Жаңа инновациялық ойлар енгізу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Жаңа инновациялық ойлар енгізу.

Тексерген: Тойкин С. Х

Дайындаған: Серікқанова А. Д

Семей

2015 жылы

Жоспар

Кіріспе

1. Инновация ұғымы және оның түрлері

2. Инновацияның рөлі мен атқаратын функциялары

3. Инновациялық жобаларды бағалау

4. Инновацияны ұйымдастырудың негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар; маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т. б. жаңалықты жасаудағы инвестиция-жұмыстың жартысы. Ең бастысы- жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация - жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация - жаңалықты енгізудің нәтижесі.
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. «Жаңалық» - деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу. “Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.

Инновация ұғымы және оның түрлері

Инновация - бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация-бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық, қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады. Фирма жүйесінің “кірісі” сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың “шығысында” тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру - технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды, инновациялық қызметті айтады. Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:

а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;

б) критерийді анықтаудың сандық мүмкіндігі;

в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы;

Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты - басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т. б. ) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады. Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.

Intel компаниясының жоғары техника қызметкері Gene Meieran -ның пікірінше инновацияның үш түрі бар:

1. Түбегейлі жаңалық ашу. Ол көбінесе мәлім салада дәстүрлісін бұзып, көнені жойып, түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы: адамзат тарихында лампаның тапқырлануы, сандық технологияның тапқырлануы.

2. Жақсарту, жаңарту. Ол көбінесе біртіндеп өзгерістер жасау арқылы бәлім саланы, мәлім затты жетілдіріп, кемелді жаңасын жарату; жаңа артықшылықтар қосып, бір нәрсені бұрынғысынан тіпті де керемет ету. . Мысалы, Қаламның, машинаның жаңа түрін жасау.

3. Жаңаша қолдану . Яғни, бір нәрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын тауып шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа мақсаттарда қолданудың жолын ашу. Мысалы мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты тауар шығарады екен.

Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады.

Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін:

  • инновациялық ұйымда жинақталу;
  • жаңалықтың инновацияға айналуы;
  • тауар сияқты сатылуы;

Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады. Нарықтық қатынас жағдайында көрсеткіштің бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен, мамандардың, менеджерлердің және т. б. факторлардың шеберлігіне байланысты бұл жүйені анықтайды.

Ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен қарқындық негізгі көрсеткіштерінің бірі оның тұрақтылық көрсеткіші болып табылады. Экономикалық тиімділікті кіріс формасында алу есебінен ұйым қызметкерлерінің жағдайын кешенді көтеру және дамытуды іс жүзіне асырады. Тиімділіктің басқа түрлері өзіне потенциалды экономикалық тиімділікті алып жүреді.

Мұнда қорытынды бағалау принципіне фактілі экономикалық тиімділікті алу уақыты мен оны алудың анықталмаған дәрежесі болып табылады.
Жалпы экономикалық инновация - бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация -бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық, қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.

Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:

а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;

б) критерийді анықтаудың сандық мүмкіндігі;

в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы;

Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты - басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т. б. ) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады. Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.

Инновацияның рөлі мен атқаратын функциялары

Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:

  • мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
  • ұйымның рационалды құрылымын талдау;
  • ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
  • ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
  • ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
  • ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
  • инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау;
  • жоба экспертизасының сапасын талдау;
  • инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;

Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:

  • Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
  • талдау мен жинақтау бірлігі;
  • ранжирлеу;
  • баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • оперативтілік;
  • сандық анықтамалылығы және т. б.

Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т. б.

Инновация бұл - экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.

Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.

Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.

Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:

  • өндірістік;
  • инвестициялық;
  • ынталандырушы;

Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.

Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.

Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары «Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында» көрсетіледі. Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.

Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде. Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.

Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға, қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.

Инновациялық жобаларды бағалау

Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер уақыт талапарына жауап беріп, келесі функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына жауап береді:

  • ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату;
  • модельдердің ауысуы;
  • қолданушының болашақ сұраныстарын бүгін-ақ қамтамасыз етуге

дайын болу;

  • жаңалықтарды енгізу және тарату үшін қолданушылармен тығыз

байланыста болу.

Осы себептер өмірге нарыққа жаңа талаптарға сай құрыла білетін көптеген кішігірім өндірістерді тудырады. Үлкен фирмалар өзінің инерционалдығын және «бұрылмаулылығынан» тез қалыптаса алмайды, бірақ үлкен мөлшерде кіші өндірістер ұсынатын жаңалықтарды қоса алады. Кәсіпкерліктің бұл ролін Й. Шумпетер былай айтты: «Кәсіпкердің мақсаты - ашуларды енгізу арқылы өндіріс тәсілдерін жаңадан құру және оны дамыту, ал нақтылай мағынада жаңа тауарлар немесе көне тауарларды өндіруде жаңа технологияларды қолдану арқылы шикізаттың жаңа қайнар көзін немесе дайын өнімнің жаңа нарығы ашу».

Инновацияны ұйымдастыру негіздері

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.

Инвестициялау - бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда) . Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.

Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:

- ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;

- бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары) ;

- инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.

Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.

Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында инновациялық қызметті басқару стратегиясы және инновациялық стратегияны таңдау
Қазақстанның инновациялық потенциал активизация (белсенділік) механизмдері
Дамыған елдердегі инновация үрдістері
Педагогикалық іс-әрекеттер
Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Жаңа инновациялық ойларды еңгізу
Инновация мәні,түрлері және қасиеттері
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
Жаңа инновациялық ойларды енгізу жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz