Экология ғылымы туралы



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1) Экология ғылымы
2) Биоэкохроникалық деректер
3) Кезеңдері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Экология-биология ғылымдарьның көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына еңгізген австриялық ғалым-биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (ойкос - үй, тұрақ, мекен жөне логос - ғылым), казақша тірі ағзьшардың тіршілік ететін ортасы мек қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.
1. С. Қаженбаев, С. Махмутов, «Табиғат қорғау», Алматы 1992.
2. Ж. Ж. Жатқанбаев, «Экология негіздері», Алматы 2003.
3. А. Жақбасова, Г. Ә. Саинова «Экология», Алматы 2003.
4. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1) Экология ғылымы
2) Биоэкохроникалық деректер
3) Кезеңдері

III.  Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
 

Кіріспе
ЭКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Экология-биология ғылымдарьның көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан
салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына еңгізген австриялық ғалым-
биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (ойкос - үй, тұрақ, мекен жөне
логос - ғылым), казақша тірі ағзьшардың тіршілік ететін ортасы мек қарым-
қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың
бір-бірімен қарым-қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе
мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.
Экология туралы түсініктерді егжей-тегжейлі биология ғылымдарының докторы
профессор Ж.Жатканбаевтың " Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі"
деген енбегінде жазылған.Ол түсіндірме сөздікті окып шыкқан адам қаншама
ғылыми білім алады десеңізші!
Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі "Организмдердің жалпы морфологиясы"
деген енбегінде (1866) алғаш рет "Экология" терминін қолданып, оның ғылыми
анықтамасын берді. Орыс ғалымы К.Ф. Рулье осыған байланысты "Экология
терминін" биология ғылымына еңгізген Э.Геккель екеніне өзінше сенімсіздік
білдірді.
Экологиялық зерттеулер ортағасырда (XVII) ағылшынның ұлы ғалым-биологы
Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы" атты
еңбегінде биология ғылымдарында күтпеген жаңалық аша отырып, экология
ғылымының дербестігіне жол береді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі бөлім
1) Экология ғылымы
Э.Геккелдің экология ғылымына қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми
деректер қосылып, экология ғылымы әрі қарай дами түсті. Оның зерттеу
объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері белгіленді.  Ежелде тек тірі
ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы  қазір өзінің зерттеу
көлемін кенейте отырып (адам - биосфера - қоғам) биосфера  ортасындағы
карым-қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар
мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс-әрекетімен
байланыстыра огырып зерттейтін комплексті ғылымға айналды. Экология ғылымы
жоғары деңгейге көтеріле түсті.
Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара
ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация),
популяциялар арасындағы қарым-қатынастар биоценоз, биоценологиялық
зерттеулер биологиялық ғылымдармен ұштасып жатса, табиғи ортаның
өзгерістері, жылу белдеулері мен географилық белдеулер, топырақтың
физикалық, химиялық және биологиялық
құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі
биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің
өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлсмдік экологиялық
зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера-қоғам арасындағы қарым-қатынастарды
зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен
байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология
ғылымының осы кездегі мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз
жеткіземіз.
Экология - ағзалардың арасында болатын (особьтар, түр, түр-аралық,
популяция, аралық биоценоз, биогеоценоз) қарым-қатынастарды айналаны
қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадан
өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегінде әлемдік
ауытқуларды адамның іс-әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті
ғылымдар жиынтығы.
Ал экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі әлемдік
жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам -
қоғам - биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат
ресурстарын тиімді пайдаланудың адам-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының зерттеу мөлшері – биологиялық  және химиялық микро және
макрожүйелер (түрлі популяция, биоценоз, экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен
кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктік, маусымдық, жылдық ырғағы.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары:
1.Ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен айналаны
коршаған табиғи ортасы.
2.Биоценоз,экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты
туындайтын өзгерістері.
3. Табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-
теориялық негіздері.
4. Адам – биосфера – қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу.
5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды
қамтамасыздандыру.
6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды әлемдік нооэкологиялық деңгейге
көтеру болып есептелінеді.
Экология – биология ғылымдарының негізінде XIX ғасырдың аяғында айқындала
болғанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың
басы болып саналады.
Алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз ерте ғасырларда өмір
сүрген Эмподокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст сияқты философтар мен
табиғат зерттеушілерінің  еңбектерін көреміз. (1-кесте).  Биосфера
кұбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі
анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық, химиялық бейімделушіліктерді
оның айналаны қоршаған биосфералық ортасына тәуелді екендігі экологиялық –
биологиялық  тұрғыдан зерттеледі.
Экология ғылымдарының пайда болуын, дамуын жене осы кездегі жағдайын
бірнеше кезеңге бөлуге болады.
2)Биоэкохроникалық деректер
№ Жылдары: Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:
1 ІV-ғасыр (б.э. философ Аристотельдің "Жануарлар мүшелері туралы", "Жануарлардың
дейінгі) 384-322 пайда болуы", "Жануарларға сипаттама" атты еңбектерінде
жануарлар дүниесінің тіршілік ортасымен байланысы туралы
мәліметтер беріледі.
2 ІV-ғасыр (б.э. ботаник Теофраст өзінің "Өсімдіктер тарихы" және "Өсімдіктер
дейінгі) 370-285 туралы" еңбегінде өсімдіктердің табиғи топтары, типтері, белгілі
бір ортаға бейімделуі мен олардың тіршілігіндегі өзгерістері
жайында экологиялық алғашқы түсініктер берілді.
3 ХII-ғасыр (біздіңорта ғасырдың табиғат зерттеушісі А. Больштедский топырақ
дәуір) 1193-1280 құрамының өсімдікке тигізетін әсерін және өсімдіктің "қысқы
ұйқыға кету" себебін түсіндіріп береді.
4 ХV-ғасыр швед табиғат зерттеушісі К.Геснер "Жануарлар тарихы" деген
1516-1565 өзінің 5 томдық енбегінде жануарлар дүниесінің тіршілік ортасына
байланысты биологиялық ерекшеліктеріне токталады.
5 ХVІ-ғасыр италияндық натуралист У.Альдравианди Болонья қаласында алғашқы
1522-1605 ботаникалық бақ пен жануарлар музейін ашады. Ол "Насекомдар
туралы" және "Орнитология" атты енбектердің авторы.
6 ХVІ-ғасыр ағылшын химигі, әрі физигі Р.Бойль төменгі атмосфералық қысымның
тірі организмдерге тигізетін әсерін зерттей келіп судағы
жануарлармен қос мекенділердің дене температурасының ортаға
байланысты өзгеріп отыратынын дөлелдейді.
7 ХVІІ-ғасыр француз зерттеушісі Р.Реомюр өзінің "Насекомдар табиғаты туралы
1734-1742 мемуар" атты еңбегінде ұсақ жәндіктердің алуан түрлі тіршілігі
жөнінде көптеген мәліметтер береді.
8 1707- 1778 щвед табиғат зерттеушісі К.Линей "Табиғат экономикасы" атты
диссертациялық еңбегінде организмдердің тіршілігіндегі
тепе-тендіктің сақталуы, көбеюі мен өлу арасындағы
қарым-қатынастар мен байланыстар туралы мәліметтср келтірді.
9 1707-1788 француз натуралисті Ж.Бюффен өзінің "Жаратылыстану тарихы" атты
44 томдық еңбегінде тірі организмдерге орта факторларының әсері
туралы жан-жақты мәліметтер береді. Түрлері - температура,
климат, қорек тағы басқа факторлардың әсерінен өзгеріп отырады
деген пікірын білдіреді.
101760 К.Линей өзінің "Табиғаттың қоғамдық құрылымы" атты
диссертациясын жариялап адам мен табиғат арасындағы
заңдылықтарға токталады.
111740-1802 орыс натуралисті И.Лепехин "Доктор И.Лепехиннің Ресей
 провинцияларына саяхаты туралы күнделігі" атты 4 томдық еңбегін
жариялайды.  Жануарлар мен қоршаған орта арасындағы
қарым-қатынастар туралы мәліметтер береді. Ол тайга орманындағы
ақтиіндердің сан мөлшерінің май қарағай жаңғағі түсіміне тәуелді
болатынын анықтайды.
12ХVШ-ғасырдың аяғыПетербург академигі П.С. Паллас өзінің: "Ресей мемлекетінің
мен XIX ғасырдың провинцияларына саяхат" және "Ресей - Азия зоогеографиясы" атты
басы 1773-1788, еңбектерінде  өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттауда
1811-1831 климаттық және географиялық тұрғыда талдау жасайды.
131744-1829 Ж.Б. Ламарк өзінің көптеген еңбектерінде тіршілік организмдер
үшін рөлін негіздейді. Организмдердің ортаға тәуелді өзгергішті
зерттей келіп өзінің алғашқы зволюциялық теориясын жасайды.
141769-1859 неміс ғалымы А.Ф.Гумбольдт биогеография ғылымының негізін
қалайды. Ол өсімдіктердің 19 тіршілік формасын, ландшафтарды
топтастыру, өсімдіктердің горизонтальды жоне биіктік белдеулер
бойынша таралу заңдылықтарын ашады. Гумбольдт солтүстік жарты
шардың изотермдік картасын жасайды және геофизика, вулканология
мен гидрография ғылымдарына көп үлес косады.
151840 неміс химигі Ю.Либих организмдерге қатысты "минумум заңын"
ұсынады.
161814-1858 Мәскеу универеитетінің профессоры К.Ф. Рулье экологиялық
мектептің негізін калайды. Өзінің барлық еңбектерінде жануарлар
тіршілігін сипаттауы қоршаған ортамен байланыстыра зерттеудің
қажетілігіне тоқталады.
 
171847 неміс ғалымы К.Бергман жануарлардың дене тұрғысының үлкен немесе
кіші болуының орта температурасына тәуелділігі туралы өзінің
"ережесін" түжырымдайды
181852 неміс физиологі Я.Молешют заттардың биотикалық айналымы туралы
идеясын ұсынады.
191854 Петербург академигі К.Бэр балықтар популяцясын зерттей келіп,
оларды табиғаттан сан мөлшерінің (көбеюі мен өлуі) қорек қорына
тәуелділігі туралы ойын тұжырымдайды.
 
201805- 1861 француз зоологі И.Ж.Сент-Илер "Органикалық дүниенің жаратылыс
тарихы" еңбегін жариялап, оңда қазіргі "экология" терминіне
жақын "этология" терминін алғаш рет колданады. Ал, К.Ф.Рулье
осыған байланысты экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель
екеніне күмән келтірген.
211827-1885 орыс ғалымы Н.А-Северцов алғаш рет экологиялық тақырыпта]
"Воронеж губерниясының жыртқыш жаунарлары мен жыртқыш кұстары
тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" атты диссертациясын
қорғайды.
 
221882 Ресейде алғаш рет Камчаткада қорық ұйымдастырылады.
231884 Дат ботанигі Е.Варминг "Өсімдіктердің тіршілік формалары үғымына
түсінік береді.
241911 В.Шельфорд организмдердің төзімділік шегіне байланысты
экологиялық оптимум және экологиялық минимум ұғымдарын ғылымға
енгізеді.
251925 А.Лотки мен В.Вольтер "Паразит - иесі" және "Жыртқыш-жемтік"
жүйесіндегі тәуелділіктердің математикалық моделін жасайды.
261993 Қазақстан Республикасы "Жер", "Су" және '"Орман" кодексін
қабылдады.
271994 Арал аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту туралы бағдарлама
қабылданды.
281994 Қуаншылық пен шөлденуге қарсы күрес туралы Халықаралық Конвенция
Алматы қаласында өтті.
291996 Қазақстан Республикасының экологинлық кауіпсіздігі тұжырымдамасы
 кабылдаңды.
301996 Алматы қаласында "Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын
қамтамасыз ету мақсатында коршаған ортаны қорғауды Ұлттық
жоспары атты республикалық конфереңция өтті.
 
311996 Алматы қаласында болашақ ұрпақтарға арналған "Ноосфера" атты
экологиялық альманахтың 1-нөмірі жарық көрді.
322000 Ж. Шілдебаевтің Қызықты экологиясында аса құнды әрі қызықты
деректер бар.

3)Кезеңдер
І-кезең (1707-1924)
Бұл кезең ХVІ-ғасырдың басы мен ХVІІІ ғасырдың аяғын қамтиды.  К.Линей
(1707-1778), Ж. Л.Бюффен (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль
(1806-1893), П.С.Паллас (І741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд
(1769-1859) К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1824-1885), А. Л. Бекетов
(1825 - 1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834
– 1919), Е. Варминг (1841-1924), В.В.Докучаев (1846-1903) т.б. биосфера
компонентерін зертеуден; биологтар, химиктер, систематиктер өздерінің
ғылыми еңбсктеріңде экологиялық сипаттардағы ғылыми теориялық зерттсулер
жүргізіп экология ғылымдарының дамуына өз үлестерін қосқаны туралы
қолымызда ғылыми материалдар бар. Осы уақытта өзінің "Жануарлар мен
өсімдіктер экологиясы еңбегін жарыққа шығарды, сондай-ақ Декандольдің
ботаникалық географиясы, К. Ф. Рульенің жануарлар экологиясы, А. Н.
Бекетовтің өсімдіктер географисы атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер
басылып шықты. Сонымен бірге Ч. Дарвиннің (түрлердің шығу тегі,
Докучаевтің зоналары туралы ілім және т.б. ұлы зерттеушілердің еңбектері
жарық көрді. Сөйтіп, экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Австрия
мемлекетінің әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі – Дарвинист Эрнест Геккель
1866 ж. Экология терминін өзінің 2 томдық Организмнің жалпы
морфологиясы атты еңбегінде жан-жақты ғылыми түсінік береді. Ол 1836 ж.
дүниеге келіп, 1934 ж. қайтыс болған ірі  ғылми тұлға еді. Осы кезде оған
тең келер ботаник болған емес. Ұлы дат ғалымы, данышпан, білгір ботаник –
Н. Варминг экология туралы көптеген еңбектер жазды.
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге
сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған
күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың
аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет
үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан —
қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал
"Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экология
Экологиян ғылымының даму кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экология ғылымының шығу тарихы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экология ғылымының калыптасуы
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология даму тарихы
Пәндер