Құқық туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Құқықтың пайда болусы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2 Құқықтың мәні оның белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Құқықты түсіну жолдары және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4 Құкықтың принциптері (қағидаттары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тұлғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер түрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормаларының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер түрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық үғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары - оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады. Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси, әкономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады.
1. Ағдарбеков Төкіжан. Құқық негіздері: оқу құралы /А.Әлайдар, А.Алайдаров. - Алматы, 2008. - 264 б.
2. Ағдарбеков Төкіжан. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық. - Алматы, 2003.-246 6.
3. Ағдарбеков Төкіжан. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері: оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008. - 946 б.
4. Булгакова Дилляра Асхатовна. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2004. - 200 б.
5. Булгакова Дилляра Асхатовна. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005. - 115 6.
6. Дулатбеков Нұрлан. Мемлекет және құқық негіздері. - Астана: Фолиант, 2001.-252 6.
7. Жоламан Қабидолла Досмұхамедұлы. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы: Нүр-Пресс, 2007. - 296 6.
8. Қазақстан Республикасының еңбек туралы негізгі заң актілері. - Алматы: Юрист, 2005. - 80 б.
9. Мемлекет және құқық негіздері: оқулық / құраст. Е. Баянов. - Алматы: Жеті жарғы, 2001. - 624 6.
10. Өзбекұлы Сәкен. Мемлекет және құқық теориясы: оқу қүралы / Ө. Қопабаева. - Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 258 6.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Құқықтың пайда болусы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2 Құқықтың мәні оның
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
3 Құқықты түсіну жолдары және
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Құкықтың принциптері
(қағидаттары) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Кіріспе

Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға
бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы
қоғам мен жеке тұлғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқықты
анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер түрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды
белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормаларының мемлекеттік-
ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер түрғысынан құқықты анықтаған кезде аса
маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық
ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға
құқық үғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану;
құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл
атқарады. Құқық қағидаттары - оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін
негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар
мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм
жатады. Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал
етуінің негізгі бағыттары. Құқық функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып
екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси,
әкономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады:
реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық
ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың
қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға
(сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-
құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады.
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті
омірде және кызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан,
әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны
сөзсіз.Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, құкық— ресми түрде танылған жеке және занды тұлғалардың заңға
сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету
бостандығы, білім алу,меншікиесіболу,кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы. Заңды
тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда
құқық түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъектиивтік (тұлгалар) құқық — тұлғалардың мүддесін канағаттандыру
мақсатымен құкықтық нормалардың құкық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтык қатынастарға катысатын
тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғанын құқығы құкыктық
қатынасқа катысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі
жақта да құқықтык міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім
алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу
орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға
хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін
пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сондыктан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
Меншік міндет жүктеңді, оны пайдалану сонымен катар қоғам игілігіне де
кызмет етуге тиіс .
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет — құқықтық мүмкіндік берілген құкық
тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа 

Курстык жумыс максаты где

1 Құқықтың пайда болуы мен дамуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық ,
басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты,
ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп
молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

1)     Малшылық

2)     Жер игеру

3)     Өндірістік

4)     Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін
асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар,
таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге
әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің
пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы
күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару
үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың
(әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде
бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды:заң, заңға тәуелді
келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің
нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет –
ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте –
бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға
айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан
ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді: — деген
мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы
реттеп – басқаруға өте қажет.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына
сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік
бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы
реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеулер жасап келеді.

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді.
Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері
арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың
әсері мол болады – деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын,
оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын
және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық
қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан – жақты ғылыми тұрғыдан
зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич,
Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық
мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым – қатынасын
реттеп , басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп түсінеді. Заң
ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді
жақтайды.Құқықтың белгі -  нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті
жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді,
бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен,
П.И.Новгородцев.

Материалистік теория – құқық саяси – экономикалық үстемдік жүргізетін
таптың мүдде – мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың
мазмұны екі элементтен тұрады — деп түсіндіреді: экономикалық базис пен
үстем таптың мүддесі.

Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші
кезең – құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам дамуындағы мазмұны; екінші
кезең – құқықтың болашағына көз – қарасы; үшінші кезең – марксистік көз –
қарасты бұрмалау.

Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс еді –
құқықтың экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші
кезеңде – буржуазиялық мемлекетпен құқық теориясының мазмұнын біржақты
зерттеп, оның процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның
болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Ушінші кезеңде кейбір
елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік –
әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.

Жоғарыда көрсетілген құқық  теорияларының жеке алғанда дұрысы да,
бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс
қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:

-         Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болшақ емес;

-         Құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде – мақсатын қорғайтын
негізгі құрал;

-         Құқық меншіктің барлық түрлерін қорғайтын негізгі куш;

-         Құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы, қоғамдық
тәртіпті қорғайтын құрал.

Сонымен, құқық жеке тұлғалардың экономикалық,  саяси, әлеуметтік т.б.
бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік
дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара – қатынасын зерттейтін
негізгі күш – құрал.

Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті,
құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау
алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл
теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың
табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын
ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп түсіндерген. Цицерон – табиғи
бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес –
деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье,
Гольбах,Радищев т.б.өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік
норма мен құқықты бір – біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды
бірігіп басқарады.

Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан
бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық
адамдардың рухани сана – сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады
деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар
субъективтік  жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек
қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын
нормаларды өзгертіге болады.Бұл теорияның өкілдері : Густав Гуго, Карл
Савинын,Фридрих Пухта, Штиль т.б.

Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы — әке,
мемлекеттің басшысы – монарх.

Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-
әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген
тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған
теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі
құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс – әрекетіне, жұмысына әсер етуі.
Адамның ішкі сана – сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс – әректінің
байланысын Петрижицский этикалық сана деп атайды.Бұл теория құқықты екі
түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды ( позитивтік ).
Жеке тұлғалық құқық – жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты
қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына
сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.

Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым –
қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп
түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай
зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі – нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық
мемлекетті жақтады.

2. Құқықтың мәні мен белгілері

Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылым. Күнделікті өмірде
және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір
адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында құқық термин бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден,
құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, құқық - ресми
түрде танылған және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау
мүмкін. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі
болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Занды тұлғаларды да құқықтық
мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда құқық түсінігі
субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғапар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері. Мүндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын
тұлғалардың мінез-қүлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық
қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, жақта
да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға
құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының
ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауга міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шүғылданып, заңды негізде мүліккке болуға
хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Соңымен қатар, өз мүлкін
пайдаланғанда қоғамның.басқа адамдарды мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сопдықтан Қазақстан Рсспубликасының Конституциясында былай деп жазылған:
"Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне қызмет
етуге тиіс" (6-бап).
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықты мүмкіндік берілген
құқық тұлғасының занды мүддесін (талабы орындату үшін басқа құқық тұлғасына
жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде
жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, құқық дегенеміз құқық нормаларының жүйеге келтірілгсн
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы
Конституция былай дейді: Қазақстан Рсспубликасыңда қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табыладың (4-бап).
Үшіншіден, құқық термині оку пәнін білдіретін үғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларга бөлінеді: конституциялық құқык,
әкімшілік құқык, еңбек іс құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық
құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, құқық термині тұлғагтық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты құқық жүйесі деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Казакстанңың құқық жүйесі
қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мүның өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік қүбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандыктар беріліп,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы тендік
орнатылған болып- есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптаскан зандар жүйесі әлеуметтік түрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып,
біртекті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты қүбылыстарды тек таптық түрғыдан ғана зерттсйді.
Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап,
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік түрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қүрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқық әлеуметтік мәні бар екенін айтады.
Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар түрғыдан түсіндіруге
тырысады. Әрине қүл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан- ашық. тек қүл
иеленушілердің мүдделерін қорғап, қүлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы
мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін
болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол қүлдырап,
жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретін саяси қүралға айнала бастағанын мойындау
керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай
жалпы әлеуметтік түрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.
Қазакстан Республикасында қабылданған заңдарды таңдайтын болсақ, олардың
қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік
топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік: мәнін мойындай отырып, оған мынадай
анықтама беруге болады.
Кұқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңға және басқа да ресми құжаттарда
анықталған құқықтық, норма, ережелердін жиынтығы. Енді, құқықтың негізгі
белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық - бірнеше бөлшектен түратын жүйелі құрылыс. Оның бір
бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты
әлеуметтік талаптармен анықталады Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи
құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталган
құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының
Конституциясында былай деп жазылған:
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін
қиюға хақысы жоқ (15 бап). Құқықтык, жүеснің екінші бөлігі - мемлекеттегі
қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтың жүйенін үшінші бөлігі -
субъективтік құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде
байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы,
тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы
қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауга мүмкіндігі
болмаса, аталған құқық қағаз бстінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам
өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді
әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-кұқықтық талаптарының мағынасы -
оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты - құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден түрады. Қағида - тұлғалардың мінез-
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз
іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері
қажет. Сондықтан құқықтың нормалары тұлгалардың іс-әрекетінің, мінезі-
құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету- керсетпеуге хақылы.
Тұлғалардың мінез-қүлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық
қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады. реттейді, жөндейді,
үйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.
Формальдық анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол
құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын
заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды.
Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатый
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының
тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
Қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар
тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары
тұлғалардың кұқықтарын жүзеге асыруга жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы,
Қазақстан Рсспубликасының Конституииясы бойынша шарқы көтеретін ақыға
беріледі. Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сүғылса,
мемлекет оларды корғанды. Занды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады,
мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-
бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді. Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай
алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтын еркін паш етеді. Оған мысал,
1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халкының Конституцияны қабылдауы.
Конституция - құқықтың өзегі, үйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып
келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге
асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықгың ойын, еркін мемлекет
органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Халық Президент сайлайды. Ол халык атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінін
шеңберінде нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті
жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазакстан
құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар
тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана
қорғамайды. Ол - халық үшін қызмет істейді.

3 Құкықты түсіну жолдары және қызметтері

Құқық негізі жөнінде әңгімелегеңде, бәрінен бұрын құкығы пайда болуы
мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге
арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі,
үстем таптың ерік- жігері және ең соңында қоғамның материалды тұрмыс
жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола
түрса да құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін,
ресми түрде бекітілген, жалпыга бірдей міңдетті мемлекст қамтамасыз ететін
қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот
прецеденттері, құқықтық келісім-шарттар нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын
реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін
әдет- ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдст-ғүрыптар қоғамды қатынастардың
негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел Қасым ханның қасқа жолы (XV ғ.), Есім ханның ескі жолы
(XVI ғ.), Тәуке ханның Жеті жарғысы (XVII ғ.). Сонымсн қатар қазақ
қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін
дамытқан. Қиыннан қиыс тырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді
қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер
съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті
актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден
қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардын реттеушісі болып
отырған.
Құқық прецеденті - жоғары мемлекет органдары қабылдаған нақты шешім.
Осы шешім төменгі мемлекст органдарына үқсас істерді шешкенде негіз болады.
Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті
Англия А.Қ.Ш, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар
көзі болып табылады.
Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми
түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда іс құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда
құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-кұқықтық актілер - кұқықтың ең басты қайнар көзі негізі
ретінде танылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік
актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан
Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар
және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен -
конституциялық заңдар. Ондай заңдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық шығармашылық
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік құқық бұзушылық заңнама туралы
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Қылмысқа қатысу түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Пәндер