Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерешеліктері


Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерешеліктері
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос ақша қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
талап етуіне дейінгі депозиттер; мерзімді депозиттер; жинақ салымдары; бағалы қағаздар.
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік институттар - әмбебап коммерциялық банктерден (мысалы, Германияда) арнайы жинақ институттарына (АҚШ-тағы ссуда - жинақтаушы ассоциациялар және басқа да мемлекеттердегі жинақ банктеріне) дейін, - жекелеген немесе кез келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік өнімдердің әр түрлі түрлерін ұсынады. Дамыған мемлекеттердегі әйгілі банктік жинақ шоттары:
1. Капитал нарығының жинақ шоттары ( capital market saving accounts ) нарық экономикасы дамыған коммерциялық банктер тәжірибесінде кең тараған және клиенттің ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге сақтауды қарастырады, сонымен бірге клиентке кез- келген уақытта шоттан алуға мүмкіндігін береді. Мемлекеттік облигациялар бойынша төленетін орташа пайызына сәйкес, бұл шот бойынша пайыздық ставкасының деңгейі бекітілген (яғни 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімді облигациялар) . Батыс коммерциялық банктердің тәжірибесі бойынша бұл клиенттердің банктерге деген сенімділігін арттыруда және берілген шоттарға уақытша бос ақшалай қаражаттарын белсенді орналастыруды ынталандырады.
2. Автоматты жинақ шоттары, оларды дамыған мемлекеттердің коммерциялық банктері тек осы банктегі ағымдағы ( есеп айырысу ) шоты бар жеке тұлғаларға ашылады. Олар мерзімді депозиттерге ұқсас, яғни оларға клиент тапсырмасы бойынша күнделікті (автоматты түрде) банк оның есеп айырысу шотынан ақша сомаларын аударуды жүргізеді, ал оның қалдығы бойынша, ағымдағы шотқа қарағанда жоғарырақ пайыз төленеді. Клиенттің ақшасын қабылдау белгілі бір күндерде айына 3-4 рет жүргізіледі.
Бұл шотқа ұқсас 1978 жылы “Мерилл Линг” фирмасы ұсынған банктік қызметтің ерекше түрін - қолма-қол ақшаны басқару шоты - СМА (cash management account ) атауға болады. Бұл шотты ашқан кезде қызметтердің кең пакеті ұсынылады ( чек жазуға мүмкіндігі, белгілі бір сомаға несие беру, дебеттік карточкалар, брокерлік қызметтер және т. б. ) . Бірақ басқа қызметтерге қарағанда ерекше новаторлық сипатымен бөлінген қызмет - бұл СМА шотына дивиденд және пайыз түрінде түскен ақшалай қаражаттар автоматты түрде пайыздық табыс әкелетін шотқа аударылады.
Сол 1978 жылы банктер ATS - шоттарын (automatic transfer service) - ақша қаражаттарын автоматты түрде аудару шоттарын қолдана бастады. ATS - шоттары бойынша салымшылар пайыз алған. Ал чектік шоттағы сәйкес қалдықты ұстау немесе овердрафтты жабу қажеттілігі туындаған кезде клиенттің келісімімен ATS - шотынан ақшалай қаражаттарын автоматты түрде талап етуге дейінгі салымға аударады. Осыған байланысты ATS - шоттары клиентура арасында кең сұранысқа ие болды, өйткені олар салымшыға чектік шоттағы минималды қалдықты ұстап тұрғанда, бір кезде өзінің ATS - шоты бойынша пайыз түрінде табыс алуына мүмкіндігін береді.
Мұндай шоттар отандық банктер тәжірибесінде де қолданылуы мүмкін, өйткені клиенттер жоғары табыс алу үшін өзінің шотында қалдықты үнемі жоғарлатып отыруға тырысады.
3. “Бай” клиенттер үшін жинақ шоттары (fortune saving accounts) батыс банктерінің тәжірибесінде жылжымайтын мүлікке және бағалы қағаздарға ақшалай қаражаттарын инвестицияланған клиенттер үшін қолданылады. Бұл шоттың қолдану режимі келесіні көздейді: бұл шотты ашу үшін алғашқы жарнасы жоғары болады, ал үлкен ақшалай сомаларды алу кезінде комиссиясы төмен болады. Сондай- ақ, клиент жылжымайтын мүлікті сатып алса немесе бағалы қағаздарға салса банк ешқандай комиссиондық ақы алмайды.
4. Асыл металдарды сатып алу үшін шоттар (precious metals accounts) дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктерінде, әр түрлі асыл металдарды (алтын, күміс, платина, палладий және т. б. ), сондай- ақ олардан жасалған бұйымдарды сату- сатып алумен айналысатын клиенттерге қатысты кең қолданылады. Банкте мұндай шоттарды ашқан клиенттер күн сайын құймаларды, платиналарды, монеталарды, медальондарды және т. с. с. сату және сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік чектік депозиттердің көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етті, яғни бұл шоттар бойынша салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін, сонымен қатар мұндай шоттың иесі мұндай шоттан кез- келген уақытта қолма- қол ақша алуы мүмкін.
Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі депозиттер және NOW - шоттары болып табылады. NOW - шоттары (negotiable order of withdrawal) - айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік депозиттер. Олар Батыс коммерциялық банктерінде 80- шы жылдары таралған. Басында олар жинақ салымдары ретінде жіктелінген, ал 1981 жылдан - чектік депозиттер ретінде.
Алғашқы кезде NOW - шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі болған (үшінші жақтың пайдасына ақшаны төлеу туралы бұйрығы), оларды айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты NOW - шоттарды чектік депозиттер категориясына жатқызды.
Сөйтіп, банктік тәжірибеге NOW - шоттарының енгізілуі, бірте- бірте ATS - шоттарын нарықтан шығаруына әкелді. Соңғы кездерде банктер ресурстарды тарту формалары мен жаңа әдістерін қолдану арқылы салымдар ағымын кеңейтуге тырысады. Мәселен, Ұлыбританияда, Францияда және басқа мемлекеттерде, сонымен қатар халықаралық ақша нарығында депозиттік сертификаттар, отандық банктермен де қолданылады. Ұлыбритания банктерінің депозиттік операцияларының ерекшеліктері. Көптеген мемлекеттерде салымдардың негізгі түрлері мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар болып жіктеледі. Ұлыбританияда банктік статистика ағымдағы шоттар (current accounts) және депозиттік, жинақ шоттарын (deposit/savings accounts) ажыратады. Ұлыбританияда ағымдағы шоттардың негізгі ерекшелігі - шот иелеріне овердрафт нысанында қысқа мерзімді несие шотынан ақша аударуға, дәлірек айтқанда, шоттағы қалдық соммасынан асып түсетін соммаға чек жазуға болады. Овердрафт AUTHORISED - рұқсат етілген болуы мүмкін, яғни алдын ала банкпен келісілген болса және рұқсат етілмеген NOT AUTHORISED болуы мүмкін, яғни, банктің рұқсатынсыз болса. Жұмыс күнінің соңында рұқсат етілмеген овердрафттар бойынша ведомость құрастырылады және әрбір жағдайда бөлімнің бастығы чекті төлеу үшін банктен сомманы беру және бермеуі жөнінде шешім қабылдайды. Егер ссуда берілетін болса, онда күн сайынғы пайыз соммасы банктің базалық қойылымынан 7-8 % жоғары тағайындалады. Ал рұқсат етілген овердрафт бойынша ссудалық пайыз банктің базалық қойылымынан 2-3%-жоғары болады. Айрықша атап өтетін болсақ Ұлыбританияда депозиттік және жинақ шоттарының бірнеше түрлері бар:
1. Сомма алынатын жағдайда, 7 күн бұрын алдын-ала ескертуді талап ететін жинақ шоты. Оның негізгі ерекшеліктері:
- салыстырмалы түрде қалыпты пайыз;
- салымнан ішінара ақша алу және толықтыру мүмкіндігі ешбір шектеусіз қарастырылған;
- сомманы алар алдында 7 күн бұрын ол жөнінде банкті ескерту қажеттігі, бұл шарт орындалмаған жағдайда, пайыз айыппұл ретінде ұсталынады.
Оның екі нұсқасы бар: 1. Жинақ кітапшасымен (passbook savings) немесе банктен клиентке берілетін шоттан жазылымдар негізінде.
2. Кезекті түрде толықтыруды қажет ететін жинақ шоты. Бұл шот, көбінесе, ортамерзімді жинақтарды тартуға арналған. Әсіресе, жас жұбайларға, енді жанұя құрған адамдарға, жиһаз, автокөлік және туристік сапарлар үшін ақшаның жинақталуына арналған.
3. Пайыздық қойылымы жоғары инвестициялық шот. Бұл шот жағдайлары жақсы VIP клиенттерге арналған және ұзақмерзімге ашылатын шоттардың бірі болып табылады.
Негізгі ерекшеліктері:
- сомма алынатын жағдайда, 7 күн бұрын алдын-ала ескертуді талап ететін жинақ шотына қарағанда пайыздық қойылымның жоғары болып келуі.
- салым соммасының жоғарылауына байланысты пайыздық қойылымның соған сәйкес жоғарылауы. (айға, тоқсанға, жарты жылға есептеліп отырады)
- салымның ең төменгі мөлшері 2 000 фунт стерлингті құрайды (шамамен 490 000 теңгені құрайды) ;
- сомманы алу жөніндегі ескерту 30 күннен кем емес мерзімде берілуі тиіс;
- салымды толықтыру бойынша ешқандай шектеулер қойылмайды.
4. Мерзімі және соммасы тіркелген салым. Оның ерекшеліктері:
салым мерзімі 14 күн- 18 айға дейін;
салымның ең төменгі мөлшері 2 500 фунт стерлингті құрайды (шамамен 605 000 теңге) ;
тіркелген пайыздық қойылым - пайыз салымның мерзімі аяқталғаннан кейін ғана төленеді.
5. Пайыздық қойылымы өзгермелі депозит. Шот қысқа және ұзақ мерзімді соммаларды жинақтауға арналған. Салымның мерзімдері - 7 күннен 18 айға дейін. Бірінші жылы қойылым тіркелген болып келеді, келесі жылдары ақша нарығының қойылымдарына байланысты қалқымалы болып тағайындалады.
6. Ақшалай қорлар. Ең алғаш рет 1983 жылы енгізіліп, американдық нау-шоттардың аналогы болып табылады: олар бойынша пайыз төленеді және чек жазуға мүмкіндігі бар. Ұлыбританияда әлі толық дамымаған, себебі көптеген банктер клиенттер өздерінің жинақтарын депозиттік және жинақ шоттарынан осы шотқа аударуынан қауііптенеді. Негізгі ерекшеліктері:
- пайыз ақша нарығының пайыз қойылымына байланысты;
- ең төменгі қалдық 1000 фунт стерлингті құрайды.
- 7 күн бұрын ескертіп, 250 фунт стерлингтен жоғары сомманы алдын ала алуға болады.
- Чектерді жазуға рұқсат беріледі.
7. Берілетін салымдық сертификат. Бұл құрал АҚШ-та сияқты ірі инвесторлар, іскерлік фирмалар арасында кең таралған. Негізгі ерекшеліктері:
- тіркелеген пайыз қойылымы;
- номиналдың ең төменгі мөлшері - 5 000 фунт стерлинг (шамамен 1 200 000 теңге), ең жоғары мөлшері - 500 000 фунт стерлинг (шамамен 121 000 000 теңге) сертификат ұсынушыға шығарылады.
Ұлыбританияда банктік депозттерді сақтандыру.
1979 және 1987 жылдары Ұлыбританияда Банктік акттер қабылданған болатын. 1979 жылғы актке сәйкес банктер өз салымшыларына Англияда кризистік жағдай қаупі төнгенде кепілдік берулері міндетті. Заңмен "Депозиттерді қорғау кестесі" бекітілген болатын. Ол кесте банк үшін міндетті әрекеттерді қамтиды. Мәселен, әрбір банк және ДҚЛҰ (депозиттерді қабылдайтын лицензияланған ұйым) ең төменгі мөлшері 5 000 000 фунт стерлингті құрайтын арнайы сақтандыру қорларын құруға міндетті. Бұл қорлар Англияның Банктік депозиттерді Қорғау Кеңесінің бақылауында болады және болашақта оның құзырымен пайдаланыла алады. “Депозиттерді қорғау кестесіне” әрбір жеке салымшы кепілдік берілген сомманың 75% есептелген 1 фунт стерлингтен аспайтын салым бойынша сақтандыру төлемін алуға құқылы.
1987 жылы 1979 жылғы актке өзгерістер енгізіліп, жаңа Банктік акт қабылданған болатын. болатын. Ол салымдарды қорғау жүйесін ішінара өзгерткен болатын. "Депозиттерді қорғау кестесі" жалпы сол қалпы қалды, бірақ, 75 % өтелім есептелетін максималды салым мөлшері 15 000 фунт стерлингті құрады. 1994 жылы Ұлыбританияның атақты Barings банкі банкрот болды. Оның тарихы 233 жылды құраған болатын. Оның төрағасы жас Ник Месон мыңдаған салымшыларын, фирма иелерін және Англия королевасын банкротқа ұшыратты. Қазіргі кезде Англияда салымшылардың депозиттері салынған сомманың тек ¾ ғана қорғалады. Өтелімнің максималды мөлшері 2 фунт стерлингті(шамамен 30 000 АҚШ доллары ) құрайды. 1994 жылы депозиттерді қорғауды реттеу мақсатында 1994 жылы Англияда ЕО Директивасы қабылданған. Негізгі жаңа ашылулар: Англия аумағында орналасқан банктердің батыс-еуропалық бөлімшелерінде ашылған барлық депозиттерге кепілдік беріледі. Тек фунт стерлинг емес, өзге валютада ашылған депозиттерге де кепілдік беріледі.
20 000 фунт стерлингті құрайтын соммаға депозит бойынша өтелімнің ең жоғары соммасы 90% өскен.
Францияда жинақтарды тарту саясаты мемлекеттің пайыз ставкасының жоғарғы шектерін анықтауына және регламентациялануына негізделеді. Мемлекеттік реттеу салымдар мен боналар бойынша шекті пайыз көлемін бекіту арқылы көрінеді. Бірақ шектеулерге қарамастан француздардың 50% - Француз жинақ банкісінің салымшылары болып табылады, сонымен бірге 28 % жанұялық салымдары бар. Негізгі ұйымдастыру-шылық депозиттік формалары: есеп айырысу кітапшалары “А” типті; мерзімді депозиттік шоттар; жинақ сертификаттары; чектік шоттар; тұрғын үйге алған ссудаларды өтеу үшін жинақ шоттары; бағалы қағаздарға инвестицияланатын жинақтар және т. б. болып табылады. Бүкіл Еуропа мемлекеттері арасында француз банктері банктік технологияны, оның ішінде несиелік (төлем) карточкаларын таратуда, қолдануда және қаржыландыруда алда келе жатыр. Италияда 1991 жылы 83 жинақ кассалары суперхолдингтік компанияға бірікті. Мұндай жинақ кассалар стратегиясының қажеттілігі - Италия ссудалық капиталының нарығындағы жоғарғы бәсекелестігінен туындады. Италия банктерінің тәжірибесіндегі жинақ шоттары негізінен банктік құжаттарының формаларына байланысты бөлінеді, олардың түрлері: қарапайым жинақ кітапшасы (ағымдағы шотқа ұқсас) оның пайыздық ставкасы 5 %- ға дейін; мерзімді жинақ кітапшасы; мәлімдеушіге жинақ кітапшасы және
т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz