Аграрлық құқықтық қатынастар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ

1. Аграрлық құқықтық қатынастардың түсінігі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. Аграрлық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері.

3. Аграрлық құқықтық қатынастар құрамы.

4. Ішкі және Сыртқы аграрлык құқықтық қатынастар, түрлері және құрылымы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Аграрлық құқықтық қатынастар дегеніміз - ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, тарату нәтижесінде пайда болатын, аграрлық құқықтың немесе басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін қатынастар. Аграрлық құқықтың және онымен байланысты басқа құқық салаларының нормаларымен ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарын, кәсіпкер - азаматтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оларға өндірістік-техникалық қызмет көрсету және әлеуметтік қамтамсыз ету бойынша қоғамдық қатынастар да реттеледі. Б. Жетпісбаев аграрлық қатынастар деп аграрлық қызмет нәтижесінде пайда болатын, өзгеретін, жойылатын және аграрлық құқықтың нормаларымен реттелетін, субъектілері субъективтік құқыққа және заңдық міндеттерге ие және жүзеге асырылуына мемлекет кепілдік беретін және заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды түсіндіреді. Бірақ жоғарыда айтылғанды ескере отырып, бұл қатынастардың тек аграрлық құқықтың ғана емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларының нормаларымен реттелетінін көруге болады.

Аграрлық құқықтық қатынастар пайда болу саласына байланысты олар екі үлкен топқа бөлінеді:

  • ішкі шаруашылық
  • сыртқы шаруашылық.

Бұл қатынастар мазмұнына, оларды реттейтін нормативтік актілердің сипатына, реттеудің әдісіне байланысты ажыратылады. Ауыл шаруашылық құрылымдарының сыртқы қатынастары мемлекеттік биліктің құзыретті органдарымен қабылданған нормативтік құқықтық актілермен реттелсе, ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының ішінде пайда болатын қатынастар негізінен шаруашылық ішілік органдардың актілерімен реттеледі.

Ішкі аграрлық құқықтық қатынастар - аграрлық құқықтың нормаларымен реттелген және бір ауыл шаруашылық кәсіпорынының ішінде болатын қоғамдық ауыл шаруашылық қатынастары. Бұл қатынастарды басқаша "ішкі шаруашылық құқықтық қатынастар" деп атауға болады. Ішкі аграрлық қатынастар әр уақытта шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан нақты ауыл шаруашылық ұйымына мүшелікке негізделеді. Ішкі аграрлық қатынастардың тағы бір ерекшелігі олардың еңбек шартының негізінде пайда болатындығында немесе нақты ауыл шаруашылық құрылымының ішінде болатын ұйымдастыру-басқару қызметінің барысында мүлікті, жерді пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатындығында. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ішінде пайда болатын еңбек қатынастары өзінің сипаты мен мазмұнына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • еңбекті ұйымдастыру саласындағы қатынастар;
  • еңбек тәртібін сақтау бойынша қатынастар;
  • еңбекке ақы төлеу саласындағы қатынастар;
  • еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария бойынша ережелерді сақтау саласындағы қатынастар.

Ішкі аграрлық қатынастардың ішінде ерекше орынға ұйымдастыру - басқару қатынастары ие. Аграрлық сектордағы ұйымдастыру - басқару қатынастары бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Мысалы, аграрлық және әкімшілік. Бірақ әкімшілік құқықтың нормалары ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың сыртқы ұйымдастыру - басқару қатынастарын реттейді, ал ішкі ұйымдастыру - басқару қатынастарын аграрлық құқық реттейді. Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің басқару органдарының құзыретін заңдармен және кооперативтің жарғысымен анықталады.

Сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар - ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының, олардың бірлестіктерімен және ауыл шаруашылық өндірісінің басқа қатысушыларының арасындағы қатынастардың жиынтығы. Сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар сипаты мен мазмұны бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • ауыл шаруашылық өндірісінің қатысушыларының қозғалатын және қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын жүзеге асыру саласындағы қатынастар;
  • шарттық;
  • салықтық;
  • деликтілік қатынастар;

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Аграрлық құқықтық қатынастардың субъектілері - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, тарату саласында, сонымен қатар оларды өндірістік - техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында құқықтар мен міндеттерге ие жеке және заңды тұлғалар.

Әміршілдік-әкімшілік жүйенің басым кезеңінде колхоздардың рөлі басым болды. 50-60 жылдарда тың жерлерді игеру кезінде ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастырудың жаңа нысаны совхоздар пайда болды. Олар тек өздері өндірген өнімге ғана емес, сонымен қатар өздерінің өндірістік- шаруашылық қызметтері үшін қажетті (өздеріне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікке (жерден басқа) ) меншік иесі болып есептелді. 70 жылдары АӨК, бірлестіктер, фирмалар, ауылшаруашылық кооперативтері және басқа ауыл шаруашылық және өндірістік бірлестіктер аграрлық қатынастардың субъектілері ретінде пайда бола бастады.

Қазақстанда әлі одақ кезінде 1990 жылдың 21 мамырында азаматтардың шаруашылық еркіндігі ұшін ыңғайлы жағдай туғызу мақсатында және олардың аграрлық қатынастардың жаңа субъектілері ретіндегі құқықтары мен заңды мұдделерін қорғау кепілдігі ретінде "Қазақ ССР-інің шаруа қожалығы туралы" заңы қабылданды. (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясының қабылдануымен және елдегі жер және аграрлық реформалардың басталуымен тек қана бұрынғы қызмет ететін ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдардың құрамына ғана өзгерістер еніп қойған жоқ, сонымен қатар аграрлық қатынастардың жаңа субъектілері - шаруа (фермер) қожалықтары, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері, ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың ассоциациялары (одақтары), акционерлік қоғамдар пайда болды.

Аграрлық құқықтық қатынастың субъектілері тек қана заңды тұлғалар емес, сонымен қатар ауыл шаруашылық қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары да, азаматтығы жоқтар да, шетел азаматтары да болады. Осыған орай аграрлық құқықтық қатынастың субъектілері өзіндік қосалқы шаруашылықпен, бағбандықпен, мал шаруашылығымен айналысатындар да болады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мұмкін

Аграрлық құқықтық қатынастар тек субъектілерінің өзгешелігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар арнайы объектілерімен де ерекшеленеді. Аграрлық құқықтық қатынастардың объектілері аграрлық қатынастардың қатысушыларының әрекеті бағытталған игіліктер.

Аграрлық құқықта құқықтық реттеудің жалпы объектісі ауыл шаруашылық қызметі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Аграрлық секторда пайда болатын құқықтық қатынастардың сипаты мен түріне байланысты объектілер мынадай болады:

  • материалдық игіліктер (жер, табиғи ресурстар, мұлік, бағалы заттар және т. б. ) ;
  • субъектілердің әрекеті, тәртібі, әр түрлі қызметтер және оның нәтижелері;
  • рухани шығармашылық өнімдері;
  • бағалы қағаздар, ресми құжаттар.

Аграрлық құқықтық қатынастардың объектісі - пайдалануға және қорғауға аграрлық құқықтық қатынастардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бағытталған нақты игіліктер. Мұліктік құқықтық қатынастардың объектісі нақты материалдық құндылықтар болады: ғимараттар, инвентарь, техника және т. б. Аграрлық құқықтық қатынастардың өзгешелігі аграрлық өндірістің өзгешелігімен байланысты. Бұл өзгешелік жерді, ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы ретінде алуға байланысты, бірақ мұнда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша құқықтық қатынастардың объектісі әр уақытта нақты жер учаскесі болады. Аграрлық құқықтық қатынастардың объектілерінің ішінде маңызды орынға жануарлар ие. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларының бірі, сондықтан жануарларға байланысты қатынастар аграрлық құқықтық қатынастардың маңызды құрамдас бӛлігі болып табылады.

Аграрлық құқықтық қатынастардың объектілері басқа құқық салаларында орын алмайтын ерекшеліктерге де ие. Оларға жаңа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мұлкін - жерді, мұліктік үлестерді, пайларды жатқызуға болады. Аграрлық құқықтық қатынастардың өзінше объектілеріне астық шаруашылығын, омарташылықты және мал шаруашылығының селекциялық жетістіктерін жатқызуға болады.

Аграрлық құқықтық қатынастардың аталған объектілері осы қатынастардың ерекшелігін, қайталанбастығын көрсетеді. Бұл объектілер, сонымен қатар аграрлық құқықтық қатынастардың табиғи факторларға тәуелділігін көрсетеді. Бірақ бұл қатынастар тек аграрлық құқықпен ғана реттелмейді. Ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының қатынастары "көлденеңінен" азаматтық құкықтың нормаларымен реттеледі. "Тігінен" әкімшілік құқыктың нормаларымен реттеледі. Ал аграрлық құқық бұл қатынастарды ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, тарату бойынша органикалық синтез рѐтінде "көлденеңінен" де, "тігінен" де реттейді.

Аграрлық құқықтық қатынастар құрамы. Аграрлық құқықтық қатынастардың пайда болу және жойылу негіздері заңдық факт болып табылады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:

  • заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай- заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
  • заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
  • азаматгық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
  • заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
  • өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және санаткерлік қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
  • басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
  • заң азаматтық құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Б. Жетпісбаев зандық фактілердің мынадай түрлерін атап көрсеткен :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық құқық
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Қазақстандағы аграрлық құқық
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастры
Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасында астық қызметін құқықтық реттеу мәселелері: объектісі, субъектілері, мемлекеттік реттеу механизмі, шетел тәжірибесі
Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz