Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту



1. Кіріспе.
1.1 Зертханалық жануарлардың түрлері.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Зертханалық жануарларды күтіп.бағу, көбейту.
2.2 Омыртқалы зертханалық жануарлар
2.3 Омыртқасыз зертханалық жануарлар
2.4.Балапандарды бағып . күту әдістері.
2.5.Балапандарды еденінде бағып . күту гигенасы.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өнді-рістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.
Зертханалық жануарларды - олардың ауруларын балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін, керекті мөлшерін, т.с.с. әртүрлі зерттеулер үшін қолданады.
Зертханалық жануарлар негізінен екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыз-дар.
Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жата-ды. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар).
Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор.
Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданы-лады.
1) Буров А.Д. Лабораторные животные. М.,изд. «Сельхоз. литературы, журна¬лов и пла-катов», 1963г., с. 385-414.
2) Кырыкбайулы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жумагелдиев А. А. Лабораторное дело. Алматы, 2005,2009гг.
3) Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов «Ветеринариялық гигиена».
4) Ж.Б. Мырзабеков «Жалпы зоогигиена».

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту.

Орындаған: Айбекетова Назира

Тексерген: Базарбаев Рыскелді

АЛМАТЫ 20 15

Жоспары:

1. Кіріспе.
1.1 Зертханалық жануарлардың түрлері.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту.
2.2 Омыртқалы зертханалық жануарлар
2.3 Омыртқасыз зертханалық жануарлар
2.4.Балапандарды бағып - күту әдістері.
2.5.Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту.

Зертханалық жануарлардың түрлері
Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өнді-рістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.
Зертханалық жануарларды - олардың ауруларын балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін, керекті мөлшерін, т.с.с. әртүрлі зерттеулер үшін қолданады.
Зертханалық жануарлар негізінен екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыз-дар.
Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жата-ды. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар).
Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор.
Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданы-лады.
Барлық омыртқасыз зертханалық жануарлар аурудың дамуын, өту кезеңін және емдік шараларын зерттеу үшін қолданылады. Зертхана жағдайында омыртқасыз жануарлар ар-найы колбаларда, пробиркаларда ұсталады.
Омыртқалы зертханалық жануарлар. Биологиялық зерттеулер үшін омыртқалы зертханалық жануарлардың 250- ден астам түрі қолданылады. Олардың кейбір түрлері ғылыми зерттеулер үшін зертханаларда немесе тұқымбақтарында - питомниктерде үнемі өсіріледі, мыс.: ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқашықтары, қояндар, иттер, маймылдар және т.б. Ал кейбір зертханалық жануарларды эксперимент үшін аулап тұрады, мыс.: суырлар, дала тышқандары, балықтар және т.б. Сондай- ақ зертханалық мақсатта құстарда қолданылады, мыс.: тауықтар, көгершіндер, бөденелер, т.с.с.
Кей жағдайда биологиялық эксперименттер үшін ауылшаруашылық малдары қолда-нылады, мыс.: қой, шошқа, сиыр, жылқы, түйе, есек, қашар, қодас және т.б.
Кез келген дәрі - дәрмек, түрлі химиялық қосылыстар қолданысқа түспес бұрын әр түрлі зерттеулерден өтеді. Яғни олардың адам немесе мал организміне әсерін білу үшін, ең алдымен зертханалық жануарларда фармакологиялық, токсикологиялық, радиологиялық, онкологиялық және т.б. зерттеулер жүргізіледі.
Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, өсіріп-көбейту
Зертханалық жануарлар хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулер үшін өсіріледі. Хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни тәжірибе барысындағы жануарлар ұсталынады.
Тұқымбақ (тәлімбақ) - Питомник - тәжірибеге пайдаланғанға дейінгі жануарлар өсірі-летін жер. Зертханалық жануарларға арналған хайуанатханаларда (виварийлерде), тұқым-бақтарда -питомниктерде қолайлы микроклимат жасалуы қажет. Микроклимат дегеніміз - шектелген кеңістіктегі климат, яғни сол қора жайдың температурасы, ылғалдылығы, жарық-тылығы, зиянды газдардың шекті мөлшері, ауа қозғалысы зертханалық жануарлардың физиологиялық тіршілігіне кері әсерін тигізбеуі керек.
Қояндар (лат. Leporidae) - сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 - 4,5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 - 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
Қояндар торда 2-3-тен, ұрғашы, еркегі бөлек орналастырылады. Қояндардың жыныстық жетілуі 6 айда болады. Буаздығының ұзақтығы 28-32 күнге созылады. Туылған көжектер саны 1-12-ге дейін болуы мүмкін. Көжектер енесін 20 күнге дейін еміп, жұмсақ азықтарды біртіндеп қабылдай бастайды. Көжектерді енесінен 1-1,5 айында біртіндеп айырып, тор-ларға қоңдылығына, жынысына байланысты 2-3 тен топтайды.
Теңіз шошқалары (Cavia) - шошқа тәрізді тұқымдасына жататын кеміруші сүтқоректілер. Дене ұзындығы 35 см-ге дейін; құйрығы сыртынан байқалмайды, артқы аяқтары үш саусақты. Оңтүстік Американың ашық далалық аймақтарында таралған. Жеке дара, кейде топ құрып өмір сүреді. Ін қазады немесе басқа жануар індерін иеленеді. Белсенділігі түнде байқалады. Жыныстық жетілуі 55- 70 күн. Буаздылығы 60-70 күнге созылады. 1-4 ұрпақ береді. Жыл бойы көбейеді. 8 жыл өмір сүреді. Зертханалық жануар. Көптенген жаңа түрлері шығарылған терісінін бояумен, құрылымы әртүрлі.
Теңіз шошқалары торда 4-5-тен орналастырылады. Теңіз шошқашықтарын шағы-лыстыруға 9 айдан кейін ғана жібереді және ұрғашысының салмағы 540г, ал еркегінің салмағы 630г кем болмауы қажет. Теңіз шошқаларын шағылыстыру үшін бос торға ең алды-мен еркегі, содан соң 4 ұрғашысы орналастырылады. Буаз теңіз шошқаларын жеке торларға ауыстырады, олардың буаздығы 2 айға, ал лактация кезеңі 1 айға созылады. 1 аналық теңіз шошқашығы 2-3-тен балалайды. 1 айдан кейін жас теңіз шошқаларын 5-6 бастан торларға орналастырады.
Ақ тышқандар торда 1 еркек 5-6 ұрғашыдан орналастырылады. Осы жерде тыш-қандардың шағылысуы, көбеюі және өсуі өтеді. Жыныстық жетілген тышқандардың салмағы ұрғашысінікі - 18-19г, еркегінікі- 19-22г болады. Тышқандардың буаздығы 18-25 күнге созылады, туылған кезде тышқандардың салмағы 1,5г болады. Тышқандарды 25-30 күндік жасында енесінен айырып, торларға 20-25 бастан орналастырылады. Бұл кезде жас тышқандардың салмағы 8-10г -ға жетеді.
Ақ егеуқұйрықтар үлкен торларда 2-3 еркек және 10-12 ұрғашыдан орналастыры-лады. Жыныстық жетілген егеуқұйрықтың салмағы ұрғашысынікі 155-170г, еркектерінікі - 190-230г болды. Буаздығы 16-22 күнге созылады. Жаңа туылған егеуқұйрықтың салмағы 5г -ға жетеді. 1 айға толғанда енесінен айырып, торларға 15-20 бастан орналастырылады, бұл кезде олардың салмағы 45-48г болды Зертханалық жануарларға түрлі систематикалық тобы бар жануарлар жатқызылады: қарапайымдар, құрттар, тікенділер, амфибиялар, құстар, құрлық жан-жануарлары.
Нағыз бақалар (Ranidae) -- қосмекенділер класы құйрықсыздар отрядына жататын тұқымдастар тобы. Бақаның қазба қалдығы эоцен дәуірінен белгілі. Қазіргі кезде оның 46 туысының 555 түрі Солтүстік, Орталық Америкада, сондай-ақ, Еуропада, Азияда, Африкада кеңінен таралған. Қазақстанда Бақа тұқымдасының 5 түрі (көлбақа, сүйіртұмсық, сібір бақасы, шөпбақа, қызылаяқбақа) тіршілік етеді. Олардың денесінің ұзындығы 3 -- 32 см, салмағы бірнеше г-нан 3,5 кг-ға жетеді. Денесі жалпақтау, артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын келеді, секіріп қозғалады. Тістері үстіңгі жақ сүйегінде ғана болады. Артқы аяғының башпайлары арасында жүзу жарғағы бар. Терісі жылтыр, шырышты, өкпесі нашар жетілген, терісі арқылы тыныс алады. Тілінің ұшы екі айыр, жемін тілімен ұстайды, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аналығы 500-ден 11 мыңға дейін уылдырық шашады, құрлықта да, суда да ұрықтанады. Бақаның дернәсілін итшабақ, кейде шөмішбалық деп атайды. Бақа еті кейбір елдерде (Франция, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады. Бақа, сондай-ақ, ғылыми-зерттеуге, тәжірибе жұмыстарында кеңінен қолданылады.

Омыртқалы зертханалық жануарлар
Ғылыми мақсатта жануарларды қолдану б.э.д. 5 ғасырдан бастау алады. Алғашқы уа-қытта бұл сирек және кездейсоқ болып, адам маңайындағы үй жануарлары қолданылды. Кейін түрлі жан-жануарлардың организмдерінің құрылыстарын және қызметтерін зерттей бастады. Зертханалық жануарлар ұғымы тек 19ғ. аяғында енгізілді. Осы кезеңдерде биология ғылымы тәжірибе саласына көшті (түсті). Үй жануарларының биологиясынан жабайы жануарларға ауысты. Олар атжалман, тышқан, кейін қоян, теңіз шошқашықтарын қолдана бастады.
Атжалмандар мен тышқандарды бейімділіктерінің әсерінен оларды көптеп қолда-нуға таңдау жасалды. Салыстырмалы түрде олар үй жағдайларында көбейіп, биология бағытында қасиеттері де өзгеріске түсті.
Зертханалық жануарлардың теңіз шошқашығына айналуы өзгеше болды. Өзінің отаны Оңтүстік Америкада, олар нағыз үй жануарлары есебінде болғандай. Ол тышқан мен атжалманға қарағанда үлкен мөлшерлі, дені сау және өнімді болды.
Биологиялық зерттеулерде жануарлардың 250 астам түрлері қолданылады. Бір түрге жататын жануарларды зертхана мен тұқымбақтарда - питомниктерде ғылыми зерттеу үшін өсіреді. Басқалары тәжірибеде қолданылды. Зертханалық құстардыңда тобы бар. Биология-лық сынақтардың көбін ауыл шаруашылығы жануарларына жүргізеді.
Пайдалану мақсатына қарай зертханалық жануарларды бірнеше бағытта қолданады.
Алғашқы топқа балау сұрақтары кіреді. Осыған ауруды балау үшін жануарларды қолдану жатады.
Екінші топқа зерттеу нысандарын зертханалық жануарларды ғылыми-зерттеу жұмыс-тарында қолдану. Бұл топқа түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары, түрлі теориялық зерттеу-лерден жаңа дәрілік заттың фармакологиялық, емдік қасиеттері мен улылығына дейінгілер жатады.
Кейбір авторлар-ғалымдар онкологиялық зерттеуге арналған жеке топтарды (үшінші) ажыратады. Қазіргі уақытта кең көлемде тышқандар, атжалмандар қолданылады.
Алға қойылған тапсырыс мақсатына қарай (төртінші топ) түрлі жануарлар қолда-нылады, бірақ олардың саны көп емес. Кез-келген оқу бөлімінде түрлі көрсеткіштермен тәжірибелер жүргізуге мүмкіншілігі жоқ.
Өте көптеген дәрілер мен дәрілік препараттарды клиникалық қолданылуына рұқсат алу үшін жануарлар арқылы сынақ жұмыстары жүргізіледі. Осы іс-әрекеттерге байланысты бесінші топқа - биосынамалық зерттеулерде зертханалық жануарларды қолдану, иммунды сарысуда антиденені титрлеу, ертінділерде биологиялық белсенді заттарды анықтау, вакци-налардың белсенділігін анықтау кіреді. Көптеген мұндай биосынамалар стандартталған, оларды қолдану фармакология мен фармацептика ережелері мен талаптарына сәйкес жүр-гізіледі.
Омыртқасыз зертханалық жануарлар - қарапайымдылар, құрттар, әртүрлі гельминттер, кенелер, т.б. қолданылады. Зертханалық жануарларды қолданудың мақсаттары мен әдістері түрліше болады.
Сұйық азотта кейбір қарапайымдыларды мұздату мен ұзақ сақтау әдістері ойластырып табылған-шығарылған (трипанасом, лейшманий, токсоплазм). Бұл әдіс қарапайымдыларда криобанка штаммдарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, оларды зертханалық жануар ре-тінде қолдануға ыңғайлы болады.
Зертханалық жануарлардағы қарапайымдылардан - саркодолар қолданылса, ал олар-дың ішінде - паразитті амебалар Entamoeta hisiolytica (адамдағы қоздырғыш), E. Invadens, сонымен қатар, еркін қозғалатын амеба қолданылады. Ірі амебаларды цитогенетикалық және т.б. зерттеулерге пайдаланады, әсіресе тұқымдық өзгешелігі барлары қолданылады.
Зертханалық жануарларға түрлі инфузориялар да жатқызылады. Еркін қозғалатын және паразитті кірпікшелілер, Baiantidium coli - қосқанда, балантидиоз қоздырғышы био-химиялық, физиологиялық, цитологиялық, экологиялық зерттеулерде өтпелі радиация мен физикалық және химиялық факторлар мен жалпы биологиялық және медициналық негізде қолданылады.
Инфузориялар цитогенетикалық зерттеулерде классикалық нысан-объект ретінде, гене-тикалық талдауды кейбір тұқым қуалаушылық пен өзгешелік ерекшеліктері зерттеуге арна-лады.
Зертханалық инсектарийлерде қан сорғыш бунақ аяқтыларды арнайы құрылған колба-лар, пробиркаларда ұстайды. Аргас және иксод кенелерін спирохет, риккетсиоздар, арбовирусты инфекциялардың қоздырғышын ұзақ сақтау үшін қолданады.
Генетикалық - зертханалық жануарларды сызықты емес (гетерозиготалы) және сызықты (гомозиготалы) деп бөледі. Сызықты емес жануарларды кездейсоқ шағылыстыру арқылы көбейтеді, осыдан олардың гетерозиготалы деңгейі жоғарылайды.
Инбридинг - ауыл шаруашылық малдарының өте жақсы тұқымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Табынға арналған жануарлар дені сау - таза, дене бітімі, құрылымы дұрыс болу керек.
Қояндар. Топталған қояндарды 2-3 бастан бір торда, аталығы мен аналығын бөлек ұстайды. Еркегі мен ұрғашыларның қатынасы 1:8 - 1:10 тең болуы керек. Қоянның алғашқы шағылысуы 6 (алты) айлығында болады.
Теңіз шошқашығы. Шағылысу 9 айдан кем болмауы керек, еркегі - 6 ай, аналықтары-ның салмағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Омыртқасыз зертханалық жануарлар
Зертханалық жануарлар түрлері
Малды сояр алдындағы күтіп-бағудың ет сапасына тигізетін әсері
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Қошқарларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Малды гибридтеу тәсілі
Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау
Пәндер