Азаматтық іс жүргізу құқығы


Жоспар
КІРІСПЕ
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі.
Оның пәні мен жүйесі
3. Азаматтық іс жүргізу сатылары
4. Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы - азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні
- тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;
- азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
- шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтың қатынастары мен оның субьектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т. б. - жалпы бөлімі .
Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру - ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы
Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Ааматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқытық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.
Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сот төрелігін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Яғни, азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажыраты білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне жалпы ережелер Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т. б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуге, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т. б. жатқызуға болады.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері 2-ге бөлінеді.
- императивтік
- диспозитивтік
Императивтік тәсіл (императив - «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң - таңдауға жол бермейтін) АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі.
Диспозитивтік тәсіл керісінше субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.
- Бұйрық арқылы іс жүргізуістерінде 1-тарап арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап борышкер болады.
- Талап арқылы іс жүргізу істері- істі талап арыз жазу арқылы 2 тараптың арасында дау туындаған жағдайда қозғалады.
- Ерекше талап қою бойынша іс жүргізу істер- 2-тараптың іскі шағым беру арқылы істі бастауы, тараптардың біреуі мемлекеттік орган бола алады.
- Ерекше өндіріс- арыз немесе өтініш арқылы 1 тарап істі қозғайды.
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т. б.
Азаматтық іс жүргізу сатылары
1. Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
- өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша;
- заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол тиісті ұйғарым шығарады.
2. Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс) .
Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.
3 . Кассациялық сатысы
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.
4. Қадағалау сатысы - Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы.
... жалғасы5. Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы - Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
6. Орындау өндірісі
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқытық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары- азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең». Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі номативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы - ҚР АІЖК-сі болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерімі көрсетілмесе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚРАІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz