Мемлекеттік борыш және оны басқару


Мемлекеттік борыш және оны басқару
Мемлексттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша ессптелген пайыздарды қоса) . Мемлекеттік борыш үлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтслмегсн борышқорлық міндеттемелсрінң бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш - бұл мемлскеттің барлық борырышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлергс табыс толсу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттк борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің Үлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдссін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер, борышты несиегерлердің түрлері (типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспорт қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноттары мен сурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Орналастырылған сурооблигацияларды өтеу мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардын негізі баптарының бірі болып отыр.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің есбебі мемлексттік бюджстгін тұрақты тапшІылығы болып табылады.
Экономкалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу есбептеріндегі, әдістеріндегі жәнс жұмыс істсу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елсулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш жәнс оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы түрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорапиялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелсрінен қарызға алынған ақша қаражаттары өнімді пайдалаылады және аталған қарызгерлердің актнвтері ретіпде қаралады. Мемлскетіік борыш "ұлттың өзіне өзінің қарызы" ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. ішкі борышты басқару жөніндегі пайызарды толсу қажеттігі түріндегі онын белгілі бір теріс зардаптары иннсстицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын онтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімсн байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:
1. Берешекті өтеу мен пайыздарды толсу бюджет қаражаттарының есебінен, яғни салық төлеушілердің есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар мемлексттік :бағалы қағаздар иелеріне, өдсттсгідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
2. Салықтарды кобейту жолымен мсемлекеттік борышты азайту
жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық
тәуекелдіктер қосылады; жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді
таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпксрлер тарапынан
қаражаттардың жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді,
экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
3. Жеке меншік көсіпкерлердің "инвестицияларын ығыстыру" нәтижесі іс-әрекет етеді. Бұл қүбылыс мынадан туып отыр.
Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені
күшейтеді, мұның нәтижссінде ақша капиталының пайыздық
мөлшерлемелері артады. Бұл жеке меншік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвсстициялық шығыстардың төмендеуі тепе-тенді таза ұлттық өнімді азайтады.
Егер мемлекет ақша рыногының оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емсс инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жүмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұргызатын өзгеше "қаржы пирамидасы" болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрестіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек;
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жургізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.
Мемлекеттік ішкі борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік бюджеттің түрақты тапшылығынан туындайды.
Мемлекеттік сыртқы борыш - шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын еддің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүнисжүзілік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды.
Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Үлттық банкісінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту несисегер елдерді экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.
Дүнисжүзілік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш - борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде ессптеп шығарылады. Мүндай қатыстың қауіпсіз деңгейі 25 пайыз болып саналады.
Елдің экономикасының көлемімсен салыстырғандағы оның сыртқы борышының мөлшері туралы түсінікті Дүнисжүзілік банктің сыныптамасы негізінде жасауға болады. Осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің берешегі төмен деп есептелінеді, егер:
а) жалпы сыртқы борыштың жалпы ішкі өнімге қатысы 48 пайыздан аспаса (Қазақстанда -33. 8%) ; ә) жалпы сыртқы борыштың экспортқа қатысы 132 пайыз (Қазақстанда -113%) ; б) берешекке қызмет қорсету сомасыныңэкспортқа қатысы 18 пайыз (Қазақстанда -22. 8%) ; із) сыйақы төлемдерінің экспортқа қатысы 12 пайыз (Қазақстанда -5. 1%) . Сөйтіп, егер мезгілі өткен төлемдердің көптігін есепке алмасақ, Қазақстанның берешеін әзірше төмен деп санауға болады. Бірақ, республика борышының жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортынын керісінше төмендеп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.
Алынған (игерілген) жәнс өтслмеген мемлскеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резидсенттерінің Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міңдеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы борышты құрайды. Ол сыртқы мемлекеттік борышты және ішкі мемлекеттік борышты кіріктіреді. Сыртқы мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы өкіметінің, жергілікті атқарушы орғандарының және Ұлттық банкінің Қазақстан Рсспублиқасының бейрезидент несисгерлері алдындағы сыртқы мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Ішкі мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы өкімстінің, жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының қарызгер-резидснттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлігі.
1992 жылы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған Қазақстанның сыртқы борышы 3. 2 миллиард долларды құрады. 1993 жылдың соңында Россия Федерациясымен бұрынғы ҚСРО-ның сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік борышы мәселесін реттеген "нөлдік вариантты" келіеімге қол қойылғаннан кейін және берешектің бір болігі қайта ресімдкгеннен кейін Қазақстанның сыртқы борышы 1. 9 миллиард, долларды құрады. Бұл борыш экспорттық мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасы үшін көп емес еді. 1995 жылдың соңында Халықаралық валюта қорынан сатымды ресурстарды қоса жалпы сыртқы борыш 3. 09 миллиард долларды құрады (шамамен ЖІӨ-нің 19%) . 1999 жылдың басында жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге - 8229. 4 миллион долларға жетті. 2001 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы 3272 миллион долларға, Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш - 694. 6 миллион долларға, жиыны - 3966. 6 миллион долларға бағаланды. Бұл ішкі борышты қамтыған Үкіметтің барлық борышының 86. 8 пайызын құрады. 2003 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы мен Үкімет кепілдендірген сыртқы борыштың жиыны 3481. 0 миллион долларға жетті. Алайда, жекеменшік сектордың борышымен бірге - 14561 миллион доллар (соның ішінде фирмааралық берешекті - 10547 миллион доллар) жалпы сыртқы борыш 18024 миллонн долларға жетті. 2001 жылы Үкімет борышының ЖІӨ-ге қатысты мөлшері 17. 5 пайызды құрады, ал 2002 жылы ол 16 пайызға дейін төмендеді.
Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.
Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында коөзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Үлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмст көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын отеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат ессебінсен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгейдің банктері арқылы жүзеге асырылады.
Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіпнен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Үлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Қазақстан Рсспубликасының Үкіметі республпкалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оган қызмет көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілстін Үлттық банктің борышын өтеу және оған қызмст көрсету, жергілікті атқарушы орган билігінде тұрған меншік құқығындағы мүлікпен, қаржы ресурстарымен және басқа да актинтермен қамтамасыз етілстін өз борышын өтеу және оған қызмет коөрсету жөніндегі міндсттемелерді атқарады.
Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет коөрсету жөніндегі төлемдер толық келсмінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт (келісім) бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.
Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу тенденциясы бар.
Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.
Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар, реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетірсді.
Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.
Инвестициялардың "ығыстыру әсерінен" басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын тартады, бірақ қаражаттардың мұндай ағыны сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел инвестицияларын отандық бағалы қағаздарға жұмсаудың артықшылығы ұлттық валютаға сұранымды арттырады және халықаралық валюта рыногында оның бағамының өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қымбаттауына және импорттың арзандауына жеткізеді, мұның нәтижесінде экспорт қысқарады, ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт жиынтық сұранымның компоненті болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс сальдосы ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.
Осыған байланысты мемлекеттің өзінің өкілдікті органы арқылы қаралған процестерге бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шегін белгілеу жолымен заңнамалық араласуы бюджет шығыстарының жеке баптары бойынша тиым салу қүқығын белгілеуі мүмкін.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:
- үкімсттік борыштың лимиті.
- Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті.
- жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.
Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілгсн күнге (қаржылық жылдың соңына) тиісті құрылымының нақты борышынан аспауы тиіс. Мәселен, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу лимиті, бұдан бұрын айтылғандай, Республикалық бюджет туралы заңмен белігеленді, онда үкіметтік борыштың лимиті де, оған қызмет керсетуге бағытталатын қаражаттардың ауқымы да бекітіледі.
Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына . арналған лимиті сол жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауға тиіс. Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірісінің 25 пайызынан аспуға тиіс. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге, оған қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауға тиіс.
Заңмен мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін тіркелген сомасы белгіленеді, бұл соманың шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі - үкімсттің несиегер алдында Қазақстан Рсспубликасының қарызгер-резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.
2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда Үкіметтік борыш лимиті 755 миллиард теңге мөлшерінде, ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 7. 7 миллиард теңге мөлшерінде белгіленген.
Мемлекеттік борышты басқару - мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатыңда жүзегсе асырылады. Бұл орайда борыш мониторингі - борышты есспке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процсстерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік борыштың мониторингі жүргізіледі.
Мемлекеттік борышты басқарудың мақтылы процссі мыналарды кіріктіреді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz