,
сақтандыру сомасы;
- сатып алушының жұмсаған шығындар: комиссиондық және брокерлік
сыйақылар, тауарларды сатып алғанда төленетін комиссиондық алымбұған
жатпайды; егер сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасына сәйкес
бағаланатын тауарлармен біртұтас нәрсе деп қаралатын болса, контейнерлердің
немесе басқадайкөп қолданатын ыдыстардың құны;бупы-түю жұмыстарының құны да
енеді;
- тікелей немесе жанама түрінде сатып алушыларға сыртқа шығарып сатуына
немесе өндірісіне пайдалануына байланысты төмендетілген бағасына немесе
тегін берілуіне келесі тауарлардың немесе қызметтердің құнының біршама
тиісті бөлігі:шикізаттар, материалдар, деталдар, шала өнімдер және
бағаланатын тауарлар, аспаптар, штамптар, қалыптар, бағаланатын тауарларды
өндірген кезде жұмсалған материалдары; ҚР аумағынан тысқары және
бағаланатын тауарларды өндіруге тікелей қажетті инженерлік зерттеулер,
конструкторлық тәжірибе жұмысының , дизайнның, көркем безендірудің,
нобайлар (эскиздер) мен сызбалардың өзіндік құны жатады;
- интелектуалдық меншік обьектілерін пайдалану үшін төленетін
лицензиялық және басқа төлемдер, бағаланатын тауарларды сату ережелері
ретінде сатып алушы оларды тікелей не жанама түрде жүзеге асыратын болса;
сатушы бағаланатын тауарларды ҚР аумағыгда одан әрі кез келген
жағдайда, оны қайтадан сатудан, басқа біреуге беруден не пайдаланудан
тікелей не жанама түрде табыс табатын болса.
Бұл әдіс келесі бес жағдайды сақтаған кезде қолданылуы мүмкін:
- тауар ҚР экспорт үшін сатылса;
- импортердің құқына қатысты бағаланатын тауарға шектеулер жоқ болса;
- сату немесе мәміле бағасы белгілі бір жағдайды сақтағанға байланысты
болмаса, егер де олардың тигізетін әсерін есептеу мүмкіндігі
болмаса;
- кеден құнын жария еткен кезде декларанттың пайдаланған мәліметі
тиісті құжаттармен қуатталып, анықталуы керек;
- мәмілеге қатысушылар бір- біріне тәуелді тұлғалар болмауға тиіс,
егер де олардың тәуелділігі болса, онда ол мәміленің бағасына әсер
етпеуі керек.
1. кедендік ұқсас тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша анықтау
әдісі. Ұқсас тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша бағалау
әдісін тауардың кедендік құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда
ұқсас тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасын осы топта көрсетілген
ережелерін сақтауға тиіс. Мұндайда ұқсас тауарлар деп бағаланатын
тауарлар мен қай жағынан алып қарағанда да, оның ішінде мынадай белгілері
арынша ұқсас болғаны жөн: физикалық сипаттамасы;сапасы, нарықтағы
орны;шығарған елі;өндірушісі бірдей тауарларды ұғынады.
2. Кедендік құнды бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша
анықтау әдісі.
Бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша бағалау

бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы сақталады.
тауарлардың бірыңғайлығын анықтағанда олардың мынадай белгілері: сапасы,
тауарлық белгісінің бар- жоғы және нарықтағы орны; шығарған елі; өндіруші
кәсіпорындары ескеріледі.
Кедендік құны біыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша
мынадай анықтау әдістер қолданылады: егер тауарлар бағаланатын тауарларды
шығарған елде шығарылмаса, олар біркелкі бағаланатын немесе солармен
бірыңғай тауарлар болып есептелмейді;бағаланатын тауарлардың өндіршісі
емес, басқа біреулер өндірген болса және бірыңғай тауарлар болмаған
жағдайда, олар назарға алынады; егер тауарлардың жобалануы, олардың көркем
безендірілуі, дизайны, нобайлары т.б. Қазақстан Республикасында орындалса,
ондай тауарлар біркелкі, не бірыңғай болып есептелмейді.
3. Құннан шегеру негізінде кедендік құнды анықтау әдісі- бұл әдіс біркелкі
немесе бірыңғай тауарларды бастапқы қалыптарынан өзгермей сатылған
жағдайда қолданылады. Құннан шегеру әдісін тауардың кедендік анықтау үшін
негіз ретінде пайдаланғанда тауар бірлігінің бағасы алынады, бағаланатын
біркелкі немесе бірыңғай тауарлар сатушы адаммен өзара тәуелді немесе
мәмілеге қатысушыға бағаланатын тауарлар әкелінген күннен бастап, 90
күннен әрі асырмай, сол баға бойынша мейлінше көп партиямен сатылады.
Тауар бірлігі бағасынан мына компаненттер шегеріледі: комиссиялық
сыйақыға төленген шығындар, пайдаға байланысты жалпы шығындар;тауарларды
әкелгендегі пошлиндер, салықтар, алымдар, тауарларды сырттан әкелуге не
сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиісті басқа да
төлемдер;ҚР тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу және түсіру жұмыстарына
жұмсалатын әдеттегі шығындар.
4. Құнға қосу негізінде кедендік құнды анықтау әдісі. Құнға қосу негізінде
бағалау әдісін тауардың кедендік құнын анықтау үшін негіз ретінде
пайдаланған кезде материалдардың құндары және бағаланатын тауарды
өндіруге байланысты дайындаушының шығарған шығындары; сондай тауар
түрдегі шығаратын елден Қазақстан Республикасына сатуға тән әкелінген
шығындарды, соның ішінде тасымалдауға, жүкті тиеуге және түсіруге, ҚР
кедендік шекарасынан өтетін жерге дейін сақтандыруға жұмсалатын
шығындарды және басқа шығындарды; мұнай тауарларды Қазақстан
Республикасына жеткізу нәтижесінде, әдетте, экспорттаушы алатын пайданы
қосу жолымен есептеп шығарылған тауар бағасы қабылданады.
5. Кедендік құнды анықтаудың резервтік әдісі. Егер тауардың кедендік құнын
мәлімдеуші кедендік құнды анықтаудың жоғарыда көрсетілген әдістері рет-
ретімен қолдану арқылы анықтай алмаса немесе кедендік органдар дәлелдеп
отырып, кедендік құнды анықтаудың бұл әдістерін пайдалануға болмайды деп
есептесе, кедендік құн резервтік әдіспен анықталады. Резервтік әдісті
қолданғанда Қазақстан Республикасының кеден органы кедендік құнды анықтау
үшін тауар бағасы негізінен оның жіктелуіне, сапасының сәйкестігіне
тәуелсіз түрде сараптау (инспекциялау) нәтижелері бойынша алынған
мәліметтеріне, сондай-ақ өздерінде бар бағаға сүйенеді.
Резервтік әдіс бойынша кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде:
Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы бағасы; үшінші елдерде
шығарылған тауардың бағасы; тауардың қалай болса солай белгіленген немесе
анықтығы расталмаған бағасы; ұқсас немесе бірыңғай тауарлардың есептеу
жолымен шығарылған бағасы пайдаланылмайды.
Егер де бірінші әдісті пайдалану мүмкіндігі болмаса, онда 2-6
әдістерді пайдалану керек.
Кеден органдарының депозитіне салынған кеден төлемдері мен
салықтарының сомасын сақтау мерзімі 60 күннен аспауы тиіс, егер де
олардың төлем құжаттарында 60 күннен асатын мәмілелердің шарттары болса
ғана асуы мүмкін. Жарияланған кедендік құжаттармен бірге декларациясы
ұсынғаннан кейін, артық төленген кедендік төлемдер мен салық сомасын
қайтару (немесе зачетка жатқызу) немесе толық төленбеген сомасын өндіріп
және кеден құнын түзетудің нысанын толтырумен бірге жүзеге асады.
Кеден құны бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Алынған әрбір тауар түрінің құны оның жасалған төлеміне қарап
есептелінуі тиіс.
Мысал. Шетел жабдықтаушыларынан алынған тауар бірлігінің құны мынаны
құрады:
А тауары – 961 АҚШ доллары немесе 146072 теңге (961х152);
Б тауары – 183 АҚШ доллары немесе 27816 теңге ( 183х152);
В тауары – 219 АҚШ доллары немесе 33288 теңге (219х152).
1. Жоғарыда келтірілген формуланы пайдалана отырып, шығындар
коэфицентінің қатынасын анықтаймыз.Әкелінген тауарлармен байланысты
шығындардың сомасы 3958437 теңге құраған
(212500+1732800+69312+31035). Сатып алынған тауардың құны 15200000
теңге құраған. К=395834715200000=0,260418.
2. Енді тауар бірлігінің құнын анықтаймыз:
А тауары
Се=961х152х(1+0,260418)=184111,71 теңге;
Б тауары
Се=183х152х(1+0,260418)=35059,78 теңге;
В тауары
Се=219х152х(1+0,260418)= 41956,78 теңге.
3. Әрбір тауар түрі бойынша есептелініп шығарылған мәліметтерді 1330
“Алынған тауарлар” субшотының дебеттік айналымымен салыстырамыз,
егер де олар тең болса, онда есеп дұрыс шығарылған болып саналады:
А тауары 25х184111,71=4602793 теңге;
Б тауары 110х35059,78=3856576 теңге;
В тауары 255х41956,78=10698978 теңге;
Жиыны 19158347 теңге
Консигнация жағдайында импортталған тауарлар.
Консигнация жағдайында импортталған тауарлар мен өнімдерді сатқан кезде
консигнацияға консигнант пен консигнатор арасында келісім-шарт жасалынады.
Тараптар келісімшарттың барлық реквизиттерінің толтыруына жеке көңіл бөлуі
қажет, ол екі данада жасалады, әрбір тараптар үшін бір-біреуден. Бұл
операциялардың есебі валюталық операциялармен, бағамдық айырмамен, кедендік
рәсімдеумен, консигнаторлармен есеп айырысу тәртібімен, бюджетке төленетін
қосылған құн салығымен, сақтау жағдайымен және консиганцияға алынған
тауарларды рәсімдеумен байланысты болып ерекшеленеді.
Тауарларды консигнацияға әкелген кезде ”кеден-қойма“ (ИМ-74) тәртібі
бойынша рәсімдеу әдісі пайдаланылуы мүмкін.
Бұл тәртіп әкелінген тауарлардың уақытша сақталмайтындығын көрсетеді
және ол кеденнің бақылауында болады, бірақ олар сол сақталған тауардан
кеден салығын және басқа да салықтарын өндіріп алмайды, тек сақтау
кезеңінің барысына экономикалық шараларды қолданады. Кеден қоймасы болып
кеден қоймасының тәртібімен сәйкес келетін тауарды сақтауға арналған кез
келген арнайы бөлігін және керек-жарақтарымен қамтылған ғимараттар
танылады.
ҚР Орталық кеден органы мекемелердің қоймасына лицензия береді.Тиісті
керек-жарақтарымен қамтылған кеден қоймасы кеден бақылауынсыз қоймаға
тауарлардың сақталуын қамтамасыз етелі. Қойманың жан-жағы қоршалады. Кеден
қоймасынан тауарларды босатқан кезде кеден оргадары берген кедендік жүк
декларациясымен қоса мына құжаттар да ұсынылады:
- әкелінген тауарларға жүк және тауармен ілесіпжүретін құдаттары
(накладной, коносаменттер, шот-фактуралар, жасап шығарылған затты
сипаттайтын құжаттар – спецификациясы т.б.);
- кеден бақылауы мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру үшін қажет
басқа да құжаттар.
Кедендік қойма тәртібінде тауарлар орналастырған кезде кеден құнынан
0,2% деңгейінде Қазақстан Республикасының валютасында кедендік рәсімдеу
үшін кеден алымы алынады.
Кеден органы қойма иесінің пікірін ескере отырып, қоймада сақталатын
тауарлардың түріне, конструкциясына, босату қабілетіне және де басқа да
қойманың нақты функционалдылығын қозғайтын фактілеріне байланысты кеден
қоймасының қолдану режимінің процедурасын бекітеді.
Тауар қоймада үш жылға дейін сақталады. Көрсетілген мерзім кейбір жеке
тұлғалар үшін шектелуі мүмкін. Тауарды сақтаудың нақты мерзімі тауар
сақтаушы мен қойма иесінің арасында анықталады.
Сақтау мерзімі аяқталған тауарлар бойынша олардың басқа кеден тәртібіне
көшкендігі туралы хабарланады. Тауарлардың кедендік құны олар еркін
айналысқа түспей тұрып және жаңакеден тәртібіне көшпей тұрған кезінде
анықталады.Бұл кезде тауардың құны кеден қоймасына өткізбей тұрғандағы
бағасынан кем болуы тиіс.
Кәсіпорын импорттардан консигнацияға қабылданған тауарды сатқанда
(меншік құқығының ауысуына) дейін, олар кеден қоймасының тәртібі бойынша
рәсімделуі мүмкін.
Консигнациялық мәмәіле консигнациялық шартпен құжатталады, онда жалпы
ережелерденбасқа: тауарларға меншік құқығының ауысу кезін; консигнаторға
берілетін сыйақы ережелерін (сатылатын тауарлардың құнынан есептелетін
пайыздары немесе тауардың ең арзан және ең қымбат бағасының арасындағы
айырмашылық түрінде); тауардың сатылатын аймағын; тауардың ең арзан және ең
қымбат бағасын; тауардың қоймада сақталу мерзімдерін жәнеегер бұл тауар
толық не жартылай өтпесе, оны консигнатордың консигнантқа қайтару
ережелерін көрсетеді. Кедендік құжаттау кезінде консигнацияға сырттан
әкелінетін тауарлар уақытша әкелінген мүлік ретінде рәсімделеді (яғни
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы орындары ауыстырылатын
заттарға кедендік шекарадан өткен кезде не қазақстандық заңды тұлғаға, не
одан меншік құқығы ауыстырылмайды) және бұл мүліктен кедендік рәсімдеуді
жүргізгені үшін ғана төлем алынады. Кедендік құжаттарды жүзеге асыратын
мекемелер өздерінен өткен мүліктің есебін жүргізеді. Мүлікке байланысты
әрекеттер жасалынып, соның нәтижесінде ол тауарға айналғанда, жалпы
белгіленген тәртіп бойынша кедендік жаңа жүк мәлімдемесін табыстау арқылы
қайтадан мәлімдеумен кедендік құжаттауға жатқызылады. Мәлімдемеші
белгіленген талаптарды орындаған жағдайда кеден органдары “Шығаруғы рұқсат
етілген” деп белгі соғады, Қазақстан Республикасының аумағында еркін
айналуына, яғни тауардың республика аумағында сатылу уақыты оның кедендік
құжатталу уақытымен сәйкес келуі керек. Жүктерді сақтау және сату үшін
анықталған мерзімнің аяқталуы бойынша, сатылған консигнациялық тауарларға
кедендік рәсімдер үшін белгіленген төлем мөлшері және төлемі бойынша
импорттық кедендік баға салығы, акциз салығы (акциязді тауарлар бойынша)
салынады.
Консигнациялық тауарлар сақталу мерзімі аяқталған соң, республиканың
кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге қайтарылған жағдайда (егер
тауар өтпесе) кедендік төлемдер алынбайды. Консигнаттарға консигнанттан
қабылданған тауарлары өткенге дейін консигнаттар “Консигнацияға
(комиссияға) қабылданған тауарлар” деп аталатын баланстан тыс 004 шотта
есепке алынады. Бұл шотта тауарлардың түрлері бойынша және контрактіде
(келісімшартта) көрсетілген бағалары бойынша есебі жүргізіледі. Төменде
келтірілген мысал арқылы сатып алынаған тауарларды консигнациялық жолмен
сатуға байланысты жасалатын операцияларының есепте көрсету тәртібі
қарастырылған. Онда есеп консигнанттар мен түрлері бойынша жүреді.
Мысал. Тауардың контракт құны 10000 АҚШ долларына тең болды делік, ал
тауар консигнаторға наурызда берілген (ҚР ҰБ бағамы – 1 доллар үшін 152
теңге құраған). Консигнатор кеден қоймасы белгіленген тәртіпте
рәсімделген және консигнациядағы келісім шарттың жағдайына сәйкес
тауарлардың сатылуы жүзеге асырылуына байланысты мынадай жағдайлары
қарастырылған:
- консигнантқа бүкіл контракт құны бойынша қайтару;
- тауарды 65% аспайтын ҚҚС ескерілген үстемесінен сата алатындығы
белгіленген (бұл алынған сома оның шығысы және консигнаторға
берілетін марапаттауболып табылады).
Қаралған үстеме бойынша (яғни, 65%) тауар бір ғана сатып алушыға
сатылады делінген.
Бухгалтерияда консигнатор – консигнация негізінде жасалған келісім-
шарттың шот-фактурасынан (инвойсынан) алынған көшірмелері мен тауарлы-
транспорттық құжаттарының негізінде шоттардың келесі корреспонденциясы
жасалынады.
1.2. Импорттық операциялардың құжатталуы
Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың
құқықтары, міндеттемесі, тараптардың жауапкершіліктері көрсетіледі.
Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген
терминін пайдалануды ұсынады.
топ Жабдықтаудың Франкировка жағдайы
шартты белгілері(тасымалдау шарттары)
Е EXW Завод франкосы
F FCA Еркін тасымалдаушы
FAS Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу
FOB Еркін бортқа әкелу
C CFR Құны және фрахтысы
CIF Құны, сақтандыру және фрахтысы
CPT Тасымалдауға дейін төленген
CIP Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті
тасымалдауға дейін төленген
D DAF Шекараға дейін жеткізілген
DES Кемеден жеткізілген
DEO Кеме тоқтайтын жерге дейін, айлаққа дейін
жеткізілген(баж салығы қосылған)
DDU Баж салығын төлемей жеткізілген
DDP Баж салығын төлеп жеткізілген
Е тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге
дайын тұрған тауарды алады.
F тобының шарты бойынша сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына
дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп береді.
С тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады,
бірақ жүкті жөнелткеннен кейінгі пайда болатын шығыстарға,
бұзылуларына(жоғалту) жауап бермейді.
Д тобында сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген
жеріне дейін жеткзіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СЭҚ қолданылатын негізгі құжаттар :
- техниалық құжаттаулар –тех.төлқұжаты, сызбасы, пайдалану, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz