Мемлекетұғымы және беглілері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1Мемлекеттің түсінігі ... ... ..6
2Мемлекеттің функциялары ... ...8
3Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты ... .20
4 Басқару нысаны ... ... ... .22
5Мемлекет механизмі ... ... ..29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ..
6ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ...26

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Мемлекет ұғымы және беглілері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1Мемлекеттің түсінігі ... ... ..6
2Мемлекеттің функциялары ... ...8
3Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты ... .20
4 Басқару нысаны ... ... ... .22
5Мемлекет механизмі ... ... ..29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ...---
6ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ...26
Кіріспе

Ежелгі грек философы Демокрит: Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: Жақсы басқарылатын мемлекет - үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі.
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
-мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
-мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан,...) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
-мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
-мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
-мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
-мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады; Мемлекеттің типтері.
Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:
1.Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
2. Индустриалдық мемлекет.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап - құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап - құлдар болды.
Құлиеленушілік құрылыс тұсында материалдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттің қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағанын айтады.
Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.
Алғашқы индустриалдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVII ғасырдағы революциядан кейінгі Англияны, XVIII ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына .
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны -- шексіз монархия.
Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 20-жыл уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шет елдік авторлардың еңбектері қолданылды.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің анықтамасына жан-жақты тоқталып оның белгілерін ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
-мемлекеттің түсінігін анықтау;
-мемлекеттің түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық негіздерді зерттеу;
-мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функцияларына тоқталу;
-мемлекеттің әлеуметтік мақсатын қарастыру;
-мемлекет функцияларын анықтау;
-басқару нысанына тоқталу;
-мемлекет механизмін қарастыру.
Мемлекет түсінігі
1.Мемлекет. -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекет ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы "мемлекет" деген түсінік "қоғам", "ел" деген түсініктен ажыратылған жоқ. Мемлекет деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы қауымдық емес деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке -- "ел", "қоғам" түсінігі тұрғысынан емес, "өкімет", билік тұрғысынан қарайтын болды.
Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.
Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай
өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп "тепе-теңдік" пен "орталық" принциптерді ұстанғаны белгілі.
Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны "бақытты" ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.Конфуцийдің ойынша, б.з.д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің
негізі -- қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты- бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі Аспан ұлы - адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады.
Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім - халықтың ой-арманымен, бақытты
болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет - халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.
Ежелгі Грекиядағы мемлекет туралы саяси ойдың ерте кезде дамуы (б.з.д.
IX - VI ғғ) көне мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл ойлар Гомер, Гесиод поэмаларында кездеседі. Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) менГераклиттің (б.з.д. 544-483 жж.) мемлекет пен құқық мәселелеріне әлеуметтік- саяси тұрғыдан талдау жасауы да осы тұста қалыптасты. Гераклит: өз отбасың үшін қалай күрессең, мемлекет белгілеген тәртіпті іске асыру үшін де солай
күресу керек -- деген пікір айтып мемлекеттік билікке үлкен құрметпен қарады.
Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып - дамуы мемлекет туралы ілімнің қарқынды дамуына жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды.
Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуындағы айрықша кезең саналатыны - жалпыға бірдей бостандық идеясының өзекті орын алу тұсы.
Нәтижесінде Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ілім жедел қарқынмен дамыды.
Оның тарихы: патшалық (б.з.д. 754-510 жж.), республикалық (б.з.д. 509-28 жж.) және императорлық (б.з.д. 27 - б.з. 476 жж.) болып үш дәуірге бөлінеді. Осы кезеңде саясат, өкімет және мемлекет туралы ілімге елеулі үлес қосқан Тит Лукреций Кардың (б.з.д. 99-55 жж.) шығармалары, әсіресе оның "Табиғат заттары туралы" поэмасы.
Сол сияқты мемлекет пен құқық туралы Цицеронның ілімі жарық көрді. Ол ежелгі грек дәстүріне сүйене отырып "Мемлекет туралы" және "Заңдар туралы" деген еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай отырып, мемлекет қызметіндегі монархиялық, аристократиялық және демократиялық бастауларды біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өз ойына, талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сәйкес келеді деп есептеді.
Цицеронның мемлекет туралы негізгі тұжырымдамасы - заңның үстемдігі. Оның "Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз", -- деген қанатты сөзі қазір де өзекті пікір болып саналады.
Мемлекет туралы мәселедегі Әл-Фарабидің ой-пікірлерінің маңызы өте жоғары. Ол "Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы" деген еңбегінде осы мәселені теориялық тұрғыдан тереңінен зерделейді. "Мемлекет, -- 59деп көрсетеді ойшыл, -- адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен толық қанаттандыруға арналған ұйым".
Сол сияқты Әл-Фарабидің мемлекет туралы айтқан мына сөздері ерекше көңіл аударады: "Адамдарды бір-біріне көмектестіріп, халықтың жақсы тұрмыс құруына жағдай туғызып, қамқорлық жасаған мемлекет -- өз міндетін атқара алады". Ойшылдың осы пікірі қоғамдағы мемлекеттің орны мен қызметі қазіргі нарықтық жағдайда қандай болуы керек деген сұраққа берген нақтылы жауапқа ұқсайды.
Кейін саяси өмірдің күрделенуіне, дамуына байланысты мемлекетті қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан емес, өкілеттік, билік ретінде зерттеу қалыптасты, көзқарас жетіле түсті. Мемлекет халықты басқарушы ұйым деген түсінік кең орын алды. Мемлекет және қоғам деген түсініктерді ажырата білуде әсіресе Н.Макиавеллидің орны ерекше. Ол мемлекет деген түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін "stato" деген термин енгізді. Стато - қазіргітүсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді.
Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж-мүдделеріне сәйкес қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады.
Кейінгі ғасырларда қоғам мен мемлекетті дербес, өзара ажыратып, мемлекетті қоғамның басқарушы ұйымы ретінде дамыту мәселесі саяси ғылымда айрықша орын алды. Саясаттануда осы мәселе жөнінде әртүрлі, құндытұжырымдамалар жасаған Гоббс, Локк, Руссо, Гегель, Кант, Мэдисон және т.б.болды. Мемлекет қоғам өмірінің дербес саласы ретінде танылғаннан кейін ғалымдар мемлекет пен адамның өзара қатынасын зерттей бастады. Оныңнегізгі себебі - мемлекет шеңберіндегі адамның орны, ролі жөніндегі мәселелердің туындауы. Қоғамда, мемлекетте адам жалпы дамуға ешбір әсер ете алмайтын тіршілік иесі ғана ма, әлде ол (адам) қоғам, мемлекет өміріндегі шешуші күш пе?
Осы мәселе бойынша бірнеше ғасырға созылған ғылыми пікірталастың нәтижесінде саясаттануда этатизм деген бағыт пайда болды. Этатизм дегеніміз -- мемлекетке табыну, кейбір жағдайдағы қоғам мен жеке адам бостандығына әкелетін қиянатына, зорлық-зомбылығына төзіп шексіз билікті мойындау.
Әсіресе XVI ғасырдан бастап ғалымдар арасында этатизмге қарсы пікірлер күшейді. Мақсат - қоғам мен мемлекеттегі адам ролін көтеру, мемлекет жағынан адамның еркіне қарсы тұратын кедергілерді жою.
Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесіерекше. Ол "Левиафан" деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге "табиғи құқығы" бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген. Бірақ табиғи заңдылықтар ешкімді де қауіпсіздіктен құтқармайды, ешкімнің өміріне кепілдік бермейді. Мемлекетсіз дәуір - ол барлық адамдардың барлық адамдарға қарсы соғысы. Сол себептен табиғи, қатал өзара қарым-қатынас жағдайында адамдардың өмірін қорғауға кепілдік беретін ұйым іздеу 60 керек деген қорытындыға келді. Мемлекеттің пайда болуы - ол адамдардың келісім-шарты. Адам сыртқы қатерден сақтануы үшін өз құқықтарын мемлекетке тәуелді етті.
Т.Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі. Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: Мемлекеттік билік - жоғарғы заң шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай білуі қажет. "Левиафан" -- библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ.
Ал ғалым "Левиафанмен" - мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да - ол "ажалды құдай", себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал адам - табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал мемлекет - екінші орында тұруы тиіс.
Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т.Гоббс: "Адамға құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың құқықтарынан жинақталады -- деген қорытынды жасайды. Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның "табиғи құқығы" бар, "мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті". Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның "табиғи құқығы" идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты.
1948 жылы БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында" адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті -- деп жариялады.
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" -- деп жазылған.
Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген Қазақстанда да қабылданды. Оның басты, негізі себебі -- Қазақстан Республикасының құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыру мақсатыболып табылады.
Мемлекеттің функциялары
Мемлекет функциясы Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. ° Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар: әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады; құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады. ° Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету -- мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді". Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі -- басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекет функциялары[өңдеу]
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы -- келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.
Келісімдік функция -- мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы -- ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында -- бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар. Бұл үрдісті авторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.
Мемлекеттің төртінші функциясы -- қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.
Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді.
Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.
Оппозицияның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz