Ұлттық діндер



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

• Иудаизим, Даосизм.
• Конфуцийлік, Синто.

ІІІ. Қорытынды

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Иудаизм — еврей халқының ұлттық діні. Б.д.д II мың жылдықта Солтүстік Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының негізінде пайда болды. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы Иуда тайпасы ерекше ықпал еткен. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден басталады. Оларға жататындар:
1.Құдай, Дүние, Адам жайлы ілім;
2.діни асқақтатудың тәртібі;
3.моральдық-өнегелік қарым-қатынастар кодексі;
4.діни институттар жүйесі;
5.Құдай аңдамалылығының тұжырымы;
6.Мессианизм - Құдайдың елшісінің немесе маңдайына бақ қонғандардың Мессияға келуі, Құдай патшалығының орнауы.

Иудаизмнің қасиетті кітабы - Сфарим, ежелгі еврейлік аббревиатурада - Танах, христиандықта - Көне Өсиет. Оған Тора немесе Мұса Пайғамбар жазды деп саналатын.
• 1.Ислам. Энциклопедиялық сөздік. М.: «Ғылым», Шығыс әдебиетінің басты редакциясы, 1991. — 315 бет. — бет.68-89.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Иудаизим, Даосизм.
Конфуцийлік, Синто.

ІІІ. Қорытынды

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Иудаизм

Иудаизм — еврей халқының ұлттық діні. Б.д.д II мың жылдықта Солтүстік
Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының
негізінде пайда болды. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы
Иуда тайпасы ерекше ықпал еткен. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден
басталады. Оларға жататындар:
Құдай, Дүние, Адам жайлы ілім;
діни асқақтатудың тәртібі;
моральдық-өнегелік қарым-қатынастар кодексі;
діни институттар жүйесі;
Құдай аңдамалылығының тұжырымы;
Мессианизм - Құдайдың елшісінің немесе маңдайына бақ қонғандардың Мессияға
келуі, Құдай патшалығының орнауы.

Иудаизмнің қасиетті кітабы - Сфарим, ежелгі еврейлік аббревиатурада -
Танах, христиандықта - Көне Өсиет. Оған Тора немесе Мұса Пайғамбар жазды
деп саналатын.
Иудаизмнің негізгі қағидаттары XІІ ғасырда өмір сүрген атақты философ-
талмудшы, рабби Моисей мен Маймон (1135-1204) іліміне сүйенген төмендегідей
13 ережелерден тұрады:

Құдай бар.

Құдай бір.

Құдай денелік пішінде болмайды.

Құдай мәңгі.

Иудейлер тек бір Құдайға табынуы тиіс.

Құдаймен қарым-қатынас тек пайғамбар арқылы болады.

Мұса – ең ұлы пайғамбар.

Құдай адамдардың барлық іс-әрекетін біледі.

Құдай зұлымдықты жазалап, қайырымдылықты мадақтайды.

Құдай өзінің Мессиясын жібереді.

Құдай өлілерді қайта тірілтеді.
Маңызды әдет-ғұрыптық талаптар қатарына мыналар жатады:

– Сүндетке отырғызу, ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады.
Бұл Яхвеге сыйынушылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызуды могель
атқарады.
– Сенбі күнін тыныштық пен дұға жасау күні ретінде қастерлеу. Ивритте сенбі
– шаббат деп аталады. Сенбі күні жұмыс жасауға болмайды ; Іс-әрекеттің
шұғыл формалары: жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және т.б. рұқсат
етіледі. Үйде жұмыс істеуге тыйым салынады. Сенбі күні өлген адамдарды
жерлеуге болмайды және т.б.
"Шаббат басында, яғни жұма күні күн батар кешқұрым мезгілде отбасы анасының
батасымен сенбілік шырағдан жағылады. Отбасы сенбілік тамақ ішуге
кіріседі. Тамақ ішер алдында нан және шарап негзінде бата жасалады.
Сенбі күні ұзақ сапарға шығуға болмайды. Кеме бортында отырған
жолаушыларға борттан түсуге болмайды. Ортодоксалды еврей синагогадан жаяу
жүретіндей қашықтықта тұрады. Өйткені, ол сенбі күні автомобиль жүргізе
алмайды. Ол қоғамдық көлікті де пайдалана алмайды”.
– Күшейтілген дұға жасау, дұға жасауға толық берілу қажет. Қол жуарда,
тамақ алдында және тамақтан кейін дұға оқу керек. Тамақтың әрбір түрі үшін
өзіндік дұға мәтіні болады. Сенбілік, мерекелік шырағданды жағар алдында да
дұға оқылады.
Синагогада біріккен құлшылық ету он ересек адамның, яғни "діни қатынаста
құқығы бар еркек болғанда ғана жүргізіледі. Бірақ, ерекше жағдайда жалғыз
дұға жасауға болады”.
– Пост (ауыз бекіту) – күнәдан тазару, тәубаға келу күндері, ұлы апат және
т.б. Иудейлік діни ілім бойынша, тек күйіс қайыратын жануарлардың, шехит
ережесі бойынша бауыздалған үй құстарының етін жеуге болады. Шошқа, жылқы,
қоян етін жеуге, бір уақытта ет және сүт тамақтарын колдануға тыйым
салынады. Егер тамақ алдында иудей сүт тағамын ішсе, онда ет тағамдарын жеу
алдында, олар ауыз шайқауы немесе бейтарап тағам жеуі керек. Тамаққа қанды
қолдануға айырықша тыйым салынған.
– Шавуот (шабуот) – апта мейрамы немесе Мұсаға Синай тауында Тораның
берілуіне байланысты мейрам. Иудей діни ойшылдарының пікірінше, бұл мейрам
пасханың бірінші күнінен соң 50-ші күні өткізіледі.
Иудаизмнің көп ғасырлық тарихында жікшілдік, секталар, бағыттар,
қозғалыстар пайда болды. Бүгінгі уақытта, ғалымдардың пікірінше, мынадай
иудаизм бағыттары қалыптасты: караим, хасидизм, реформаторлық,
консерваторлық, ортодоксальды. ХІІ-ХІІІ ғасырда еврей діни ойшылдарының
арасында Каббала философиялық көзқарастар жүйесі тарала бастады.

Даосизм

Даосизм қытайша дао цзяо – жол ілімі б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі
Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған
Хуан-ди Сары император ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан
және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары
данышпан Лао-цзынікі деп саналатын Жол мен ізгіліктер туралы канонда
баяндалады.
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім
мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі
категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы,
табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек
бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны
ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға
қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес;
ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне
есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы
танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада.
Даоның нақты көрінісі тек дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер
дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны
тану, ол оны ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп
түсінеді.
Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш,
металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден
әлем құралған. Ал элементтердің өзі киден” (алғашқы материя) бастама алып,
элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы әрекеттенбеу” (у-вэй”) – табиғи
әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи
үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын
ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені
өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген
ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған,
толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде
қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
Чжуан-цзы бойынша өмір мен өлім жалпылама метаморфозалардың тек
сатылары ғана. Универсум сияқты кіші әлем – адам да мәңгілік. Оның
физикалық тәні өлгенде рухы әлемдік арнаға” сіңеді. Өмір бастауы ретіндегі
даомен бірігу, діни пайымдау, тыныс және гимнастикалық жаттығу, жыныстық
тазалық, алхимия арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады.

Конфуциийлік

Б.з.д VI ғасырда Қытайда жаңа философиялық – дүниетанымдық ілім пайда
болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы
Кун — Цзы немесе Кун – ұстаз (европалық транскрипцияда – Конфуций) болды.
Конфуций біздің заманымызға дейінгі 551 жылы туылып, 407 жылы дүниеден
қайтты.
Конфуциийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған
шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций
туындылары емес. Оның ішінде ғұламаның шәкірттерінің де қосқандары аз емес.
Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:

- Өзгерістер кітабы. Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет
сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді,
барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір
адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.
-Көне тарих кітабы. Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен
астасқан тарихынан мәлімет береді.
Діни өлеңдер кітабы. Жинаққак әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы
мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген.
- Салтанатты рәсімдер кітабы.
- Көктем мен күз кітабы. Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылатын бұл
кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.

Да-Сюэ (Ұлы ілім), Чжун-юн (Тепе – теңдік туралы), Лун – юй
(Әңгімелер мен ойлар) және кун-Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы
Мэн-Цзының атымен аталатын еңбек – екінші серияны құрайтын төрт кітап,
зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун-Цзының шәкірттерінің қаламдарынан
туған дүниелер.
Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай
турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып – білуге адамның ақылы жетпейді.
Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамның жаратылуы,
адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем
қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны
тәптіштеп жазып шыққан. Мұны ол дінге, көне мифтердегі айтылатын құдайларға
сенгендігінен емес, тарих және халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі
болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға
уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса,
олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Діндер тарихы
Дін және адам
Дін және адам туралы түсінік
Дін
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
Діни наным-сенімдердің бастауы
Ежелгі Рим діні
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Пәндер