Мемлекеттік табиғи қорық қоры


Жоспар
КІРІСПЕ
1. Мемлекеттік табиғи қорық қоры
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Барсакелмес қорығы
3. Барсакелмес қорығының экологиясы
4. Барсакелместі қорық ретінде сақтап қалудың амалдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2, 8%-ін алып жатыр. Барлық 10 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді.
Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 10 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.
Барсакелмес қорығы - Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы 20 мың га. Бұл Аралдың мөлшерi жағынан екiншi орында тұрған аралы Қызылорда облысының Арал ауданының территориясының құрамына кiредi. Орташа жылдық температурасы- 8, 7°. Ең суық айы-қаңтар. Радиациялық факторлардың сипатталатын абсолюттi минимумының жылдық балансы (39, 7 ккал/кв. см. ) - 31° . Ең ыстық айында орташа температура - 25, 2 °. Абсолюттi максимум - 40, 6° . Теңiз климатқа жұмсақ әсер бередi.
Барсакелмеске далада кең таралған сұр - қоңыр топырақ тән. Кәдiмгi тақыр - сорлы топырақ кең таралған.
Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі - құммен қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерде аққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына орай қазір қорықта көл де, бұл құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі (тасбақа, қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т. б. ), жыл құсының 211 түрі болды, 1970-1990 жылы олардың саны күрт азайып, тіпті кейбір түрлері жойылып кетті. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалады. Тік жартастарда дала қыраны, бөктергі және ителгі ұялайды. Қорықта 1950 жылы құланды жерсіндіру басталды. 1953-1965 жылы Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында 19 құлан әкелінді. 1976 ж. Барсакелмес қорығнда құланның саны 157 болса, соңғы кездегі Арал теңізіндегі экологиялық жағдайдың аса нашарлауынан, олардың саны күрт төмендеді. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары мен қорықшаларына көшірілді. Көп жылдар бойы Барсакелмес қорығында тұяқты жануарлардың биологиясы зерттелді. Қорықтың қорғалатын бағалы жануарлары - тұяқтылар: сайғақтар, жейрандар және құландар, олар аралдың қатаң шөлдi жағдайына бейiмделген және оның биоценозының негiзгi компоненттерi болып табылады.
Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.
Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті.
Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы” №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Енді Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы ықпал етті. Ал қорық жеріне ғылыми-техникалық сараптама жасауға Аралдың құтқару қорының президенті Алмабек Нұрышев қаржылай көмек көрсетті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды.
Жабайы аң-құстарды сақтау үшін олардың еркін өсуіне қолайлы кеңістік қажет, - дейді қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев бізбен әңгімесінде. - Дамыған өркениетті елдерде ерекше қорғалатын аймаққа мемлекеттің жалпы жер көлемінің 12-14 пайызы кіреді. Әзірге Қазақстанның 2, 7 млн. шаршы шақырым жерінің ерекше қорғалатын аумағын 7, 7 пайыздық көлем ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіш жабайы аңдардың тыныш тіршілік ету мүмкіндігіне аздық етеді. Осының өзі олардың азаюына әсер ететін негізгі себептердің бірі. Бүгінгі статистика жылдан жылға жер бетінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің азайып бара жатқанын байқатады. Бұл, әрине, көңіл алаңдататын жәйт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz