Түйсік


Түйсік дегеніміз - дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.
Физиологиялық негіз.
Түйсіктің физиологиялық негізін Павлов анықтады. Түйсік сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп - сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі нерв механизмін айтамыз. Анализатордың қайсысы болса да 3 бөліктен тұрады:
1) Сезім мүшелері немесе рецепторлар.
2) Орталыққа баратын нервтер.
3) Мидағы нервтер.
Түйсік пайда болу үшін бір анализатор ғана қызмет етеді. Адамның сезім мүшелері сана жағынан жануарлардан жоғары тұрады. Өйткені адамның сезім мүшелері қоғамдық қатынастың әсерінен еңбек ету нәтижесінде қалыптасып дамиды.
Түйсіктің топтары.
Түйсік 3 топқа бөлінеді: 1) Экстероцептивтік. 2) Интотоцептивтік. 3) Пропраоцептивтік.
1. Экстероцептивтік түйсіктер - бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу.
2. Интотоцептивтік түйсікткр - бұл организмнің ішінде орналасады. Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы)
3. Пропраоцептивтік түйсінулер - бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу.
Экстероцептік түйсіктер 2-ге бөлінеді: Дистонгтік және контонгтік.
Түйсіктің түрлері. 1. Көру. 2. Есту. 3. Иіс. 4. Дәм. 5. Тері. 6. Қозғалыс. 7. Органикалық. 8. Ауруды түйсіктену.
Адамдардың түйсіне алу қабілетін - сезгіштік деп атайды. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіш күші арасындағы тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы деп аталады. Түйсік табалдырығының 2 түрі бар: 1. төменгі абсолюттік . 2. жоғарғы абсолюттік . Төменгі абсолюттік табалдырық деп - сәл білінерлік түйсік туғызытын тітіркендіргіштердің ең аз күшін айтамыз.
Жоғарғы абсолюттік табалдырық деп - тітіркендіргіштердің туғызатын ең жоғарғы күшін айтамыз.
Ерекшеліктері.
1. Адоптация - «бейімделу»
Адоптация дегеніміз - сезім мүшелеріне ұзақ әсер еткен тітіркендіргішке байланысты адамдардың түйсігінің бейімделуінін айтамыз. Түрлері: қараңғы, жарық, иіс және тері.
2. Синезтезия - гректің «қосрласқан түйсік». Синезтезия деп - бір түйсіктің екінші түйсіктің пайда болуына әсер етуін айтамыз.
3. Сенсибилизация латынның «сезгіштік» деген мағынаны білдіреді. Сенсибилизация деп - бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын айтамыз.
Адамның түйсігі оның жаттығуына, мамандығына байланысты әруақытта өзгеріп отырады. Түйсік сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болыи табылатын түйсіктер. Бүлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор дсп атайды. Бүган көру, есту, иіс, дом, тері туйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін"(хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер"жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозгалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады. Мүның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топ-тағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.
А. Көру туйсіктері
Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге үзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі үзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуыы) ажыратады. Мәселен, қызыл түс үзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай үзындықтағы электромагнит толкындарының әсер етуінен пайда болады.
Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі тусті және олардың сансыз реңцерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, кошқыл сары, жа-сыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, кара және барлық сүр түстері) болып екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады.
Түстің жарықтылығы - түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады.
Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.
Түстің қоюлығы - жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашы-
лығы. Ең қою түс - қызыл түс болады.
Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Ә. Есту түйсіктері
Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері - дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы - бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы - бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі - тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ
аң-күстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит - 100 мың Гц, шегіртке - 90 мың Гц, тауық - 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті - сайрауық кұстармен бір деңгейде - 20 мың Гц болады екен.
В. Дәм туйсіктері
Дәмді айыратын мүше - тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялык зат-тар. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы - дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің үшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, түзды тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затгы тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажыра-та алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.
Г. Тері туйсіктері
Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей кабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырганды білдіретін туйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.
Ғ. Сипай сезу туйсіктері
Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі - сипай сезу (осязание) туйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі - пассив сипай сезу. Бүған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі - актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік - әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz