Шошқа шаруашылығы



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Шошқаны азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Мегежіндерді азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Шошқаның рационындағы азық куатын және оның қоректілігін нормалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Шошқа рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ...
5. Шошқаның ас қорыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Шошқаның, барлық топтарына арналған құнарлығы жағынан толық та қуаттылығы жоғары болуы қажет. Азық қуаттылығын анықтау кезінде, жоспарланған өнім өндіруді малдың тірілей салмағын, физиологиялық жағдайын ескерген жөн. Бұл жағдайлардың барлығын азықтандыру мөлшеріне ескеру қажет. Шошқа әсіресе протеин деңгейіне өте мұқтаж келеді. Бір азық өлшемін деп қорытылатын протеин мөлшері 100 - 110 г деңгейінде болуы қажет. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Дәндік азықтар кұнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ, тұқымдастар, энергетикалық коректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді. Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық тұқымдастарға арпа, жугері, бидай, сулы, қара бидай, тары, сорго жатады. 12 пайыздық алғалдылықта олардың құрамында 9 - 13 пайыз протеин, 1,5-2 пайыз май, 2-3 пайыз клечатка, 65 пайыз крахмал, 2-3 пайыз күл болады. Органикалық заттары 70 - 90 пайызға қорытылады. Қабандарға кажетті рацион қыс айында кабандар рационында 2,5 - 3,5 кг жем болуы керек. Олар негізінен астық тұқымдастардан күнбағыс сығындысы не шроттан, сонымен аздап ылғалды азықтан және 0,3 - 0,5 кг шен ұнтағынан тұрады. Жазда қабандар жеммен қоса көк балаусаны әсіресе жоңышқа, эспарцет, бұршақты емін - еркін жей алуы керек не жайылымға шығарылады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Шошқаны азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Мегежіндерді азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Шошқаның рационындағы азық куатын және оның қоректілігін нормалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Шошқа рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ...
5. Шошқаның ас қорыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
I. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

Кіріспе
Шошқаның, барлық топтарына арналған құнарлығы жағынан толық та қуаттылығы жоғары болуы қажет. Азық қуаттылығын анықтау кезінде, жоспарланған өнім өндіруді малдың тірілей салмағын, физиологиялық жағдайын ескерген жөн. Бұл жағдайлардың барлығын азықтандыру мөлшеріне ескеру қажет. Шошқа әсіресе протеин деңгейіне өте мұқтаж келеді. Бір азық өлшемін деп қорытылатын протеин мөлшері 100 - 110 г деңгейінде болуы қажет. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Дәндік азықтар кұнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ, тұқымдастар, энергетикалық коректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді. Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық тұқымдастарға арпа, жугері, бидай, сулы, қара бидай, тары, сорго жатады. 12 пайыздық алғалдылықта олардың құрамында 9 - 13 пайыз протеин, 1,5-2 пайыз май, 2-3 пайыз клечатка, 65 пайыз крахмал, 2-3 пайыз күл болады. Органикалық заттары 70 - 90 пайызға қорытылады. Қабандарға кажетті рацион қыс айында кабандар рационында 2,5 - 3,5 кг жем болуы керек. Олар негізінен астық тұқымдастардан күнбағыс сығындысы не шроттан, сонымен аздап ылғалды азықтан және 0,3 - 0,5 кг шен ұнтағынан тұрады. Жазда қабандар жеммен қоса көк балаусаны әсіресе жоңышқа, эспарцет, бұршақты емін - еркін жей алуы керек не жайылымға шығарылады.
Мал өнімдерінің қалдықтарына жасалатын азықтар, яғни жануар тектес азықтар протеиннің қайнар көзі болып саналады. Ал В12 витамині олардың рационында міндетті түрде болуы тиіс. Буаз және шағылысқа дайындалған мегежіндер тек көмірсутекті жеммен азықтандырылуы тиіс.
Жер ерекшеліктеріне және шаруашылықтан жем жағдайына байланысты, шағылысқа түсетін және буаз мегежіндер рационының әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ол рационның міндетті түрде нормаларда көрсетілген коректік заттар мөлшерін қамтуы керек.
Екі жастан асқан буаз мегежіндерге тірілей салмағының әр 100 кг - на 1,5 азық өлшемі шамасында бүкіл буаздық кезеңінде, ал өсіп келе жатқан жас мегежіндерге бірінші кезеңде 2,5 және буаздығының екінші кезеңінде 3 азық өлшемі шамасында азық беру керек.

ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1 Шошқаны азықтандыру
Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік (3 ай + 3 апта + 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10 -- 12 торай тауып, олар 7 -- 8 айлығында 110 -- 120 килограмға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4 -- 6 азық өлшемі жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі және ол азық талғамайды.
Шошқа бір қарынды болғандықтан ас қорытуы негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға қараған - да ас корыту жолдарында микробиологиялық түзілу онда өріс алмағандықтан (олар тек соқыр және тоқ ішектерде орын алады) шошқаны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рациондарындағы қиын қорытылатын клетчат - ка мөлшерінің белгілі бір деңгейде (кұрғақ затында 10 -- 12 проценттен) аспауын жіті қадағалайды.
Берілетін азықты алдын-ала өңдеуден өткізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып, пісіреді. Ірі азықты булап немесе ұнтақтап, ашытқылағаны жөн. Көк азықтың өзін турап, араластырып берген дурыс.
Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқаларды жемді, жемді -- картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рациондар құрамында қыста 75 -- 80, жазда 85 -- 90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20 -- 30 проценті тамыр түйнек жемістілер, көк азық, құрама сүрлем, шөп ұны, құрғақ қызылша секілді азықтар болғандықтан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.
Шошқа денесіндегі май негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан түзілгенімен, олардың рациондарын энергияға қанықтырып, ауыспайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етіп, ас қорыту барысына қолайлы жағдай туғызу үшін рациондарында шикі май мөлшері де жеткілікті болуға тиіс. Ауыспайтын май қышқылдары (линол, линолен, арахиден) линолен кышкыльнан түзілуі мүмкін. Оның мөлшері торайлар рационының кұрғақ за - тында 1,6 процент, сака шошқалардікінде -- 1,3 процент болуға тиіс. Сондай-ақ рационда (А, Д, Е, К) және суда (В тобынын) еритін витаминдер жеткілікті болуға тиіс.
ІІ.2 Мегежіндерді азықтандыру
Мегежіндерді жасына (сақайған болып 2 жас саналады ),тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі)қарай азықтандыру белгіленген.
Екі жасқа жетпеген , әлі өсуін тоқтатпаған мегежіндерді буаздық кезеңінде тірілей салмағына қарамай 180-200 киллограмдық мегежіндер нормасымен азықтандырады. Буаздықтың алдындағы 3-14 тәулікте мегежіндерді ұрықтандыруға жақсы дайындау үшін нормасын 0,6 азық өлшеміне ұлғайтып береді. Роцион құрғақ затының әрбір киллограмда 1,5 азық өлшемі, 105г қорытылатын перотин, 6,0 лизин 140г шикі клетшатка , 5,8 г ас тұзы, 8,7г кальций, 7,2г фосфор, 11,6 мг каратин, В1 7мг ,В2 23мг, В3 1,16мг,В4 29мг,В12 витаминдері болуға тиіс.
Торайларын емізетін кезде екі жасқа толмаған жас мегежіндердің дұрыс өсіп - жетіліп, төлін сүтке жарытуы үшін сақа мегежіндер нормасына 0,6 -0,8 азық өлшемі қосылып, рацион құрғақ затының әр бір грамында шикі 145 г қорытылатын протейн, 8г лизин ,4,8 г метионин мен цистин, 70г аспайтын клетчатка, 9,3 кальций, 7,6 г фосфор, 11,6 мг темір болуы керек. Өндіріс технологиясы бойынша торайлары 60 тәуліктен ерте айырылатын болса, келтірген нормалық көрсеткіштер 0,2-0,3 және 0,4-0,5 азық өлшеміне кемітіледі. Әр торай басына шығындалатын азық өлшемі 0,38-ден 0,35 пен 0,33-ке дейін азайтылады.
Жақсы күйлеп дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда азықтандыру деңгейін 25-30 процентке ұлғайтып, сақа мегежіндердің әр 100 кг тірілей салмағына 1,5-1,8 кг, екі жасқа дейінгілеріне 1,8-2,4 кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Жануар тектес азықтар жеткілікті болса рацион қоректілігінің 3-5 процентіндей (көк сүт, сары су, ет, сүйек немесе балық ұнын, т.б.) енгізеді.
Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылған рационмен азықтандырады. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосу керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организміндегі энергиятикалық алмасу 25-45 процентке жоғарылып, туылатын торайлар денесіндегіден 1,5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет.
Торайларын емізетін кезеңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі. Үшінші аптада тәуліктік сүттілік 5-7 килограмға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді (екі айда 200-300 кг жоғары майлылықтағы 9,6 процент- сүт өндіреді) сапалы қорытылатын протеинмен (1 азық өлшемінде 111-112г) минералды және витаминді азықпен қамтамасыз ету керек.
Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3,0-3,5 кг дән ұнтақтары ( бұршақ, күнбағыс шроты, кебек т.б.) 1 к көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60 г прецититат, 30 г ас тұзы, 60 г премикс қосындысын берсе, жазда шөп ұны мен тамыртүйнек жемістілерді 6-7 кг көк азықпен ауыстырады. Туатын уақыты жақындағанда олардың азықтандыру деңгейін 50 процентке азайтып, туатын күні жылы суға араластырған 0,5-0,6 кг жеңіл қорытылатын жемдер (сұлы, арпа, кебек т.б.) ұнтағын ішкізіп, толық нормамен азықтандыруға біртіндеп 56 күнде көшеді. Торайларын емізуді тоқтатқанда 2-3 күн бойы сүттілігін азайту үшін азық беруді шектейді.
ІІ.3 Шошқаның рационындағы азық куатын және оның қоректілігін нормалау
Дәндік азықтар құнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ; тұкымдастар, энергетикалық, қоректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді.
Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық тұқымдастарға арпа, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, тары, сорго жатады, 12 пайыздық ылғалдылықта олардың құрамында 9-13 пайыз протеин 1,5-2,0 пайыз май (сұлынікінде 5%, жүгерінікінде 6-8%) 2-3 пайыз клетчатка (сұлынікінде 9),65 пайыз крахмал, 2-3 пайыз күл (оның 15 пайызы фосфордан, 3 пайызы кальцийден тұрады) болады. Органикалық, заттары 70-90 пайызға қорытылады.
Арпа дәнінде -- 11,0 пайыз шикі протейн, 1,6 пайыз май, 3,8 пайыз клетчатка бар.
Суда және тұз ертіндісінде 45-50 пайыз еритін протеиннің аминқышқылдық құрамы жақсы, 1 кг 5,5 лизин, 1,7 г триптофан, 2 г метианин, 1,9 г гистин болады. Е мен Б витаминдеріне ба. Осындай жеңіл қорытылатын диеталық азық болғандықтан арпа дәнімен малға берілетін жемнің 30-40 пайызын құрастыруға болады. Оны бордақылаудағы шошқа және мегежін, төл азықтандыруға кеңінен қолданады.
Арпаның екіден үш бөлігін азотсыз экстрактивті заттар құрайды. Арпаның қоректік заттарынның; қорытылу сапасы шошқада өте жоғары, энергетикалық құндылығы жағынан сұлыдан 20 пайыз жоғары тұрады. Оның азықтық қасиетін бағалағанда ең алдымен малға берер алдындағы өңдеу процесі жоғары орын алады. Шошқаның майы мен етіне өз әсерін қатты тигзеді, яғни ет алу үшін арпамен бордақылау дүниежүзлік эталонға жатады.
Арпа - шошканың барлық түрлерінің рационының негізі болып табылады. Белокты витаминді - минералды қоспалармен бірге пайдаланғанда өте жоғары өнім алуға болады. Арпаның протеині өте құнды, барлық аминқышқылдар бар деп есептелінеді. Етті бағыттағы бордақылау негізінде де арпаның мөлшері 70 пайызға дейін жетеді.
Арпаны берер алдында майдалап електен өткізеді. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қыпшқылдарының мөлшеріне байланысты болады.
Кәдімгі шаруашылыктағы мал азығы құрамында көбіне лизин, метионин, кейбір жағдайда амин қышқылдары жетіспейді. Жас шошқалар үшін қажетті амин қышқылдары: лизин - 4,2- 5 %, метионин - 2,8-3,2.
Дәндік азықтар кұнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ тұқымдастар, энергетикалық, қоректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Дәндік азықтар құнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады.
ІІ.4 Шошқа рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Шошқаны бордақылау -шошқа етін өндірудің қортынды нәтижесі. Шошқаны бордақылаудың негізгі мақсаты - жұмыс күші мен құнарлық құралдары мейлінше аз пайдалана отырып қысқа мерзімді сапалы ет пен май өндіру. Бордақылаудың оң нәтиже беруі бірнеше негізгі факторларға байланысты. 1. Жасына, 2.шошқаның тегіне, 3. жем азықтың мөлшері мен сапасына, 4. бордақылауды ұйымдастыру мен мазмұнына, 5. жас төлдің бордакылауға әзірлігіне байланысты.
Жыл сайын құрамында 24, 54 және 108 мың бас болатын кешен үшін мал басын толықтыратын жас төлдерді өндіру, дайындау туралы мәселені дұрыс зоотехникалық тұрғыдан шешу үшін кешеннің құрамында асылтұқымдық ферма болуы қажет. Ол негізгі құрылыстан 1,5-2 жыл бұрын салына бастауы тиіс, сонда алғашқы кешендерге өкелінетін жас төлдерге деген мұқтаждық кемиді.
Мал дәрігерлік тұрғыдан алғанда да, кешендік асылтұқымдық ферма болғаны жөн. Тек асылтұқымдық ферма арқылы ғана басқа шошқалар басын әкелуді шектеуге болады, ал мұның өзі өсіріліп - өндірілетін табынды инфекциялық, аурудың таралуынан сақтайды. Ол бұл тұрғыдан алғанда, мал дәрігеріне - санитарлык тосқауыл болып табылады. Асылтұқымық, ферманың негізгі атқаратын қызметі - белгілі қолтұқымды немесе линиялық, текті, мал басын толықтыратын жас төлдермен қамтамасыз ету, мұнда жас төлдер қысқы серуенге шығарылып, жазда лагерлік күтімде өсірілуі тиіс.
Кешендегі табынының өндірстік құрылымы аналықтардың екі тобынан -асылтұқымдық және пайдаланылатын топтан құралады, айналымы аяқталған өндірісі бар шаруашылықтарда - үшінші бордақылау тобы болады.
Мегежіндердің асылтұкымдық тобы асылтұқымдық фермада, ал
пайдаланылатын тобы-кешенді орналастырылады.
Асылтұқымдык ферманы негізгі кешен. Егер бордақыға қойылған тірі салмағы 36 - 38 кг жағдайында бордақылаудың орташа тәуліктік салмақ қосуы 600 грамға жуық болса, онда төрт айда жалпы қосымша салмағы 72кг - ға тең болады, яғни шошқа 8 айлығында 108-110 кг жетеді. Бордақылау кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа шаруашылығы бойынша бизнесжоспар
Ақмола аймағы бойынша шошқа малына арналған қора жобалап салу
Шошқа еті
Шошқаның гигиенасы
Жабайы шошқалар
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Торайды бордақылау кезеңі азық нормасы мен рационын келтіру
Отандық шошқа тұқымдары
Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері
Пәндер