Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы

Тексерген: Адильжанова Қ. С.

Орындаған: Жоламанова А

Пх-215

2015ж

Психотерапевтикалық әсер ету - бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу (интервенция) түрі.

Психотерапевт - бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.

Күтілетін өзгерістердің үш жазықтығын есепке ала отыра (когнитивтік, эмоциональдық және мінез-құлық) топтық психотерапияның анық міндеттерін келесідей құруға болады:

1. Тану саласы (когнитивтік аспект, интеллектуальдық ұғыну) . Т. п. емделушінің келесіні ұғынатындай ықпал жасау керек:

1) психогендік факторлар арасындағы және өз сырқатының шығуы, дамуы және сақталуы арасындағы байланыс;

2) қандай жағдайлар симптоматиканың шығуы, фиксациясы және күшейтілуіне түрткі болатын жүктеме, үрей, қорқыныш және т. б. теріс эмоцияларды тудыратын топта және шынайы өмірде болдырады;

3) теріс эмоциялар мен симптоматиканың шығуы, фиксациясы және күшейтілуі арасындағы байланыс;

4) өзінің мінез-құлқы мен эмоциональдық реттеу ерекшелігі;

5) шет жақтан қалай көрінеді, оның мінез-құлқы қалай қабылданады, айналадығалар мінез-құлқы мен эмоциональдық реттеу ерекшелігін қалай бағалайтыны, оларға жауап берілері, осы мінез-құлықтың салдары қандай;

6) «Мен» менік бейнесі мен басқалармен өзін қабылдауы арасындағы бар келіспеушілік;

7) өз мотивтері, қажеттіліктері, талпынысы, қатынастары, мақсаттары, мінез-құлық пен эмоциональдық реттеу ерекшелігі, сондай-ақ олардың теңбе-тең, шынайылылық және құрылымдылық дәрежесі;

8) тиісті қорғаныс механизмдері;

9) ішкі психологиялық мәселелер мен кикілжіңдер;

10) өзара қарым-қатынас әрекет ету ерекшелігі, өзара кикілжіңдер мен олардың себептері;

11) күйзелістердің аса терең себептері, балалық шақтан бастап әрекет ету тәсілдері, сонымен қатар қатынастар жүйесі қалыптасуының шарттары мен ерекшелігі;

12) өзіндік рөль, кикілжің және психикалық жарақат ету жағдайларының пайда болу және сақталуына қатысу шарасы, сондай-ақ қандай жолмен олардың болашақта қайталанбауына.

2. Эмоциональдық сала. Т. п. емделушіге көмектесу керек:

1) топ және психотерапевт тарапынан эмоциональдық қолдау алу, бұл өзіндік құндылық сезіміне, қоғаныс механизмдерінің әлсіреуіне, анықтық, белсенділік, сыртқы әсерсіз болудың өсуіне әкеледі;

2) топ ішінде шынайы өмірде сезімдерді сезінуге, шынайы өмірде болған және бұрын жасай алмаған эмоционалдық жағдайларды жасауға;

3) кейбір эмоционалдық реакцилардың теңбе-теңдігін бастан кешіруге;

4) меншік кері және оң сезімдерінің айқындалуына неғұрлым еркін болу;

5) өз сезімдерін неғұрлым анық түсінуге және вербалдауға үйрену;

6) өз мәселелерін оларға сәйкес күйзелістермен ашу (жиі өз-өзінен ертедегі жасырынған немесе бұзылған) ;

7) күйзелу, эмоционалдық реттеу, өзін және өзінің басқалармен қарым-қатынасын қабылдау тәсілін өзгерту;

8) өз қатынасына эмоциональдық түзету жасау. Жалпы эмоционалдық саладағы міндеттер келесі негізгі аспектілерді қамтиды: эмоционалдық қолдау алу және өзіне неғұрлым жақсы қарым-қатынас қалыптастыру, тікелей күйзелу мен топ ішінде және өзінің жаңа тәжірибесін тану; өзіндік эмоциялардың анық танылуы және вербалдануы; эмоциональдық тәжірибені қайта және өткендегіні бастан кешіру және топ ішінде жаңа эмоциональдық тәжірибені алу.

3. Т. п. мінез-құлық саласы емделушіге келесіде көмек көрсетуі керек:

1) меншік теңбе-тең емес мінез-құлық стереотиптерін көру;

2) аса шынайы, терең және еркін қарым-қатынасқа дағыдалану;

3) топ ішінде айқындалатын, сондай-ақ субъектілік күрделі жағдайлардан құтылумен байланысты мінез-құлықтың теңбе-тең емес түрлерін жеңу;

4) серіктестік, өзара көмек, жауапкершілік және дербестікпен байланысты мінез-құлық түрлерін дамыту;

5) мінез-құлықтың жаңа түрлерін, нақтырақ, теңбе-тең бейімделуге және шынайы өмірде қызмет етуге септігін тигізетін жаңа түрлерін бекіту;

6) тану және эмоциональдық салада жетістіктер негізінде мінез-құлық пен реттеудің теңбе-тең түрлерін жасау және бекіту.

Т. п. міндеттері мінез-құлық саласында тиімді өзіндік реттеудің қалыптасуы ретінде анықталуы мүмкін.

Топтық психотерапевтпен қолданылатын әсер ету құралдарын шартты түрде екіге бөлуге болады: вербалды және вербалды емес. Вербалды түрге сабақтар барысының құрылуы (психотерапевттің маңызды қызметтерінің бірі), ақпаратты жинау, түсіндіру (эмоциялардың айқындалуы, кларификация, конфронтация, өзіндік түсіндіру), сенім және қайта түсіндіру, ақпаратты ұсыну, тапсырмаларды белгілеу. Бұл жағдайда психотерапевттің белсенділігі туралы емес, белгілі бір беленділік түріне топ мүшелерінің себепші болуы туралы айтылады. Вербалды емес құралдарға ым, қолдарын сілтеу, интонация жатады.

Т. п. әдістері шартты түрде негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі болып топтық пікірталас болып табылады, оның 3 бас бағдары бар - интеракциялық, өмірбаяндық және тақырыптық. Көмекші әдістерге психодрама ( рөльдік жағдаяттарды ойнау), психожаттығу (вербальды емес өзара жеке әрекеттесу), музыкотерапия (белсенді және рецепти түрде), жобалық сурет (белгілі бір тақырыпқа салу) . Көрсетілген әрбір әдістер көмекші тәсіл ретінде де қолданыла алады.

Т. п. курс ұзақтығы теориялық бағдарлардан, нөзологиялық қатыстылық пен емдеу мекемесінің түріне байланысты. Орташа алғанда 40 сеанс әрқайсысы 1, 5 сағаттан. Психотерапиялық топ 8-12 адамнан тұрады, әдетте нөзологиялық белгісі бойынша гомогенді және басқа сипаттарына қатысты гетерогенді (жынысы, жасы, білімі, психологиялық ерекшеліктері, психлогиялық кикілжіңнің өзгешелігі және т. б. ) болып табылады.

Педагог-психолог қолданатын инновациялық технологиялар мен әдістердің жіктелуі.

Психологиялық
Әлеуметтік-педагогикалық
Педагогикалық
Психологиялық:

Психодиагностикалық әдістер. Қабілеттер мен ақыл-ой тестісі, жекелік сауалнамалар, жетістіктер тесті, жобалық тестер, сурет тесттері социояметрия.

Психологиялық кеңес беру әдістері: Эмпатикалық таңдау, интерпрестация, идентификация, фасилитация, болжам жасау.

Психокоррекциялық әдістер: Психогимнастика, ойындық коррекция, ойын терапиясы, арттерапия, диагностикалық үйретуші, эксперимент, әлеуметтік психологиялық тренингг, міез-құлық тренингі.

Психотерапиялық әдістері: Суггертия, өзіндік ұмтылу, рационализация, психоанализ, топ-тық терапия, мінез-құлықтық терапия.

Әлеуметтік-педагогикалық:

Әлеуметтік тәрбие әдістері: Әрекетке қатынасу және мотивтендіру әдісі, репродукциялау әдісі, қорытындылау әдісі, бірлескен әрекет пен бірлескен шығармашылық әдісі.

Әлеуметтік-педагогикалық әсер ету әдістері: Санаға, сезімге, мінез-құлыққа.

Әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекетті ұйымдастыру әдістері: Мақсатты жоспарлау әдістері, жалпы бағытталу әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, қарым-қатынас әдістері, бағалау әдістері, өзіндік жүзеге асыру әдістері.

Педагогикалық:

Ұйымдастырушылық әдіс:

педагогикалық эксперимент.

Педагогикалық әрекет әдістері: Педагогикалық бақылау шынайы эксперимент.

Оқыту әдістері: Сөздік (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, дискуссия, лекция), көрнекілік (иллюстрация, демонстрасия, кітаппен жұмыс), тәжірибелік (жаттығу, лабороториялық және тәжірибелік жұмыстар, диагностикалық ойындар, шығармашылық тапсырмалар және мәселелік жағдаят)

Тәрбиелік әдістер: Жағымды үлгі, сендіру, үйрету, жазалау, жаттығу, перспектива, ойын, сенім, жетістікті үйрету, өз-өзін тәрбиелеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру
Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы
Психологиялық қызмет көрсету
Тренерге қойылатын талаптар. Әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізушісінің міндеттері. Тренердің кәсіби қасиеттері. Тренинг жүргізушінің этикалық нормалары және кәсіби шеберлігі
Отбасылық психотерапия
Психотерапия пәні бойынша дәрістер
Топтық би терапиясы
Топты тренинг заңдарымен таныстыру
Психотерапиядағы арт-терапия
Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz