Әкімшілік жауапкершілік



КІРІСПЕ
1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән.жайлар.
3.Әкімшілік құқық бұзушылық және оның сипаты

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Заңды жауапкершілік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызыды шара. Оның әрбір салаға байланысты бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы - әкімшілік жауапкершілік болып табылады.
Әкімшілік жауапкершілік – әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік жауаптылық, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған).
1.Баянов Е. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ: Оқулық.-Алматы, 2007.

2.ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ҚР Кодексі

3. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану»

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар.
3.Әкімшілік құқық бұзушылық және оның сипаты

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Заңды жауапкершілік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-
мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызыды шара. Оның әрбір салаға
байланысты бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы -
әкімшілік жауапкершілік болып табылады.
Әкімшілік жауапкершілік – әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып
үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік
жауаптылық, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды
жауапкершіліктің маңызды түрі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік
органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын
қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет,
заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда
белгілеуге құқылы. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес
адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер
қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген. Әкімшілік
жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған).
Әкімшілік жауапкершіліктің жеке нормативтік-құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік
жауапкершілік нормалары жеке әкімшілік құқық, институтын қалыптастырады.

қылмыстық жауапкершілік - арнайы заңмен;
тәртіптік жауапкершілік - мемлекеттік қызметшілердің категориялық
бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілермен және Еңбек туралы
заңмен;
материалдық (қаржылық) жауапкершілік Еңбек туралы, азаматтық жөніндегі
заңдармен, кейбір жағдайда әкімшілік құқық нормаларымен бекітіледі немесе
жауапкершілікке тартылады.;

Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1)құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;

2)әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың
әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3)әкімшілік жауапкершіліктің негізі — әкімшілік құқық бұзушылық;

4)әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5)әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды
тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6)әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан
шығару негізі болып табылмайды;

7)әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер
бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16
жасқа толған тұлғалар тартылады.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік — құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16
жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға
кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен
қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы
толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі
отыр.

Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі.
Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі
Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар
әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша
жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су
ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану
және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін,
кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және
контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады.
Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі.

ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы
негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал
диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық
жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес
елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.

Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38-43 баптарында
қарастырылған:

1) қажетті қорғану;

2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;

3) аса қажеттілік;

4) негізді тәуекел;

5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;

6) бұйрықты немесе өкімді орындау;

7) ақыл есінің кемдігі (33 бап).

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар
болып мыналар танылады (61 бап):

1)кінәлі адамның өкінуі;

2)кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды
өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;

3)әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке
басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4)әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;

5)әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы
бар әйелдің жасауы;

6)әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу
нәтжесінде жасау;

7)әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу,
құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді
орындау кезінде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып
мыналар танылады (62 бап):

1)уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты
жалғастыра беру;

2)бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға
ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген
адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;

3)кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;

4)кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не
әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері. Әкімшілік жауапкершіліктің нормативтік-құқықтық негізі
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Әкімшілік жауапкершіліктен босату
Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Әкімшілік құқық -құқықтық нормалардың күрделі жүйесі
Әкімшілік жауапкершілік ұғымына түсініктеме
Азаматтық құқық бұзушылық
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі
Пәндер