Азық-түлік қауіпсіздігі



Жоспар

КІРІСПЕ
1. Азық.түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Азық.түлік қауіпсіздігінің деңгейін анықтаушы факторлар мен
шарттар жүйесі
3. Азық.түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің шетелдік
тәжірибелер
4. Болашақта елдің азық.түлік қауіпсізідігін нығайту жолдары


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тамақ өнімдерінің өндірісі әрбір адамның және бүкіл адамзаттың өмір сүру жағдайының басты шарты болып табылады. Азық-түлік өнімдерінің тапшылығы адам өмірінің сапасы мен қоғам дамуының деңгейін анықтайтын, барлық басқа экономикалық және әлеуметтік категорияларды құнсыз және мән-мағынасыз етеді. Адамзат XXI ғасырға азық-түлік мәселелерінің өткірлене түсуімен бірге енді. 1950 – 1980 жылдары жоғары қарқынмен дамыған азық-түлік өндірісі 90-жылдары тоқырап тоқтап қалды. Оның кейбір түрлері бойынша өндірістің толығымен тоқтап қалуы, тіпті планетадағы бір адам басына шаққанда одан да жоғары деңгейде қысқаруы байқалған. Көптеген ғалымдар мен қоғамдастықтар өз шығарылымдарында ашаршылықтың жайлап келе жатқандығы жөнінде және де оны мүмкіндігінше тоқтатуды, болмаса ашаршылыққа ұшыраушылар санының өсу процесін төмендетуді ескертеді.
Көптеген елдердің басшылары аграрлық өндірісті сақтау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жасап жүзеге асыруда: қосымша ауылшаруашылық жерлерін игеруді қалпына келтіру мен қорғау, оларды пайдалану тиімділігін арттыру. Барлық мемлекеттердің дамыған елдерінде аграрлық өнім мен азық-түлік өндірісінің өсуіне қолдау жасайды және ішкі нарықты қажетсіз азық-түлік импортынан тиімді қорғайды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көптеген елдер мен мемлекетаралық одақтастардың ерекше саясаттарына айналды. 68 елде ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеу туралы заңдар қабылданды.
1. Кайгородцев А.А. Экономическая и продовольственная безопасность Казахстана. Вопросы теории, методологии, практики: монография / А.А. Кайгородцев. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006.
2. Сапарова А. А. Производство и рынок потребительских товаров на пути стабилизации и развития / А.А. Сапарова. // Казахстан на пути к новой модели развития: тенденции, потенциал и императивы роста: Материалы Международной научно-практической конференции. Часть 4. – Алматы, 2003.
3. Кайгородцев А.А. Товаропроводящая система АПК как фактор продовольственной безопасности Казахстана / А. А. Кайгородцев. // Современный научный вестник. – 2006. – № 2. – С. 28-32.
4. Ваганова Н.В. Проблемы таможенно-тарифного регулирования и обеспечения продовольственной безопасности при вступлении России в ВТО / Дальневост. ин-т междунар. отношений. [Электронный ресурс]. – 2007. – Режим доступа: http://www.ecrin.ru
5. Бекенов С.С. Критерии и оценки продовольственной безопасности // Вестник КРСУ. – 2003. - №2 [Электронный ресурс] - Режим доступа: http://www.krsu.edu.kg/

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тамақ өнімдерінің өндірісі әрбір адамның және бүкіл адамзаттың өмір сүру
жағдайының басты шарты болып табылады. Азық-түлік өнімдерінің тапшылығы
адам өмірінің сапасы мен қоғам дамуының деңгейін анықтайтын, барлық басқа
экономикалық және әлеуметтік категорияларды құнсыз және мән-мағынасыз
етеді. Адамзат XXI ғасырға азық-түлік мәселелерінің өткірлене түсуімен
бірге енді. 1950 – 1980 жылдары жоғары қарқынмен дамыған азық-түлік
өндірісі 90-жылдары тоқырап тоқтап қалды. Оның кейбір түрлері бойынша
өндірістің толығымен тоқтап қалуы, тіпті планетадағы бір адам басына
шаққанда одан да жоғары деңгейде қысқаруы байқалған. Көптеген ғалымдар мен
қоғамдастықтар өз шығарылымдарында ашаршылықтың жайлап келе жатқандығы
жөнінде және де оны мүмкіндігінше тоқтатуды, болмаса ашаршылыққа
ұшыраушылар санының өсу процесін төмендетуді ескертеді.
Көптеген елдердің басшылары аграрлық өндірісті сақтау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламаларын жасап жүзеге асыруда: қосымша ауылшаруашылық
жерлерін игеруді қалпына келтіру мен қорғау, оларды пайдалану тиімділігін
арттыру. Барлық мемлекеттердің дамыған елдерінде аграрлық өнім мен азық-
түлік өндірісінің өсуіне қолдау жасайды және ішкі нарықты қажетсіз азық-
түлік импортынан тиімді қорғайды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
көптеген елдер мен мемлекетаралық одақтастардың ерекше саясаттарына
айналды. 68 елде ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеу туралы заңдар
қабылданды.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу барлық елдердің экономикалық
саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ оған жасалынып жатқан
қадамдар әр елде әртүрлі. Мемлекеттіктің бүкіл тарихында халықтарды тұрақты
азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, оған ұлттық қауіпсіздік тәуелді
болғандықтан маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
70 жылдары Үлкен жетілік деп аталатын елдер арасында ауылшаруашылығы
өндірісінің деңгейінің координациясы бойынша арнайы шешім қабылданды. Ол
шешіммен байланысты әрекеттің мәні агроөнімдер өндірісі мен оның импортының
деңгейін оптимизациялауға байланысты. Бірақ бұл мәселе бойынша соңғы
келісімге әлі қол жеткен жоқ. Сонымен, Еуропалық одақ, АҚШ және Жапония
мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолдана отырып өзін -өзі азық-түлікпен
жеткілікті қамтамасыз етуді қарастыратын ұттық- азық-түлік қауіпсіздігі
концепциясын ұстанады.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін дамыған елдер агроөнеркәсіптік
өндіріске үкімет және Федералдық бюджет деңгейінде орталықтандырылған
түрде, құрылымдық өзгеріс кезеңінде қолдау көрсетеді. Еуропа елдері өзін-
өзі қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын тауарлардың импортын реттеу
үшін компенсациялық алымдарды кең қолданады. Мемлекет ішкі аграрлық нарықта
импорты аса күшті бәсекеқабілеттілік тудырмайтын тауарлардың кедендік баж
салықтарын сақтайды.
Азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселесі кез-келген ел үшін
маңызды болып табылады. Дамыған елдер тәжірибелері көрсетіп отырғанындай,
осы мақсатқа жету жолында экономиканың аграрлық секторын реформалау, оның
тиімділігін арттыру бойынша әртүрлі қадамдар мен талпыныстар жасалынды.
Агроөнеркәсіптік сатылым саясаты Еуропалық Қауымдастықтың әрекет етуінің
маңызды аспектісі болып табылады. Халықтың жоғары тығыздығы және сәйкесінше
– оның ауылшаруашылық жерлерімен аз қамтамасыз етілуі, аграрлық өндірістің
дамуының шығын мен күшті көп қажет ететін және жасаған аграрлық өнімін АҚШ,
Жаңа Зеландия, Канада, Австралия елдерінің ауылшаруашылық өнімдерімен
салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз ететін жоғарыинтенсивті жолын анықтап
берді. Сондықтан да аграрлық өндірісті мемлекетік қолдау,
сыртқыэкономикалық қызметтердегі протекционистік іс-шаралар еуропалық
мемлекеттер үшін объективті шарттастырылған болды.
Еуропалық Қауымдастық мемлекеттерінде аграрлық өндірісті реттеу ұлттық
деңгейден де жоғары бүтіндей бірлестік деңгейінде жүзеге асырылады.
Еуропалық Қауымдастық елдерінде осы мақсаттар үшін ауылшаруашылық ЕФОГ-ы
құрылған. ЕФОГ арқылы Қауымдастықтың консолидацияланған бюджет қаржысының
үлкен бөлігі — 65-75% бөлістіріледі. ЕФОГ бюджеті жыл өткен сайын артып
келе жатыр. 1974 жылы ол 3,4 млрд. экю-ге, 1988 жылы 28,2 млрд. экю-ге,
2000 жылы 40,9 млрд. еуроға, 2008 жылы 56,8 млрд. еуроға тең болды және ол
ЕҚ-тың барлық бюджетінің 50 %-ға жуығын құрады. ЕФОГ бюджетінің өсу қарқыны
Қауымдастық мемлекеттердің аграрлық өнім өндірісінің көлемінен анағұрлым
артып кетті. ЕФОГ екі секциядан тұрады: кепілдік беру және бағдарлану
қорлары. Кепілдік беру қоры экспортты, ішкі бағаларды қолдауға, фермерлер
табыстарын тікелей қаржыландыруға, компенсациялық төлемдер жасауға ЕФОГ
қаржысының 98%-на жуығын бөлістіреді. Бағдарлану қорының қаржылары
құрылымдық саясаттарды жүзеге асыру үшін жұмсалынады.
