Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану. Қазіргі кездегі тәрбиеде қолданылатын инновациялық әдістерді схема бойынша анықтап көрсет, мазмұнын түсіндір, мәнін анықта.
Тобы :П-309
Орындаған: Тузелбаева О. Т
Тексерген: Педагогика кафедрасының доценті
п. ғ. д. Тұрғанбаева Б. Ш.
Семей 2015 ж
Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Жүсіпбек Аймауытов : «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен.
Инновация - жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттілігі.
Инновациялық әдістерді пайдаланып оқыту әдістемесі
• мұғалімнің материалды басқарудағы іс-әрекеті;
• оқу үрдісінің диагностикасы.
2. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері
Қазакстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жуйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен тууы. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізліп жатыр. Олар мыналар:
Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Палтышевтің физикадан есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудын белсенді әдісі, т. т.
Ал соңғы жылдары оқытудың, модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж. Қарайевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалдау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде колданылып жүр.
Педагогика ғылымында баланы окыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып калады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі кажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен кұралдарының) өзара байланысы қалпында езгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі.
Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы - мұғалім»
ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2 Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың
фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және тузету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытудың ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л. С. Выготскийдің «оқыту үрдісінде окушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан жақын арадағы даму» аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды кайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В. Л. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі:
бірінші деңгей - «міндетті, окушылық», екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалық, төртінші - шығармашылық.
3. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны игеру жолдары
Білім беру жүйесіндегі жаңа реттік модельдің бұрынғыдан өзікдік айырмашылығы бар. Өйткені оның арнайы өрнегі 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынып білім берудің стандарт классификациясына дәлме-дәл сәйкес келеді. Ендеше, білім берудің ұлттық моделін жүзеге асыру үшін оның мазмұндық бөлігін өзгерту жеткіліксіз. Сондықтан жаңа мемлекеттік стандартқа өтіп қана қоймай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік жолдарын қайта қарастыру аса қажет. Осы мақсатта жоғары оқу орны жанынан «ізденіс» педагогикалық инновациялық тхнологиялар мен озық іс-тәжірибелер эксперименттік лабораториясының жұмыс жасағаны жөн, «ізденіс» педагогикалық инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжерибелер эксперименттік лабораториясының негізгі мақсаты:
• Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлаудың сапалық деңгейін көтеру.
• Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру үрдісін үйлестіру.
•Педагогика теориясы мен практикасы бойынша инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелерді зерттеу, үйрену, насихаттау және тарату.
•Университет - мектеп - мұғалімдер білімдерін жетілдіру институттары арасындағы жаңа үштік байланысты жандандыру:
«Ізденіс» педагогикалық инновациялық технология мен озық іс-тәжірибелер экспериментгік лабораториясы төмендегідей Ш бағытта жұмыс істеуді көздейді:
I бағыт. Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
• Инновациялық педагогикалық; технологияларды оқып үйрену, зерттеу.
• Жаңашыл мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін зерттеу.
•Оқу мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыратып, оқушылардың жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз ететін шығармашылық - зерттеу жұмыстарын жүргізу.
• Педагогикалық конференциялар, оқулар, консидумдар ұйымдастыру.
II багыт. Оқу-әдістемелік жұмыстары, ғылыми-әдістемелік бағыт:
•Болашақ мұғалімдердің шығармашылық, интеллектуалдық потенциалдарын дамыту;
•Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін ескере отырып, саралап оқыту мазмұны, формасын және әдістерін анықтау;
•Оқу-тәрбие үрдісіне иновациялық технологияларды пайдалануды қарастыратын әдістемелік көмекші кұралдарды оқу, пайдалану;
•Инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер оқу, педагогикалы семинарлар, дөңгелек үстел, әдістемелік кеңес ұйымдастыру.
III багыт. Тәжірибе-эксперименттік жұмыстары, ғылыми-практикалық бағыт:
• Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру мақсатында эксперименттік - тәжірибелер жүргізу;
•Жүргізілген эксперименттік - тәжірибелердің қорытындысын шығарып, алынған нәтижелерге талдау жасау.
«Ізденіс» педагогикалық инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер эксперименттік лабораторияның негізгі мақсаты - болашақ мұғалімдердің жас ұрпақты оқьпу мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалана білуге үйрету, шығармашылыққа баулу. «Ізденіс» педагогикалық лабораториясында болашақ мұғалімдерді даярлау 3 кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде болашақ мұғалімдер инновациялық педагогикалық технологиялармен танысса, екінші кезеңде өзіне жақын келген әдіс-тәсілді таңдайды, ал үшінші кезеңде педагогикалық практикаға барғанда тәжірибеден өткізеді. Нәтижесінде болашақ мұғалім университет қабырғасынан инновациялық педагогикалық технологияларды меңгерген маман болып шығады, сонда бүгінгі университет түлектері ертеңгі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарға айналады.
Ең бастысы, университет мектеп практикасына бейім, дайындалған білімді де білікті маман шығаратын болады.
Ал бұның өзі қазіргі кезеңде Қазақстан бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатындағы жасалынып жатқан жаңа жүйенің негізгі мақсатына жетудің бірден-бір жолы болмақшы.
Қорыта айтқанда, «ізденіс» педагогикалық лабораториясының болашақ мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға, қабілеттілігі мен қызығуын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық білімдерін тереңдетуге және болашақта оқу-тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасауға өз үлесін қоспақшы.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырып өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық денгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені окушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен калай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:
• барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
• сыныптын басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын «кабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқьпу, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады, Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «окушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазакстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндеті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу {зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді, Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындалмайынша олар келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.
Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді, Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму денгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орыңдауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар «есеп-зачетка» алынып отырады, «зачеттің» «екіліктен» айырмашылығы: бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» талсырмалары қашан «есепке алынғанша» міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz