Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Құқықтық сана ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Құқықтық сана, жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге
асырудағы рөлi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Құқықтық мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Құқықтық мәдениеттің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениеттің қалыптасу жағдайы ... ... ... ... ... ..
2.3 Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенiң маңызы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады.
Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.

1 Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы:
2 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы: бас. Қаз МЗУ, 2009.
3 Лазарев Н.Н. Общая Теория государства и права,- М.,2009.
4 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008.
5 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007.
6 Храпанюк В.Н. Теория государства и права.- М., 2006.
7 Храпанюк В.Н. Теория государства и права.- М,2008.
8 Теория государства и права под ред. Матузова Н.И.и Малько А.В.-М., 2007
9 Марченко М.Н., Дерябина Е.М. Теория государства и права. Учебное пособие. –Москва: Проспект, 2012.
10 Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах: Учебно-методическое пособие. -5еиздание, переработанное и дополненное. –М. 2006.
11 Храпанюк В.И. Теория государства и права, М. 2003.
12 Марченко М.Н. Теория государства и права. Учебник. М., 2004.
13 Мухамеджанов Э., Сафарова Т. Общественные объединения как институт гражданского общества // Юрист. 2011. № 3.
14 Сулейменов М. Система права и система законодательства Казахстана: выбор пути // Юрист. 2011. № 4.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Құқықтық
сана ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Құқықтық сана, жалпы
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
1.2 Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге
асырудағы
рөлi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
2 Құқықтық
мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
2.1 Құқықтық мәдениеттің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.2 Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениеттің қалыптасу
жағдайы ... ... ... ... ... ..
2.3 Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенiң маңызы
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
КIРIСПЕ
Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп
танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана
тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-
жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық
процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң
механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын
философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты
категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық
санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып
отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны
жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк
қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың
қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы,
меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi
құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап
етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп
өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi
болып табылады.
Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi
төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың
мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық
идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет. Қазiргi таңда бiздiң қоғамда
келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық
мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек,
бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси
құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде
мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра
алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi;
оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы,
ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз
жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа
шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi
– қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру
деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк
дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып
отыр.
Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы
қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде.
жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi,
қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн,
ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына
әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке
идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның
негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады.
Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар
екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан
Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.
Жұмыста Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың,
сонымен қатар, ресейлiк Хропанюк В.Н., А.В.Малько, Н.И.Матузов., стяқты
авторлардың еңбегi қолданылды.
1 Құқықтық сана
1.1 Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының
категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және
құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық
тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық
сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-
құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.
Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеядар мен
көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана
болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады.
Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге
бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық
және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады.
Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән
ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот
қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар
құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен
бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-
елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі
әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда
болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы,
құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде
құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса,
керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, тектік,
бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-
II ғасырлардағы Қытайдағы Сары тартқандар және Қызыл қастар
көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да
таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси
процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді.
Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм
кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты
мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың
тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына халық жауы ұғымын жаппай
қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы
саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың
түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың
түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің
құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік,
нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған
адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне
әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және
сезімдердің жүйелік жиынтығы.
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген
қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық
мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда,
әрекеттестік пен қарым - қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу
дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай
әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін
тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды
тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар
қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке
топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден
өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану
процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың
айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке
адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың
нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік
көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың
мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын
мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.
Басқа тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы — олардың еркі мен
санасының болуында. Сана, елестету, қабылдау, сезім, мұрат секілді
құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынастарға барады.
Қоршаған орта, дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп қана қоймайды,
сол адамдардың санасы мен еркінің, еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан адамнын айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және
жекелік (даралык) сана арқылы қалыптасады.
1.2 Құқықтық сананың құқықтың әлеуметтiк функциясын жүзеге асырудағы
рөлi
Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология,
дін т.б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-
сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын
қалыптастырады. Мысалы діннің қоғамдык, сананың басқа формаларынан
айырмашылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни жолмен не
кұдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.
Құқықтық сана қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық
құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық
арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зияңды әрекеттер байқалады, сондықтан
құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Бұндай құқыққа
деген көзқарас болымды, дұрыс, яғни тұлға қоғамдағы құқықтын орнын, маңызын
ұғынып, бағалап, құқықтың нормаларын мойындауға, оған бағынуға бейімділігін
білдіреді. Керісінше, құқықтың қоғамдағы маңызын жоққа шығару, оның қажет
емес екендігін, пайдасының жоқтығын дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да
болады.
Кұқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты
шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген
құқықтық нормалар, зандар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады.
Әділеттілік деген бұл жерде бостандық, теңдік және коғамдық татулық,
келісім деп түсініледі. Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін
бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие әрбір азаматтың
қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.
Құқықтық сана дегеніміз – тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын
құқық нормаларына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше баға
беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.
Бұдан құқықтық сананың негізінен құқықтық психология және идея
жиынтығынан құралатынын көреміз. Өйткені, құқықтық психология қолданыстағы
құқық нормаларын жетілдіруге, жаңа құқықтық нормаларды қабылдау
қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құқықтық идея құқықтық сананың
өз дәрежесіне көтерілуінің нәтижесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін
қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді.
Құқықтық сана сезімнің басты мақсаты – адам, азамат, қоғам мүддесіне
сәйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды
ортақ игілік үшін қабылдау қажеттілігінің негізгі бастамашысы болып
табылатындығында. Құқықтық мәдениет болса – құқық нормаларын білу, толық
түсіну, оларды басшылыққа ала отырып, адамзаттың ортақ мүддесіне қызмет
істеуді білдіреді.
Құқықтық мәдениет құқықтық сана-сезіммен тығыз байланысты және содан
негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық
нормаларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін,
дәрежесін білдіреді.
Құқықтық тәрбие – қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен құқықтық
мәдениетін қалыптастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың іс-
әрекетінің көрінісі болып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге
ерекше мән берсе – құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық білім биік
дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құқықтық сана, мәдениет, құқықтық ғылым
– тәртіптің қайнар көзі, бастауы.
Тәртіп — барлық жетістіктердің қайнар көзі, негізі Президент
дәрісіндегі осы айтылған идеяларды жүзеге асыру үшін не істеуіміз керек
деген сұрақ тұындайды. Ол үшін – отбасында, балабақшада, орта мектепте,
жоғары оқу орындарында құқықтық тәрбие, білім беруді заман талабына сай
жетілдіру қажет. Әрбір отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып
заңдарының тиімді жақтарын ұрпақтар санасына сіңіріп, оларды заңды
құрметтеуге, әділеттілікке, турашылдық жолға түсетіндей етіп тәрбиелеуі
қажет.
Балабақшаларда – еліміздің Ата Заңы Конституцияда көрсетілген –
адамның, азаматтың басты құндылықтары – құқықтары мен бостандықтары туралы
айқындалған түсініктердің мазмұнын мемлекеттің, мемлекетіміздің
рәміздерінің маңызын, мемлекеттік құрылысының негізгі ұғымдарын түсіндіру
қажет. Орта мектепте оқылатын құқық негіздері пәнін қайта сапалы түрде
дайындап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіздеп шығару керек,
осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дәріс
беретін пән мұғалімінің арнаулы заң білімі болуына талап қойған жөн.
Өйткені, білім сапасы ұстаздың мамандығына, білгірлігіне тікелей
байланысты.
Жоғары оқу орындарында қазіргі кезде Мемлекет және құқық негіздері
пәні балама пән ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу
жоспарына енгізіледі. Бұл дұрыс емес. Мемлекет және құқық негіздері пәні
барлық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде оқытылатын
пән болуы қажет. Президент дәрісінде, сондай-ақ, Президенттің Жалпыға
ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадамды атты мақаласында да құқық
негіздері оқулығын даярлау, жоғары білімді оқу орындарын бітірген жастардың
құқықтық білімді меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген. Осыған орай, осы
аталған пән бойынша жаңа оқулық дайындау қажеттілігі өзінен-өзі туындап
отыр. Құқықтық білімді жетілдіру саласында бұқаралық ақпарат құралдарының
маңызы да ерекше. Осыған орай, құқықтық сауаттылықты насихаттайтын арнаулы
телехабар арнасы да қажет. Бұқаралық ақпарат саласында құқықтық насихат,
тәрбие беру мен жұмыс істейтін журналистердің құқықтық білімі болғаны жөн.
Университеттерде журналист кадрларын даярлайтын факультеттерде құқықтық
журналистика деген мамандық ашып, болашақ журналистерге заң мамандығы
бойынша қосымша пәндерді оқытуды енгізіп, сауатты, білімді журналист-
заңгерлерді дайындауды жүзеге асырған дұрыс болар еді, өркениетті
елдердің журналистерінің құқықтық сауаттылығы осындай талаптарға
негізделген.
Құқықтық білімді, сананы, тәрбиені жетілдіру кең байтақ Қазақстанның
барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дәрежеде жүзеге асырылуы керек.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары және арнаулы оқу
орындарында заңгер мамандырын даярлау жарысқа түскендей көбейіп кетті.
Көптеген оқу орындарында болашақ заңгерлерге сапалы білім беретін ұстаздар
жетіспейді, заң оқу орындарында оқитын студенттер мемлекеттік тілдегі
оқулықтар, оқу құралдарына, заң түсіндірмелеріне зәру, көптеген заң
мамандарын даярлайтын оқу мекемелерінің ұстаздары, басшылары мемлекеттік
тілде дәріс бере алмаса да, басшылық жасай отырып, мемлекеттік тілдегі
оқулықтар мен бағдарламалардың дайындалуына немқұрайлы қарауда. Міне,
осындай кемшіліктер болған ретте құқықтық білім деңгейінің өз дәрежесінде
көтерілуі қиын шаруа. Сапасыз даярланған заңгерлердің көбі қазіргі кезде
жұмыссыз қалып отырғаны да осыдан. Бұл ағаттықтарды жою үшін мемлекет
тарапынан елімізде құқықтық білімді, тәрбиені жетілдіруге арналған жаңаша
бағдарлама қажет сияқты.

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал
ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады.
Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың
нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше
объектісі бар. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен
тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің,
бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау
немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және
т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында.
Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және
әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық
сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол
субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген
белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан
әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік
құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен
өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары
тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде,
адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан,
құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан
қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи
мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен
теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық
жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы,
кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс
конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын
қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу
әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі
елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды
құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық
жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші
болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың бабасы
болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы
қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай
ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің,
билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар
осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ
Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық
санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ. Және басқа бір, неғұрлым
жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін
құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы
негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен
реформалаудағы жанталаса “қарсылық көрсетті”. Құқықтық сана- сан қырлы
феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты
өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология
және құқықтық идеология құрайды.
Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық,
бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.
Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы
мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен
өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын
ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып
табылады.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық
(ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік
байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-
физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті
мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен
қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына
себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен
мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматарға құқықтық
тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке
адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта
бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен
әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың
әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық
нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың
қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы
қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық
санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің
тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық
ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар
мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне
теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым
болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық
санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі
ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді.
Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек
мүдделі деген пікір таралып кеткен.
Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай
құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық
санасы) және ғылыми болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың
күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен
заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық
сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық
болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және
құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда “қырағы” болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында
қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда
өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен
(күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң
нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін
көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл-
құқықтық сананың біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының
құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол
қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту
жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық
түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады.
2 Құқықтық мәдениет
2.1 Құқықтық мәдениеттің мәні.
Мәдениет деген сөз қазақ тіліне арабтың маданият - қала, қалалық
деген сөзінен енген. Бұл - орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу
кезенінде қалыптасқан түсінік. Бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет
ұғымы - тәрбие және білімге тікелей қатысты, бірінен бірін бөлуге
болмайды, соның нәтижесі ретінде барлық халықтардың рухани қайнар бұлағы.
Оның терең тамыры сонау көне заманда жатыр.
“Мәдениет” ұғымының негізгі мағынасы адамның қолымен, санасымен
жасалған барлық құндылықтар жүйесін білдіруге саяды. Осылай анықталған
мәдениет мына негізгі бөлшектерден тұрады: 1.Материалдық мәдениетті адам
қызметінің заттық түріндегі қарау, өндірістік құралдары және басқа
жадығаттар жиынтығын құрады; 2. Рухани мәдениетке адамзаттың өнер мен
ғылымдағы, мемлекеттік өмір мен қоғамдық тұрмыстағы жетістіктерінің
жиынтығы жатады. Бұл мағынада өнегелік-имандылық нормалары мен құқықтық
қағидалар мәдениеттің бір бөлігі болып саналады.
Әдетте, мәдениеттің бір бөлігі болу үшін осы туынды қандай да бір
тәсілмен объективтенндірілуі, яғни заттануы тиіс. Оның амалдар арқылы
қазіргі техникалық құралдармен қайтадан бейнеленуі, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз,
әдет-ғұрып, дәстүр арқылы өтуі болады.
Мәдениет уақыт пен кеңістікте орналасады. Ол әлеуметтік топтан тыс
өмір сүрмейді. Демек, түрлі әлеуметтік қауымдасулардың ерекше мәдениетінің
қалыптасуы заңды құбылыс. Сөйтіп, біз жасөспірімдердің, топтың, қаланың,
ұжымның, ұлттың және т.т. мәдениетін зерттейміз. Жеке тұлғаның мәдениеті -
бұл оның тәртіп тәсілдерінің, қызмет жасау әдістерінің, оның ойлары мен
түсініктерінің, іс-әрекетінің нәтижелерінің жиынтығы. Жеке адамның
мәдениеті, әдетте, оның өзі жататын әлеуметтік топтың мәдениетінің
шеңберінде қалыптасады, бірақ үлкен ауытқудың болуы мүмкін. Бұл көбіне
құқықтық мәдениетке қатысы.
Құқық мәдениеті ресми-идеологиялық құбылыс ретінде жеке адамның саяси
және құқықтық сана-сезімінің, олардың құндылықты-нормалық кешенінің,
сонымен қатар құқықтық ортадағы жүріс-тұрысы мен қызметінің қалыптасуына
және дамуына мемлекет пен қоғам арқылы бағытталған. Бұл ықпал айқындалған
құқықтық көзқарастарды, рухани байлық, қазыналарды және т.б. бекітеді:
құқықтық идеология мен құқықтық сана-сезімнің мазмұнының дамуы мен мүлдем
өзгеруі, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, бүкіл қоғамның құқықтық сана-
сезіміне жаңа көзқарастарды, құқықтық құндылықтарды және т.с.с. көнерген
құқықтық таптаурындарды, үлгілерді, көзқарастар мен құндылықтардың
бөлшектерін енгізу арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан құқықтық мәдениет тұтас құқықтық
жүйе сияқты құқықтық нормаладың және адамның шынайы мінез-құлқының
бірлігімен, мөлшерлер мен құндылықтардың сәйкес келуімен, құқықтың
әлеуметтік тиімділігіне жетуімен сипатталады.
Демек, құқықтық мәдениеттің интеграцияланған, яғни кіріктіріліп
дарытылған қасиеттері нормалық бағыттаудың мәнімен шектелмейді. Оның
мақсаты - әлеуметтік ортаға белсенді енуі, қалыптасқан ұстанымдарға ықпал
жасауы, ұжымдары мен әлеуметтік топтардың мүшелерін ілгерішіл нормалардың,
олардың құкықтық жүріс-тұрысына қажеттілігін түсінуге бағыттау болып
табылады. Сонымен, құқықтық мәдениет жеке адам мен ұжымның әлеуметтік
бірлестігінің бірыңғай жүйесіне кіруін қамтамасыз етеді. Бірақ құқықтық
мәдениеттің шынайы жағдайы ресми ұстанымдары мен мұрат тұтушы үлгілерінен
елеулі айырмашылығы болуы мүмкін. Құқықтық білімнің деңгейіне байланысты
оған жеке адамның, әлеуметтік таптардың тарапынан қарым-қатынастары да
сәйкестелінеді.
2.2 Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениеттің қалыптасу жағдайы.
Құқықтық мәдениеттің мазмұнының негізіне жалпы азаматқа, тапқа,
ұлтқа, топтарға тән мәдени қазыналары, түсініктері мен мұраттары жатады.
Жеке адамның дамуына мәдениет түрлі бағытта ықпал етеді: әлеуметтенуін,
құндылықтар жүйесін орнатуын мен өнегелі жүріс-тұрысының қалыптасуын
қамтамасыз етеді.
Қоғамның деңгейіне байланысты индивидтің әлеуметтену үдерісіне жалпы
тәрбие, мәдени кұндылықтармен катар арнаулы кұқықтық тәрбие, құндылықтар
әсер етеді.
Бүгінгі өркениетті қоғамдарда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның
талаптарына сай отбасы, мектеп, теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары және
басқа әлеуметтік институттар өз міндетіне қатысты қызметті ұйымдастырады.
Қазақстанда бірте-бірте осы арнаға бағытталған насихат, білім беру жұмысы
жүргізіліп келеді.
Дегенмен адамдардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігіне, саяси-құқықтық
мәдениетіне, құқықтық санасын қалыптастырудың объективті және субъективті
кедергілер, қиыншылықтары аз емес. Еліміздің Орта Азия, Тараз, Қазақ
экономикалық университеттері сияқты жоғары оқу орындарында өткізілген
сауалнамалардың нәтижелері көрсеткендей, студенттердің азаматтық қоғам
жөніндегі түсініктері әлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz