Тұлға туралы ақпарат



• Тұлға туралы.
• Тұлғаның имплицитті теориясы.
• Тұлға теориялары.
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
• «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, VIII том
• Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
• Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Тұлға туралы теориялар.

Тексерген: Тезекбаева М.Ж.
Орындаған:Досмагамбетова К

Семей-2015ж.
Жоспар:
* Тұлға туралы.
* Тұлғаның имплицитті теориясы.
* Тұлға теориялары.

Тұлға -- жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз "менің" өзге "меннен" ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын "Он үште отау иесі" деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы -- адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.
Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және интеракционистік деп бөлуге болады.
Психодинамикалық теориялар психологиялық, немесе ішкі, сипаттамаларына орай тұлғаны сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын түсіндіреді. Ал социодинамикалық теориялар бойынша тәрбие детерминациясындағы басты роль сыртқы жағдайларға беріледі. Интеракционистік теориялар сыртқы және ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне негізделген. Ондай өзара әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.
Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі -- тұлға туралы мәліметтер алу жолы. Осы тұрғыдан барлық теорияларды эксперименталды және эксперименталды емес деп бөлуге болады. Эксперименталды теорияларға тәжірибе барысында жинақталған мәліметтерді сараптау және жалпылау арқылы құрастырылған теориялар жатқызылады. Эксперименталды емес теориялардың авторлары эксперимент жасамай-ақ өмірден алған байқауларға сүйеніп, теориялық талдап қорытады.
Тұлғаға құрылымдық және динамикалық құрылым деген көзқарастағы авторлар тұлға теорияларын басқаша жіктейді. Құрылымдық теория үшін басты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Психологиядағы қарым - қатынас
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Ақпарат тарихы және анықтамасы
Жеке тұлға психологиясы
Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны жайлы
Журналистика-әлеуметтік ұғым
Пәндер