Экологиялық мектептердің қалыптасуы



1.Қазіргі заманғы экологияның міндеттері.
2.Экологияның қысқаша даму тарихы.
3.Экологияның негізгі бөлімдері.
4.Ғаламдық экологиялық проблемалар.
”Экология” терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді.Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос-үй,тұратын жер,логос-ілім). Қазіргі кезде экология-тірі организмдер мен қоршаған ортаның арақатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын,бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп саналады.Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: <<Экология деп,біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді-жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен,әсіресе,өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдектермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық,жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз>>.
“Экология” Оспанова. Бозшатаева “Экологиялық энциклопедия” Ақбасова А. Ж,
Жамалбеков Ү.Е, Қалыбеков.Т, Саинова Г.Ә, Сәндібеков М.Н

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СОӨЖ
Тақырыбы:Экологиялық мектептердің қалыптасуы

Орындаған:Кадирбекова.М
Тобы:УА-405
Тексерген:Ашакаева Р.У
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Жоспар:
1.Қазіргі заманғы экологияның міндеттері.
2.Экологияның қысқаша даму тарихы.
3.Экологияның негізгі бөлімдері.
4.Ғаламдық экологиялық проблемалар.
Қазіргі заманғы экологияның міндеттері.
"Экология" терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді.Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос-үй,тұратын жер,логос-ілім). Қазіргі кезде экология-тірі организмдер мен қоршаған ортаның арақатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын,бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп саналады.Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: Экология деп,біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді-жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен,әсіресе,өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдектермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық,жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз.
Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы-популяцияларға,бірлестікте рге,экожүйелерге,ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады. Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды. Өткен ғасырдың 60-70-жылдарына дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады,себебі,оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес,әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді. Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан,басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес,әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы,жаңа жасанды заттарды жасап,ғимараттар мен жолдар салады. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен,мұнай,ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар,табиғатқа,оған тән емес қалдықтар-пластик,металл,құрылыс материалдары шығарылады.Ауанның,судың,топырақтың ластануы,қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы,биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлігінің кемуі,адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері экологияның анықтамасын өзгертті.Ол көптеген білім слаларына ене бастады.Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы,экономика,әлеуметтану ,мәдениет және т.б байланыстырыла бастады.Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды.Қазіргі кезде экология кең,әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі (фундаменталды) және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр.Оны Н.Ф.Реймерс (1992 ж.) Үлкен экология деп атады.Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда болуына келді.Мысалы:
Н.Ф.Реймерс:Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты.Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша Жер туралы физика-математикалық,химия-биология лық және қоғамдық ғылымдар цикліне айналды.
Ю.Одум:Экология-табиғат пен қоғмдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы.
Н.А.Воронков:Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың,соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын,адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шеткі дәрежесін,осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып,зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.
Ф.Дре:Экология-болашақтың ғылымы,себебі,адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі оның прогресімен анықталуы мүмкін.
Олай болса,қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай,ол дүниеге көзқарасқа,адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр.
Экологияның қысқаша даму тарихы.
Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес,бірақ үздіксіз дамыды.Жануралар мен өсімдіктердің таралу сипаты,өмір салты,қоршаған ортамен байланысы туралы мәліметтердің жиналуы адамның табиғатты терең меңгеруінен басталды.Ертедегі философтардың еңбектерінде бұл мәліметтерді қорытындылау мен жүйеге келтіруге алғашқы қадамдар жасала бастады.Аристотель (384-322 ж.б э.д) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез-құлқын сипаттап жазды.Аристотельдің шәкірті,ботаниканың шәкірті Теофраст (б.э.д 372-287 ж.) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшеліктері,олардың пішіні мен өсуінің топырақ пен ауа-райына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірді.XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі Ж.Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады.Ол бір түр басқа түрге температура,ауа райы,тамақтың сапасына байланысты өзгере алады деді.Бірінші эволюциялық ілімнің авторы-Ж.Б.Ламарк сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі,және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізгі себептерінің бірі ,-деп есептеді.
Экологиялық ойлаудың одан әрі дамунына XIX ғасырдың басында биогеографияның пайда болуы әсер етеді. А.Гумбольдт және т.б ғалымдардың еңбектері өсімдіктер географиясындағы жаңа бағытты анықтады. Ч.Дарвиннің Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте оған қолайлы қолтұқымдардың сақталуы деген еңбегінде (1859) табиғаттағы тіршілік үшін күресті теория жүзінде тұжырымдады.Күрес түсінігіне Ч.Дарвин табиғи сұрыптауға алып келетін және эволюцияның қозғаушы факторы болып табылатын түрдің мекен ететін ортасымен қарама-қайшылықты әсерінің барлық формаларын кіргізді. Ч.Дарвиннің осы еңбегі тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын жан-жақты зерттеу мәселесін көтерді.
Неміс жаратылыс зерттеушісі Э.Геккель өзінің Ағзалардың жалпы морфологиясы (1866) және Әлемнің пайда болуының табиғи тарихы (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен,тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді.
Экология жеке ғылым ретінде негізінен XIX ғасырдың аяғында қалыптасты. XX ғасырдың ортасына дейін гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері қалыптасты.Олардың әрқайсында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады.
XX ғасырдың басында экология жылдам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологиялық мектептердің қалыптасуы жайында
Жаңа типті мектептерде оқу үрдісінің оқушылар ағзасының физикалық дамуына және жұмыс қабілеттілігіне әсері.
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Табиғат қорғаудан сынып жұмыстары
Пәндер