Шетел салықтық құқығы: Германия, Франция, АҚШ пен Канада, Жапония және Ресей салық жүйелерінің салыстырмалы талдауы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Шетел салықтық құқығы

Германияның Салық жүйесі. Германия екі деңгейге бөлінген мемлекеттік билігі бар федеративтік мемлекет болып табылады. Осыған орай оның салық салу жүйесі федерацияның, федерация мүшелері - жерлердің және осы жерлердің құрамдас бөлігі болып есептелінетін қоғамдастықтардың мүдделерін (бюджеттерін) көздей отырып құрылғанын байқаймыз. Сонымен, Германияның салық жүйесі жалпы, федералдық салықтар мен жерлердің және қоғамдастықтардың салықтарынан тұрады. Жалпы салықтарға:еңбек ақыға салынатын табыс салығы; декларация бойынша төленетін табыс салығы; корпорациялық салық; капиталдан алынатын табыстарға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; импорт айналымынан алынатын салық жатады. Федеральдық салықтарға: мұнай өнімдерінен, темекіден, спирт және арақ өнімдерінен алынатын акциздер; сақтандыру салығы; жерлердің салықтарына: автомобиль иелерінен алынатын салық; мүлік салығы; сырадан алынатын акциз; шіркеулік салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қоғамдастықтардың салықтарына: жер салығы; кәсіпқойлық салық жатады.

Германияның салық жүйесінің ұтымдылығының жарқын көрінісі ретінде мына келесідей жәйтті атап өтуге болады: салықтық кірістері айтарлықтай мол Бавария, Вюртемберг, солтүстік Рейн-Вестфалия жерлері онша дами қоймаған Саксония, Шлезвиг-Гольштейн жерлеріне өз қаржылық ресурстарының бір бөлігін әрдайым беріп отырады. Сонымен, Германиядағы салықтар мына: жеке тұлғаларға салынатын салық; корпорацияларға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; мүлікке салынатын салық; жер салығы; жер учаскесін сатып алу кезінде төленетін салық; сақтандыру жарналары; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; автомобильдік салық; кофеге, қантқа, минералдық майларға, арақ шарап және темекі өнімдеріне салынатын акциздер; Германия аумағында мұнай және газ өндіруді дамыту үшін алынатын кедендік баждар мен алымдар, әлеуметтік сақтандыру қорына алынатын жарналар сияқты негізгі түрлерге бөлінеді.

Францияның салық жүйесі. Францияның салық жүйесіндегі салықтар табыс салықтары, тұтынуға салынатын салықтар және капиталға салынатын салықтар болып аса ірі үш топқа бөлінеді. Сонымен қатар Франциядағы салық салу көбінесе тұтынуға салынатын салыққа бағытталған. Сондықтан Франциядағы фискальдық жүйедегі тікелей салық салудың деңгейі төмен, ал жанама салықтардың деңгейі аса жоғары болып табылады.

Францияның салық жүйесінің негізін құрайтын салықтар орталық және жергілікті салықтар болып бөлінеді. Негізгі орталық салықтарға мыналар: қосылған құнға салынатын салық; ақшалай капиталдардың табысына салынатын салық; жылжымайтын мүліктерден түскен пайдаларға салынатын салық; акционерлік компаниялардың пайдаларына салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; капиталдың өсімінен алынатын салық; елтаңбалық және тіркеу алымы; тіркеу салығы (алымы) жатады.

Жергілікті салықтар жүйесіне мына келесідей салықтар мен алымдар: тұрған үйге салынатын салық; кәсіптік салық; жер салығы; құрылыс салынған учаскелерден алынатын жер салығы; құрал-жабдықтарға салынатын арнайы (қосымша) салықтар; тұрмыстық қоқыстарды жою үшін алынатын салық; рудниктерге салынатын департаменттік және коммуналдық салықтар; Ауыл-шаруашылығы палатасын ұстауға алынатын баж; сауда-өнеркәсіп палатасын ұстауға алынатын баж; автокөлік құралдарынан алынатын баж; көгалдандыру үшін салынатын салық енгізілген.

АҚШ мен Канаданың салық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері. АҚШ салық жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және графтықтардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі сатылардан тұрады. Федералдық салық жүйесіндегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге тұрғылықты халықтан (жеке тұлғалардан) алынатын федеральдық табыс салығы; корпорациялардың пайдасына салынатын салық; әлеуметтік сақтандыруға салынатын федеральдық салықтар; федеральдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын салықтар жатады.

Штаттардың салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдер ретінде саудаға салынатын жалпы салықты (немесе әмбебап акцизді) ; тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығын; корпорациялардың пайдаларына салынатын салықты; мұраға және сыйға тартуға салынатын салықтарды; мүлік салығын атап өтуге болады. Саудадан алынатын жалпы салықтың штаттардан түсетін жиынтық мөлшері 30% тең келеді. Осы салықтың ставкаларынәр штаттардың құзырлы органдары белгілейтін болғандықтан олардың мөлшерлері әртүрлі болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония және Ресей мектеп жүйелерінің салыстырмалы талдауы
АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Қытай және Иранның қазіргі саяси жүйелерінің салыстырмалы талдауы
Дамыған елдердің банк жүйелерінің салыстырмалы талдауы: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония және Қытай
Шетел мектептеріндегі орта білім беру жүйелерінің салыстырмалы талдауы: Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Иран, Сингапур және Финляндия
АҚШ пен Германия банктік жүйелерінің салыстырмалы талдауы
Англия, Жапония, АҚШ, Германия және Францияның білім беру жүйелерінің салыстырмалы талдауы
Австралия, Жапония, Германия және Францияның зейнетақы жүйелерінің салыстырмалы талдауы
АҚШ пен Жапония менеджментінің салыстырмалы талдауы
Шетел конституциялық заңнамаларындағы сайлау құқығы мен сайлау жүйелерінің қағидалары: Қазақстан және АҚШ тәжірибесінің салыстырмалы талдауы
Қазақстан, Ресей және АҚШ билік органдары жүйелерінің салыстырмалы талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz