Нан пісіру



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. «Ақсай» нан комбинаты
2.2. Нан пісіруде қолданылатын шикізаттар
2.3. Нан сипаттамасы
2.4. Нан өндіру технологиясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Нан – негізгі қоректік өнім. Азық-түліктік өнім ретіндегі нанның ерекшелігі – қалдықсыз желінетіні. Өндіру технологиясын дұрыс қолданғанда нанның бүкіл массасы (100%) жеуге жарамды.Нан өнімдерін мынадай негізгі топтарға бөледі: бидай ұнынан дайындалған нан; шығымы әр түрлі қара бидай ұнының наны; қара бидай мен бидай ұндарының қоспасынан дайындалған нан.
Нан пісіру - әртүрлі құрылысты наубайхана камерасында нан дайындаудың соңғы кезеңі. Нанды дөңгелек пішінді және арнаулы қалыпта пісіреді. Пісу процесінде қамыр жеткілікті мықты, тұрақты, пішінді нанға айналады. Нанның түріне байланысты пісіру температурасы 220-2800С болады. Пісіру уақыты нанның салмағы мен ұнның сортына байланысты болады. Ұсақ нандардың пісіру уақыты 8-12 минут, бидай ұнынан жасалған 0,5кг батон 280-2400С-да 15-17 минутта піседі. Массасы 1кг нанды 40-60 минут пісіреді. Қамырдың пісіру барысында, салмағының кемитінін қамырдың кемуі дейді. Бұл қамыр суының және ашу өнімдерінің булануынан болады. Қамырдың кемуі нанның салмағына, түріне және пісіру режиміне байланысты, 6-14% шамасында болады. Нанның кему мөлшері қалыптағы нанға қарағанда дөңгелек пішінді нанда көбірек болады.
1. Щепетков Н.Г. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, өңдеу және стандарттау технологиясы»
2. Хайтмазова Е.Ф. «Практикум по товароведению зерна и продуктов его переработки» Москва ВО «Агропромиздат» 1992г.
3. Присвятский Л.А., Лесик Б.В., Кудрина В.Н. «Хранение и технология с/х продуктов» Москва ВО «Агропромиздат» 1991г.
4. Смагулов А.К. «Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау» Алматы, 2005ж.
5. Филатов В.И. «Агробиологические основы производства, хранения и переработки продукции растениеводства»
6. Ильенкова С.Д. «Управление качеством», Москва 2004г.
7. Семенова Е.И. «Управление качеством», Москва 2004г.
8. Гиссин В.В. «Управление качеством продукции», Ростов на Дону «Феникс» 2002г
9. МЕМСТ 28620-90 Тоқаш наны «Алтын диірмендік» бидай ұнының жоғарғы сортынан
10. МЕМСТ 5667-65 «Нан және нан өнімдері»

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ақсай нан комбинаты
2.2. Нан пісіруде қолданылатын шикізаттар
2.3. Нан сипаттамасы
2.4. Нан өндіру технологиясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нан - негізгі қоректік өнім. Азық-түліктік өнім ретіндегі нанның ерекшелігі - қалдықсыз желінетіні. Өндіру технологиясын дұрыс қолданғанда нанның бүкіл массасы (100%) жеуге жарамды.Нан өнімдерін мынадай негізгі топтарға бөледі: бидай ұнынан дайындалған нан; шығымы әр түрлі қара бидай ұнының наны; қара бидай мен бидай ұндарының қоспасынан дайындалған нан.
Нан пісіру - әртүрлі құрылысты наубайхана камерасында нан дайындаудың соңғы кезеңі. Нанды дөңгелек пішінді және арнаулы қалыпта пісіреді. Пісу процесінде қамыр жеткілікті мықты, тұрақты, пішінді нанға айналады. Нанның түріне байланысты пісіру температурасы 220-2800С болады. Пісіру уақыты нанның салмағы мен ұнның сортына байланысты болады. Ұсақ нандардың пісіру уақыты 8-12 минут, бидай ұнынан жасалған 0,5кг батон 280-2400С-да 15-17 минутта піседі. Массасы 1кг нанды 40-60 минут пісіреді. Қамырдың пісіру барысында, салмағының кемитінін қамырдың кемуі дейді. Бұл қамыр суының және ашу өнімдерінің булануынан болады. Қамырдың кемуі нанның салмағына, түріне және пісіру режиміне байланысты, 6-14% шамасында болады. Нанның кему мөлшері қалыптағы нанға қарағанда дөңгелек пішінді нанда көбірек болады.
Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат - нан-тоқаш, дөңгелек тоқаш, ұннан және тәтті тағам өнімдерінің 90-ға жуық түрлерін шығаратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорын. Нан өнімдерін өндіретің комбинат пісірген сапалы нанды алматылықтар жоғары бағалады, ал бұл комбинатқа нан-тоқаш өнімдерінің көлемін ұлғайтуғв мүмкіншілік береді. Қазіргі өнімдердің әр түрлі түрлерінің ассортиментін кез келген жағдайларда ұсынған өте орынды, яғни отбасында шәй ішуден ресми түскі қонақ асына дейін. тортар мен бәліштерді пісіру үшін тәтті шығарманың дәмдік сапасын жақсартып қайталанбастай ететін табиғи сертификатталған шикізаттар пайдаланылады.

2.1. Ақсай нан комбинаты
Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинатты - тағам өндірісінің қуатты отандық кәсіпорны. Комбинаттық жобасын Казгипромицпром институты орындап, 1987 жылы Алма-Атыпромстрой тресті құрылысын жүзеге асырған. Комбинаттың жобалық қуаттылығы тәулігіне 21 тонна тоқаш және 142 тонна нан өнімдерін шығаруға есептелген.
1988 жылдан бастап қалыпқа салынған бидай наны, қара бидай, бәтір наны, бәліш, ірі және ұсақ дөңгелек тоқаштар мен тәттітаяқшаларды өндіру үшін 12 технологиялық пештер орнатылып нан және тоқаш өнімдерін өндіру игеріле бастады. 1988 жылдың III - ші тоқсанында комбинат өндіріс қуаттылығының 70 пайызға игерді.
1991 жылдың аяғынан бастап комбинатта тәтті тағам өнімдерін өндіру цехы ашылған болатын. Мұнда ұнтақты тәтті тағамдар өнімдері: торттар, бәліштер, печенье, кекстерді пісіретін пештер орнатылған.
Қазіргі уақытта Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат - Алматы нан зауттарының арасында өнімдерді шығару бойынша озат екендігі даусыз.
Комбинат қала дүкендеріне жылына 20 000 тоннаға жуық ұннан пісірілген тағамдарын жеткізеді.
Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат - галерея, оранжереялы жаяу жолдары бар, бірнеше әкімшілік және өндіріс корпустарында орналасқан, қазіргі заман талабына сай өндіріс орны. Қойма және қоймалық жайлардың жүйесі комбинатқа төтенше жағдайларда автономды тәртіпте 10 тәулік жұмыс істеуіне толық мүмкіншілік береді.
Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат - нан-тоқаш, дөңгелек тоқаш, ұннан және тәтті тағам өнімдерінің 90-ға жуық түрлерін шығаратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорын. Нан өнімдерін өндіретің комбинат пісірген сапалы нанды алматылықтар жоғары бағалады, ал бұл комбинатқа нан-тоқаш өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіншілік береді. Қазіргі өнімдердің әр түрлі түрлерінің ассортиментін кез келген жағдайларда ұсынған өте орынды, яғни отбасында шәй ішуден ресми түскі қонақ асына дейін. тортар мен бәліштерді пісіру үшін тәтті шығарманың дәмдік сапасын жақсартып қайталанбастай ететін табиғи сертификатталған шикізаттар пайдаланылады.
Ақсай нан өнімдерін өндіретін комбинат өнімнің негізгі 5 тобын шығарады:
1. Қалыпқа салынған бидай наны - Жәй нан, Здоровье, Бодрость
2. Қара бидай бәтір наны Крестьянский, Бородинский, Олимпийский, Особый, жүзім қосылған қара бидай наны.
3. Тоқаш өнімдері - кептірілген ірі дөңгеоек тоқаштар лимон және ванилин қосылған тоқаштар, ұсақ кептірілген Ақсай және шәй тоқаштары, тәтті таяқшалар.
4. Бәліш өнімдері -- өрме нан, тәтті бәлішер, тәтті тоқаштар, күнжіт қосылған қалам, мүйіз тәріздес нан, Дәмді нан шелпегі, хот - доққа арналған бәліштер арсына көкнәр және жүзім қосып қабатталған нан, Круасаны атты қаттама жұмсақ нан.
5. Тәтті тағам өнімдері - бисквитті-бал қаймақ жағылған торттар: Сказка, Лужок, Трюфель, Подарочный; үлпілдек торттар: Алия, Рахат, Грильяж, Олимп; суфле торттар: Мереке, Меруерт; құралма торттар: Нежность, Чародейка, Мираж; үгілмелі торттар: Әлем, Снежок; үгілмелі сақиналар: Пикантное, Әсел, түрлі түсті жылтыратып какос, суфле және т.б. ұнтақтар жағылған қайнатылып пісірілген бәліштер.
Қазақстандық тұтынушылардың ең бір маңызды тамақ өнімдері корзинасындағы компоненттердін бірі нан болатын және ол солай қала бермек. Сатып алған дәннің саны мен сапасы - бидай мен қара бидайдың бұл тағаммен қала халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
Ақсай ЖШС- нан - бөлішке комбинаты Алматы қаласындағы ең ірі, қазіргі заман талабына сай, мамандандырылған нан, бөлішке, кодитерлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың бірі. Қаралып отырған кәсіпорында осы салада көп жылдан бері тәжірибе жинаған жоғары мамандандырылған кәсіпкерлік мамандар жұмыс істейді. Кәсіпорында барлығы 585 адам, оның ішінде 157 адам негізгі өндірісте жұмыс істейді. Өндірістік зертханада 5 адамістейді, олардың барлығы жоғары және орта арнайы білімі бар, жұмыс стажы -11-25 жыл істеген адамдар.
Ақсай ЖШС алып жатқан жерінің көлемі 3,5326 га.
Ақсай ЖШС төмендегідей ғимараттар мен құрылыстары бар: экімшілік тұрмыстық корпус, өндірістік корпус, инжинерлік корпус, 720 тонналық ұнды ыдыссыз сақтайтын жабдық склады, ыдыстар мен құралдарға арналған шатыр, градирия автотаразы (30 тонна жүк көтеретін). Ақсай ЖШС жобалық күштілігі сөткесіне 152 тонна өнім шығара алады. Ұлттық бағдарламаға сай Ақсай ЖШС 14.03.1997 жылы жекешелендірілген және заң министрлігімен тіркелген жекеменшік түрі -100 пайызға жекеменшік капитал. Комбинаттың бумен, жылумен, сумен қамтамасыз ететін өз кательныйы бар. Комбинатта 12 кешенді механикаладырылған линиялары бар.
Ақсай ЖШС басты тапсырмасы қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдеріме қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек ұжымының мүшелері мен кәсіпорынмеңшігінің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Комбинат шаруашылық есебі мен өзін өзі қаржыландыру принциптерімен жұмыс істейді. Кәсіпорынның шаруашылық әлеметтік жағынан еңбек ақы төлемін еңбек ұжымының өндірген қніммен түскен қаржысының көлеміне сай, көлеміне қарай жүзеге асырылады.
Өнімді таратудан түскен тұсім арқылы кәсіпорын материалдық шығыннан өтейді. Түскен пайданың бір бөлігі мемлект алдындағы бюджет, банк міндеттемелерін орындау үшін жұмсалады. Пайданың екінші бөлігі оның толық билігіне еңбек ақы төлеумен бірге ұжымның таза пайдасын құрайды.Әртүрлі кәсіпорындар арасындағы сыйыстарға қатысып, жоғары сапалы сыйлығымен марапатталады.
Өндірістік емес тармағында кәсіпорын жұмысшыларына қызмет көрсететін медициналық мекемелері, асханалары бар. Өндірістік тармақтары ( цехтар, бөлімдер, қоймалар, зертханалар, шеберханалар т.б болып табылады), бұлардың сонымен құрамы кәсіпорынның өндірістік құрылымын анықтайды. Барлық өндірістік тармақтар (цехтар, бөлімдер), қызмет көрсететін шаруашылық, өндірістік үрдесіне тікелей және жанама қатысын қызметтердің барлығы серіктестіктің өндірістік құрылымы.
Ақсай ЖШС өндірістік бірлігінің негізгі құрылымы, ол өндірістік участок, мұнда технологиялық бітектес жұмыстар немесе бірдей, біртиптік өндірістік участоктар бар, міне осылардан цехтар пайда болады. Негізгі өндірістік участокте шикізатты немесе жартылай фабрикаттарды дайын өнімге айналдырудың өндірістік үрдестері жүзеге асырылады (ұннан-қамырға, қамырдан-пісірілген дайын нанға). Өндірістік үрдістің мазмүны кәсіпорынның және оның үрдістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Сондықтан өндірістік үрдіс кез-келген өнім өндіретін кәсіпорынның негізін құрайды.
Негізгі өндіріске нан цехтан, бараночный цехтан, кондитерлік цехтардан тұрады. Бұл цехтар (нан цехы) төмендегі құралдармен жабдықталады:
* Ш2-ХПА-25 пешімен;
* Ұзақ жаймалағыш Ш-33 ХД;
* Брожендейтін астауХТР;
* Ұнды себелеуші машинка Ш2-ХМВ;
* Қамыр илегіш машина А2ХТ3Б;
* Лопасты қамыр насосы;
* Герпачты дазор;
Ал ашыту цехында:
* · Алты ырғақты насоа НШМ-10 және КНЛ-3;
* · Қуаттылығы жоғары дозатор;
* · Заквовочная машина ХЗМ-300;
* · Шайқап қамыр илейтін машина Н8-ХТН-12;
* · Сұйық ашытқаға арналған астау шығару багі;
* · Сұйық ашытқыны танытатын бачок;
* · Ашытқы эмульсияларын әзірлейтін бачок;
* · Тұз еріту бачогі;
* · Закваска жинайтын ыдыс.
Кондитерлік цехта:
* · Қамыр илегіш машина РВ -60;
* · Езіп араластыратын машина МВ -35-5;
* · Қант пен май ерітуші құрал;
* · Қайнату котелі;
* · Ұн себетін құрал П2П;
* · Вытяжной шкаф;
* · Жылжыту столы;
* · Қамыр илеуші машина МЬТМ-140;
* · Қамыр домалақтайтын машина МБТМ-140;
* · Пеш РЗ ХПГ-2.
* · Орау машинасы ESPERO
Ал қосымша өндіріс негізгі өнім өндіруге тікелей қатыспайды, бірақ негізгі өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Ақсай нан ЖШС-ң қосымша өндірісіне келетін болсақ олар мынандай бөліктерден тұрады:
1. Қойма
- 2- тонналық бункерлер;
- Сорғытушы құрал;
- Авто өлшеуіштер МК-50;
- Себуші құрал Ш2-ХЗ.
2. Котельная:
- Котель ДКВРЧ13;
- Бу котелы 19;
- Ауаны жылытатын вентиляторлар;
- Жиналған газды соратын насос;
- Бақылау өлшеу құралдары;
- Су насостары;
- Компркссорлар 2ВП-8*10.
3. Вентиляциялық және тоңазыту шаруашылығы:
- Тоңазыту агрегаты;
- Салқындату машинасы;
- Салқындату камералары, тоңазытқыштар;
- Конденсаторляқ құрылымдар.
Кәсіпорынның өндіретін өнімдері мен шикізаттары лабараториядан өткізу арқылы бақыланып отырады. Кәсіпорын негізінен нан өнімдерін өндіруге бағытталған. Негізігі өндіретін өнім ретінде адамның ең ағашқы қажеттіліктеріне жататтын нан өнімінің технологиясын қарастырамыз.
Технология ең алғашқы келіп түскен шикізаттарды лабараториялық талдаудан өткізіп, нан өнімдеріне қажетті стандартқа сәйкестігін анықтайды.
Қамыр даярлау. Қамыр даярлауда ең алдымен қою қоспа ұн араластыратын машинкамен белгілі бір қоспалардың қатынасымен әзірленеді, оған ұн себетін машикамен себелей отырып ұн қосылады, қамыр араластыратын машинкамен қамыр даярлайды.Оны біраз уақыт ашыту цехында әр өнімнің түріне, дәміне байланысты ашытады, ол шамамен 2-4 сағат көлемінде болады. Қоспа автоматты бункерге салынып соған сәйкес нан құрамына дәм беретін тұз, қант, ашытқы сияқты ертінділер қосылады. Дайындалған қамыр лапасты насос арқылы қамыр бөлу бөлімшесіне жіберіледі.
Қамыр бөлу. Бұл бөлу операциясы белгілі бір салмақта және формада, пісірілетін өнімнің сортына, ашытылу уақытының ұзақтылығына байланысты қамыр бөлгіш машинаның көмегімен жүзеге асады. Одан кейін қамыр домалақтауыш машинаның көмегімен нан өнімдерін формаларына қарай пеш агрегатындағы люлкілерге салынады.
Пісіру. Нан пісіру уақыты конвеирдің қозғалыс жылдамдығына сәйкес жеткілікті реттеледі, ол 48 минутты құрайды.
Нанды салқындату және сақтау. Пісірілген нан ленталық көлікпен циркуляциялық столға жеткізіледі. Осы столдан нан алғаш латоктарға салынады, ол латоктар салқындату контейнерлеріне орналастырылыпғ жаңа (свежем виде) пісірілген күйде сауда орталықтары арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырылады.
Өндірістік циклдың ұзақтығы. Өндірісті ұйымдастыру үнемдеуде өндірістік циклдың ұзақтығы - кәсіпорындағы өндіріс мәдениетімен ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын қажетті көрсеткіш болып табылады.
Нан пісіретін кәсіпорындарда өндірістік цикл болып негізі, қосымша шикізатты дайындаудан бастап, оны дайын өнімді (нан, нан өнімдірі т.б.), сақтау орнына өткізгенге дейінгі уақыт аралығын айтады.
Ақсай ЖШС-нің ұйымдастырушылық басқару жағынан қарастыратын болсақ басқару аппараты жүзеге асырылады. Басқару аппараты директор, бас экономист, қаржы директоры, бас инжинерлерден тұрады.
Кәсіпорында жалпы басқаруды директор өз қарауындағы басқа қызметкерлер арқылы жүзеге асырады. Ол өзінің әр бір бөлімдегі қызметкерлерімен келісе отырып жұмыс атқарады. Ол ең алдымен пайданың көп мөлшерде түсіп, кәсіпорынның прогрессивті түрде дамуына мүдделі..
Директордың бас орынбасары бас инженер болып табылады ол техниканың дұрыс саясат жүргізуге жауап береді. Ол жөндеу және энергетикалық қызмет көрсетуді басқарады және шикізат пен дайын өнім сапасын бақылап отырады. Бас экономист кәсіпорынның алдағы кезең шығындарын, шикіізатты жұмсау, еңбек ақы көлемін анықтайды.
Жоспарлау бөліміндегі экономистер кәсіпорынның перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасайды өнім өндіруде жоспарлық көрсеткіштерді анықтайды, барлық көрсеткіштер бойынша жұмыстың толық атқарылуын бақылайды. Жоспарлы эеономикалық бөлім өндіріс, еңбек өнімділігі өзіндік құн көрсеткіштеріне оперативті есеп жүргізеді, кәсіпорын бойынша статистикалық есеп жасайды.
Бас бухгалтер күнделікті кәсіпорында болып жатқан кіріс-шығысты баланс ретінде есепкеалып отырады. Ол қаржы директорына бағынады: Бухгалтерлер қаржылық, есеп жөнінде барлық жұмысты жүргізеді
Материалды-техникалық қамтамсыз ету бөлімі кәсіпорында шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етеді. Ол бөлімнің басты міндеті материалдың ресурстардың айналымын тездету. Дайын өнімді нарыққа шығару мен өткізу қызметін маркетинг бөлімі айналысады. Жалпы Ақсай ЖШС-нің ұйымдастырушылық басқару құрылымы функционалды-сызықтық формаға негізделген.
Дайын өнімді нарықта өткізу қызметін өнімді өткізу (отдел сбыта) бөлімі, маркетинг бөлімдері айналысады. Олар тікелей сауда орталықтарымен, көлік ұйымдарымен байланыса отырып кәсіпорында өндірілген өнімді нарықта сатуға барлық мүмкіндікті жасап тауардың қоймада қалып қалмауын қамтамасыз етеді. Көптеген нан зауыттары сияқты Ақсай ЖШС-де өнімді сатуда тапсырыстар алу арқылы сатылады, оны күнделікті (стол заказов) тапсырыстар столы қабылдайды. оны диспетчер қадағалап отырады және ол келіп түскен тапсырыстарға қарай тасымалдау маршруттарының графигін жасайды. Дайын өнімді қоймадан қойма қызметкерлері жіберіп отырады. Өнімді көлік жүргізуші мен оның көмекшісі тапсырыс берген сауда орталықтарына накладной арқылы жеткізіп, тауарға тиісті түсімді алыа келіп кассаға өткізеді. Диспетчер көлік жүргізушіге төлем тпсырмасын (платежное поручение) және келіп түскен ақшаға келу ордерін (приходный ордер) жазып отырады. сатып алушылармен жыл сайын келісім - шартты (договор) өнімді өткізу бөлімі жасап отырады.
Маркетинг бөлімі дайын өнімді өткізуді жақсартуда көніл аударатын нарықтағы өнім өндірушілер мен тұтынушыладың арасын байланыстыратын, өнімнің тез өтуін қамтамасыз ететін шаралар ретінде жарнамалар жүргізіп отырады.
Кәсіпорында нан және кондитерлік өнімдердің наменклатуралары мен ассортименттері жетерлік, дегенмен өнім ассортиментінің көптігі нарықта нан және кондитерлік өнімдердің жылдамдырақ өтуіне ықпалын тигізеді.
Барлық өнім өндіруші кәсіпорындар сияқты Ақсай ЖШС-нің нарықтағы алатын орны ерекше, өнімдердің өзіне тән тауарлық белгісі, орамы, маркасы бар, қазіргі сұранысқа ие тамақ өнеркәсібі саласының сапалы өнімдері ретінде нарыққа өз өнімдерін шығарып отыр.
Жалпы Ақсай ЖШС өнімдерін негізгі тұтынушылар болып Қазақстанның елді-мекендері табылады. Бөлшек және көтерме бағамен өнімді өткізу үшін сату көлемі тұрақты түрде жоғары болуы үшін Ақсай ЖШС мынадай шаралар жүргізіп отырады:
* Нарықтағы тауар үлесін көбейту;
* Сауда өкілдерінің штаттарын және өнімдерді тасымалдайтың көліктер санын көбейтіп,жарнамалардың жаңа түрлерін жасау;
* Тауарды сату аймақтарын кеңейту;
* Техникалық жабдықталған өнімді сатудың жаңаша әдістерін ұйымдастыру.
Нарықта тауар өткізудің маркетингтік стратегиясы ретінде АқсайЖШС нарықта тауарды сатуда мынадай шаралар қолдануда:
* Өнімнің сапасын одан ары жақсарту:
* нарықтағы өнім көлемін ұлғайту ассортиментін көлемін кеңейту;
* Жарнамалардың жаңа түрлерін ойлап табу;
* Сату аймақтарын кеңейту;
* Сату аймақтарында тауарлар акцияларын ұйымдастыру;
* Техника мен технологияның жаңа түрлерін еңгізу.
Кез келген кәсіпорындағыдай Ақсай ЖШС-нің еңбек ақы жүйесі өндірістік және коммерциялық қызметті дамытуға қажетті мынадай принциптерге негізделген:
* нәтижелі өнім өндіру;
* жеке және топтық мүддемен есептеу;
* жұмыстың сапасымен күрделігіне сәйкес төлем;
* қызметкерлердің еңбек ақысы - қызметтік құпия;
* еңбек тікелей басшының араласуымен бағаланады;
* қызметкерлерінің еңбеке қатысуына қарай коэффициент бойынша ай сайын сыйақы беру;
* істеген жылдарына қарай қосымаша ақы төлеу;
материалдық немесе моральдік шығынды айыппул ретінде өтеу.
2.2. Нан пісіруде қолданылатын шикізаттар
Нан - біздің Отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады. Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе - ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері.Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады.Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жеткізушісі.
Нан пісіру үшін мынадай түрлері мен сорттары қолданылады: бидайдың майда ақ ұны, жоғары, І, ІІ және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пісіру температурасы
ПҚД комбинирленген қыздырумен пісіру әдістері
Нанды пісіру кезінде жүретін өзгерістердің теориялық негіздері
Нан пісіру пешінің жетілдірілуі
Нан-тоқаш өнімдерін дайындаудың жылдамдатылған технологиясы
Инфрақызыл сәулелену генераторлары бар пештерде пісіру
Нан өнімдерін пісіру режимдері
Нан өндірісінің даму тарихы
Қамыр дайындау әдісі
Өсімдік майының тәжірибелік - өндірістік цех
Пәндер