Психологияның дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Шәкәрім атындағы семей мемлекеттік уеиверситеті
СӨЖ
Орындаған : Тұрарбекова О. Б.
Семей 2015
ЖОСПАР
1. Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар.
2. Діннің үстемдігі ортағасырдың басты сипаттамасы.
3. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы.
4. Түркі мұсылмандық психологияның дамуы.
5. Арабтық Шығыстағы психологияның дамуы.
6. Ортағасырлық дәрігерлер, анатомдар зерттеулерінің психология үшін маңызы.
Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырдан соң, яғни, ХІУ-ХУІ ғғ. Басталады. Ол мәдени және ғылыми өмірдің белсенділігімен (қайта өрлеу) сипатталады. Белгілі бір деңгейлерде орта ғасырлық Еуропаны, ресейді, негізінде шығыс Еуропа елдеріне айрықша ықпал етті. Қайта өрлеу дәуірінің неғұрлым маңызды сипаттарының біріантикалық дәуірдегі құндылықтарға оралу болып табылады. Еуропада антикалық дәуірдегі скульптура, живопись өнер туындылары (мысалы, святой Петрдің соборларындағы Фрески Рафаэль. 1440 жылы неміс шебері Иоганн Гутенберг (1406-1468) алғашқы баспа станогын ойлап тапты кітап бастыру эпохасы басталды. Алғашқылардың бірі болып- антикалық авторлардың философиялық трактаттарын баспаға аударды. Әдебиет те өркендеуді бастан кешірді. Сервантес, Данте, Шекспир шығармалары басылып шығарыла бастады. Humanitas адам қасиеті түсінігі пайда болды, бұл адамның деңгейлері мен білімге құлшынысын білдіреді.
Европада урбанизациялаудың белсенді үрдісі басталды. Үлкен қалалар мәдениеттің, экономиканың, ғылыми өмірдің орталығына айналды. Университеттер пайда болып, білімге айрықша назар аударылды. Европадағы ғылыми өмір келбеті. Астрономия саласында да ұлы жаңалықтардың өркендеу кезеңі басталды - ол Николай Коперник, Джордано Филиппо Бруно және Галилео Галилей есімдерімен байланысты. Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы мен ойшылы, аспан әлемінің айналуы жайлы атақты еңбектің авторы, жердің өзге планеталармен бірге Күнді (Гелиос-күн) айналатынын гелиоцентризм идеясын ғылыми дәлелдеп, дамытқан. Алғаш рет гелиоцентрикалық тұжырымдамасын б. д. д. ІІІ ғ. Аристарх Самосский енгізген. Гелиоцентрикалық теория Птомелеяның ( Гео-жер, бұл ойды Аристотел де қолдаған) геоцентрикалық теориясын алмастырды. Джордано Бруно (1548-1600) итальян философы және ақыны Коперниктің гелиоцентрикалық теориясын дамытып, өмірді шексіз деген ойды жалғастырды. 1584 жылы Өмірдің шексіздігі жайлы еңбегін жазды. 1592 жылы еркін ойы үшін оны жауапқа тартты (Бруноның ойынша өмірде барлығы тірі дейді, яғни пантеистік тұжырымдамасы) және 8 жылдық түрмеде отырған соң костерда отқа жақты.
Галилео Галилей (1564-1642) - Коперниктің идеясын бөліскен және қорғаған итальян физигі, астрономы, әрі математигі. Екі рет Римде сот алдында жауапқа тартылды. Галилей 70 жасында шіркеудің мықты күштеуімен өзінің ойларынан бас тартуға мәжбүр болады.
Николо Макиавеллидің саяси реализмі. Макиавелимен бірге (1469-1527) саяси ойлаумен жаңа эпоха басталды: саясат мәдениеттің ерекше пәні және саласы ретінде бөлініп көрсетілді. Макиавеллидің 1513 ж. Баспаға беріліп, 1531 жылы жарыққа шыққан Государь атақты еңбегі автор өлгеннен кейін 4 жылдан кейін шығарылды. Жұмыстың жаңалығы өмірдегі шындықты идеалдан бөліп көрсетті. Макиавеллидің көзқарасы анропологиялық пессимизм атауын алды, адамды сырттан суық көзқараспен қарасақ, идеалдан тым алыста жатқанын байқаймыз: адам тұрғысынан жаман да, жақсы да емес, жаман болуға кемді емес, адамдардың бейжайлылық
Орта ғасырдағы жан туралы ілім Ежелгі дүниенің, құл иеленушілік қоғамның іргесі қаусап, тарих сахынасынан кеткен соң оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық қоғам орнады. Бұл дәуірдің тарихи даму сипаты ғылыми идеялар мен жеке адамның даралық өсу қасиеттерін тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді деп уағыздалды. Психика туралы ертеден қалыптасқан тәжрибелік зерттеулер схоластикамен алмасты. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді.
Алайда, VIII XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениет пен ғылымның орта ғасырларда Еуропа мен басқа да елдерге тарап, кең қанат жаюы жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті. VII ғасырда Халифат мемлекетінің құрылып араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінің таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шахарлардың өсуі оны дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып, ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп, бұл еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Пиреней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендеген халықтардың төл мәдениетінің, философия мен өзге де ғылымдардың қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді.
Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой пікірлері жаңа сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл Фараби (870 950 жж. ), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980 1037 жж. ), Ибн Рошд (Аввероэс) (1126 1198 жж. ) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл Хайсам (Әлгазен) (965 1039 жж. ) . Иранның медик ғалымы Закария Рази (865 925 жж. ) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді.
Әбу Насыр әл-Фараби сан алуан еңбектер жазып, Әлемнің екінші ұстазы атанған данышпан ғалым. Оның адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалар бар. Солардың ішінде Ізгі қала тұрғындары, Азаматтық саясат, Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері тәрізді басқа да шығармаларында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, әдеп пен социологияға дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінен талдайды, сонымен қатар әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер береді. Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін, әсіресе, оның Жан туралы деп аталатын шығармасын жете зерттеп, араб тіліне аударды. Жан жүйесінің сырын зерттеуде Әл-Фарабидің Аристотель ықпалында болғандығы шындық фактор.
Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде
дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды. Сондай-ақ, ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат қабілетінің негізгі түрлері мынадай деп көрсетті: адамды қуаттандыратын күш (арабша әл-қуат әл-газийа) : түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындағы күш-қуаттың әл-Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дәл келеді. Ал ол өзінің Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой) мағанасы туралы ой толғамдары дейтін еңбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материялдық құбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетті. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл осы мағанада қарастырады. Әл-Фарабидің психология жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz