Табиғи апаттарға қарсы іс-шаралар


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
- Зонадағы цунами толқындары мен су басу апаттарының күйзеліс және жойылу деңгейлерін төмендетуге арналған іс-шаралар.
- Селге қарсы іс-шаралар.
- Көшкінге қарсы іс-шаралар.
- Өзендегі мұздың кептелуін және сеңнің тоқтауын жаппай жою.
- Құйын, дауыл, теңіз дауылы кезіндегі мүмкін болатын күйзеліс пен жойылу деңгейлерін төмендетуге арналған іс-шаралар.
Цунами және су басу болып тұратын аймақтар мен зоналардағы күйзеліс және жойылу деңгейлерінің сипаты мен көлемі су тасқынының параметріне және ғимараттар мен құрылыс ошақтарының беріктік қасиетіне тәуелді. Су тасқынының негізгі параметрі- қозғалыстың жылдамдығы мен қозғаушы су қабаттарының биіктігі болып табылады.
Цунами толқындарының қозғалыс жылдамдығы толқын қабатының сипатына тәуелді, яғни «тасу-қайту» және «құламалы фронт». Толқын қабаттарының «құламалы фронт» кезінде су бетіндегі толқынның жылдамдығы 5, 7м/с және одан да көп, ал су бетінен 1км қашықтағанда-4, 3м/с, 2км қашықтағанда -1, 8м/с. «Тасу-қайту» кезіндегі толқын шашырауының және судың көтерілуінің биіктігі 2 метрден 4 метрге дейін өзгеруі мүмкін, ал «құламалы фронтпен» құлаған цунами толқындары 4-18 метрге дейін жетеді. Осындай жағдайларда бөгеттерге түсірілген меншікті толқындық қысым 10-нан 40КПа-ге дейін және одан да көп болуы мүмкін.
Тасқын және апаттық су басу кезіндегі су тасқынының жылдамдығы 2-ден 5 м/с-қа дейін өзгеруі мүмкін, ал өзендер арнасындағы су көтерілуінің биіктігі судың ең төменгі сабасында 2-ден 14 м-н жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін.
Әртүрлі ғимараттар мен құрылыстардың қирауының дәрежесі мен сипаттамасына толқындық қысымнан басқа, анықталған жылдамдық пен қозғалыстағы су тасқынының тереңдігі, ғимарат іргетасының негізіндегі судың қанығуы мен су түбінің жырып кетуі айтарлықтай әсер етеді, сонымен қатар темір жолдың үстіңгі құрылысы, асфальтпен және басқа да нәрсемен жабылған автомобиль жолы, төселген жолдың тірегі, сонымен қоса шомбал жүзіп бара жатқан заттар және өте үлкен мұз сеңінің соққыларынан болатын динамикалық қысым да әсер етеді. Су түбіндегі судың қанығу дәрежесі мен олардың жырып кетуі аймақтың және ғимарат төлесінің су басу ұзақтығына негізделген, ол кіші өзендер үшін 1-ден 3 тәулікке дейін, ал ірі өзендерде 1-ден 3 айға дейін өзгеруі мүмкін.
Цунами болатын аймақтарда су басу ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін өзгеруі мүмкін.
АҚ жоспарлары мен АҚ-ң күштік әрекеттік жоспарларында және ТЖ-да цунами толқындары мен апаттық су басу әсерінен болатын тасқындар және су қоймаларындағы бөгеттің жарылуының күйзеліс және жойылу деңгейлерін төмендетуге арналған әртүрлі оперативті және инженерлік-техникалық іс-шараларды өткізу қаралады.
Оперативті іс-шаралар тізіміне мыналар кіреді: цунами толқындары мен апаттық су басулар болатын аймақтарда құрылыстық объекттер мен елді-мекен тұрғызуға рұқсат етілмейтін норма бойынша құжаттарды өңдеу, жоспарлық құжаттар дайындау үшін бастапқы мәліметтер дайындау мақсатында су басу аймақтарының толық тексеру деңгейінің жоспарын ұйымдастыру және әртүрлі қорғаныс іс-шараларды ұйымдастыру; халық пен экономикалық объекттерге хабарлау және мәлімет беру жүйесін жоғары сатыға көтеру; қорғаныс іс-шараларды орындауға құрылатын ұйымдастырулар мен жабдықталу; халықты құтқару, эвакуациялау және өмірін қамтамасыздандыруға байланысты іс-шараларды өткізу үшін дайындық жүргізу.
Алдын-ала өткізілетін немесе дайындық барысына және апаттық су басулардың зардаптарын жаппай жоятын инженерлік-техникалық іс-шаралардың негізгі топтар қатарына мыналар кіруі мүмкін:
а) өзендер жайылмаларында және цунами қаупі бар аймақтарда судың көтерілу деңгейлерін бақылайтын автоматтандырылған жүйелерді жасау және оны халыққа хабарлау жүйесіне қосу;
ә) қорғаныш және кедергілеу бөгеттердің өзен бойында және бөлек объекттер мен елді-мекен пункттеріндегі құрылыстары;
б) өзендегі және су қоймасындағы судың ағып кетуін уақытысында қайта бөлу немесе реттеу;
в) цунами қаупі бар аймақтар мен қорғаныш бөгеттердегі тар шығанақтардың шыңындағы толқын тосқылардың құрылысы;
г) цунами қауіпті аймақтар мен апаттық су басулар зоналарында жапа шеккендерді эвакуациялауды және адамдардың өмір тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға, ауыл шаруашылығының малдарын құтқаруға арналған күш пен тәсілдерді дайындау.
Тасқынның зияны мен жойылуларын төмендетуге арналған жиналған отандық және шетелдік тәжірибелі іс-шаралардың өткізілуінің көрсетуі бойынша, нақтылы жағдайлар мен су басу аймақтарындағы жағдайлар және цунами толқынының іс-әрекеті есепке алынатын оперативті және инженерлік-техникалық іс-шараларды бірге қолданғанда ғана көптеген нәтижелілік береді.
Цунами аймақтарындағы және апаттық су басу зоналарындағы нақтылы жағдайда жүргізілетін іс-шаралардың құрамы мен көлемін анықтау үшін, сонымен қатар олардың нәтижелілік бағасын анықтау үшін, қауіпті аймақтардың территориясын түбегелі зерттеу керек және оның салдарын, бөгеттердің жобасын өңдеу, сонымен қатар толқын тасқындарының және тағы басқа қорғаныш құрылыстарын болжау үшін нақтылы мәліметтер дайындау, сонымен қатар АҚ мен ТЖ-ң әрекеттерінің нақтылы жоспарын дайындау керек.
Негізгі дұрыс және есеп айыратын мәліметтерге қатысты ТЖ-ң жаппай жоюына кіретіндер: цунами қауіпті аймақтар мен апаттың су басулар зонасының шекарасының өлшемі, сонымен бірге елді-мекендер мен экономикалық объектілер салуларының сипаттамалары ; су тасқынының және шекті жүктемелердің параметрлері; қолданылатын қорғаныш бөгеттерінің сипаттамалары мен жағдайлары, су қоймаларының мүмкін болатын көлемдері мен мерзімдері; өзендегі, су қоймаларындағы, сонымен қоса тоғандағы, апандағы және тағы басқа резервтегі су қоймаларындағы су жинағыштың ауданы мен судың көлемі; ғимараттар мен құрылыстардың қирауының күтілетін көлемі; қауіпті зоналардағы күйзелген халық пен эвакуацияға тиісті халық саны, эвакуация мен эвакуацияға тиісті халықты орналастыру аймақтарының маршруттары, өмір тіршілігін қамтамасыздандыруға кететін азық-түлік пен тағы басқа ресурстардың бар болуы; барлық жүзу құралдарының саны( қайықтар, кішкене кемелер, паромдар және жанғыш материалдар қоры) .
Зерттеулердің игерушілігімен алынатын мәліметтер, айтар болсақ, апаттық су басу және цунами толқындарының әрекеті бар аумақтардағы және болжамның есептеулері, жағдайды тиянақты болжауға және де нақты тізімді, қорғаныстық тізім мен көлемді және басқа да іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді, сонымен қоса аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік жоспарларын және мүмкін болатын күйзелістер мен жойылулардың деңгейін төмендетуге арналған ТЖ-ның жаппай жоюымен АҚ-ның әрекеттік күш жоспарын іске асыруға да мүмкіндік береді.
Апаттық су басулар болатын аумақтар мен цунамиқауіпті аумақтарда күйзелістер мен жойылулардың көлемін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шаралардың құрамы мен сипаттамалары төменде қаралады.
Цунами толқындарының әсеріне душар болған қалыпты жайылмалардағы өзендер мен аумақтардағы судың көтерілу деңгейлерін бақылауға арналған автоматтандырылған жүйенің құрылымы, өзіне арнайы бергіштердің орнатуын қосады, бұл құрылғылар бөгеттің ар жағындағы судың деңгейін белгілейді және халық пен экономикалық объектілерге су басу қаупі және шығын мен жоғалтуды төмендетуге арналған тәсілдерді хабарлайтын органдарға хабарлама береді.
Өзендердегі судың деңгейі туралы мәліметтерді, сонымен қатар фунтштокпен, телефонмен және радиожелімен жабдықталған суды бақылайтын бекеттер де хабарлай алады. Көктемгі жайылма судың уақытысында бұл пункттерде тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылады. Жайылмадағы өзен суының көтерілу деңгейі туралы ақпаратты ТЖ органдарына телефон байланыстары, радио және басқа да жолмен хабарлайды. Бұл органдар су басу мүмкін болатын аумақтардағы халыққа, жергілікті басқару органдарына және экономикалық объектілерге хабарлауды ұйымдастырады.
Қорғаныш және кедергілеу бөгеттер, тоғандар және толқын тосқылар орнында әзірленетін, тығыздалып қабатталған жерснарядтар немесе қалаулардың көмегімен тұрғызылады. Бөгеттердің биіктігі аудандағы су деңгейіне байланысты анықталынады, ал бөгеттердің ені 6-дан 12 метрге дейін өзгереді.
Тоғанның үйіндісінің еңістері, биіктікке салуына байланысты, 1 : 1 - 2 : 1 шамасында қабылданады, олардың су тасқыны немесе су қоймаларының жағында тас немесе гравиттелінген төсендіден, темірқұйматасты тақтадан немесе асфальт қабатынан жасалынған қорғаныс жабындылары да бар. Еңістің астыңғы жағы шымды жабылған төсеумен немесе құйылған таспен немесе ұсақталған тастармен бекітіледі.
Бөгеттер жотасының бойымен әдетте автомобиль жолдары немесе темір жолдың төсемі жасалынады.
Ірі қалаларды, өнеркәсіп объектілерін және ауылшарушылығына пайдаланатын жерді су басудан қорғайтын бөгеттердің ұзындығы- жүз бен мың километрге дейін барады. Волга, Ертіс, Обь өзендеріндегі бөгеттер сарқырамасының құрылысы кезінде 200-ге жуық топырақты үйіп бекітудің үлкен жүйесі салынды, олардың ұзындығы 12 мың километрден жоғары болды. Қытайдағы Янзцы өзенінің жағасында 2, 7 мың километрге жететін бөгеттер тұрғызылған, олардың биіктігі-жағалау деңгейінен 15-20 метрге жуық. Сахалинде және Камчаткада жіңішке шығанақтардағы толқын тосқылары, ережеге сай, ені мен тереңдігіне байланысты бірнеше қатарға жатқызылатын, бір-бірімен тығыз байланысатын темір бетонды және бетонды блоктардан тұрғызылған. Қоршалынған бөгеттер мен толқын тосқыларының жүктемесі СНИП 2. 06. 04 - 82 және СНИП 2. 01. 07 - 85 құжаттарына сәйкес анықталынады.
Кіші өзендердегі судың ағып кетуін қайта бөлу және қадағалау бойынша өткізілетін іс-шаралар өзіне - өзен бассейндерінде орман мен бұтақтарды отырғызу, жайылым мен даланың көлдеңен баурайындағы жерді жырту, жерге дейінгі қар жамылғыларын тазарту, және қар еру мерзімін созуға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдерді, жаңбыр жауғанда және қар ерігенде жерге сіңірілетін судың көлемін арттыруды кіргізеді.
Кішігірім өзендердегі судың ағып кетуін реттеу және азайту бойынша едәуір нәтижелілік беретін әдіс-тәсілдердің бірі-бұлақтар, апандар, жырадағы, сайдағы, шатқалдағы бөгеулер түрінде уақытша суаттар құру болып табылады, ал үлкен өзендер үшін- әртүрлі гидротехникалық құрылысты су қоймаларын істеу болып табылады.
Су қоймаларын істеуге арналған дайындықтың тәжірибесі мен іс-шаралардың өткізілуінің көрсетуі бойынша алдын-ала істелінген су қоймалары мен суды қысымы жоғары гидротүйін арқылы түсіргенде, бөгеттің қирауы кезінде апаттық су басу аумағының ауданы 2-3 не одан да көп есе түсірілуі мүмкін. Бұдан басқа, суды түсіру кезіндегі су қоймасының бос қалған сыйымдылығы бөгеттен төменгі өзен арнасына түсіп тұрған тасқын суының ағып кетуінің көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.
Тасқындық су басу кезіндегі қиралу және жоғалу көлемін төмендетуге арналған уақытша суаттар мен су қоймаларын қолданудың нәтижелілігі көбінесе қар еру және қатты жаңбыр кезіндегі судың ағып келуінің нақта болжамына тәуелді.
Апаттық су басу, тасқын және цунамиқауіпті аумақтардағы күш пен құралдардың дайындығы, құтқару жұмысын ұйымдастыру және зардап шеккендерге көмек көрсету-алдын-ала іс-шаралар мен су басу салдарын жаппай жоюға арналған іс-шараларды өзіне қосады.
Негізгі алдын-ала өткізілетін іс-шараларға мыналар жатады:
- Апаттық су басу заналарында және цунамиқауіпті аумақтардағы
қиралу және жойылу көлемін, осы зоналардың территориясының толық зерттелген мәліметін қолдана отырып, болжау;
- Тасқын және цунами салдарын жаппай жоюға қатысатын іздеу және
құтқару қызметтерінің жүзуге керекті құралдарының құрамы мен жабдықталуын анықтау;
- Транспорттық құралдарға қажеттілікті анықтау және оларды жапа
шеккендер мен баспанасыз қалған халыққа ұйымдастырылатын эвакуацияға дайындау;
- Қауіпсіз маршруттарды таңдау, сонымен қоса халықта эвакуациялау;
- Эвакуацияланатын халықты орналастыруға аумақтарды таңдау және
дайындау, өмір тіршілігімен қамтамасыздандыру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz