Ұзақ мерзімді активтердің есебі туралы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Орындаған: Нұрғалиева Т. Т
Тобы: ВТ-305
Қабылдаған: Сарсенбаева А. А
Семей 2015ж
Мазмұны:
- Материалды емес активтердің есебі.
- Лицензиялар.
- Негізгі құралдардың есебі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Материалды емес активтердің есебі
.
Материалдық емес (сезілмейтін) активтер- нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін қүндылыққа» ие, болғандықтан субъектіге үзақ уақыт немесе үнемі қосымша табыс әкелетін активтер. Соны-мен қатар материалдық емес активтер иеліктен шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Материалдық емес активтерге тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың тіркелген жасалу орындары, «Фирма бағасы» (гудвилл) 1, «Ноу-Хау, патенттер және өнеркәсіптік үлгілер, лицензиялар, интелектуалдық (ақыл-ой) меншіктік ұйымдастыру шығындары, жер учаскелелері мен табын ресурстарды пайдалану құқықтары, өндірістік мәліметті пайдалану қүқықтары, ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету және т. б/
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық емес активтер төмендегідей тәртіпте бағаланады:
Тараптардың келісуі бойынша - құрылғалы жатқан кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған салымдары екі жақтың келісімі бойынша. Мұндай салымдар тәуелсіз аудитор арқылы расталуға тиісті:
объектілерді сатып алуға және оларды дайын қалпына келтіруге кеткен нақты шығындарды есептей отыра, басқа кәсіпорындардан, мекемелерден, азаматтардан ақысын төлеп алынған материалдық емес активтер;
басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен азаматгардан тегін (сыйға) алынған материалдық емес активтердің бағасын анықтау сараптау арқылы немесе келісімді баға бойынша;
1. Фирманың іскерлік байланыстарының шартты құны, жинақталған материалдық емес активтердің «бағасы», сезілмейтін капиталдың ақшалай бағалануы- сауда белгісінің мәртебесі, іскерлік байланыстар-дың тәжірибесі, клиенттердің, сондай-ақ басқару, ұйымдастыру және техникалық ресурстардың түрақтылығы, қаржы әлеміндегі бедел, өткізу қызметін бақылау тетігін; сезілмейтін негізгі капитал, ак-тивтер, кәсіпорынның жалпы бағасы мен нақты негізгі капиталдың бағасы арасындағы айырмашылықты білдіреді. Сезілмейтін теріс актив (бедвилл) кәсіпорынның сатылу мен баланстық қүны арасындағы айырмашылықты білдіреді.
2. ”Ноу-хау” ағылшын тілінен «қалай екенін білемін» деп аударылады. Халықаралық қатынастарда термин қүжаттау, өндіріс тәжірибесі, дағдылары және тауар белгісі арқылы көрінетін техникалық білімдерді анықтау үпгін қолданылады.
Материалдық емес активтердің бастапқы қүны бойыиша амор-тизацияны есептеп, оны өндіріс шығынына жатқызу немесе басқа көздердің шоттарына аудару арқылы жабылады.
Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаларға сатылғанда, моралдық тозуға ұшырағанда заңды және жеке түлғаларға тегін берілгенде, табыстық сапасын жоғалтқандығына байланысты есептен шығарылганда, басқа субъектілердің жарғылық қорларына үлес ретінде салынғанда баланстан шыгарылады.
2. Лицензиялар
. Лицензиялар («азаттық», «қүқық» деген латын сөздерінен) -сыртқы сауда операцияларын (әкелуге, сыртқа шығаруға немесе транзитке рүхсат етілмегендер) және тағы басқаларды жүргізуге қүзырлы мемлеқеттік органдар беретін рүқсат. Лицензиялардың көмегімен тауарларды импорттау мен экспорттау және сонымен қатар валюталық қаржылардың жұмсалуына мемлекетгік баңылау жасау жүзеге асырылады. Нарықтық қарым-қатынастары жан-жақты дамыған елдерде лицензиялар берудің мақсаты -- бір ел-мен сауданы толығымен тоқтатып тастауға дейін шектеуді, сөйтіп үлттық өнеркәсәпті шетелдік бәсекеден қорғауды, валютаны жүмсауға бақылау жасауды, сондай-ақ тауарларды, жүмыстар мен қызметтерді экспортгау-импорттауға рүқсат беруден лицензиялық салым алу арқылы мемлекетгік бюджетгі толықтыруды көздейді.
Лицензиялардың мынадай түрлері бар.
Патенттік лицензия-патент иесіне техникалық қүжаттарды не-месе патентгелген жаңалықтарды пайдалану қүқығын береді.
Жәй лицензия-патентгің иесі лицензиатқэ жаңалықты келісімде белгіленген шекте пайдалану құқығын бере отырып, бірақ сол аумақта оны пайдалану қүқығын өзі де сақтап қалады және лицензияны осы талаптармен басқа да сансыз түлғаларға бере алады. Лицензиаттың сублицензия беруге қүқығы жоқ.
Айрықша лицензия-келісімде белгіленген шекте жаңалықты пайдалануға айрықша қүқық береді; лицензия иесі өздігінше пайдаланудан және басқа түлғаларға беруден бас тартады.
Толық лицензия жағдайында патент күшінің мерзімі біткенге дейінгі кезең ішінде, патентке байланысты барлық қүқықтарды пайдаланады.
Лицензияларды Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның уәкілетгі мемлекетгік органдары қазақстандық және шетелдік ша-руашылық жүргізуші субьектілерге көміртекчі шикізаттай пайдалы қазбаларды (мүнай, газ) және басқа да табиғи шикізаттарды өндіру қүқығын бере алады. Мұндай лицензияларды пайдалану ройялти-ды төлеумен тығыз байланысты.
Жаңалықтарды, патенттерді «ноу--хау», кітап шығару, кинофильмдерді прокаіқа беру және басқа қүқықтарды пайдалануға оқтын-оқтын төленетін лицензиялық төлем де ройялти деп аталады. 4. Материалдық емес активтердің басқа да турлері. Материалдық емес активтердің бүл тобына фирма бағасы («гудвилл»), интелекту-алдық меншік және тағы басқалары кіреді.
«Фирма багасы» немесе «Гудвилл». Материалдық емес актавтердің бүл түрі бүтіндей жүмыс істеп түрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындардың (бөлімшелер) олар-дьщ баланстық қүнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынньщ болашақтагы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару рыногындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жагдайында заңды қүбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құнының оның активтерінің баланс бойынша сомасынан асып түсуі «Фирма бағасын» қүрайды.
Интеллектуалдық меншікті есепке алү. Интелектуалдық меншік--үстіміздегі ғасырдың 60- жылдары енген, заңгерлік үғымы.
«Интеллектуалдық меншік» үғымы авторлық қүқықтарды, орын-даушы-артистердің қызметіне, дыбыс жазуға, радио және телехабарларға байланысты қүқықтарды, жаңалық ашу және па-тентке қүқықтарды ғылыми жаңалық ашу қүқықтарды, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, фирмалық атауға және коммерциялық белгілерге, арам пиғылды бәсекелестіктен қорғану қүқықтарын, со-ндай-ақ өндіріс, ғылым, әдебиет пен өнер салаларындағы интеллек-туалдьіқ меншік-қамтитын басқа да қүқықтарды білдіреді.
Интеллектуалдық меншікті бағалау-сараптау әдісімен жүзеге асы-рылады. Интеллектуалдық меншікті бағалап, оны балансқа қабыл-дау - оның
капиталдану1
процесі болып табылады.
Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есеп-ке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша-- материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша-- материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700 бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2710 - “Гудвилл”, онда гудвиллдың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. Гудвилл - жеке сәйкестендіруге және бөлек тануға болмайтын активтерден туындайтын алдағы экономикалық пайдалар;
2720 - “Гудвиллдың құнсыздануы”, онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдың құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 - “Өзге материалдық емес активтер”, онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданлу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады
3. Негізгі құралдар есебі.
Өндіріс процесі еңбек заттары /шикізат, материалдар, сатып алынатын шала фабрикаттар/ және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлінетін өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар рөліне қарап белгіленеді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін субьект сатып алган осы қазан еңбек құралы болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес /әлеуметтік/ салада да ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам/ қызмет етеді.
Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар /ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар /машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, ғимараттар, құрылыстар/ дегеніміз мөлшері мен техникалық деңгейіне кәсіпорынның техникалық жарақтандырылуы тікелей байланысты болатын өндірістік құралдар. Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық /ғимараттар, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б/ қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz