Дербес компьютердің архитектурасы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Дербес компьютердің архитектурасы
Орындаған: Кадирбекова М
Тобы: УА-405
Тексерген: Карымсакова И. А
Дербес компьютердің архитектурасы
Жоспар:
- Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- Дербес компьютердің сыртқы құрылғылар
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп айтайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:
- Жүйелік блок;
- Дисплей немесе монитор;
- Пернетақта;
- Тышқан.
Жүйелік блок
Компьютердің ең негізгі құрылғысы - жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Монитор
Монитор - мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен таралған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19 - 21 дюймді мониторларды пайдаланғаг тиімді.
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдармен тұратын қалқалармен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым ( экран қалқасының қадымы ) неғұрлым кіші болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0, 25 - 0, 27 мм.
Пернетақта
Пернетақта - дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлік мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта ДК-дің стандартты құрылғыларына жатады.
Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.
Алфавиттік-цифрлік пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған.
Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді (F1-F12) . Бұндағы әрбір перне қандай да бір функционалдық қызмет атқарады.
Тышқан
Тышқан-графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі - графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
Аналық тақша
Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:
- Процессор;
- Шина;
- Жедел жад;
- Тұрақты жад;
- Слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары) .
Процессор
Процессор - көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлксімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік - олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді.
Шина
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылыбайланысқан. Шиналардыңнегізгі 3 түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.
Компьютердің жады
Компьютердің жады - оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т. б параметрлеріне қарай ажыратылады.
Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бәр байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады.
Тұрақты жад (ПЗУ) - стандартты программаларды, және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад.
Қатқыл диск
Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналғаннегізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бир диск емес бірнеше дисктердің жиынынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.
Иілгіш дискілерге арналғандиск жетек
Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.
Қазіргі ДК-лерде 3, 5 дюймдік дискеттер қолданылады. Оған 1, 44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады.
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.
Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:
- Мәліметтерді енгізу құрылғылары;
- Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;
- Мәліметтерді сақтау құрылғылары;
- Мәліметтермен алмасу құрылғылары.
... жалғасыЕнгізу құрылғылары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz