Азаматтық қоғам жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Азаматтық қоғам түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Азаматтық қоғам теориялары және азаматтық қоғамның мазмұны ... ... ... ...9
3 Құқықтық мемлекет құрылуы және түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру және құқықтық мемлекеттің белгі.нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қосымша А Құқықтық мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қосымша Ә Құқықтық мемлекет идеясының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .23
Қосымша Б Азаматтық қоғамның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымша В Азаматтық қоғамның құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қосымша Г Азаматтық қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Адами әлеутті азаматтардың іскерлігін жандандыру азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары қазіргі заманғы серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады
ҚР-сында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдасы Қазақстан Республика Президентінің 2006 жылғы наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпы ұлттық бағдармаласына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл тұжырымдамада қазіргі кезенде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдарғы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995ж
2. ҚР-сының Азаматтық кодексі,ерекше бөлім,Алматы-2001ж
3. Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ –баспа»-2001ж
4. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы,
Астана –2001ж
5. Б.Бюжеева. халықаралық қатынастар жүйесіндегі адам құқы мәселесі
Алматы-2005,№3,19,94-98бб.
6. Венгеров А.Б. Теория государство и права, Москва,-1994ж
7. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері курсы
бойынша әдістемелік нұсқаулар-Қарағанды,1999ж
8. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық
теориясы-1999ж
9. Ғ.Маймақов. ҚР-ның саяси-құқықтық тарихы. Алматы-2000 ж.
10. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы. 1999. 237-б.
11. Ғ.Сапарғалиев, Агибраева. Мемлекет және құқық теориясы. А.:1998ж
12. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996
13. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. –М., 1992,15-17стр.
14. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы,
Алматы-2001ж
15.ҚР-сының Конституциясының түсіндірме сөздігі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Азаматтық қоғам түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...4
2 Азаматтық қоғам теориялары және азаматтық қоғамның
мазмұны ... ... ... ...9
3 Құқықтық мемлекет құрылуы және
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру және құқықтық мемлекеттің белгі-
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қосымша А Құқықтық
мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 22
Қосымша Ә Құқықтық мемлекет идеясының пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .2 3
Қосымша Б Азаматтық қоғамның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымша В Азаматтық қоғамның
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қосымша Г Азаматтық
қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...26

Кіріспе

Адами әлеутті азаматтардың іскерлігін жандандыру азаматтық қоғамды
одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының
стандарттары жоғары қазіргі заманғы серпінді мемлекет ретінде дамытуға
болады

ҚР-сында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған
тұжырымдасы Қазақстан Республика Президентінің 2006 жылғы наурыздағы ел
халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпы ұлттық
бағдармаласына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу
елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл тұжырымдамада қазіргі кезенде Қазақстанда азаматтық қоғамды
дамытудың негізгі үрдістері талданады сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың
алдарғы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары.
Мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол
азаматтық инститтутардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға
бағытталған мақсатты бағдармалар,заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық
актілер әзірлеу үшін негіз болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың егер біз
мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетігінізді ұзақ уақытқа меңзеп
құрғымыз келсе онда халық руханиятының бастауларын түсінгеміз жөн.
Азаматтық қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, болып қоғам
ретінде сақталады.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму
сатыларын сәйкес қарастырылады.
ҚР - сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты құқықты пән
ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды жалпыға бірдей құқықтық білім
беру ісіне көшу өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелуде оқу ұжымының
рөлін күшейтуге обьективтік мумкіндік туды:
Мемлекет және азаматтық қоғамның мәнін, түсінігін анықтау;
Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру;
Мемлекет және азаматтық қоғам идеалын және оны қалыптастыруды зерттеу
т.б.
Курстық жұмыстың міндеттері жұмыс мақсатына сай мынадай міндеттер
қарастырылды:
1.Мемлекет және азаматтық қоғамның мәнін, түсінігін анықтау;
2. Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру;
3.Мемлекет және азаматтық қоғам идеалын және оны қалыптастыруды
зерттеу т.б

1 Азаматтық қоғам түсінігі

Азаматтық қоғам — онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты
әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi
мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл
ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн
қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа
қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын
көрсетедi. Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық
болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының,
мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады. Елде азаматтық
қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты:
азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ
болады. Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi
нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами
жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады. Құқықтық мемлекет және
демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар
жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда
тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру
мақсатында оны дамыту үшiн қажет. Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн,
тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген,
меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi
құрайды. Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi
тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ
жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi. Билiк
пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде
қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады,
бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге
болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi. Азаматтық қоғам демократиялық
саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар
көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi.
Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын
бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету
тетiктерiне негiзделедi. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк
мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды
тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар,
бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы
байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына
мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай
жасау болып табылады. Азаматтық қоғамның мiндетi — жеке адам мен мемлекет
арасында делдал болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау,
оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық
бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар,
кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми
одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн
түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң
алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес
мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы
мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған
мемлекеттiк емес ұйымдар жатады. Саяси партия — мемлекеттiк билiктiң,
жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында
азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды
қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан
Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi. Кәсiптiк одақтар —
азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң
еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен
мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн
ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық
бiрлестiктерi. Дiни бiрлестiктер — жергiлiктi дiни бiрлестiктер
(қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу
орындары мен ғибадатханалар. Бұқаралық ақпарат құралы — мерзiмдi баспасөз
басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне
жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi
(интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты
мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны. Қоғамдық
бiрлестiктер — саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ
Мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңнамаға қайшы
келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес
ұйымдар болып табыладыYкiметтiк емес ұйым — ортақ мақсаттарға қол жеткiзу
үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес
ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi
қоспағанда). Ұлттық-мәдени бiрлестiк — өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке
жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және
мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi
ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару — жергiлiктi маңызы бар мәселелердi
тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары
(институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер
шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының
нысаны. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен
еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын,
мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкi
мемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының
ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне
бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсі. Азаматтық
қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми
еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны
ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым.
Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге
келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір
ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық
қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында
азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы
қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық
берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің,
отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық
қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол
өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір
саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы
көрінісінің бір нысаны болып шығады.
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған
себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму
процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен
Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық
ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып
қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан
зерттеуді жалғастыру керек. Мен — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы
көрінісі төмендегідей болуға тиіс деп ойлаймын:
- экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;
- адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;
- заңды, демократиялық билік;
- ақпаратқа бостандық беру;
- заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;
- таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;
- адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін,
санасын көтеру, жақсарту.
Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына
сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі
элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек
ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық
қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады:
әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың
бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге
азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді:
бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ:
отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың
өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың,
таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.
Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен
өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл
жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік,
кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және
қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер
және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде
ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың
даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек
заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.
Рухани-мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар
мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім,
ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар,
бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен
ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына
зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар
және қоғамдағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен
құқықтарының қамтамасыз етілуі;
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына
азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға
толық кұқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-
мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен
байланыс жасауға кұқықтарының болуы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына
мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті
өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста
жұмыс жасауы;
- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам
болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол
мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.
Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып,
өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік
жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының
Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші
бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары
былай деп жарияланған: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

2 Азаматтық қоғам теориялары және азаматтық құқықтың
мазмұны

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-
пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп
болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-
мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси
партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде
марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде
қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны,
басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді,
дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи
нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу,
пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің
ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе азаматтық қоғам деген алғашқы қауымдық
қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ.
Себебі ол қоғамдарда азаматтық деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек
буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық
мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі
ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын,
теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында
тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта
қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық
тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі
жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан
негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық,
парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң
үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли,
Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп
қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан
атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П.
Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.
Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи
құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл,
парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған
нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет
қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын,
теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет
адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі
мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан
зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін,
ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін
калыптастыру деп түсіндірді.
Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық
философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді.
Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет
құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-
жақты жақсартуы.
Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес
қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда
құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық
- Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға
бағындырып, халықтың мүдде—мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда
ғана құқықтық мемлекет болады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние
жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты
деуге толық болады.
Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі
мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен
құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара.
Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық
саласын басқаруға қатыстыру қажет.
Азаматтық қоғам мазмұны- саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және
оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар
жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты,
яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін
білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-
дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік
дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың
қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі
көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға
бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық
ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық
қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар
мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-
қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам
ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны
буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен
байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми,
мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын
әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-
әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін
тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-
қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі
азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады.
Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік
байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени,
саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті
билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ,
онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік
— анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты
қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді.
Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос,
ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған
азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-
зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-
әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын
көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған
іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы
антикалық полис феноменімен байланысты Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi
тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар
экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын
және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда
берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.

3 Құқықтық мемлекет құрылуы және түсінігі

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық
проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде
құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық
елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес.
Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы,
саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық
ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде
қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында
объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне
сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның
толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын
кұруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консенсус саяси технологиялардың демократиялық принципі ретінде
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Қазақстан Республикасында Үкiметтiк емес құқық қорғау ұйымдарының адам құқығын дамыту мен тиiмдiлiгiн ұлғайту
Талап қою туралы ілім
Қазақстан Республикасының сот билігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
Мемлекеттің пайда болу сипаты
Пәндер