Экспорттық қаржыландыруға кепілдік беру қорының қаржысының 40%-ы
жұмсалынады. Бұл оның бағытының мәнділігі бойынша бірінші қолданылуы. Қаржы
көлемі әлем нарығының конъюктурасымен анықталады. Экспорттық
қаржыландырулар бойынша астық, сүт, ет және қант өндірістері
ынталандырылады.
Экспортты қаржыландыру үшін жұмсалатын қаржылар әлемдік бағаларға
қарағанда анағұрлым жоғары бағалар бойынша фермерлік өнімдерді сатып алу
үшін сауда саттық ұйымдары арқылы бөлістіріледі.
Бағаны қолдауға тиісті қаржылар құрылымындағы экспорттық субсидиялар 50%-
ға дейінгі мөлшерді құрайды. Экспорттық үстеме мөлшері өте жоғары — 70%-дан
жоғары болуы мүмкін.
ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығын бағытының мәнділігі бойынша екінші
қолданылуы фермерлік табыстарды кепілдендіру болып табылады. Ол
ауылшаруашылық өнімдері артық нарықтарда оны сақтау, компенсация төлеу үшін
сауда ұйымдарының өнімін өткізу кезінде олардың қорынан алу жолымен жүзеге
асырылады. 1987 жылы астық бағасын қолдауға 3,7 млрд экю (шамамен 16%)
жұмсалынды, сүт өнімдеріне — 6,2 млрд экю (шамамен 27%), ет өнімдеріне —
2,4 млрд экю (шамамен 10%), қантқа — 1,6 млрд экю (шамамен 7,1%),
көкөністер мен жемістерге — 1 млрд экю (шамамен 4%) жұмсалынды. ЕФОГ
бюджетінен өсімдік шаруашылығының өнімдерін қолдауға 2008 жылы — 25,9 млрд
евро, мал шаруашылығына — 9,67 млрд евро жұмсалынды.
ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығындарының үшінші бағыты өзара сауда-
саттық кезінде Қауымдастық ішіндегі әртүрлі валюта курстарынан болған
қаржылық жоғалуларды төмендету үшін арналған Компенсациялық валюталық
төлемдер болып табылады. Бұл мақсатқа кепілдендіру қорының қаржысынан 7%-
ға дейін жұмсалынады. Біріңғай валютаға (еуро) көшкелі бері бұл шығын
статъясы қажетсіз болып қалды.
ЕФОГ-тың кепілдендіру қорының шығындарының төртінші бағыты фермерлерге
төленетін тікелей төлемдер жатады. Бұлар бағаларға қойылатын үстемелер
немесе астық өсіру мәдениетін кеңейту үшін1 гаегіндікке төленетін төлем.
Осы мақсаттарға бағдарлану қорынан да жұмсалынады.
Бағдарлану қорының қаржылары ауылдық жерлерде және фермерлік
шаруашылықтарда әлеуметтік-мәдениетті қалыптастыруда біріңғай саясат
жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар бағдарлану қорының қаржылары ауыл
инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын қаржыландыруға, аграрлық өнімдерді
қайта өңдеу және өткізу жүйесін жетілдіруге, жасы келген фермерлерді
зейнетке ерте шығаруды ынталандыруға, жағдайы нашар аудандарда аграрлық
өндірісті сақтау мен дамытуға жұмсалынады.
Бағдарлану қорынан қаржыландыру реті реттелген. Сонымен, ферманың
өндірістік құрылымын жетілдіру бойынша жобаны қаржыландырудың 20%-дан кем
емес бөлігін фермер өз күшімен төлеуі керек; 15%-ы бағдарлану қорынан
қаржыландырылуы мүмкін; ұлттық бюджеттің үстеме ақылары жетіспейтін соманы
жабуға кетеді. Сақтау жүйесін дамыту кезінде бағдарлану қорының
қаржыландыру мөлшері 25%-ға дейін, жағдайы нашар аудандарда 45% капиталдық
салымға дейін арттырылуы мүмкін. Аграрлық өндіріске қосымша қаржылық
салымдарды тарту үшін несие бойынша пайыздарды төлеуді қаржыландыру
қарастырылған. Жағдайы нашар аудандарда халықтарды және мәдени ортаны
сақтау үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуын
қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Кепілдік беру және бағдарлану қорларының қаржылары фермерлерге зиянын
тигізген табиғи апат кездерінде, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру
кезінде де қолданылуы мүмкін.
Еуропалық Қауымдастық мемлекеттерінде аграрлық өндірісті мемлекеттік
реттеудің ұлттық саясатының қатарында құрылымдық саясатқа шығындарды
жұмсауға ұлттық саясаттың әртүрлі формалары қолданылады. Зерттеу және
дамыту бюджеттік бағдарламасына ЕҚ бойынша бюджеттің шамамен 10%-ына жуығы
бағытталады. Сонымен қатар өндірістік шығындарға, бағаларды қолдауға,
аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға, салықтан босату және басқа да
мемлекеттік реттеу формаларына тікелей үстеме ақылар, компенсациялар
төленеді.
Еуропалық Қауымдастықтағы ұлттық аграрлық саясаттың мысалы ретінде
Францияны алайық. Мұнда Еуроодақ желісі бойынша төленетін жалпы үстемелер
мен субсидиялардан басқа келесі мемлекеттік көмек түрлері де жүзеге
асырылады:
1.Ауылшаруашылық және сәйкес кәсіптік білімі бар жас фермерлерді (21-ден 35-
ке дейінгі) жұмысқа орналастыруға дотацииялар. Қауіпті таулы аймақтарда бұл
мақсаттар бойынша жас фермерлер 108-ден 162 мың франкке дейін, жағдайы
нашар ауылшаруашылық аймақтарда 67-ден 100 мың франкке дейін, басқалары 52-
ден 78 мың франкке дейін алады. Жас фермерлер сонымен қатар 12 жылға
жеңілдікті несиелер де (жылына 3,4%-дан 6,6%-ға дейін) алады.
2.Қауіпті таулы аймақтардағы және жағдайы нашар аудандардағы фермерлерге
компенсациялық көмек беріледі. Бұл белгілі бір аймақтарда орналасқан
(шамамен 364 мың фермерлік шаруашылықтар), мал өсіру фермалары үшін, ауыл
және орман шаруашылығы Министрі бекіткен арнайы көмек. Субсидиялар бір мал
басына 166-933 франк мөлшерінде беріледі, бірақ 50 бастан артық емес.
Жылына 4 шартты мал басын өсіру 1,6 млрд. франк сомасына дотацияланады.
Өсімдік шаруашылығын дамытуға1 га764 франк есебімен есептеліп төленеді.
3.Субсидиялар ауылшаруашылығы өндірісінің жерлерінің құнарлылығын арттыру
үшін1 га1,5-3,5 мың франк есебінде есептеліп төленеді.
4.Фермерлердің жағдайын жақсарту мен өндіріс тиімділігін арттыруға
субсидиялар мен қарыздар беру. Бұл бірден үшеуге дейін жалдамалы жұмысшысы
бар, жоғары білікті 58 жасқа дейінгі фермерге беріледі. Бұл субсидия мен
қарыздың төтеу шарты фермердің жылдық табысын екі есеге дейін арттыру
міндеттемесі. 2008 жылы мұмндай субсидия мен қарыз алған фермерлер саны
12,5 мың адамды және 115 мың франкті құрады, ал орташа қарыз 6 жылға 460
мың франкті құрайды
5.Табиғи апаттар бойынша ұлттық кепілдік қорынан бөлінетін ауылшаруашылық
өндірісінің дотациялары. 2002 жылы құрғақшылықтан жапа шеккен 42
департаментке 900 млн. франк төленді.
6.Сүт өндірісінің тоқтап қалуына төлемдер. ЕҚ сүтке квота белгіленген. Сүт
өндірісінің қысқарып кету және жылына 60 тонна ғана сүт өндірушілер
бағдарламасына қатысушыларға1 литрсүтке 2,91 франк есебімен фермерлерге
берілетін дотациялар.
7.Қалыптасатын экономикалық жағдайларға байланысты жыл сайын бекітілетін
арнайы дотациялар. 2011 жылы мемлекеттік қолдаудың осы статъясы бойынша
фермерлердің әлеуметтік қамсыздандыру қорына төлемдері 400 млн. франкқа,
жер салығы – 490 млн. франкқа, жемшөптік дән сатып алуға кеткен шығынға
компенсация – 500 млн. франкқа қысқарды, ЕҚ-тың сиырларды сүттендіруге бір
басқа 280 франкқа дейін сыйақы көлемі арттырылды.
8.Фермердің ауылшаруашылық табысын көтеруге бағытталған субсидиялары
талдамалық мамандандырылған фермалар бойынша өз шаруашылықтарының деңгейі
мен тиімділігін орташаға дейін көтергісі келетін фермерлерге беріледі.
Субсидия сомасы 6 жылда жылына 25 мың франк.
Аталған субсидияландыру түрлерінен басқа қоршаған ортаны сақтаумен және
мелиоративтік жүйелерді құрумен және т.б. байланысты төлемдер де кездеседі.
1929-1933 жылдардағы экономикалық кризис кезеңінде ауылшаруашылық
өнімдерінің бағасы мен фермерлердің табысын тұрақтандыруды кепілдендіретін
заңдар қатарын қабылдаған АҚШ-тың ұлттық аграрлық өндірісті қолдау
сферасындағы тәжірибесі көңіл аударуға тұрарлық. Қазіргі кезде жоғарыда
айтылған кепілдікті сақтайтын Фермерлік қауіпсіздік және ауылшаруашылық
инвестициялары туралы акт әрекет етеді.
Эксперттердің болжамы бойынша басталған ғасырдың алғашқы он жылдығында
елдегі ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының саны 100 мың бірлікке дейін
артады, ал олардың ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес салмағы 80 %-ға
дейін көтеріледі. Бұл АҚШ-та жермен айналысу өте жоғары қарқын алып
отырғандығының айғағы. Елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
АҚШ-тың ірі шаруашылықтарының ерекшеліктерін ресей зерттеушілері де
қарастырды.
Дамыған елдердің аграрлық секторында өндірісті кооперациялау мен
интеграциялау процестері жүруде. Ғылыми-техникалық прогресс,
ауылшаруашылығын индустриализациялау капиталды еңбек ресурстары және
энергия сақтау технологияларының негізінде өндірістің барлық факторлары
анағұрлым тиімді қолданылатын ірі кәсіпорындарға концентрациялауды талап
етеді.
АҚШ-та 50- жылдардың басында индустриалды технологияға қайта құрылуға,
жаңа кешенді машиналар мен жабдықтарды, химияландыру құралдарын, сұрыпты
тұқым мен табынды малдарды иемденуге қабілетсіз майда фермалардың жойылуы
өте жоғары қарқынмен жүрді. Сонымен, 1950 -1995 жылдар аралығында фермерлік
шаруашылықтардың саны 3 есеге дейін қысқарды, ал орташа фермерлердің жер
учаскелерінің көлемі90 га.190 га. дейін өсті, яғни 2 еседен аса көлемге
артты. Мұның себебін майда кәсіпорындарға қарағанда ірі кәсіпорындарда 100
га. жерге 5 есе аз техника мен еңбек ресурстары кететіндігімен түсіндіруге
болады. 1990 жылы АҚШ-тың 43 мың ірі фермасы (олардың жалпы санындағы 2%-
дан азы) елдің барлық тауарлық өнімінің 42 %-ын нарыққа шығарды. Мұнда бір
жұмыскердің еңбек өнімділігі 212,0 мың долл. құрады. Американдық
экономистер елдегі фермерлік шаруашылықтардың жалпы саны 1,2 млн. аспауы
керек, бұл кезде 50 мың ірі құрылым (5 %-дан төмен) 75-80 % ауылшаруашылық
өнімдерін өндіреді деп есептейді. Міне осылар елдің азық-түлік
қауіпсіздігінің негізі болып табылады.
ХХ ғ. басында АҚШ саясатында нарық механизмдерін жетілдіру бойынша
бағдарламалар қатары жүргізілді. Атап айтқанда:
— Табыстарды ұстап тұру бағдарламасы. Негізгі өнімдер (бидай, жемдік
астық, мақта, күріш) үшін компенсациялық төлемдер бағдарламасы алынып
тасталып, өндірістік келісімдерге икемді жаңа бағдарламалар жасалынды. Оның
мәні фермерлерге төленетін субсидиялар мөлшері нарықтың ағымдағы бағасына
тәуелсіз түрде және 7 жылға белгіленетіндігінен тұрады. Өнімнің жеке
түрлерін өндірушілер арасында субсидия сомаларын бөлістіру қолдау
бағдарламасы бойынша бұрын қалыптасқан төлем қатынастары негізінде
жүргізіледі. Заңнама қолдау бағдарламасына қатысу үшін фермерде жердің
консервация жоспары болу керек деген талапты қалдырды. Заңнама бір фермаға
40 мың долл. (1990 ж. заң бойынша бір фермаға 50 мың долл.) және үш
иелігі бар фермерлерге ереже бойынша 80 мың долл. есебінде төлем
мөлшерінің шегін қысқартты- бұрын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
ХХ ғасырдың 90 - жылдарындағы Қытайдың азық - түлік қауіпсіздігі саясаты
Азық-түлік қауіпсіздігі түсінігі, мәні және қауіпсіздікке жету жолдары
Қауіпсіздік ұғымы
Азық түлік өндірісінің қоршаған ортаға əсері
Республикадағы азық - түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау
Tағам шикізатының қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштері
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
Азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру және оны қамтамасыз ету
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер