Мемлекет функциясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ

Кіріспе

Өткен тақырыптарда мемлекеттің пайда болуын, оның мазмұнын, типологиясын, нысанын, әкімшілік-аймақтар құрылысын, саяси, әкімшілік басқаруын жан-жақты қарастырып өттік. Бұның бәрі мемлекеттің статикалық көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай кызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ьдырап республикалар дүниежүзілік қауымдастықка бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмүнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзкарас.

Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері

Функция - заң ғылымда мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген занды ұғым калыптасады.

Кеңестік дәуірді де, казіргі кезенде де мемлекетіің функциясьш дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмүнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекетгщ тарихи даму процесін зерттеп, дүрыс түсінуте көп үлес косуы. Функция мемлекетпен қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бүл объективтік процесс. Кдзіргі заманда Кдзақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы кэлыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.

Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-піхірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске үшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы крғамдык, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: түрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; занды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны екіге бөледі: ішкі және сыртқы функциялар. Осы пікірді кдзіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін - мемлекеттік аппатарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган қүрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмүнына қарай мемлекеттік аппараты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган - аппарат - мемлекет. Мемлекетгің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:

  • қызметтін жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұныжәне қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
  • функция сарапталып, жіктеліп кешенді түрде жүргізіледі;
  • мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемінде жүргізіледі;
  • мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарыныңәдіс-тәсілінен айыра білуге болады.

Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер де дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясының орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсіл өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т. б. ) ; саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.

Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Міне осы мемлекеттің саналуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.

Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалу құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді: 1 Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны; 2) Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.

Нақты нысаны өзі үшке бөлінеді: 1) құқық шығармашылық; 2) құқықты орындаушылық; 3) құқықты қорғаушылық. Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі бар - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.

Мемлекет билігінің жалпылама нормативтік актілер орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологаялық, ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т. б.

Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.

Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;

- мемлекеттік органдарға көмек көрсету бақылау, тексеру жүргізу;

- материалдық-техносалық операциялар жүргізу: баяндамалар, іс-қағаздарын дайьшдау, зандарды, нормативтік актілерді басып шығару т. б. қүжаттардың өмірге келуін камтамасыз ету;

- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;

- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап қорытынды жасау;

- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап қорытынды жасау;

- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру.

- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т. б. қызмет істер.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

А) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, занды орындау, заңды қорғау органдары) .

Б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

В) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттігі бар қызметкер және өкілеттігі жоқ кызметкерлер.

Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды түлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «А» Президент, Премьер-министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т. б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «Б» бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «В» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер де қьізметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді, қылмыс жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты: - адамның әлеуметтік, моралдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп - басқарады. Сонымен мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде үғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.

Біздің пікіріміз - функцияны өзің жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.

Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.

Мемлекеттің функциялары

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық кайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық катынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:

1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегаялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:

бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;

екінші - экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту:

үшінші - ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс) ;

төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.

2. Әлеуметтік функция - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі - халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяларға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты - адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде каржы бөліп отыру.

3. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеггік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп-басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шыгысын) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.

4. Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т. б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.

5. Экологиялық функция - бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен бірге жеке мемлекеттер, де жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан бұл мәселе БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.

6. Құкыктық тәртіпті қорғау функциясы - қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны калыптастыратын, реттеп-басқаратын мемлекет, оның органдары. Сонымен бірге бұл іске бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-тәсілі бар. Біріншісі - зандардың, нормативтік актілердің сапасын, әділеттігін көтеру. Екіншісі - құқықтык, нормалардың орындалуын қамтамасыз ету. Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бұзылса қатаң күрес жүргізу, жауапқа тарту.

7. Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы - бұл мемлекеттің органдарының қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқыкгарын камтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.

8. Ғылыми - техникалык, прогресті дамыту функциясы. Қа зіргі заманда қоғамнын жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарқынды түрде дамуына толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру. Өйткені, бұл істі бір орталықтың басқаруы қажет.

Мемлекеттің сыртқы функциялары

1. Екі жақгы пайдалы қарым - қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т. б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды, керісінше, ұтыстары молаяды.

2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы. Бұл тұрғыдан мысалға, Еуропалық одақты және тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.

3. Мәдени және ғылыми - техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми - техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру т. б. жолдарын іздестіру. Бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдар да кеңінен катысып жүр. Мысалы, дүниежүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, кәсіпшілер, архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы; халыкдралық ғылым одақтарының кеңесі; БҰҰ-ның ЮНЕСКО Комитеті т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекеттің функциясы
Мемлекет функция түрлері
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекеттің қызметтері
Мемлекет функциялары
Мемлекет функциясы туралы
Мемлекеттің ішкі функциялары
Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары
Мемлекет функциясының түсінігі түрлері жүзеге асырудың нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz