Тарихи таным
Тарихы
Ертедегi ортағасырлық мемлекеттер
14 — 15 ғ.лардағы Қазақстан
16 ғ.да Қазақ хандығы
Ертедегi ортағасырлық мемлекеттер
14 — 15 ғ.лардағы Қазақстан
16 ғ.да Қазақ хандығы
Тарихы. Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.
Тарихи таным
Тарихы. Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай
жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған
тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте
палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн)
ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан
табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130
мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл
өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 —
10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына
тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк
дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық
заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-
батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк
сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған.
Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi
Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi
жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар
топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың
шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы
Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш.
б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт.
Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан
(Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ,
Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы
аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.
Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан
(Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан
(Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10,
Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай,
т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта
тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты
қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған.
Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да
табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа
құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде
палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов
атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ.
Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу
өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ,
т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат
бередi. Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен
кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң
ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр
ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас,
Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт.
Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты
аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка,
т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол
мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм
өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал
жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш,
келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау,
бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар
жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының
бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды.
Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан,
т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған,
Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.)
табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7
мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының
материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған.
Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары
ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым,
Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық
аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым
егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2
мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi. Көкшетаудағы Ботай бекетi
жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi
далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық
деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар
бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған. Қола
дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ.
Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде
айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды,
отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола —
еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне
айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта
Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының
ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi
жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан
табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған
тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады. Андрон мәдени-қауымдастығы
таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге
бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта
кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi;
соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары,
Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы
тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi
бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола
дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған
заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек
құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе
ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау
жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу,
тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән
уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ,
тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен
кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық
тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда
отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң
өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады.
Қазақстанның қола дәуiрiндегi тайпалар бiрлестiгiнiң негiзiнде
ертедегi көшпелiлер мәдениетi қалыптаса бастады (қ. Көшпелiлiк). Б.з.б. 1-
мыңжылдықтың басында Қазақстан далалары мен шөлейт, таулы аудандарында
негiзгi кәсiп көшпелi мал ш. болды. Темiр дәуiрiнде (б.з.б. 7 ғ-дың басы)
адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм
мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен
пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал ш-ның
негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi.
Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс
бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме
кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар
арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры
дәуiрiнде (б.з.б. 1 — мыңжылдық ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар
қалыптасты. Қазақстанның оңт., шығыс және орт. аудандарын мекендеген
тайпалар сақ тайпалар одағына (қ. Сақтар), ал батыс, солт. аудандарындағы
тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археол. деректер бұл
бiрлестiктерде мемл. нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңт.
өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi
олардың мәдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары болып
табылады. Шығ. Қазақстандағы тайпалар материалдық мәдениетi майәмiр (б.з.б.
7 — 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар), құлажорға (б.з.б. 3 — 1 ғ-лар)
кезеңдерiне бөлiнедi. Майәмiр кезеңiндегi Шiлiктi обасы, Берел кезеңiндегi
осы аттас обалардан алынған мағлұматтардан сақтардың әлеум. жағдайын,
тұрмысқа қажеттi заттардан олардың шаруашылығы мен дүниетанымын аңғаруға
болады. Орт. Қазақстан тайпалары Тасмола мәдениетiн қалдырды (жазба
деректерi бойынша бұлар массагет тайпалары не исседондар). Мұны тастардың
тiзбектеле, мұртқа ұқсай орналасуына байланысты “мұртты обалар” деп те
атайды. “Мұртты” обалардың архит. кешенi қола дәуiрi тайпаларының
табынушылық құрылыс өнерiнiң дәстүрлерiн айқын бейнелейдi. Савромат-сармат
ескерткiштерi, әсiресе, Елек өз. бойында көп шоғырланған. Мұндағы Бесоба
қорымы, Целинный қорымы, Сынтас қорымы, т.б. ескерткiштердiң құрылысы мен
олардан табылған заттар бұл тайпаларда қолданбалы өнердiң жоғары
болғандығын көрсетедi. Ертедегi көшпелiлердiң дiни нанымында отқа, күнге,
от басы, ошақ қасы, ата-баба аруағына табыну орын алды, пұтқа, керемет
күшке сенушiлiк сақталды. Қолданбалы өнерде скифтiк-сiбiрлiк аң кескiнiн
бейнелеу нақышы кең тарады. Бат. және Солт. Қазақстандағы савромат
мәдениетi тайпалары — аландардың арғы тегi, Шығ. Қазақстанды аримаспылар,
Жетiсу мен Оңт. Қазақстанды тиграхауда сақтары, Арал маңын массагеттер
қоныстанды. Темiр дәуiрiндегi ежелгi тайпалар бiрлестiгi жөнiндегi жазба
деректемелердi екi топқа бөлуге болады: 1) көне деректермелер (Геродот,
Ксенофонт, Птолемей, т.б.); 2) ахамен әулетi (ежелгi парсы) сына жазбалары.
Соңғы деректемелерде сақтардың үш тобы: хаумаварга сақтар, тиграхауда
сақтар, тиай-парадрайа сақтар аталады; (қ. Қазақстанның ежелгi тайпалары).
Жазбаша деректемелер археол. зерттеулермен ұштастырылып қазiргi таңда
б.з.б. 8 — 1 ғ-лардағы тайпалар, тайпалық одақтар жөнiнде көп мәлiметтер
алынып отыр. Б.з.б. 3 ғ-да Қазақстан жерiнде кейбiр тайпалар өз мемлекетiн
құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түскенiн де жазба және
археол. деректемелерден көруге болады. Шаруашылықтың бiртiндеп дамуы,
тұрмыстың бiршама ортақтығы, этн. жақындық Қазақстан аумағында
мемлекеттердiң құрылуының негiзгi себептерi болды. Олардың алғашқылары
сюнну (ғұндар) болатын. Оның атау тегi әр түрлi тайпаларды бiрiктiрген және
Тынық мұхит пен Солт. Қытайдан Алтай мен Жетiсуға дейiнгi аумақты, ал
кейiннен одан әрi батысқа да ара-тұра таралып отырған саяси құрылымға
қатысы бар. Зерттеушiлер ғұндарды түрiктердiң арғы ата-бабалары деп
есептейдi. Бұл бiрлестiктi Модэ басқарған кезде ғұндар бүкiл әлемге
танылды. Модэ шаньюй б.з.б. 206 ж. Қытайға, б.з.б. 201 ж. Алтай тайпаларына
сәттi жорықтар жасады. Ғұндар бiрлестiгiне шыққан тегi әр түрлi тайпалар
немесе этн. саяси құрылымдар кiрген. Конфедерацияның қоғамдық өмiрiне бiр
орт-қа бағынғысы келмейтiн қуатты күштер, кең байтақ жердiң әр түкпiрiндегi
аудандар арасында берiк саяси және экон. байланыстардың болмауы зор ықпал
жасады. Ғұн қоғамында бiрлiк Фратрияаралық бауырластық ұйымның ерекше түрi
болуы арқылы орнаған. Б.з.б. 1 ғ-дың ортасында сюнну қоғамы өз вассалдық
иелiктерiнен айырылып, Хуханье шаньюй бастаған оңт. және Чжичжи басшылық
еткен солт. топтарға бөлiндi. Оңт. сюннулер Ордос аумағында қалды да, солт.
сюннулер өз тайпаластарының қысымымен солт. пен батысқа қоныс аударды.
Б.з.б. 49 ж. Чжичжи ғұн конфедерациясын қайта бiрiктiруге деген талпынысы
нәтиже бермедi. Ол қаңлылармен одақтасып, үйсiндермен соғысты. Хань
империясының бодандығындағы оңт. ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетiн
құрды. Солт. ғұндардың Едiл — Жайықтағы үлкен бөлiгi 4 ғ-дың 2-жартысында
Қара т. жағалауын, Днестрге дейiнгi өлкенi бағындырды. Жалпы, ғұндардың
батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткi болды. Ол
Қазақстанды мекен еткен тайпалардың этн.-саяси тарихына елеулi өзгерiстер
енгiздi. Жетiсуда ежелгi тиграхауда сақтарының жерiн мұра етiп алған
усундер (үйсiндер) Орт. азиялық тайпалар едi. Олар б.з.б. 160 ж. шамасында
өз мемлекетiн құрған. Негiзгi жерi Iле алқабында болды, бат. шекарасы Шу
мен Талас өзендерi арқылы өтiп, Қаңлы мемлекетiмен шектестi. Шығысында
ғұндармен, оңт-тегi иелiгi Ферғанамен ұштасып жатты. Қытай жазба деректерi
үйсiндер иелiгiнде 630 мың адам болғанын және бiр уақытта 188 мың
жауынгерге дейiн шығара алатынын мәлiмдейдi. Үйсiндердiң археол.
ескерткiштерi — қорымдар (Қапшағай, Өтеген, Тайғақ, Қарлақ, Ақтас, т.б.)
мен қоныс орындарынан (Ақтас, Кеген, т.б.) табылған заттар олардың мал ш-
мен, егiн егумен айналысқанын көрсетедi. Үйсiн байларының 500-ге тарта
жылқысы болғандығы жазба деректерден де белгiлi. Үйсiн қоғамындағы әлеум.
айырмашылықтар археол. материалдардан да айқын байқалады. Қаңлы (кангюй,
канцзюй) мемлекетi жазба деректемелерде б.з.б. 2 ғ-да айтыла бастайды.
Кейбiр деректерде қаңлы халқы 120 мың отбасынан, 600 мың жаннан құралатыны
және саптағы әскерi 120 мың адам екенi айтылады. Қаңлылар б.з.б. 46 — 36 ж.
Чжичжи бастаған ғұндарды қолдады, кейiн үйсiн және қытайлармен бiрiгiп,
оларға қарсы шыққан. 85 ж. қаңлылар Қашғардағы қытай уәлиi Бань Чаоға қарсы
көтерiлген ферғаналықтарды жақтаған. Қаңлылар Жiбек жолының Сырдария
бойымен өтетiн Ферғанадан Арал өңiрiне дейiнгi бөлiгiн өз бақылауында ұстап
тұру үшiн күрес жүргiздi. Қаңлылардың қала жұрттары мен обаларынан шетелдiк
бұйымдар көп шыққан. Олардың археол. ескерткiштерi ғыл. ортада жетiасар
мәдениетi, қауыншы мәдениетi және отырар-қаратау мәдениетi деген атаулармен
белгiлi. Қаңлы мемлекетiнiң халқы егiншiлiкпен, мал ш-мен, қолөнер
кәсiбiмен, саудамен айналысқан. Ғыл. әдебиеттерде қаңлы, үйсiн халықтарының
этн. сипаты жөнiндегi мәселе күрделi де қиын. Олардың қай тiлде сөйлегенi
жөнiнде де бiрыңғай пiкiр жоқ. Зерттеушiлердiң бiразы оларды шығыс иран
тайпаларынан шыққан десе, екiншi бiреулерi олар түркiлердiң арғы аталары,
олар түркiше сөйлеген деп есептейдi. Қалай болғанда да, қазақтың ең iрi
тайпалары үйсiн, қаңлы деп аталады. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай,
Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экон. және мәдени
байланыс орнатқан.
Ертедегi ортағасырлық мемлекеттер. Қазақстан жерi 6 ғ-да билеушiлерi
ашин руынан шыққан Түрiк қағандығының билiгiнде болды. Түркi этносы 3 — 4 ғ-
ларда қалыптасқан. “Түркi” этнонимi алғаш рет қытай жылнамаларында 542 ж.
аталады. Қытайлар түркiлердi сюннулердiң (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.
Шежiрелерде Вэй князьдiгiнiң солт. өңiрлерiне солт.-батыс жақтан келген
түркiлердiң (туцзюе) жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететiнi
хабарланады. 546 ж. тирек (теле, телi) тайпалары қазiргi Моңғолияның оңт.
және орт. бөлiктерiн мекендеген және мұнда үстемдiк еткен аварларға (жуань-
жуань) қарсы жорық жасады. Түрiк қағаны Бумын күтпеген жерден тирек
әскерiне шабуыл жасап, кескiлескен шайқастан кейiн оны жеңедi де,
тиректердiң 50 мыңнан астам әскерiн тұтқынға алады. Даланың әдеттегi
құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынғандарды өзiне қосып алған
түркiлер күшейiп, 552 ж. көктемде аварлар ордасына шабуыл жасап, оларды
күйрете жеңедi. Сөйтiп, Бумын (553 ж. өлген) Түрiк қағандығының негiзiн
салды. Оның мұрагерi Мұқан қаған (553 — 572) билiк құрған жылдарда қағандық
Орт. Азияда саяси үстемдiкке ие болды. Олар Маньчжуриядағы қидандарды,
Енисей аймағындағы қырғыздарды бағындырды. Солт. Қытай мемлекетi алым-салық
төлеп тұрды. 561 — 563 ж. түркiлер Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрды.
587 ж. Бұхара түбiнде түркiлер эфталиттердiң негiзгi күшiн талқандады. 588
ж. Герат қ. түбiнде Иран түркiлердi жеңдi. 571 — 576 ж. Истеми (Iстемi) мен
Түрiксанф қағандар басып алған Терiстiк Кавказ бен Қырым жерлерiне жорық
жасаған болатын. Қағандықтағы өзара қырқыс кезiнде (582 — 593) мұндағы
ықпалынан айрылды. Түркi қағандығындағы әлеум. қайшылықтар, ашаршылық, жұт,
Суй әулетiнiң (Қытай) шекаралардағы шабуылдары (581 — 618) бұл мемлекеттiң
603 ж. Батыс және Шығыс болып екiге бөлiнуiне алып келдi. Батыс түрiк
қағандығы “ежелгi усун жерлерiне” iрге тептi. Оның аумағы Қаратаудың шығыс
баурайынан Жоңғарияға дейiнгi жердi алып жатты. Қағандықтың негiзгi этн.-
саяси ұйытқысы “он тайпа” (он оқ будун) болды. Шу өз-нiң шығыс жағында
дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi.
Астанасы Суяб (Қырғызиядағы Тоқмақ қ-ның маңы), ал қағанның жазғы ордасы
Мың бұлақ (Түркiстан қ. жанында) едi. Қағандықтың күш-қуаты Жегуй-қаған
(610 — 618) мен Түн-жабғы (618 — 630) тұсында күшейе түстi. Тохарстан мен
Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндiстанның солт.-
батысына дейiн кеңейттi. Соғды мен Бұхарада қаған өкiлдерi отырды. Халық
(түркiлер, соғдылықтар) сауда-саттықпен, қолөнер кәсiбiмен, егiншiлiк және
мал өсiрумен айналысты. Батыс түрiк қағандығында әлеум.-экон. және саяси
қатынастардың ала-құла, үстемдiк ету мен тәуелдiлiктiң алуан түрлi болуына
қарамастан, таптардың құрылу және ертедегi феод. қоғамдық қатынастардың
бiршама тез қалыптасу үрдiсi жүрiп жатты. Iшкi тартыстар мен Жетiсудағы Тан
империясы саясатына қарсы күресте Үшлiк (Үш-Елiк, Учжиле) бастаған
түргештердi күшейтiп, ақыры 704 ж. Жетiсуда Түргеш қағандығы (704 — 756)
орнады. Үшлiк қаған (699 — 706) Жетiсудан Бөрi-шадты қуып шығып, Ташкенттен
бастап, Тұрфан (Сичжоу) мен Бесбалыққа (Тинчжоу) дейiнгi жерлерге өз
билiгiн орнатты. Ол астанасын Суябқа орналастырды. Iле өз. бойындағы
Күнгiттi екiншi орда еттi. Үшлiк қаған елдi 7 мың әскерi бар 20 түтiктiкке
(еншiлiк) бөлiп басқарды. Сақал қағанның (706 — 711) тұсында Түргеш
қағандығы батыста соғдылармен бiрге арабтарға қарсы күрес жүргiздi, оңт-те
бұларға Тан әулетi зор қауiп төндiрiп тұрды, ал шығыста Орт. Азия түркiлерi
қыспаққа алды. Сұлық (Сулық, Сулу) қаған (715 — 738) ел басқарған кезде
қағандық бiршама күшейдi. Орда Таласқа (Тараз) көшiрiлдi. Сұлық қағанға екi
майданда күрес жүргiзуге тура келдi: батыстан арабтар, шығыстан Тан сарайы
қауiп төндiрдi. Елшiлiк жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы
Сұлық шығыстан келетiн қауiптiң алдын алып, батыста белсендi әскери әрекет
жүргiздi. 723 ж. Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тiзе қосқан
түргештер арабтарды ойсырата жеңдi. Бiрақ 732 ж. араб уәлиi түргештердi
талқандап, Бұхараға кiрдi. 737 ж. Сұлық арабтарға қарсы жорыққа шығып, тағы
да жеңiлiс тапты. Оны өз қолбасшыларының бiрi Баға-Тархан өлтiргеннен кейiн
сары түргештер мен қара түргештер арасында тартыс басталды. 746 ж. Жетiсу
жерiне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келiп қоныстана бастады. Өзара
тартыстан әлсiреген түргештер оларға жөндi қарсылық көрсете алмады. 748 ж.
Қытай империясының әскерi Суябты ойрандап, Шашты бағындырды. 751 ж. Атлах қ-
нда (Тараз маңы) арабтар мен қытай әскерлерi арасында бес күнге созылған
соғыс болды. Шешушi сәтте қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытай әскерi
толық күйретiлдi. Осыдан кейiн қытайлар да, арабтар да мұнда табан тiрей
алмай, керi шегiндi. 756 ж. қарлұқ тайпалары саяси үстемдiкке қол жеткiздi.
Батыс түрiк қағандығының орнына төрт бiрдей мемлекет орнады. Хазар
қағандығын қоспағанда, Төм. Едiл өңiрi мен Солт. Кавказда, Қазақстан
жерiнде үш этн.-әлеум. бiрлестiк пайда болды: Сырдарияның төм. және орт.
бөлiгiн, Арал өңiрi даласын Оғыз мемлекетi жайлады, ал Қазақстанның Солт.
Шығ. және Орт. аймақтарында Қимақ мемлекетi орнады. Батыс түрiк
қағандығының өзегi болған Жетiсуда Қарлұқ мемлекетi (766 — 940) құрылды.
Қарлұқтар туралы алғашқы деректер 6 ғ-ға жатады. 6 — 7 ғ-ларда
қарлұқтар Түрiк, Батыс түрiк және Шығыс түрiк қағандықтары ықпалының аясына
кiрдi. 7 ғ-дың ортасында қарлұқ бiрлестiгiнiң құрамында бұлақ, шiгiл
(себек) мен ташлық тайпалары болған. Оларды көсемдерi елтабар (елтебер)
басқарған. 742 ж. Моңғолия даласында қарлұқтардың, ұйғырлар мен
басмылдардың саяси одағы ықпалын жүргiздi. 744 ж. басмылдарды ұйғырлар мен
қарлұқтардың бiрiккен әскерi талқандап, Орт. Азияда Ұйғыр қағандығы (744 —
840) құрылды. Ұйғыр көсемi — қаған, қарлұқтар басшысы — жабғұ атағын алды.
Дербестiкке ұмтылған қарлұқтар кейiнiрек олардан бөлiнiп кеттi. Олар түргеш
мұрасын иемдену үшiн оғыздармен күрес жүргiзiп, оғыздарды Сыр өңiрiне
ығыстырды. 766 ж. түргеш қағандарының қос ордасы (Тараз, Суяб), бүкiл
Жетiсу жерi қарлұқ жабғысының қол астына өттi. 766 — 775 ж. олардың бiр
бөлiгi Қашғарияны басып алса, бiр тобы 8 ғ-дың аяғында Ферғанаға ықпалын
жүргiзе бастады. 8 — 10 ғ-ларда қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар
Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейiнгi, Ыстық көл мен Балқаш
арасындағы жерлердi қоныс еткен. 810 ж. қарлұқтарға арабтар жорық жасап,
Құлан қ-на дейiн жеткен. 812 ж. арабтар Отырарға шапқыншылық жасағанда,
қарлұқ жабғысы қимақ елiне қашып кеттi. 840 ж. Енисей қырғыздары Ұйғыр
қағандығын құлатты. Исфиджаб билеушiсi, қарлұқ жабғысы Бiлге Күл Қадырхан
осыны пайдаланып, өзiн қаған деп жариялады. Осы жылы қаған қарлұқтарға
“қасиеттi соғыс” жариялаған самани әулетiмен соғыс жүргiздi. 893 ж.
саманилер Тараз қ-н басып алды да қала халқы ислам дiнiн қабылдады. Оңт.
Қазақстан жерiнiң бiраз бөлiгiнде араб билiгi орнады. 10 ғ-дың алғашқы
жартысында қарлұқтар жерiндегi бытыраңқылықты пайдаланған Қашғардың түрiк
билеушiлерi 940 ж. Баласағұн қ-н басып алып, Қарлұқ мемлекетiн құлатты.
Мемлекеттегi тайпалық еншiлiк жүйе орт. билiктi әрдайым әлсiретумен болды.
Дербестiкке ұмтылған тайпа басшылары арасындағы өзара күрес, iшкi қырқыс,
қоныс-өрiске байланысты талас-тартыс оны әбден әлсiреткен. Халқы этн.
жағынан бiртектес болмады, мұнда соғдылықтар да тұрды. Дегенмен қарлұқтар
тұсында қала мәдениетi дамып, көркейдi. Мұнда 25 қала мен қоныс болған.
8 ғ-дың 2-жартысы — 9 ғ-дың басындағы тарихи оқиғалар оғыз
тайпаларында мемл. ұйым бөлiктерiнiң дамуына түрткi салды. Оған печенег-
кангар конфедерациясымен соғыс едәуiр дәрежеде себепшi болды. 9 ғ-дың
басында оғыз жабғылары қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, печенег-
кангар бiрлестiгiн жеңдi де Сырдарияның төм. ағысы мен Арал өңiрiнде Оғыз
мемлекетiн (9 — 11 ғ-дың басы) құрды. 9 ғ-дың соңында олар хазарлармен
одақтасып, печенегтердi жеңiп, Орал мен Едiл арасын қол астына қаратты.
Бастапқы кезде оғыздар 24 тайпадан құралып, екi фратрияға: бұзұқтар мен
ұшықтарға бөлiндi. 10 ғ-да астанасы Янгикент (Жаңа Гузия) болды. Мемлекет
басшысы — жабғы (ябгу, ябғұ), оның кеңесшiлерi — “күл-еркiн”, мұрагерлерi —
“инал” деп аталды. Оғыз мемлекетi саяси және әлеум. табиғаты жағынан
ертедегi феод. мемлекет болатын. Онда әскери-демокр. құрылыстың қойнауынан
өсiп шыққан ел билеу ин-ттары сақталды, ал жабғы билiгiн iрi әскери-
тайпалық ақсүйектер кеңесi шектеп отырды. Оғыздар қоғамында жеке меншiк
қалыптасып, дами бастады. Негiзгi шаруашылығы мал өсiру едi. Жартылай
отырықшы және отырықшылар егiншiлiкпен, қолөнерiмен айналысты. Құл саудасы
кең қанат жайды. Оғыздар мәжусилiк нанымды ұстап, бақсы-балгерлерге
табынған. Бiрте-бiрте ислам дiнi ене бастады. Оғыз мемлекетi Киев князi
Святослав I-мен одақтасып, 965 ж. хазарларды, 985 ж. Новгород князi
Владимир I-мен бiрге Едiл Бұлғариясын ойрандады. 10 — 11 ғ-ларда алым-
салықтың күшеюiне қарсы Оғыз мемлекетiнде көтерiлiстер болып өттi.
Салжұқтармен жүргiзiлген соғыстар мен iшкi қайшылықтар нәтижесiнде
әлсiреген Оғыз мемлекетiн қыпшақ тайпалары бiржолата құлатты. Оғыздардың
бiр бөлiгi Шығ. Еуропа мен Кiшi Азияға өтiп кетсе, екiншi тобы
Мауераннахрдағы қарахан әулетi мен Хорасан салжұқтарының қол астына қарап,
тағы бiр бөлiгi Дештi қыпшақ тайпаларының құрамына сiңiсiп кеттi.
Оғыздармен бiр кезеңде Солт., Шығ. және Орт. Қазақстан жерiнде Қимақ
(кимек) қағандығы (9 — 11 ғ-дың басы) үстемдiк еттi. Қимақтар тарихының
ерте кезеңi яньмо тайпасымен тiкелей байланысты. 7 ғ-да яньмо солт.-батыс
Моңғолияны мекендеген. 7 ғ-дың ортасында имектер (кимектер, қимақтар) Алтай
тауының терiскей аудандары мен Ертiс өңiрiне қоныс аударды. Олардың
басшылары “шад-тұтық” деп аталған. 840 ж. Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейiн
құрамында жетi тайпа ұйытқы болған қимақ федерациясы қалыптаса бастады.
Ендi қимақ тайпаларының басшысы байғұ (ябғұ) атағымен атала бастады. Бұл
атақ лауазымдық дәрежесi жағынан шадтан жоғары болатын. 9 ғ-дың ақыры мен
10 ғ-дың бас кезiнде Қимақ қағандығы құрылғаннан бастап, олардың басшысы
түркiнiң ең жоғ. лауазымы — қаған атын алды. Бұл кезде қимақ мемлекетiнiң
өзегiн 12 тайпа құраған. Үкiмет билiгiн мұраға қалдыру ин-ты қағанның
отбасы мен хан әулетi iшiнде ғана емес, тайпалар ақсүйектерi арасында да
қалыптасты. Мыс., қағанның 11 басқарушысының еншiсi олардың балаларына мұра
ретiнде берiлген. Әрбiр еншiлiк иелерi қағанға бағынды. Қимақтар мал
өсiрдi. Олардың арасында тәңiрге, ата-баба аруағына табыну ғұрпы
қалыптасқан. Жекелеген топтары отқа, күнге, жұлдыздарға, өзенге, тауға
табынған. Шаман дiнi кең тараған. Кейбiр топтары христиан тектес дiн —
манихейлiктi ұстанған. Жазба және археол. деректер шонжарлар арасында ислам
дiнi де таралғанын байқатады. 11 ғ-дың басында бұл қағандық күйредi.
Оғыздар жерiн басып алған қыпшақ хандары едәуiр күшейiп алды да, қимақтарды
саяси үстемдiгiнен айырды.
Дамыған ортағасырлық мемлекеттер. 10 ғ-дың орта шенiнде Жетiсу
аумағында және Шығ. Түркiстанның бiр бөлiгiнде әлеум. құрылымы бiршама
дамыған, өзiнен бұрынғы мемл. құрылымдардың көптеген әлеум. ин-ттарын
табиғи түрде бойына жинақтаған Қарахан мемлекетi (942 — 121012) пайда
болды. Оның құрылуына және ерте кездегi тарихында қарлұқ конфедерациясының
тайпалары (қарлұқтар, жiкiл (шiгiл), яғма, т.б.) зор рөл атқарды. Қарахан
әулетiнiң негiзiн салған — Сатұқ Боғра-хан (915 — 955). Ол исламды
қабылдаған. 11 ғ-дың 40-жылдары Ибраһим ибн Насыр тұсында мемлекет екiге
бөлiнедi: бiрiншiсiнiң орталығы Бұхарада (кей деректерде Үзкент) болған,
қарауында Ходжентке дейiнгi Мауераннахрды қосып алған Батыс қағандық,
екiншiсi Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетiсу мен Қашғар жерлерi кiретiн
Шығыс қағандық (астанасы — Баласағұн). 1141 ж. Қарахан салжұқ әскерлерiн
талқандағаннан кейiн екi хандық билiгi де қарақытайлар қолына көштi. 1212
ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағандықтың соңғы қағаны Османды өлтiргеннен
кейiн Қарахан мемлекетi түпкiлiктi жойылды. Қарахан мемлекетiнде аса
маңызды әлеум.-саяси ин-т — әскери-мұралық жүйе болған. Билеушiлер туыстары
мен жақындарына белгiлi бiр аудан, облыс, қаланың халқынан салық жинау
құқын бердi. Мұны иқта деп атады, ал оны берушiнi мұқта немесе иқтадар
деген. Халықтың басты кәсiбi көшпелi және жартылай көшпелi мал ш. болды.
Сонымен қатар 11 — 12 ғ-ларда мұндағы түркi тайпаларының едәуiр бөлiгi
егiншiлiкпен айналысып, қала мәдениетiнiң дамуына едәуiр үлес қосты; қ.
Қазақстанның ежелгi қалалары.
Қазақстанмен шектесiп жатқан Моңғолия аумағында пайда болса да найман,
керейiт, жалайырлар ұлыстарының отан тарихында алар орны ерекше. Бұл
ұлыстар ежелгi Қазақстанның мемлекеттiлiк бастауларына айтарлықтай үлес
қосты. Найман тайпалар одағы 8 ғ-дың орта кезiнде Жоғ. Ертiс пен Орхон өз.
аралығында сегiз-оғыз (“сегiз тайпа одағы”) деген атаумен пайда болған.
Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. 10
— 12 ғ-дың басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелдiлiкте едi. 12
ғ-да керейiттер (керейлер) мен меркiттер қосылған наймандар конфедерациясы
Орт. Азиядағы iрi мемл. құрылымға айналды. Наймандар өздерiн қоршаған
көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз
этн.-саяси және мәдени байланыс орнатты. 1125 ж. Қидан мемлекетi
күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше мемл. бiрлестiктер құрылды (қ.
Қидандар). Олардың арасынан жетекшiлiк рөлi керейiт хандарының қолына
көштi. Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер 10 ғ-дың бас кезiне жатады.
Олар Орхон өз-нiң орта ағысы мен Онгын, Тола өзендерiнiң аңғарларын мекен
еткен. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейiттер қазiргi бүкiл Моңғолия
мен Алтай аумағына үстемдiк еткен. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу
кезiне қарай Хилок және Селенга өзендерiнiң бойын, дәлiрек айтқанда,
Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген. Наймандар, керейiттер,
жалайырлар негiзiнен мал ш-мен айналысқан. Доңғалақты арбаны пайдаланған.
Олар құрған “ұлыстар” – алғашқы феод. мемл. құрылымдар болып табылады. Ұлыс
ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық ин-ттардан жоғары тұрды. “Ұлыс”
ұғымы ол кезде “халық” дегендi бiлдiрген. Ұлыс құрамында қандас туысқан
адамдардың болуы мiндеттi емес едi. Әрбiр ұлыс белгiлi бiр аумақты иелендi.
1185 ж. Шыңғыс хан (қ. Шыңғыс хан билiгi) меркiт ұлысын талқандаған соң
жалайыр, барлас, т.б. тайпаларды қосып алды. 1203 ж. керейiттердi
бағындырды. 1190 — 1206 ж. Орт. Азиядағы соғыстар нәтижесiнде Қазақстан
жерiне найман, керейiт, меркiттердiң бiр бөлiгi көшiп келдi. Моңғолдар
талқандағаннан кейiн найман мен керейiт топтары, жалайырлар түркi
халықтарының құрамына, атап айтқанда болашақ қазақ халқының құрамына
бiртiндеп сiңiсе бердi. Наймандар Сырдарияға дейiн жетiп, кейiнiрек қазақ
халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейiттердiң бiр бөлiгi Едiлге
дейiн барды, кейiн осы атаумен өзбек, қырғыз құрамына, ал шағын тобы
қазақтар құрамына кiрдi. Керейiттердiң басқа бiр бөлiгi Солт. Қазақстанда
қалды да, бұрынғы этнонимдегi “-iт” жалғауын жоғалтып, керей (ашамайлы
керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Жалайыр,
керейiт және наймандар әлеум.-саяси дамудың бiр деңгейiнде тұрды. Бұл
мемлекеттерде iс жүргiзу кең таралған. Құжаттар мөр басу арқылы бекiтiлген.
Алым-салық жинау, адамдарды қызметке тағайындау құжаттарына мөр басылған.
Ұлыстарда хан қосынының (ордасының) басқару органдары, әскерi және жасауылы
бар басқару аппараты жұмыс iстеген.
Жетiсудағы Қарақытайлар мемлекетiнiң (1128 — 1213) құрылуы Орт.
Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (циднь, хита, кита)
б.з. 4 ғ-ындағы жазба деректерiнде моңғол тiлдi тайпалар ретiнде аталады.
Олар Қытайдың солт. жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесiн мекендеген. 924
ж. Алтайдан Тынық мұхитқа дейiнгi аумақ Қидан мемл-нiң (Ляо империясы) қол
астына қарады. 1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурчжень мемлекетiнiң бiрiккен күшi
Ляо империясын құлатты да, қидандардың бiр бөлiгi чжурчжендерге бағынып,
қалғандары Енисей қырғыздарының жерiн басып өтiп, Емiл өз. бойына
тұрақтаған. Сол жерден қала салған. Олардың қол астына Жетiсудың бiр бөлiгi
қарап, жергiлiктi түркi тiлдес халықтармен араласып, келе-келе қарақытай
аталып кетедi. 1128 ж. Қарахандар әулетiнен шыққан Баласағұн билеушiсi
оларды өздерiне қысым жасап, тыныштық бермей отырған қаңлылар мен
қарлұқтарға қарсы аттануға шақырады. Қарақытайлар басшысы Елу (Елюй) Даши
Баласағұнды жаулап алды да, оның билеушiсiн тағынан тайдырып, Жетiсуда өз
мемлекетiн орнатты. Содан кейiн ол бiрқатар сәттi жорықтар жүргiзiп,
мемлекет шекарасын Енисейден Таласқа дейiн кеңейттi. Қарақытайлар қалалар
мен отырықшы қоныстарды қиратқан жоқ. Тек әр үйден бiр динардан ғана салық
алды. Сондықтан да қарақытайлардың Орта Азиядағы жаулап алу соғыстары
көбiне бейбiт жолмен жүрдi. Жетiсу, Оңт. Қазақстан, Шығ. Түркiстан осы
мемлекеттiң құрамына ендi. Қарақытайда мемлекет басшысын “гурхан” деп
атаған. Мемлекет орт. Баласағұн қ. болды. Әскерде қатал тәртiп жүргiзiлдi.
12 ғ-дың ортасынан бастап қарақытайлар салық саясатын өзгертiп, халықты
ашық тонауға көштi. 1198 ж. Ауғанстан жерiнен шыққан гурид билеушiлерi
қарақытайларға соққы бердi. Iле-шала гурхан қол астынан құтылуға тырысқан
Хорезм де қарақытайларға қарсы күреске шығып, Бұхараны басып алды. 1205 ж.
қарақытайлар Термезден кеттi. Мауераннахрдың едәуiр бөлiгi Хорезмге қарады.
Гурханға Қойлық пен Алмалықтағы қарлұқ билеушiлерi (вассалдары) де қарсы
шыға бастады. Осы кезеңде астана Қашғарға көшiрiлдi. 1208 ж. Моңғолиядан
Шыңғыс хан ығыстырған Күшлiк хан бастаған наймандар қарақытайларға қашып
келiп, кейiн үкiмет билiгiн басып алды.
Бұрынғы қимақ, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-
саяси үстемдiк 11 ғ-дың басында Қыпшақ хандығына (11 ғ-дың басы — 1219)
көштi. “Қыпшақ” атауы алғаш 760 ж. ежелгi түркiлердiң руникалық
ескерткiштерiнде аталады. 9 — 10 ғ-ларда қыпшақтар тарихы қимақтармен қоса
өрбiдi. Қыпшақтар қимақтар құрған конфедерацияға, кейiн Қимақ қағандығы
құрамына кiрдi. 11 ғ-дың басында Қимақ қағандығы ыдырағаннан кейiн, әскери-
саяси жетекшiлiкке ие болған қыпшақтар белсендi қимыл жүргiзу барысында өз
мемлекетiнiң шекарасын кеңейттi. Олар Шығ. Еуропа мемлекетiмен де саяси
байланыстар орнатқан. 11 ғ-дың 2-ширегiнде қыпшақ ақсүйектерi оғыздарды
Сырдарияның орта және төм. бойларынан, Арал мен Каспий өңiрi далаларынан
тықсырып шығарды. Аймақтағы этн.-саяси ахуалдың өзгеруiне сәйкес, 11 ғ-дың
2-ширегiнiң бас кезiнде бұрын аталып келген “Оғыздар даласының” (Мафазат әл-
гуз) орнынан Дештi Қыпшақ атауы пайда болды. 11 ғ-дың орта тұсында қыпшақ
тайпалары Едiлден өтiп, еуропа халықтарымен қарым-қатынас жасай бастады.
Қыпшақ этн. қауымының қазақ аумағында құрылуы күрделi де ұзақ процесс
болды. Оның даму жолынан үш кезең айқын көрiнедi. Бiрiншi кезең қимақ
(кимек) тайпалық бiрлестiгi өзегiнiң құрылуымен тiкелей байланысты, онда 7
ғ-дың 2-жартысынан бастап, 8 ғ-дың аяқ кезiне дейiн қыпшақтар елеулi рөл
атқарды. Екiншi кезең 8 ғ-дың аяғынан 11 ғ-дың басына дейiнгi уақытты
қамтиды. Бұл кезеңде қыпшақтар мекен еткен аумақ шығысында Алтай мен
Ертiстен бастап, батыста Оңт. Орал таулары мен Едiл өңiрiне дейiн жетедi.
Қыпшақтармен бiрге Бат. Қазақстанды, орталығы Мұғалжар тауларында болған
кумандар жайлаған. Негiзгi үш этн.-саяси бiрлестiк — қимақ, қыпшақ және
кумандардың өзара бiрiгуiнде қимақ тайпалары үлкен рөл атқарды. Сондай-ақ,
қыпшақ этносының iшкi этн. даму жолы сол араның байырғы тұрғындарын өз
арасына сiңдiрiп, қыпшақтандыруға бағытталды. Қыпшақ этносы қандас туыстық
байланыстар емес, аумақтық-шаруашылық қарым-қатынастар негiзiнде
қалыптасқан-ды. 11 ғ-дың басынан 13 ғ-дың басына дейiн қыпшақтардың этн.
қауымдастығының құрылуы өз дамуының үшiншi кезеңiне өтедi. Бұл уақытта
қыпшақ хандарының құдiретi артты, ел-бөрiлi руының әулеттiк билiгi
заңдастырылды. 11 ғ-дың орта тұсында қыпшақтар қазiргi Қазақстанның
шығысында Алтай мен Ертiстен бастап, батысында Едiл мен Оңт. Оралға дейiн,
оңт-нде Балқаш к-нен солт-тегi оңт.-батыс Сiбiрдiң орманды далаларына
дейiнгi ұлан ғайыр өлкеге тарады. 11 ғ-дың 2-жартысында Маңғыстау мен
Үстiрт жерлерiне орнықты. Қыпшақ хандары мұрагерлiк жолмен билiк құрған
“орда” деп аталған хан қосынында ханның дүние-мүлкi сақталып, әскер iсiн
жүргiзетiн басқару аппараты жұмыс iстеген. Хандық оң және сол қанаттарға
бөлiндi. Оң қанат қосынымен Жайық өз. бойында, Сарайшық қ-ның орнында, сол
қанат қосынымен Сырдария аумағындағы Сығанақ қ-нда тұрған. Қыпшақ қоғамы
әлеум. жағынан әркелкi болды. 11 ғ-дың аяғы мен 12 ғ-дың бас кезiнде Жент,
Янгикент, төм. Сырдарияның басқа да қалалары қыпшақ көсемдерiне бағынды.
Бұл қалалар үшiн 12 ғ-дың 1-жартысында Орта Азияның мұсылман әулеттерi де
күрес жүргiздi. Ислам дiнiн таратуды ту ғып ұстаған олар Дештi Қыпшаққа
iшкерiлей енедi: 1133 ж. Хорезм шахы Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңдi.
Хорезм шахы Текеш (1172 — 1200) қыпшақтармен жақындасып, көшпендi
тайпалардың басшыларын қызметке тартты. 13 ғ-дың бас кезiнде Сығанақ қ.
аймағы Хорезм шахы Мұхаммед (1200 — 20) мемлекет құрамына кiрген. Моңғол
басқыншылығы қыпшақ мемлекетiн құлатқанымен, оның даму үрдiсiн бiржолата
күйрете алған жоқ, тек уақытша тұншықтырды. Олар 15 ғ-да қазақ халқы мен
мемлекетiнiң қалыптасу кезеңiнде қайта өрледi.
Ертедегi және дамыған ортағасырлық мемлекеттер кезiндегi халықтар мен
тайпалардың мәдениетi (6 — 13 ғ-лардың басы). Орта ғ-лардағы тарихи және
геогр. әдебиеттерде Оңт., Оңт.-Шығыс және Орт. Қазақстанда, Талас, Қырғыз,
Iле және Жоңғар Алатауларының бөктерлерiнде, Қаратаудың күнгей және
терiскей беттерiнде, Сырдария, Арыс, Шу, Талас, Сарысу, Кеңгiр, т.б.
өзендердiң аңғарларында егiншiлiктiң, қала құрылысы мен сәулет өнерiнiң
жоғары дәрежеде дамығаны айтылады. 6 — 13 ғ-дың басында қалалардың пайда
болу, даму тарихын археол. деректер де растауда. Қазба жұмыстарының
барысында қалалардың терең тамырлы материалдық мәдениет дәстүрлерi болғаны
анықталды. Ол дәстүрлер Қаңлы мен Үйсiн заманындағы ежелгi егiншiлiк
қоныстардан бастау алады. 6 — 7 ғ-ларда феод. қатынастардың нығаюына
байланысты экон. өрлеу басталды. Саяси және экон. орталықтар бiрте-бiрте
қалаларға айнала бастады. Ортағасыр қалалары үш бөлiкке бөлiнедi: 1)
Цитадель — қаланың iшкi бекiнiстi бөлiгi; билеушi ордасы орналасқан; 2)
Шахристанда (Шаһристан) цитадель төңiрегiндегi ақсүйектер мен саудагерлер
және оларға қызмет етушiлердiң тұрғын үйлерi орналасты. Ол қаланың экон.
орт. болды. Шахристан әдетте мұнара, кiретiн қақпалары бар дуалдармен
қоршалған. Оның айналасында қолөнершiлер мен кедейлер қоныстанған рабат
орналасқан. Кейiнгi кезеңдерде рабаттар да дуалмен қоршалды. Археол.
қазбалардан жинаған материалдар қалаларда қол өнерiнiң қалай дамып, қандай
дәрежеге жеткендiгiн шамалауға мүмкiндiк бередi. Орта ғ-ларда қыштан ыдыс
жасау ерекше дамыды. Көзе, саптаяқ, табақша, дастархан, құм түрлерi көптеп
жасалды. Қала тұрмысында тоқыма, әйнек үрлеу, зергерлiк, ұсталық, ағашты
және сүйектi бедерлеп ою жоғары дәрежеге жеткен. Әйнек бұйымдар жасау
өндiрiсi кең өрiс алған. Ежелгi Тараз, Отырар, Ақтөбе, Талғар, т.б. қ-ларда
әйнек әзiрленген. Металдан шырағдан мен оның тұғыры, ағаш соқа түренi,
орақ, кетпен, қару-жарақ (найза, садақ жебесi, т.б.) ұста аспаптары (балға,
төс, қысқаш, т.б.) сияқты бұйымдар жасалған. Сүйек пен мүйiзден бойтұмар,
пышақ сабы, ойын сүйектерi, түймелер, т.б. ұсақ-түйек бұйымдар дайындалды.
Бұл кезеңде егiншiлiк шаруашылықтың жетекшi салаларының бiрiне айналды.
Егiншiлiкпен ауыл ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары да шұғылданды.
Қазақстандағы елдi мекендер мен қала тұрғындары егiншiлiкпен, бақ және
жүзiм ш-мен шұғылданғаны туралы жазба деректерде көп айтылады. 6 — 7 ғ-
ларда Қазақстан халқының көпшiлiгi жартылай көшпелi және көшпелi тұрмыс
кештi.
Түркiлердiң келуiмен бiрге Қазақстан жерiнде тiзбектелген балбалдармен
қоса антропоморфтық тас мүсiн, қатар-қатар тас қоршаулар пайда болды. Осы
тұста темiр үзеңгiлер, садақ жебесiнiң, қанжардың жаңа түрлерi, қылыш
соғылды. Металл жапсырмалармен безендiрiлген жауынгерлiк белбеу кең тарады.
6 — 8 ғ-лардан қалған бейiттерге өлген кiсiнi мiнген атымен бiрге жерлеу
рәсiмi тән. Бейiттердiң сыртқы белгiлерi мынадай: астыңғы жағы төрт бұрышты
немесе шаршы пiшiндi болып келедi де, үстiне аласалау етiп тас немесе
топырақ үйедi. Өлген кiсiнiң мәйiтi тұрқы сопақша етiп қазылған шұңқырға
жерленедi, жанына заттары, әсемдiк бұйымдары, қару-жарақтар қойылады. Атты
шұңқырдың түбiнен жоғарырақ тұстан ойылған кертпешекке төрт аяғын бауырына
бүгiп, қырынан жатқызып көмген. Кейде бейiтке аттың басы немесе денесiнiң
бiр бөлiгi ғана қойылған. Бейiттерден қару-жарақ, ер-тұрман, тұрмыстық
бұйымдар, қос жүздi семсерлер, ағаш қынапты қылыштар табылды. Қынаптың
сырты былғарымен қапталып, өсiмдiк суреттерiмен безендiрiлген. Жебелер ұшы
әр түрлi — үш қырлы, төрт қырлы болып келедi, үш қанаттысы, жапырақ секiлдi
жалпақтары да кездеседi. Жебе ұз. 40 — 80 см мөлшерiнде көк теректен
жасалған, кейде қызыл түске боялған. Аттың ер-тұрманы, темiр ауыздықтар,
үзеңгiлер және жүген әшекейлерiне қарағанда түркi iсмерлерi әшекейлiк жұқа
темiрлердi, айылбастарды жасауға өте шебер болған. Әдетте айылбастар қола
мен темiрден iстелiп, жапсырмалар мен әшекейлерге қола, күмiс, алтын
пайдаланған. Олардың бетiндегi күрделi суреттерде барыс, жылан, бұғы,
күшiген сияқты аңдар мен өсiмдiк жапырақтары бейнеленген. Әсем белбеу
жапсырмаларының көбi жүрек пiшiндес. Сондай бiр жапсырма әшекейдiң бетiнде
жолбарысқа найза түйреп тұрған салт аттының суретi бейнеленген. Төрт
бұрышты айылбастар, сүйектен iстелген алқалар да табылды. Қызылқайнардан
(Жетiсуда) табылған алқа конус тәрiздi етiп iстелген де, бетiне сiлеусiн
басының суретi өрнектелген.
Археол. материалдармен қоса жазба деректер де түркiлердiң киiм-кешегi
жөнiнде пайымдауға мүмкiндiк бередi. Сыртқы киiм терiден, басқа киiмдер жүн
және жiбек матадан тiгiлген. Ол кезде жұрт шапан киiп жүрген. Шалғайы
солдан оңға қарай қаусырылған, денеге қонымды, ықшам шапанның сыртынан
белбеу буынған, белбеуге қынаптағы семсер және пышақ, шақпақ, қайрақ,
ұстара, т.б. ұсақ-түйек салатын кiсе iлiнген. Шалбардың балағын тұмсығы
қайқиған, жұқа ұлтанды, өкшесiз етiктiң қонышына салып жүрген.
Қазақстан — тас мүсiндер көп тараған аймақ. Олардың арасында шынайы
өнер туындылары да кездеседi. Мыс., әйгiлi қошқар мүйiз тастар. Тас
қашаушылардың (мүсiншiлердiң) шеберханалары болғаны, оларда түрлi мүсiндер
жасалғаны мәлiм. Мүсiн жасауға тұрқы ұзын тастар (орташа биiкт. 0,5 м-ден
2,8 м-ге дейiн) таңдап алынған, тастың бетi бедерлеу немесе ойып кейiптеу
әдiсiмен өңделген. Мүсiндерде көбiнесе еркектiң суретi салынған, кейде әйел
бейнесi де кездеседi. Әдетте, еркектер шапан киген, кiселi белбеулi,
асынған қаруы бар қалпында бейнеленедi. Кейде жалаң бас, кейде бас киiмдi
болады. Көптеген мүсiндерде адам оң қолымен, кейде екi қолымен бiрдей ыдыс
немесе үлкен саптыаяқ ұстап тұрған күйiнде, ал базбiр мүсiндерде адамның
бетi немесе басы ғана бейнеленген.
Ақсүйек өкiлдерiнiң мүсiндерi жасалған. Олар, әдетте, қырынан немесе
жалпағынан қаланған төрт бұрышты тас қорғандармен қоршалған бейiттердiң
басына қойылған. Мүсiндердiң арқасы қоршауға, бетi шығысқа қаратылып
орнатылған. Мұндай ескерткiштер өлiкке ас берiлетiн төбелердiң басына да
қойылған. Кейде бейiттiң қоршауларынан шығысқа қарай кейде қатар-қатар
тiзiлген тас бағана — балбалдар орнатылған, олардың арасында антропоморфты
мүсiндер де бар. Тас мүсiндер тұрақты иконографиялы мәдени сипаттағы
ескерткiштер. Ислам қағидаларының таралуымен байланысты адамды бейнелеу
дәстүрi жойылды. Бұл дiн едәуiр кейiнiрек сiңген солт. аудандарда ғана
адамның тас мүсiнiн жасау дәстүрi едәуiр уақыт бойы сақталып келдi. Қазақ
жерiнде 6 — 8 ғ-ларда айналыста болған ақша пiшiнiн сипаттайтын материал
тым тапшы. 6 — 8 ғ-лардағы теңгелердi билiк басындағы рулардың өкiлдерi
шығарған. Олар бұл ақшаларға өздерiнiң белгiлерiн — рудың идеограммалық
таңбаларын түсiрген. Бұл таңбаларға қарап билеушiнiң руын, сондай-ақ, қай
рудың ежелгi ру екенiн анықтауға болады. 6 — 8 ғ-лардағы Оңт. Қазақстанның
ең iрi саяси-экон. аудандарының бiрi Отырар қ. болды. Бұл қаланың және оның
төңiрегiндегi тұрғындардың тұрмысы шет аймақтарға елеулi ықпалын тигiздi.
Отырар қолөнершiлерi шығарған өнiм Қаратаудың күнгейi мен терiскейiндегi,
Сырдарияның орта ағысы мен Арыс аңғарындағы көптеген қалалардың
базарларында сатылды. Отырар маңында ақшалы сауданың өрiс алғанын
Отырартөбенiң өзiнен және оның төңiрегiндегi қалалардың ескi жұртынан
(Мардан-Күйiк, Құйрықтөбе) табылған заттар дәлелдедi. Жазба деректерде
Сырдария бойындағы кейбiр қалалар хараджды дирхемнiң екi түрiмен:
мусейябимен және хорезмимен төлегендiгiн дәлелдейтiн мәлiметтер бар.
Қарахан әулетiнiң ақша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz